Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мухатаева шпорик.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
81.85 Кб
Скачать

11. Химиотерапевтикалық заттар деген не, оларға сипаттама беріңіз.

Химиотерапевтикалық заттар - дәрілік заттар, адам организмінде инфекциялық және инвазий ауруларының қоздырғыштарына әсер ететін немесе ісік ауруларына тікелей әсер ететін заттар жатады.

Қалыпты адам организмінде ісік аурулар туындайтын клеткалар мен қалыпты клеткалар болады. Осы клеткалар бір-біріне туыс болып келеді. Ісік клеткаларының ерекшеліктері: оларда арнайы ісік тудырушы қасиеті бар болып келеді. Сондықтан, химиотерапиялық заттардың ерешеліктері, олар цитотоксикалық заттар ретінде адам организмнің қалыпты және ісік клеткаларына бірдей әсер етеді.

Химиотерапевтикалық заттарды 6 топқа бөлуге болады:

- Радиометрикалық агенттер (тек қана тыныш клеткаларға әсер етеді);

- Конкурентті антагонистер (бөлінетін клеткаларға әсер етеді);

- Ферменттердің ингибиторлары (клетканың зат алмасуына әсер етеді);

- Гормондар, әр түрлі мүшелердің сығындылары (тек ісіктерге әсер етеді);

- Концерогенді заттар;

- Аралас топ (антибиотиктер, радиоактивті изотоптар).

12.Антибиотиктер жалпы түсінігі, оларға сипаттама беріңіз.

Антибиотиктер биотехнология, медицина тарихында ереше орын алды. Е. Хаувник 1984ж биотехнологияның даму кезеңдерін анықтағанда, оның бір кезеңін «антибиотиктер дәуірі» деп атаған. Әрине, бұл өте дұрыс, өйткені вакциналармен қатар антибиотиктер адамзатты жүз мыңдай, миллиондаған адам өмірлерін әкететін, меғмлекеттер тіршілігіне әлеуметтік және экономикалық былықты тудыратын глобальдық инфекциялардан сақтандырған. Бүгін олар өте маңызды, ең алдымен, қолданылатынбарлық дәрілердің ішінде 13% қамтитын емдеу-профилактикалық препараттар ретінде қарастырылуы.

«Антибиотик» термині (anti – қарсы, bios - өмір) 1944 жылы стрептомицин Stp.griseus продуцетін ашқан З. Ваксман енгізген болатын. Антибиотиктер – бұл антимикробтық бтологиялық белсенділігі бар табиғи заттар. Олар микробтық клеткалардан, өсімдік және жауар тіндерінен бөлінеді; химиялық жолмен синтезделуі де мүмкін.

Антибиотиктер пигменттер, алкалоидтар, уыттар сияқты мироорганиздердің екіншілік метаболиттері. Олардың биологиялық міндеті – қоректік ортадағы мироорганизмдердің басқа бөтен топтарының тіршілігін басып жою.

Бұл молеклярлық салмағы төмен, шамамен 1000 дальтон, клеткада амин қышқылдардан, көмірсулардан, май қышқылдарынан, пуриндерден және т.б. синтезделеді. Антибиотктер – бұл тікелей емес трансляцияның өнімдері, күрделі биосинтетикалық жолға ие. Сонымен қатар, антибиотиктернегізгі алмасудың метаболиттеріне жатпайды және клеткалар олардың қатысуынсыз тіршілігін сақтай алады.

Жалпы антибиотктердің 9000 астам түрлері белгілі, олардың 200 қосылысы медицинада және басқа саларда қолданылады. Олардың ішінде пенициллиндердің, цефалоспориндердің, әсіресе оларды жартылай синтетикалық туындылары.аминогликозидтердің, макролиттердің, сонымен қатар синтетикалық препараттардың ішінде – фторхинолдардың өндірісі басым.

Антибиотктерді басқа биологиялық заттардан айыратын қасиеті – олардың антимикробтық әрекеті және бұл әрекеттің бір бағыттылығы болуында.

Медицинада қолданылатынантибиотиктер ветеринарияда, ауыл шаруашылығанда қолданылмайды және керісінше.