Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мухатаева шпорик.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
81.85 Кб
Скачать

25.Антибактериалды препараттар өндірісіндегі отандық биотехнологияның үлесі.

Стрептомицин – тарихтағы алғашқы антибиотик, аминогликозидтердің бірінші класы, оба және туберкулез ауруларына активті қолданады. Стрептомицинді Зельман Ваксман пенициллиннен кейінгі екінші антибиотик деп ашып, 1952 жылы Нобель сыйлығын алды. Стрептомицин — актиномицеттен алынады. Ол туберкулез таяк-шасының тіршілігін тежейді. Бруцеллез және ішек ауруларын емдеуге қолданылады. 60 кг адамға бұл антибиотиктің дозасы 6 г шамасындай. Стрептомицинді аз мөлшерде қолдану ешқандай невротикалық зиян келтірмейді, ал көп қолданса онда бас-ми нервтарының зақымдануына әкеледі. Стрептомицин ағзадан негізінде тез шығарылып тұрады. Мысалы денеге ендіргенннен кейін 30 минутта антибиотиктің 30-40 % сыртқа зәр арқылы шығарылады. Антибиотикті ағзаға күніне 3-4 рет ендіру қажет. Осы антибиотикті қолдану барысында оң нәтижеге жетіп, ауруды басқан. Зәр шығару кезінде: нефротоксикалық әрекет (альбуминурия, гематурия). Перифериялық жүйке жүйесі жағынан: токсикалық әрекет ЧМН VIII жұбы (есту қабілетінен айрылу, кереңділіктің дамуына дейін,), перифериялық неврит, көру жүйкесіндегі неврит. Асқорыту жүйесі жағынан: диарея. Аллергиялық реакция: есекжем,қышыма, тері бөртпесі, бас ауруы, гипертемия. Стрептомицинді Қазақстанда “Химфарм” және “Нобел АФФ” сияқты отандық фармацевтика өнеркәсіптері өндіруде. Бүгінгі күні бұл өнеркәсіптер өнім ассортименті қатты (таблеткалар, капсулалар) және зарарсыздандырылған (ампулалардағы екпе ерітінділер мен екпеге арналған сауыттағы антибиотиктер) дәрілік нысандарды, зарарсыздандырылмаған сұйық ерітінділерді, сироптарды, тұнбаларды, жұмсақ дәрілік нысандарды (жақпалар, гельдер, линименттер мен суппозиторийлер) қамтиды. Қазақстан Республикасының фармацевтика өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарлама бойынша: 2014 жылға қарай отандық өндіріс есебінен елдің дәрілік препараттарға нақты мәндегі қажеттілігін қанағаттандыру деңгейін 50%-ға жеткізу.  Инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту және жаңа фармацевтикалық кәсіпорындарды салу. 2014 жылдың аяғына дейін фармацевтика өнеркәсібінің кәсіпорындарында (GMP) «Тиісті өндірістік практика» халықаралық сапа стандарттарын енгізу. GMP халықаралық стандарттарына сәйкес қазіргі заманғы технологиялар базасында фармацевтикалық және медициналық өнімнің импорт алмастыруы үшін жағдайлар жасау. Саланы білікті кадрлармен қамтамасыз ету.

Пробиотиктер – бұл құрамында тірі микроорганизмдер – адам немесе жануарлардың симбионттары бар, организмнің бұзылған микроэкологиясын қалпына келтіру қабілеттілігін қамтитын биопрепараттар. Пробиотикалық препараттар ретінде қышқылға төзімді бифидобактериялар, лактобациллалар, стрептококктар, сондай – ақ басқа топтар болады. Бұл Bifidobacterium bifidum, B. longum, B. breve, B. adolescentis, Lactobacillus acidophilus, Lb. lactis, Lb. plantarum, Lb. fermentum, Lb. casei, Basillus subtilis және басқалар. Қазақстандағы пробиотиктер өндірісі: Павлодар қаласындағы «Экофлора» компаниясы 17 жылдан бері жоғары сапалы «НАРИНЭ» (сұйық сүтқышқылды өнім) пробиотигін Lactobacillus acidophilus штамы негізінде өндіреді.Бұл компания Қазақстандағы тауарлық белгісі тіркелген, өнім өндіру құқығына ие.Жалпы біздің елімізде көптеген антибиотиктер өндірілуде,алайда пробиотиктерді өндіру жағынан Қазақстан шет елдерден әлдеқайда төменгі көрсеткіш көрсетуде. Пробиотиктерді өндірудегі шет ел үлесі: Швеция,Ұлыбритания, Франция, АҚШ сияқты дамыған елдерде тағам өндірісінде пайдалы микроорганизмдердің штаммдарын пайдаланады. Қазіргі таңда шет елдік фирмалар пробиотиктерді өндіру бойынша нарықтың 70%-ын алады.Оның 20-30%-ы Украинада өндіріледі.Осындай нарықта Украина жылына 3,5 млн. Долларға шығындылады. Германия және АҚШ елдері пробиотиктердің адамның денсаулығы үшін қажеті шамалы деп тапты.Ішектің қалыпты микрофлорасы үшін , йогурт,сүтқышқылы сияқты құрамында пробиотиктер бар өнімдер қолдану пайдалы.