Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мухатаева шпорик.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
81.85 Кб
Скачать

24.Микроб-антогонистер бөліп алу әдістері

Антибиотиктердің микроорганизм-продуценттерін табиғи жағдайдан бөліп алу үшін көптеген әдістер қолданылады. Көптеген әдістердің негізінде микроорганизмдердің таза культураларын бөліп алу жатады.

Микроб-антогонисті бөліп алуда оны культивирлейтін орта шарттарының спецификалылығы маңызды орын алады. Микроб-антогонистерді бактериялардың әртүрлі формалары тіршілік ететін субстраттан бөліп алатындықтан, қажетті микроорганизм түрінің қарқынды дамуы үшін қажетті шарттардың орындалуы қажет. Мысалы, көптеген сапрофитті бактериялар табиғи қорек көзіне бай орталарды жақсы дамиды (ЕПА, картоп агары т.б.). рН деңгейі шамамен 7ге, ал температура +30+37Cтең болуы шарт.

Актиномицеттерді немесе саңырауқұлақтарды бөліп алуда олардың даму ерекшеліктерін де ескерген жөн.

Микроб-антогонистерді бөліп алу әдістері:

  • Сулы ортада агарлы пластинка бетіне топырақты егу әдісі.

  1. Майдаланған топырақ сумен араластырылып, стерильденген суы бар колбаға көшіріледі.

  2. 5 мин кейін колбадағы топырақ үгінділері алынып тасталады да, қалған сұйықтық бірнеше рет сұйылтылады да, сәйкес агарлы қ.о. отырғызылады.

  3. Таза культураларды алу мақсатымен жеке колониялар құрамы әртүрлі қиғаш агарлы қ.о. көшіріледі.

  4. Микроб культураларының антибиотикалық қасиеттері зерттеледі.

  • Алдын ала тест-организм егілген қоректік агарға топырақты егу әдісі.

  1. Қоректік агарға қажетті микроорганизмнің тест-культурасы отырғызылады.

  2. Оның бетіне топырақ түйіндері қойылады.

  3. Петри табақшалары термостатқа 24-48 сағатқа қойылады.

  4. Нәтиже зерттеледі, топырақ үгінділерінің жан жағында тест-организм өсіп шықпайды, осы жерден таза культура бөліп алады.

  • Топырақты байыту әдісі.

  1. Топырақты мақсатты антогонист қарсы әсер ететін микроорганизмдермен байытады.

  2. Біраз уақыттан кейін бұл топырақ Петри табақшаларына алдын ала байытылған микроорганизм түрі егілген агарлы ортаға түйіндер түрінде отырғызылады.

  • Топырақ суспензиясын центрифугалау әдісі. Микрооргназмдердің әртүрлі штаммдарының центрифугалау кезінде тығыздық бойынша бөлінуіне негізделген. 3000 айн/мин20 мин ішінде микроорганизмдер көлеміне сәйкес тұнады. Осыдан кейін қажетті продуцент тұнбадан бөлініп алынады.

  • Топырақты мұздату-еріту әдісі. Микроорганизмдер топырақта адсорбцияланған күйде болады. Олардың топырақтан десорбциялануын күшейту үшін әртүрлі әдістер қолданылады: химиялық (топырақты әртүрлі детергенттермен өңдеу), физикалық (топырақ үлгілерін механикалық үйкеу). Ең тиімді әдіс – топырақты мұздата-еріту.

  1. Топырақ үлгісін -8 0С температураға тоңазытқышқа салады.

  2. Бір сағаттан кейін үлгі тоңазытқыштан шығарылып, толық ерігенге дейін бөлме температурасында қалдырылады.

  3. Мұздату-еріту процедурасы екі рет қайталанады.

  4. Топырақ үлгісі стерильді суға салынып, суспензияны шайқағышқа 5 мин қояды, 230 айн/мин.

  5. Әртүрлі сұйытылған суспензиялар қ.о. егіледі.

  • Құрамында антибиотиктері бар қ.о. пайдалану. Көптеген қарапайым микроорганизмдер қ.о. егілгеннен кейін қажетті актиномицеттер клеткаларының өсуін тежейді. Сондықтан, оларға қарсы антибиотиктер қосылады, бұл кезде тек осы антибиотикке төзімді түрлер өсіп шығады.