Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мухатаева шпорик.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
81.85 Кб
Скачать

22.Антибиотиктерді биол-қ шығу тегі б/ша қалай жүйелейсіз.

Антибиотиктерді шығу тегі бойынша 5 топқа жіктейді:

- Саңырауқұлақтар мен қыналар түзетін антибиотиктер,

Бұларға мысал ретінде пенициллинді алуға болады.

Пенициллин, толық атауы бензилпенициллин— түрлі микробтарға қарсы, іріңді жараны, өкпе қабынуын, баспа, соз және басқа ауруларды емдеуге қолданылатын антибиотик. Ол ең әсерлі антибиотиктердің бірі. Пенициллин көптеген іріңді бактерияларды қоса алғанда, бактериялардың көптеген түрін жояды.

Бірақ: ол іш өткенге, зәр шығаратын мүшелерге түскен инфекцияға, сегізкөз ауруына, көгеріп іскенге, әдеттегі салқын тигенге, қызылшаға немесе басқа дә вирустық инфекцияларда көмектеспейді. Пенициллин миллиграммен (мг) немесе бірлікпен (бр) — бірлік өлшемімен өлшенеді. Пенициллин үшін 250мг=400000бр.

Қазір пенициллиннің түрі көп (экмоновоциллин, новоциллин). Ал феноксиметил пенициллинді ішуге болады. Пенициллиннің құрғақ түрін жараға себеді, ал ерітіндісімен жараны жуып емдейді.

- Актиномицеттер түзетін антибиотиктер,

Практикада кең қолданысқа ие антибиотиктер актиномицеттердің метаболиттері болып саналады. Актиномицетті шығу тегіне ие ең бірінші антибиотиктердің бірі – мицетин, ол 1939 жылы совет ғалымдары Красильников және Коренякомен ашылды.

- Бактериялардан бөлініп алынған антибиотиктер,

Streptomyces peucetius бактериясы Streptomyces туысының түрі болып табылады. С. peucetius ісікке қарсы даунорбуцин және доксорбуцин антибиотиктерін шығарады.

Доксорубицин гидрохлорид (Адриамицин) - бұл кейбір ісік ауруларын (сүт бездерінің ракы, қалқанша без ісігі, және т.б. жаңадан пайда болған қатерлі ісік түрлер) емдеуге арналған химиотерапиялық препарат. Доксорубицин ісікке қарсы белсенді болып келеді. Ісікке қарсы әсері ДНК мен РНК синтезіне, клеткалардың бөліну процесінің ауырларуына байланысты. Адриамицин иммуноспрессорлы қасиетке ие.

- Жануарлар шығу тегі бар антибиотиктер,

Бұларға мысалы ретінде интерферондарды алуға болады.

Интерферон — табиғаты белок болып келетін организмнің қорғаныс заттары. Вирустардың торшаға енуіне жауап ретінде омыртқалылар торшалары өндіреді. Интерферон негізгі үш түрін ажыратады: лейкоциттік (а), фибробластық (Р) және иммундық (ү). Интерферон организмнің арнайы емес әр жақты қорғаныс, төзімділік факторы болып есептелінеді. Зақымданғаннан кейін интерферон организмде бірнеше сағаттан кейін пайда болады да, адам мен жануарлардың табиғи сауығуына көмектеседі. Интерферон вирустарға қарсы әр жақты әрекеті бар. Интерферон «вирусқа қарсы емес» бірнеше маңызды — қатерлі ісікке қарсы, радиопротекторлы, иммунды модульдық және т. б. әсерлері табылған. Интерферон және оның индукторлары терінің ұшық, грипп және басқа да тыныс ауруларының және қатерлі ісік туғызатын вирустардың өсіп-көбеюуіне кедергі жасайды, сонымен қатар организмнің иммундық қабілетін күшейтеді. [1]

- Өсімдік шығу тегі бар антибиотиктер.

23.Антибиотиктердің било-қ әсер ету механизмі б/ша жүйелеңіз. Әсер ету механизміне байланысты антибиотиктерді 3 негізгі топқа бөледі:

  • Микроорганизмнің клетка қабығының синтезінің ингибиторлары(пенициллин, цефалоспорин, ванкомицин, тейкопланин т.б.);

  • Клеткалық мембрананың молекулалық ұйымдасуын, функциясын бұзатын антибиотиктер (полимиксин, нистатин, леворин, амфотерицин т.б.);

  • Белоктар мен нуклеин қышқылдарының синтезін тежейтін антибиотиктер (хлорамфеникол, тетрациклин, макролидтер, линкомицин, аминогликозидтер) және РНК-полимераза ингибиторлары (рифампицин) т.б.

Антибиотиктерді әсер етуі бойынша келесі топтарға жіктеп бөлуге болады:

- Грам теріс бактерияларға белсенді әсер ететін, белгілі бір аумақты бактерияларға қарсы антибиотиктер(полимиксин, цефалоспорин).

- Бактерияларға қарсы кең ауқымды әсерге ие антибиотиктер (ампициллин, азлоциллин т.б.);

- Туберкулезге қарсы әсерге ие антибиотиктер(стрептомицин, рифампицин, флоримицин);

- Саңырауқұлақтарға қарсы әсерге ие антибиотиктер(нистатин, леворин, гризеофульвин, амфотерицин В, кетоконазол, анкотил, дифлюкант.б.);

- Ісікке қарсы антибиотиктер;

- Антипротозойлы әсерге ие антибиотиктер;

Микроб клеткасына әсер ету механизмі бойынша:

I. Бактерицидтік (клетка қабығы мен цитоплазмалық мембранаға әсер ететін) 1.  Клетка қабырғасының синтезінің ингибиторлары: пенициллин, цефалоспорин, лактамды антибиотиктер, ристомицин, циклосерин,бацитрин, ванкомицин, римфамицин.  Препараттар пептидогликан синтезіне қатысатын ферменттердің активтілігін тежейді, тек қана бөлініп жатқан клеткаларға әсер етеді. 2. Цитоплазмалық мембрананың өткізгіштігін бұзатын препараттар:полимексин, полиенді антибиотиктер. Бөлініп жатқан және тыныштық күйіндегі клеткаларға әсер етеді. 3. Цитоплазмалық мембрана өткізгіштігін бұзатын препараттар және нуклеин қышқылдары мен белок синтезінің ингибиторлары: аминогликозидтер, грамицидин, хлорамфеникол.   II. Бактериостатикалық  препараттар (макромолекулалар синтезіне әсер етеді)  Нуклеин қышқылдары мен белок синтезінің ингибиторлары: хлорфеникол, тетрациклин, клиндамицин, фузидинт.б.)