Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мухатаева шпорик.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
81.85 Кб
Скачать

20.Саңырауқұлақ - антагонистерге жалпы сипат-а.

Қазіргі кезде агротехниканың бұзылуы мен химиялық мелиоранттарды

тиімді қолданбау салдарынан ауыл шаруашылығында фитопатогенді

саңырауқұлақтардың қарқынды даму тенденциясы байқалады. Қазақстанның

экологиялық жағымсыз аймақтарында бұрын-соңды белгісіз болған

факультативті паразитті саңырауқұлақтар салдарынан өсімдік ауруларының

санының артуы жиі кездеседі. Өсімдіктерді фитопатогенді ағзалардан

қорғаудың көптеген әдістері бар, бірақ қоршаған орта мен адам өмірі үшін

қауіпсіз саналатын биологиялық күресу әдісіне қатты көңіл бөлінеді.

Өсімдіктерді биологиялық қорғау әдістерін қолдану-ауыл шаруашылық

өндірістің қарқындылығын арттыратын патогенді микроағзалар түрлерінің

популяциядағы санын төмендететін, биоценоз құрылымын бұзуды

болдырмайтын экологиялық тиімді тәсіл болып отыр. Дәнді дақылдардың

саңырауқұлақ ауруларымен күресуде антагонист-микробтарды пайдаланудың

болашағы зор.

Жоғарыда келтірілген мәселенің теориялық және практикалық

маңызын ескере отырып, фитопатогенді саңырауқұлақтарға қарсы топырақ

бактериясы қолданылды. Культураның антагонистік белсенділігі агарлы блок

әдісімен 3-5 тәулік өсірген соң анықталды. Тест –ағза ретінде кең таралған

ауру тудырушы саңырауқұлақтар алынды. Антагонист - микроағзалардың

ішінде өсімдіктердің ризосферасында кең таралған Bacillus туысына

жататын бактериялардың өсімдіктердің ауру қоздырғыштарына қарсы

белсенділігі жоғары екендігі анықталды. Соңғы жылдары осы туысқа

жататын бактериялар физиологиялық белсенді заттарды синтездеуіне

байланысты ғалымдардың қызығушылығын тудыруда.

Bacillus туысына жататын бактериялардың антагонисттік белсенділігі

фитопатогендердің өсуінің тежелу аймағыныың диаметріне қарай

бағаланды. Антибиотик заттарын белсенді синтездейтін культура Bac.

mesentericus шт.19, Bac.subtilis шт.7, шт.8, шт.13 бактерия штамдары болды.

Bac. mesentericus шт.19 культурасы өсірудің 3 тәулігінде F.oxysporum шт. 91

саңырауқұлағының өсуін 16-19 мм тежеді. Ал F.heterosporum шт. 90 және B.

sorokiniana шт. 97 саңырауқұлақтары Bac.subtilis шт.8 және шт.13

бактерияларының антибиотик заттарына өте сезімтал келді. Бактериялардың

антибиотик заттары бидайдың альтернариоз ауруын қоздырушы А. tenuis

шт.12 саңырауқұлақ штамына күшті әсері етіп, өсуін 11-18 мм тежеді.

21.Антибиотиктердіхим-қ құр-сы б/шақалайжүйелейсіз.

Антибиотиктерхимиялыққұрамыбойынша да жіктеледі:

- Ациклдіқұрылысы бар антибиотиктер;

- Алициклдіқұрылысы бар антибиотиктер;

- Ароматтыантибиотиктер;

- Хинон антибиотиктер;

- Құрамындаоттегігетероциклдіқосылысы бар антибиотиктер;

- Макролидтер;

- Аминогликозидтіантибиотиктер;

- Азоттыгетероциклдіқосылысы бар антибиотиктер;

- Антибиотиктер - полипептидтер;

- Антибиотик – олигомицин

Химиялық құрылымына байланысты антибиотиктер бірнеше топтарға жіктеледеі:

Бета –лактамды антибиотиктер. Бұл топқа молекуласында бета-лактамды сақинасы бар антибиотиктер жатады, мысалы пенициллиндер, цефласпориндер. Қазіргі күнде дәрі ретінде сатылатын антибиотиктердің ішінде 50 %-дан астамы бета-лактамды антибиотиктер.

  • Макролиттер мен азолиттер ( молекуласы 14-, 15-, 16- атомдарынан құрылады), мысалы эритромицин, олеандомицин.

  • Аминогликозидтік антибиотиктер: бірінші ұрпақтарының тобына стрептомицин, неомицин, канамицин жатады, екінші ұрпақтарының мысалдары –гентамицин, амикацин т.б.

  • Хлорамфеникол: левомицитин сукцинаты, синтомицин.

  • Тетрациклиндер: табиғи – тетрациклин, окситетрациклин, жартылай синтетикалық – миноциклин, метациклин.

  • Пептидтік антибиотиктер: полипептидтер – полимиксиндер В, Е, М, гликопептидтер –бацитрацин, ванкомицин, ристомицин.

  • Химиялық құрылымы әр түрлі: натрий- фузидин, осфомицин.

  • Полиен антибиотиктер – нистатин, амфотерицин В.

  • Рибамициндер: рифамицин, рифампицин, рифак.