Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Зертханалық жұмыс 8.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
258.05 Кб
Скачать

Құжатты сақтау

Сiздiң компьютерiңiзден ойламаған жерден жұмыс iстеп отырған құжат жойылып кетпес үшiн файлды үнемi сақтап отыру қажет. Файлды сақтау үшiн келесi тәсiлдердiң бiрiн қолданыңыз:

Ctrl+S пернелер комбинациясын басыңыз

Стандартты саймандар тақтасынан Сақтау (Сохранить) батырмасын сырт еткiзiңiз (Иiлгiш диск кескiнi бар батырма).

Файл => Сақтау (Файл => Сохранить) командасын таңдаңыз.

Егер де Сiз бiрнеше құжаттармен жұмыс iстесеңiз, оларды сақтау кезiнде <Shift> пернесiн басыңыз, одан кейiн Файл => Барлығын сақтау (Файл - Сохранить все) командасын таңдаңыз.

Егер де Сiз файлды алғаш рет сақтап отырсаңыз Word файл атын көрсетудi сұранады. Ең ұзын файлдың аты 255 символдардан тұрады. Файл атында келесi символдар қолданылмауы тиiс: қиғаш сызық (/), керi сызық (\), үлкен белгi (>), кiшi белгi (<), жұлдызша (*), сұрақ белгi (?), тырнақшалар (“), бөлгiш (|), қоснұкте (:), нүктелi үтiр (;).

Файлды жаңа атпен сақтау үшiн келесi командаларды орындаңыз.

Файл => Қалай сақтау (Файл => Сохранить как) таңдаңыз. Құжатты сақтау (Сохранение документа) сұхбат терезесi пайда болады.

Файл аты (Имя файла) алаңында файлға жаңа ат берiңiз.

Қажет жағдайда Құжат типi (Тип документа ) алаңында сырт еткiзiңiз, одан кейiн қажеттi RTF форматындағы мәтiн (текст в формате RTF) немесе Тек мәтiн (Только текст) файлдың типiн таңдаңыз.

Сақтау (Сохранить) батырмасын сырт еткiзiңiз.

Word 2000 құжаттары Word 97 құжаттарымен сәйкес, бiрақ Word-тың басқа версияларымен сәйкес келмейдi, мысалы, Word 6.0 файлдарымен. Егер де Сiз Word 2000-да жасалған құжатты Word-тың алғашқы версияларында редакциялауға мүмкiндiк болу үшiн сақтағыңыз келсе, Құжатты сақтау (Сохранение документа ) сұхбат терезесiнде Қалай сақтау (Сохранить как ) командасын қолданыңыз, ашылған Файлдар типi (Тип файла) тiзiмiнен Word 6.0/95 параметрiн таңдаңыз.

Формулалар редакторы

Көптеген математикалық және ғылыми мақалаларда математикалық символдардан тұратын әртүрлi өрнектер, теңдеулер жиi кездеседi. Осы математикалық символдардың өзiндiк жазылу ережесi бар екенiн бiлемiз. Егер, олардың жазылу нұсқасы өзгерсе математикалық теңдеудiң мағынасыда өзгерiске ұшырайды. Мiне, осындай мақалаларды дайындайдағы қиыншылықтарды жою үшiн Microsoft Word құрамындағы “Формула редакторы” Equation Editor шағын көлемдi программасы қолданылады. Формула редакторы (Equation Editor) көмегiмен көптеген математикалық символдарды (интеграл, матрица, әртүрлi жақшалар, т.б) құжатқа енгiзiп, дәл сондай үлгiде қағазға басып алуға болады.

Кез келген математикалық өрнектердi енгiзу үшiн төмендегi iс-әрекеттер тiзбегi орындалады:

  1. Формула орналасатын құжат бөлігіне курсорды орналастыру;

  2. Equation Editor іске қосу;

  3. Қажетті формулаларды енгізу;

  4. Word құжатының кез келген жеріне курсорды басу.

Equation Editor – математикалық формулалар жиынын құруға, өңдеуге арналған шағын көлемді программа. Формула редакторының (Equation Editor) көмегімен құрылған формуланы редакциялау үшін терілген формулаға екі рет мауыс батырмасымен басса жеткілікті немесе формуланы белгілеп менюдан Правка  Объект, Формула, командасын орындаймыз және шыққан қосымша менюдан «Өзгерту» (Изменить) командасын таңдаймыз. Бұл іс-әрекеттер «Формула редакторын» (Equation Editor) іске қосып, формуланы қайта рекдакциялауға мүмкіндік береді.

Формуланы құру үшін:

  1. Курсорды Word құжатының формула орналасатын жерiне орналастырамыз;

  2. Енгiзу Объект (Вставка  Объект) командасын орындаймыз;

  3. Тип объекта тiзiмiнен Microsoft Equation қатарын таңдаймыз;

  4. ОК батырмасын басамыз, “Формула редакторы” (Equation Editor) iске қосылады;

“Формула редакторын” (Microsoft Equation) iске қосудың басқа жолы:

“Саймандар тақтасынан” батырмасын таңдаймыз.

Егер “Объектiлер типтерi” тiзiмiнде формула редакторы жоқ болса, онда:

  • Microsoft Word Folder бумасынан Word Commands iшкi бумасын ашамыз,

  • “Формула редакторы” (Equation Editor) белгiсiн екi рет маус батырмасымен тез шертемiз;

  • Формула редакторының терезесiн жабу;

  • Word құжатында формула редакторын шақыру.

- Экранда Microsoft Equation саймандар тақтасы және қосымша меню шығады (1-суретте).

1-cурет. “Формула редакторы” саймандар тақтасы мен менюi

“Формула” саймандар тақтасы екi жолдан орналасқа батырмалар жиынынан тұрады.. Батырмалар символдар жинағынан тұрады. Құжатқа енгiзiлетiн математикалық таңбалар батырмаларды мауспен шерту арқылы таңдалынады. Саймандар тақтасының екiншi бөлiгiнде таңдалынған символдардың жазылу шаблондарынан тұрады.

Формулалармен жұмыс iстеу барысында:

- белгiленiп алынған математикалық символға менюдағы Стиль командасының көмегiмен басқа жазылу стилiн қолдануға болады;

- күрделi, көп жолдан тұратын математикалық теңдеулердi жазып қажеттi үлгiде әр жолды орналастыруға болады;

- жеке безендiру элементтерiн қолдануға болады.

Жеке базандiру элементтерiн қолдану үшiн символды белгiлегеннен кейiн менюдан “Стиль” → “Басқа” (Стиль → Другой) командасын қолданамыз. Шыққан сұхбат терезеден басқа жазылу шрифтiн және символдың жазылу көлемiнде өзгертуге болады (символды үлкейтiп, кiшiрейту үшiн “Өлшем” (Размер) командасы қолданылады).