Стандартты саймандар тақтасы
Стандартты саймандар тақтасы көмегiмен, кему ретiне қарай солдан оңға қарай орналасқан жиi қолданылатын командаларға қол жетедi.
Команда |
Әрекет |
Құру |
Жаңа құжат құрады |
Ашу |
Бар құжатты ашады |
Сақтау |
Дәл осы мезетте сiз жұмыс iстеп отырған құжатты сақтайды |
Баспаға шығару |
Берiлген құжатты баспаға шығарады |
Алдынала көру |
Принтерге шығарылатын құжат кескiнделедi (егер де принтерде қағаз мыжылып қалмаса) |
Дұрыс жазу |
Құжаттың орфографиясын және грамматикасын тексередi |
Қиып алу |
Белгiленiп алынған құжатты алмасу буферiне тасымалдайды – Windows-тың көрiнбейтiн қоймасы |
Көшiру |
Белгiленiп алынған мәтiндi алмасу буферiне көшiредi |
Қою |
Алмасу буферiнде орналасқан мәтiндi берiлген құжатқа қояды |
Үлгi бойынша формат |
Бұл форматтауды кезкелген, жаңа белгiленген мәтiнге қолдану үшiн белгiленген мәтiн форматын көшiредi |
Болдырмау |
Соңғы команданың әрекетiн болдырмайды |
Қайтару |
Болдырмау командасына қарама-қарсы – болдырмаған команданы қалпына келтiредi |
Гиперссылканы қосу |
Web-парақпен байланысты құру |
Кестелер мен шекаралар |
Кестелер мен шекаралар саймандар тақтасын көрсетедi |
Кесте қосу |
Құжатқа кесте қояды |
Excel кестесiн қою |
Microsoft Excel жұмысшы парағын құжатқа қояды |
Бағандар |
Құжатты бағандарға бөледi |
Сурет салу |
Экранның төменгi жағында саймандар тақтасын көрсетедi |
Құжат схемасы |
Электрондық құжатты көру режимiне қосады |
Баспаға шығарылмайтын символдар |
Көрiнбейтiн символдарды кескiндейдi: бос орындар, табуляция, қайта оралу батырмасы және т.б. |
Масштаб |
Құжат масштабын реттейдi |
Microsoft Word анықтамасы |
Office бойынша Көмекшiнi көрсетедi (немесе көрсетпейдi), оны сырт еткiзiп Word туралы анықтама аласыз |
Басқа да батырмалар |
Стандартты саймандар тақтасында батырмаларды көрсетедi (немесе көрсетпейдi) |
Форматтау саймандар тақтасы
Форматтау саймандар тақтасы мәтiндi түрлi шрифтермен, өлшемдермен және шрифтердiң сызбаларымен (жартылаймайлы, курсив және асты сызылған) түрлендiруге мүмкiндiк беретiн командалардан тұрады. Форматтау саймандар тақтасының батырмалары солдан оңға қарай орналасқан.
Команда |
Әрекет |
Стиль |
стиль — алдын ала белгiленген шрифтердiң, шрифт өлшемiнiң, абзацтар арасындағы ұзындық және т.б. – белгiленген мәтiнге (немесе курсор тұрған кезкелген абзацқа) сәйкестiгi |
Шрифт |
Шрифттi орнатады — әрiптердiң кескiнiне — белгiленген мәтiнге |
Шрифтiң өлшемi |
Белгiленген мәтiн символдарының өлшемiн басқарады |
Жартылаймайлы |
Белгiленген мәтiндi жартылай майлы етедi |
Курсив |
Мәтiндi курсивпен белгiлейдi |
Асты сызылған |
Белгiленген мәтiннiң астын сызып қояды |
Сол жақ шетi бойынша |
Белгiленген мәтiннiң барлық жолдарын сол жақ шетi бойынша тегiстейдi (оң жақ шетi қисық болады) |
Центр бойынша |
Мәтiндi солжақ және оңжақ алаң бойынша центрге орналастырады |
Оң жақ шетi бойынша |
Белгiленген мәтiннiң барлық жолдарын оң жақ шетi бойынша туралайды (сол жақ шетi қисық болады) |
Енi бойынша |
Белгiленген мәтiндi теңдей солжақ және оңжақ алаңжармен кескiндейдi; центрi бойынша тегiстеуге қарағанда енi бойынша тегiстеу жолды алаңдар арасында созады |
Нөмiрлеу |
Белгiленген абзацтарға нөмiрлеу қосады (немесе жояды) |
Маркерлер |
Белгiленген абзацқа маркерлердi қосады (немесе жояды) |
Шегiнiстi кiшiрейту |
Белгiленген абзацты табуляцияның алдыңғы позициясына тасымалдайды |
Шегiнiстi арттырады |
Белгiленген абзацты табуляцияның келесi позициясына тасымалдайды |
Сыртқы шекаралар |
Белгiленген абзацтар мен кестелер айналасында жақтамалар салады |
Түспен белгiлеу |
Белгiленген мәтiн фонының түсiн өзгертедi |
Мәтiннiң түсi |
Белгiленген мәтiндi басқа түспен көрсетедi |
Басқа да батырмалар |
Форматтау саймандар тақтасында батырмаларды көрсетедi (немесе көрсетпейдi) |
Форматтау командасының бiрiн орындау үшiн форматталуы қажет мәтiндi белгiлеп алу қажет, содан кейiн сәйкес батырманы сырт еткiзiңiз немесе форматтау саймандар тақтасында ашылған тiзiмнен қажеттi пунктi таңдаңыз.
