Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Зертханалық жұмыс 8.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
258.05 Кб
Скачать

Зертханалық жұмыс №8

Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word-мәтіндік редакторы (2 сағат)

Сабақтың мақсаты: Microsoft Word-та құжаттар құру, сақтау, мәтінді форматтау. Объектілерді басқару тәсілдері. Кесте құру.Формуламен жұмыс

Сұрақтар:

  1. MS Word редакторын жүктеудiң үш тәсiлi.

  2. MS Word редакторының стандартты терезе элементтерi.

  3. Жаңа құжат қалай даярланады?

  4. «Құжат ашу» сұқбат терезесiнiң мүмкiндiктерi қандай?

  5. «Құжат ашу» сұқбат терезесiндегi басқару тақтасы батырмаларының атқаратын қызметi.

  6. Microsoft Word мәтiндiк редакторында дайындалған құжатқа әртүрлi объектiлердi енгiзудiң қандай командалардың көмегiмен орындалады?

  7. Байланысқан және ендiрiлген объектiлердiң қандай айырмашылықтары бар

  8. Microsoft Word редакторында қандай оъектiлердi қолдануға болады.

  9. Оъект файлдан қалай енгiзiледi?

  10. Формула редакторын іске қосу?

  11. Формула редакторы объектілер тізімінде болмаса қалай iске қосуға болады?

  12. Формуланы безендiрудi өзгертiп, басқа стильдi қалай қолдануға болады?

Тапсырмалар:

  1. MS Word мәтiндiк редакторын iске қосыңыз да, меню қатарының көмегiмен бұрын сақтаулы тұрған құжатты ашыңыз.

  2. Ашылған құжатты Кәдiмгi режимнен Электрондық құжат, Құрылым; Беттi белгiлеу режимдерiне ауыстырыңыз, қандай өзгерiстер болғанын тексерiңiз.

  3. Осы құжаттың атын өзгертiп сақтап, программадан шыққпай құжатты жабыңыз.

  4. Жаңа құжат ашып, 12 символ өлшемiмен Абай Құнанбаевтың бiр өлеңiнiң үш шумағын жазып шығыңыз.

  5. Сол мәтiндi үлгiде көрсетiлгендей форматтап, “Абай” деген атпен дискiге сақтаңыз.

  6. Көлденең белдеу арқылы бiрiншi шумақтың алдынан 2 см, екiншi шумақтың алдынан 3 см , үшiншi шумақтың алдынан 2 см бос орын қалдырыңыз.

  7. Мәтiннiң көрсетiлу маштабын Вид → Масштаб командасы арқылы 75% , сонан соң 100% етiп өзгертiңiз.

  8. Менюдағы Правка →Выделить және Правка→ Копировать командасы арқылы екiншi жаңа құжатқа көшiрiңiз. Бұл файл атауын “Көшiрме” деп сақтаңыз.

  9. Құжаттарды сақтап, програманы жабыңыз.

  10. Формула редакторын iске қосып, берiлген формулаларды терiңiз.

  1. Келесі түрдегі кесте құрыңыз:

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Word 2000-мен жұмыс iстегенде жаңа құжат құрудың төрт тәсiлi бар:

  1. Жаңа құжат Word 2000 iске қосылғанда автоматты түрде құрылады.

  2. Саймандардың стандартты тақтасында Құру (Создать) батырмасын сырт еткiзiңiз.

  3. Файл => Құру (Файл => Создать) командасын таңдаңыз.

  4. Ctrl+N пернелер комбинациясын басыңыз.

Сақталынып қойылған файлды ашу үшiн төрт тәсiлдiң бiрiн пайдаланыңыз:

  1. Ctrl+O пернелер комбинациясын басыңыз.

  2. Саймандардың стандартты тақтасында Ашу (Открыть) батырмасын сырт еткiзiңiз.

  3. Файл => Құру (Файл => Создать) командасын таңдаңыз.

  4. Соңғы болып сақталынған файлдардың бiрiн таңдаңыз, ол файлдардың аттары Файл менюiнiң төменгi жағында пайда болады.

Егер де жоғарыдағы үш тәсiлдiң бiреуiн пайдалансаңыз, экранда Құжаттың ашылуы (Открытие документа) сұхбат терезесi пайда болады. Ендi ашылу қажет файл атында екi рет сырт еткiзсеңiз болғаны файл ашылады.

Word құжаттарды төрт режимде көруге мүмкiндiк бередi, олардың әрқайсысы бiр құжаттың түрлi аспектiлерiн көрсетедi, одан құжаттың түрi және экранда кескiнделетiн графиктер тәуелдi болады. Сiздiң құжатыңыздың беру режимiн өзгерту үшiн, меню қатарында Түр (Вид) тарауын таңдаңыз, содан кейiн келесi пунктiң бiрiн таңдаңыз:

  1. Қарапайым режим

  2. Web-құжат

  3. Парақтарды белгiлеу

  4. Құрылымдық

Экран масштабын өзгерту үшiн келесi әрекеттердi орындау қажет:

  1. Түр => Масштаб (Вид =>Масштаб) командасын таңдаңыз. Масштаб сұхбат терезесi пайда болады (2.1-сурет).

  2. Масштаб тобының келесi қосқыштарының бiрiн сырт еткiзiңiз:

  • 200%. Мәтiн кескiнiн қарапайым өлшеммен салыстырғанда екi есе арттырады;

  • 100%. Келiсiм бойынша берiлетiн қарапайым режимге масштабты орнатады;

  • 75%. Мәтiн өлшемiн кiшiрейтедi.

  • Парақтың енi бойынша мәтiн жолдарының өлшемi Word терезесiнiң өлшемдерiне сай келедi;

  • Бүкiл мәтiн экранға сыюы үшiн парақтың енi бойынша парақтардың өлшемi өзгередi (бұл вариант парақтарды Белгiлеудi көру режимiнде мүмкiн болады).

  • Бүтiн парақ. Экранға бүтiн парақты орналастырады.

  • Бiрнеше парақтар. Құжаттың барлық парақтардың шағын версиясын бейнелейдi.

3. Ерiктi (Произвольный) тiзiмдi пайдалана отырып, сiз таңдауға толық ерiк аласыз және құжаттың кезкелген бейнелеу масштабын орната аласыз. Сол параметр көмегiмен 57%, 93% немесе 138% масштабтарын беруге болады.

4. ОК батырмасын сырт еткiзiңiз

Word саймандар тақтасындағы батырмалар көмегiмен кең таратылған командаларды таңдауға мұмкiндiк бередi. Басқалардан көбiрек екi саймандар тақтасы – Стандартты (Стандартная) және Форматтау (Форматирование) қолданылады. Бұл екi саймандар тақтасын қондыру кезiнде және Word-ты алғаш iске қосарда автоматты түрде пайда болады.