Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс 2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
43.39 Кб
Скачать

Дәріс 2.

Программалау технологияларын оқыту әдістемесі. Есептеу эксперименті.

Жоспар:

  1. Фортран-программасының құрылымы, Multi Edit мәтіндік редактор.

  2. Фортран тіліндегі типтер.

Есептеу эксперименті – математика сипаттауын және модельдеуін қолданып қүрделі процесстерді теория әдісі бойынша талдау, басқаша айтқанда есептеу математикасының әдістерімен процесстерді талдау. Ол келесі қадамдардан тұрады: 1) есептің математика түрінде қойлымы немесе математикалық модельді таңдау; 2) есепті шешетін сандық әдісті құру, есептейтін алгоритмін жазу; 3) алгоритмді программалау; 4) компьютерде есептеуді жүргізу; 5) шыққан сандық нәтижелерді талдау және математикалық модельді анықтау.

1. Фортран-программасының құрылымы, Multi Edit мәтіндік редактор

Программалау процессін төрт қадамға бөлуге болады: 1) программаның мәтінін мәтінді редактор арқылы теру – нәтижесінде мәтінді файл өнеді (бастапқы модуль); 2) бастапқы модульді компилятормен аудару – нәтижесінде синтаксистік қателер бойынша ақпарат шығады немесе машиналық кодтағы программа екілік файлында орналасады. (объектік модуль); 3) объектік модульді жинақтауыш пен жинақтау, ол жүйелік функцияларды жүйелік библиоткадан қосады және объектік модульдін адрестерін қосымша баптайды – нәтижесінде жинақтаудың қателері хабарланады немесе орындалатын файл шығады орындалатын программамен; 4) орындалатын программаны орындаушы көмегімен орындаймыз, ол берілгендерді қолданып программаның орындап жатқан әр қадамын көрсетеді, нәтижесінде программада кездесетін алгоритмдік қателерді табуға болады.

Қолданушының интегралды ортасы – ең қолайлы программалау құрал, ол өзінде айтып кеткен төрт жүйелік программаларды біріктіреді және ыңғайлы сұқбат режимында жұмыс істейді.

Multi-Edit редакторы мәтінді өндеуден басқа программалауға мүмкіншілік береді. Осы мүмкіншілік файлдың түріне бапталады. Қолдау құралдарына жатады: программаның синтаксистік элементтерін түстеу; программалау тілінің басқару конструкцияларының шаблондарын енгізу; программаны қарапайым синтаксиске бақылау; компиляциялау, жүктеу және программаны редактор ортасында орындау. Ол редакторді интегралды ортаға айналдырады, олар өзінің ортасы жоқ жүйелерге ыңғайлы (мысалы, Фортранда). Multi-Edit 7.0 ортасында айтылып кеткен құралдар Other меню бұйрықтары бойынша орындалады:

  • Execute compiler – компиляторды қосу (кез келген қосымшаны қоса аламыз, тек кана компиляторды емес);

  • build Template – басқару конструкциясының алғашқы бір-екі әріптері бойынша тілдің шаблонын құру;

  • Match language structure – тілдің қос конструкциясын табу (мысалы, жақшаны);

  • find neXt compiler error – компилятор шығарған қатенін келесісіне өту.

Файлдың түрі келесі меню арқылы бапталады Other®Installation and setup®Filename extensions. Фортранға - бұл .for түрі.

Multi-Edit қосылған соң экранда меню орналасады және редактордың терезесі. Менюға F10 батырмасымен немесе Alt+<менюдің белгіленген әріпі> комбинациясымен кіреміз. Менюдан Esc батырмасымен шығамыз да редактор терезесіне ораламыз. Жиы қолданылатын бұйрықтардың орнына батырмалардың комбинациясын қолдануға болады.

Кейбір бұйрықтарды келтірейік: өзгерістер енгізілген мәтінді файлды сақтау - F2; жаңа терезені ашу және файлды осы терезеге ашу - F3; менюді компиляцияға, жүктеуге, қарапайым программаны орындауға шақыру (Execute compiler) - F9; программаның нәтижесін экранда көру - Ctrl+O; редактордан шығу - Alt+X.