- •« Педагогикалық мамандыққа кіріспе»
- •Мазмұны
- •Жұмыс оқу бағдарламасы
- •Пән мазмұны және оның әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •Пәнді оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыздандыру картасы
- •Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы
- •Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері
- •Жоғары кәсіптік білім берудің заңнамалық негіздері.
- •1991-2000Жж арасындағы қр білім беру саласына қатысты 10-нан астам бағдарлама қабылданды.
- •1991 Ж бері орта білім жүйесінде жүргізілген реформалауды мынадай кезеңдерге бөлуге болады;
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Дәріс 2. Тақырып: Педагогтың кәсіби іс - әрекеті және оның тұлғасы.
- •1. Педагогикалық әрекеттің диагностикалық функциясы.
- •2. Педагогикалық әрекеттің бағдарлаушы - болжаушы функциясы.
- •3. Педагогикалық әрекеттің құрылымдық - жоспарлық функциясы.
- •4. Педагогикалық әрекеттің ұйымдастырушылық функциясы.
- •5. Педагогикалық әрекеттің ақпараттық - түсіндірмелік функциясы.
- •Н.В. Кузьминаның зерттеуі бойынша педагогикалық іс-әрекетінің компоненттері.
- •А.И. Щербаковтың зерттеуі бойынша педагогикалық процесті жүзеге асыру сатысындағы педагогикалық іс-әрекетінің компонентттері.
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •2. Педагогикалық іс-әрекетке бейімділік 3. Педагогтық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылық 4. Педагогикалық техника
- •Педагогикалық шеберліктің құрылымдық компоненттері
- •1. Кәсіптік білімі,құзырлылығы 5.Педагогикалық қабілеттер, сондай-ақ шығармашылық қабілеті
- •6. Педагогикалық мәдениет 7.. Педагогтық толеранттылық 8. Педагогтың сана-сезімі,өзін –өзі жетілдіру Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •Педагогикалық зерттеулердің жетекші принциптері.
- •Педагогикалық зерттеу деңгейлері.
- •Ғылыми ізденістердің негізгі звенолары, олардың міндеттері, өзара байланысы.
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •Педагогикалық мәдениетсіз педагогикалық қызметтің нәтижесі төмен.
- •Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •3. Педагогикалық қарым-қатынастың функциялары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •Семинар сабағы №2 Мұғалім- педагогикалық әрекеттің субъектісі ретінде.
- •Семинар сабағы№3
- •Семинар сабағы№4 Педагог тұлғасының кәсіби қалыптасуы мен даярлығы.
- •Семинар сабағы№5 Мұғалім тұлғасының шығармашылық потенциялын дамыту.
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
- •Глоссарий.
- •Өзіндік презентация.
- •Тапсырманың мысалдық мазмұны.
- •Өмір мағынасы мен педагогтың қабілеттілігі
- •Жағымсыз эмоцияларды басқарып отыру және жағымды көңіл-күйді қалай жасау
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
Н.В.Кузьмина іс- әрекет құрылымының бір - бірімен өзара тығыз байланысты неше компоненттің атады, оларға қысқаша сипаттама беріңіз?
А.И. Щербаковтың зерттеуі бойынша педагогикалық процесті жүзеге асыру сатысындағы педагогикалық іс әрекетінің компоненттеріне сипаттама?
Педагог педагогикалық іс әрекет субъектісі ретінде: педагог позициясы, педагогтың әлеуметік кәсіби позициясы.
Л.Б. Ительсонның зерттеуі бойынша педагогтың негізігі ролдік педагогикалық позициясының сипаттамасы?
Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
1. Н.В.Кузьмина іс-әрекет құрылымының неше түрін атап көрсетті?
2
3
4
6
5
2. Құрылымдық, ұйымдастырушылық, коммуникативтік компоненттерді (іс-әрекет құрылымының) қай ғалым жіктеді (бөлді)?
Л.С.Выготский
А.К.Маркова
А.И.Щербаков
Н.В.Кузьмина
Б.Таплов
3. А.И.Щербаков педагогикалық іс-әрекетті қалайша бөлді?
Құрылымдық, ұйымдастырушылық, коммуникативтік
Құрылымдық, гностикалық, коммуникативтік
Құрылымдық, коммуникативтік, гностикалық
Құрылымдық, ұйымдастырушылық, гностикалық
Ұйымдастырушылық, гностикалық, коммуникативтік
4.“Тәрбиешілік мәртебесі қаншалықты маңызды, ұлы әрі қастерлі десеңізші. Оның қасында адам өмірінің тұтас тағдыры тұр” деген ...
К.Д.Ушинский
А.Дистерверг
В.Г.Белинский
Л.Б.Ительсон
Н.В. Кузьмина
Ол педагогикалық ғылыми теориялық, психологиялық-педагогикалық, мұғалімнің кәсіби шеберлігін көтеруге бағынышты жүйелі, жеке және ұжымдық жұмыс
әдістемелік жұмыс
педагогикалық кеңес
ғылыми жұмыс
психологиялық кеңес
тәрбиелік жұмыс
Оқушының тұлғалық іс-әрекеттік дамуына бағытталған және сонымен бірге оның өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі жетілдіруінің негізі болып табылатын-….
Тәрбие әрекеті
Оқыту әрекеті
Педагогикалық әрекеті
Қарым - қатынас әрекеті
Ойын әрекеті
«Менің педагогикалық талантым болған емес, және де педагогика ешбір әуестенбей – ақ кездейсоқ келдім бірақ мен үйрендім мен өз ісімнің шебері болуға тырыстым. Ал әркім-ақ өз ісінің шебері бола алады. Ол үшін оған көмектесу керек, ол өзі де жұмыс істеуге ынталы болуы тиіс» -.деп айтқан кім?
А.С.Макаренко
Я.А.Коменский
А.К.Маркова
А.Дистерверг
Ф.Фебель
Мұғалімнің кәсіби деңгейін көтеруде мектепте қандай жұыстың маңызы зор?
әдістемелік жұмыс
педагогикалық кеңес
шығармашылық жұмыс
ғылыми жұмыс
ғылыми практикалық конференция
Ол педагогикалық ғылыми теориялық, психологиялық-педагогикалық, мұғалімнің кәсіби шеберлігін көтеруге бағынышты жүйелі, жеке және ұжымдық жұмыс.
әдістемелік жұмыс
педагогикалық кеңес
шығармашылық жұмыс
ғылыми жұмыс
ғылыми практикалық конференция
«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі» -депайтқан кім?
К.Д. Ушинский
Я.А.Коменский
А.К.Маркова
А.Дистерверг
Ф.Фебель
Дәріс 4. Тақырып: Педагог тұлғасын дайындау және қалыптастыру
Жоспар:
Педагогикалық мамандық басқа мамандықтар арасында.
Педагогикалық мамандықты таңдау мотивтері және педагогикалық іс-әрекет мотивациясы.
Педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалім тұлғасының дамуы
Мұғалімнің кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуі
1. Е.А. Климовтың зерттеулерінде мамандықтардың бүкіл сан алуандығы адамның айналасындағы табиғат, адамдар, техника әлеміне және т.б. қатынасының схемаларымен көрсетілген. Е.А. Климов ұсынған әдіс оларды еңбек пәні, оның мақсаттары, әрекеттер сипаты, еңбек қаруы және оның шарттары бойынша білуге мүмкіндік береді. Еңбек құралдары бойынша барлық мамандықтар - биономикалық (табиғат), техномикалық (техника), сигноникалық (белгілер), артономикалық (көркем бейнелер) және социономикалық (адамдардың өзара әрекеттесуі) болып белінеді. Е.А. Климов кәсіби іс-әрекеттің бес схемасын анықтайды: «Адам - Табиғат», «Адам - Техника», «Адам -Белгі», «Адам - Бейне», «Адам - Адам».
Педагогикалық мамандық «Адам - Адам» деген типке жатады. Е. А. Климов бойынша мамандықтың бұл типі адамның келесі сапаларымен анықталады: адамдармен жұмыста тұрақты жақсы көңіл күй, қарым-қатынасқа деген қажеттілік, өзін ойша басқа адамның орнына қоя білу қабілеті, басқалардың ниеттерін, пиғылдарын, көңіл-күйлерін жылдам түсіне қою, адамдармен өзара қатынасты тез талғау, көптеген және әр түрлі адамдардың жеке қасиеттерін есте сақтап, ойда ұстау, т.б. Осындай мамандық схемасындағы адамға тән: басқару, оқыту, тәрбиелеу ептілігі, «адамдардың түрлі қажеттіліктеріне қызмет етуде пайдалы әрекеттерді іске асыру»; тыңдау және ести білу; кең ой-өріс; тіл (коммуникативтілік) мәдениеті; «ақыл-ойдың жантанушылық бағыты, адамның сезімдерін, ақылын және мінезін, мінез-құлқын аңғара білу, оған өзінің немесе өткен тәжірибеден таныс ішкі дүниені жапсырмай, дәл оның өзінің ішкі дүниесін ойша елестету, модельдеу ептілігі немесе қабілеті»; «адам әрқашан жақсырақ бола алады деген сенімділікке негізделген, адамға деген жобалаушы қатынас»; уайымдаса білу, байқампаздық; «тұтастай халыққа қызмет ету идеясының дұрыстығына деген терең және оптимистік иланым»; стандартқа сай емес жағдаяттарды шешу; өзін-өзі реттеудің жоғарғы дәрежесі .
Бұл жерде, «Адам - Адам» схемасы типтік қалаулардың, қызығушылықтардың, адамның тұлғалық ерекшеліктерінің (Дж. Холланд, Е.А. Климов) жинағымен сипатталатынын есепке алсақ, онда оның кәсіби сипаттамасы терең даралық түрлендірілген болып шығады.
«Адам-Адам» схемасымен жұмыс істейтін адамның кәсіби жарамдылығын талдау үшін, кәсіби қол бос болмаушылықтың осы типіне қарсы нәрселер тізімі орынды. «Берілген типтегі кәсібін таңдауға қарсы көрсеткіштер : сөйлеу ақаулары, мәнерсіз сөз, тұйықтық, өз-өзіне беріліп кету, айқын көрінетін дене кемістіктері, өкінішке орай, ебедейсіздік, шектен тыс баяулық, адамдарға селқостық, адамға ешбір пиғылсыз, қызығушылық білдірудің болмауы». Бұл «Адам - Адам» типіндегі кәсіп субъектісінің жалпыланған бейнесі. Осы типке жататын педагогикалық мамандық тағы да бірқатар өзгеше талаптарды қояды, олардың ішінде негізгілері - кәсіби кұзырлылық және дидактикалық мәдениет.
Педагогикалық іс-әрекетті еңбек қаруы позициясынан қарастырғанда, өзіне назар аудартатын жағдай - онда басқа да қатынастар схемаларының шоғырлануы, ең алдымен, «Адам-Белгі» схемасы. Белгілік, соның ішінде, тілдік жүйелер педагогикалык іс-әрекетте қоғамдық-тарихи тәжірибені тасымалдаушы негізгі құрал болып табылады, сонымен бірге таңбалық жүйелер өз тарапынан меңгеру пәні болып келеді. Бүгінгі күнгі білім беру процесінде компьютерлік техника да аз рөл атқармайды. Педагог оны білімдерді беру құралы ретінде де, зерттеу, сонымен қатар, оқыту пәні ретінде де қолданады
Мамандықтың әр типі үшін әрекеттер құрамын талдай отырып, Е.А. Климов олардың төрт тобын белгіледі:
Қозғалыстық әрекеттер (орын алмастыру, орналасу, бұрылу және т.б.).
Танымдық (гностикалық) әрекеттер, оған қабылдау, қиял жэне логикалық әрекеттер жатады.
Тұлғааралық қарым-қатынас әрекеттері, оған диагностикалаушы, әрекет-талап, серіктесті ақпаратпен баскару әрекеті.
Жігерді келісімдеу әрекеті.
Педагог субъект ретінде осы әрекеттердің барлығын орындайтынын айта кетейік (аз мөлшерде бірінші топ әрекеттерін, және егер олар тек механикалық болған жағдайда. Аталған әрекеттер тобының барлығының педагогтың кәсіби іс-әрекетіне енуі оның интеллектуалдық және мінез-құлықтық мәдениетінің жан-жақтылығын анықтайды.
Кәсіби іс-әрекет субъект қойған мақсатқа байланысты жіктелуі мүмкін: гностикалық (танымдық), қайта құру немесе іздеу мақсаттары. Бұл жерде екіншісі мен үшіншісі міндет қоюмен жэне оларды орындаудың жаңа тәсілдері мен құралдарын табуына байланысты. Қайта құрушы іс-әрекет заттардың, құбылыстардың, процестердің кез-келген класымен ара қатынаста. Педагогикалық іс-әрекет ең алдымен, субъектіде қайта құру (өзгерту, дамыту) міндеттерін қою мен орындау іскерлігін жэне осы міндеттерді орындаудың жаңа құрал-тәсілдерін іздеу іскерлігін ұйғарады.
Еңбектің функционалды қаруларын белгілеген кезде - Е. А. Климов санаға қатысты сыртқы жэне ішкі кәсіби іс-әрекет құралдары мен тэсілдерін ойға алады, және де ең алдымен, «ауызша және жазбаша сөз, бейнелеуді» алады. Педагог сөзі оның іс-әрекетінің маңызды сипаттамаларының бірі екені белгілі.
Педагогтың педагогикалық іс-әрекет субъектісі ретіндегі жалпы сипаттамасын, оның мақсаттарын, пәнін, құралдарын, әрекет тәсілдерін анықтау негізінде келтіру осы мамандықтың жалпы күрделілігі мен көпжақтығын көрсетеді.
2.Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі құрамдас бөлігі – мотивация. Мотивация термині мотив сөзінен шыққан.
“Мотивация” ұғымын ғалымдар “тұлғаның мінез-құлқы, іс-әрекетінің сипаты, бағыты, мазмұнын білдіретін мотивтер жиынтығы деп атайды (Н.И.Конюхов).
Мотивация – мотивтер әрекеті процесін, тұлғаның бағытын бейнелейтін, маңызды мотивтер жиынтығынан тұрады, ол іс-әрекеттің құндылық бағдарын анықтайды.
Педагогикалық мамандықты таңдау мотивтері:
Мұғалімдердің ықпал және сүйікті оқу пәнінің әсері;
отбасы және отбасылық дәстүрлер;
Жұмыс тәжірибесінің болуы
Педагогикалық мамандықты таңдаған студенттер типі:
1) Мұғалім мандығын таңдауда мотивінің болуы (сүйікті оқу пәні);
2) Саналы таңдалған мотиві жоқ студенттер;
3) Ұйымдастырушылық қабілеттері жоғары студенттер;
4) ЖОО-да нақты педагогикалық іскерліктері анық байқалатын студенттер
Педагогикалық іс-әрекет мотивациясы ішкі және сыртқы деп екіге бөлінеді.
Ішкі мотивтер:
Мамандықтың қоғамдық және тұлғалық мәнділігі мен маңыздылығы;
Жұмыстың шығармашылық сипатына байланысты рахаттану;
Қарым-қатынас мүмкіндігі, басқаларды басқару және т.б.
Сыртқы мотивтер:
Жағымды сыртқы мотивтер:
Материалдық ынталандыру;
Қызмет бабында өсу;
Басшылықтың, ұжымының құптауы;
Беделділік және т.б.
Жағымсыз сыртқы мотивтер:
Жазалау;
Сынау;
Қорқыту және т.б.
Мамандық таңдауды не анықтайды деген сұраққа жауап бере отырып, Е.А. Климов негізгі сегіз факторды ұйғарады:
1) үлкендер, отбасы позициясы;
2) құрдастар позициясы;
3) мектептегі педагогикалық ұжым позициясы (мұғалімдер, сынып жетекшілері және т.б.);
4) жеке өмірлік және кәсіби жоспарлар;
5) қабілеттер және олардың көрінулері;
6) қоғамдық танушылыққа ұмтылу;
7) қандай да бір кәсіби іс-әрекет жайлы ақпаратты болу;
8) бейімділік . Бұл факторлар, сөзсіз, педагогикалық іс-әрекетті мамандық ретінде таңдау үшін де маңызды. Осы мамандықты таңдауды анықтайтын ерекше факторлардың бірі - балаларға деген сүйіспеншілік, оларға тәжірибені игеруге көмектескенге бейімділік. Бұл фактор, Н.В.Кузьминаның мәліметтері бойынша, негұрлым типті. Басқаша айтқанда, педагогикалық іс-әрекет мазмұнының өзі - балаларды оқыту мүмкіндігі - педагогикалық мамандықты таңдауға неғұрлым көп әсер етеді. Н.В. Кузьминаның зерттеулерінің нәтижесі бойынша оны кездейсоқ таңдау 9% аспайды.
Олар педагогикалық іс-әрекеттің өзі үшін де мәнді болып табылады. Олардың ішінде аса маңыздысы: 1) мұғалім мен сүйікті пәннің әсері; 2) отбасы, отбасылық дәстүр әсері; 3) алдыңғы жұмыс тәжірибесінің әсері.
Н.В. Кузьминаның мәліметтері бойынша, «педагогтарда мамандыққа және іс-әрекет процесіне қанағаттану индексі жалпы жоғары».
Осылайша, педагог мамандығы кәсіби іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы позициясынан «Адам - Адам» қатынастар схемасында оның ерекшелік түрі болып табылады, ол ең алдымен, шәкірттерді оқу пәнінің құралдарымен және өзінің педагогикалық іс-әрекетінің тәсілдерінің көмегі арқылы дамыту мақсатымен анықталады.
3. Педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалім тұлғасының дамуы.
Үздіксіз педагогикалық білім беру – нақты педагогикалық іс-әрекетке дайындау және тұлғаның білім беру қажеттеліктерін өтеу мақсатындағы педагогикалық білім беру мекемелерінің атқаратын іс-әрекеті.
Көп деңгейлі құрылымды білім беру мекемелерінің мақсаты:
Тұлға мен қоғамның көптеген мәдени-білім беру сұраныстарын қанағаттандыру үшін білім беру мекемелерінің мүмкіндіктерін кеңейту, өзгермелі экономика және еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес маманды жалпы мәдени, ғылыми және кәсіби тұрғаыда дайындау
Педагогикалық білім беру мазмұны: Жалпы мәдени блок – 25%, Психологиялық-педагогикалық - 18%, Пәндік блок – 57%
Жалпы мәдени блок – мұғалімнің дүниетанымын дамытады, өмірлік және кәсіби өзін-өзі тануына жағдай жасауды қамтамасыз етеді.
Психологиялық-педагогикалық блок – мұғалімнің педагогикалық өзін-өзі тануына, шығармашылық дербестігін дамытуына бағытталады.
Пәндік блок – нақты ғылыми білім мазмұнын қабылдауға бағытталады.
Педагогикалық білім беру мазмұынының негізгі жүйе құраушы элементтерінің бірі – студенттердің педагогикалық іс-тәжірибесі болып табылады. Педагогикалық іс-тәжірибе мазмұны үш бағыт бойынша құрастырылады:
- Әлеуметтік-мәдени;
- Психологиялық-педагогикалық;
- Пәндік.
Педагогтың кәсіби сапалары
Эрудиция;
Мақсат қоюшылық;
Практикалық және диагностикалық ойлау,
Интуиция;
Импровизация;
Байқағыштық;
Оптимизм;
Тапқырлық;
Рефлексия (А.К.Маркова бойынша)
Мұғалім тұлғасының доминантты сапалары
Әлеуметтік белсенділік;
Мақсатқа бағыттылық;
Тұрақтылық;
- Әділеттілік;
Адалдық;
Қазіргі заманға сай болу;
Ізгілікті болу;
Эрудиция;
Педагогикалық такт;
Толеранттылық;
Педагогикалық оптимизм
4. Мұғалімнің тұлғалық дамуы, оның бойындағы өзін - өзі үнемі дамытып отыру дайындығына тікелей байланысты. Өз қажеттіктерін сезіну – кәсіби қызметтің негізі болып табылады, өйткені ол өзінің потенциалдық бар мүмкіндігін дамытудың жолдарын білу деген сөз. Гуманистік философия мен педагогиканың негізін салушылардың көпшілігі өз қажеттігін тануды жеке тұлғаның кемеліне келуінің, кәсіби жетілуінің басты көрсеткіші ретінде есептеп, бұл ұғымның философиялық, психологиялық, педагогикалық аспектілерін әр кезеңде әр түрліше қарастырған. Мысалы, Сократ өз оқушыларының санасын әңгімелесу, сұрақ қою арқылы оятып, өзін - өзі тануға шақырса,Я.А.Коменский оқушының өз бойындағы рухани күшін өзі дамытуға мұғалім көмектесе алатыны атап айтқан. Ж.Ж.Руссо « балаға мұғалім өз көзқарасын байлап беруге емес, қайта оның өзіндік дүниетанымын дамытуғы » ұмтылуын, И.Песталлоци және оның шәкірті Ф.Фребель бүгінгі педагогикадағы «тұлғалық бағдарлы оқытудың» негізін салып, өзін - өзі дамыту түсінігін енгізді. Адам бойындағы адами қасиеттерді іздеу, табу, олардың әрі қарай дамуына барынша қолдау көрсету.оның өзін -өзі жүзеге асыру, ретке келтіру, дамыту, өзінің тұлға ретіндегі болмысын жасаудың механизмдерін меңгеруін қамтамасыз етеді.
Адольф Дистервергтің «Нашар мұғалім шындықты оқушыға өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оған өз бетімен ізденуге жол көрсетеді» деген пікірі және Джон Дьюдің жеке тұлғаның өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйене, оны реттей отырып білім алуына, еркін дамуына мүмкіндік жасау арқылы қоғамды демократиялық даму жолына әкелуді көздейтін философиясы бүгінгі білім берудегі өзекті мәселе болып отыр.
Қазақ халқы өз дүниетанымы мен философиялық көзқарастарын мақал – мәтелдер арқылы терең жеткізе білген. Мысалы, «Өнегелі ұстаз: «өзім бол» ,- демейді , «өзің бол» - дейді, - дей отырып, әр адамның өзіндік биігін тануға нұсқаған. Ұлы ойшыл Абайдың гуманистік дүниетанымы адам баласының «таразысы да, қазысы да өз бойында», тек «өзіңе сен, өзіңді алып шығар, ақылың мен еңбегің екі жақтап» немесе
«Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма - жыл», - дегенінен көруге болады.
Адамның өзін -өзі тәрбиелеуі оңайлықпен қолға түспейді. Жеке тұлғаның санасының оянуы, оның өзіндік «менің» сезіне бастауы, Абай тілімен айтқанда, бұл кісінің өзіне -өзі ұдайы есеп беруінен, өзін -өзі аңғара, байқай алу қабілетінен көрінеді. Өзіңе -өзің үңіліп, өзіңді тізгіндеуге тырысу, белгілі мақсат көздеу – осы істегі шығармашылыққа бастапқы қадам.
Психологияда өзіндік қажетілік ұғымын американдық ғалым Абрахам Маслоу енгізді. Бүгінгі педагогикада оның «өзіндік қажеттігін тану» өз мүмкіндігін, потенциалын жүзеге асыруға ұмтылу, өз қабілетін, талантың, яғни бойындағы барын іске асыру арқылы адам тұлға ретінде толық қалыптаса алады» деген пікірі аса құнды. Сонымен қатар, өз мүмкіндігін қажетіне айналдыра алатын адамды А.Маслоу кәдімгі өзіміз күнде кездестіріп жүрген адамдарымызбен қатар қоймайтынын тағы да былай дәлелдеп келтіреді. «орташа адам – ол өз дарынын, қабілетін, мүмкіндігін жылы жауып қойған, не басып тастаған адам». Оның теориясы бойынша адамның дамуы – екі жағы бар қажеттілік пирамидасына ұқсайды: бір жағынан әлеуметтік тәуелділігі, екінші жағынан оның өз қажеттігін тани алуына қатысты танымдық табиғаты. А.Маслоу жалпы қажеттіліктерді туа пайда болған деп, алғашқы үш деңгейді физиологиялық, әлеуметтік, психологиялық қажеттілік ретінде қарастырады, төртінші деңгейді өзін - өзі құрметтеу, қадірлеу үшін атқарылатын әрекеттер ретінде, ал бесінші деңгей – шығармашылық қажеттілік, өз мүмкіндігін жүзеге асыру өзіндік қажеттігі деп есептейді.
Адамның өзін-өзі тәрбиелеуге қабілеті берілмейді, оған үйрену керек. Тарихта әр бір ұрпақ адамдары өз заманының талаптарына сай келуі үшін өзін-өзі жетілдіруге тиіс болды. Әрбір адам өзін-өзі тәрбиелеуде ең алдымен оның мақсатын, әдістері мен тәсілдеріне, нәтижесін «технологиясын» меңгеруі тиіс. Бұл өзін-өзі тәрбиелеудің компоненттеріне жатады. Оларға тоқталмас бұрын өзін-өзі тәрбиелеудің қозғашуы күші туралы айта кетейік. Айталық, мектепке жаңа келген мұғалімде өз бетімен жұмыс істеуде көптеген қиындықтар туады. Оларды жеңу үшін жас маман өзін-өзі жетілдіріп, тәрбиелеуі тиіс. Ол үшін ең алдымен ол өз бойындағы сенімсіздіктен арылуы тиіс. Бұл кәсіби түрде өзін-өзі жетілдірудің алғашқы қадамы.
Кәсіби түрде өзін-өзі жетілдіру дегеніміз – ол қазіргі педагогикалық талаптарға сай келу үшін өзіңнің кәсіби және жеке қабілеттерін дамыту. Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиеленуінің қозғаушы күші өзін-өзі жетілдіруге, өзгертуге деген мұқтаждық. Бұл мұқтаждықтың басты себебіне мектеп әкімшілігінің, ата-аналардың тұғалімге деген талаптарын жатқызуға болады. Мектептегі талаптардың өзгеріп отыруы мұғалімнің үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруын талап етеді. Өзін-өзі тәрбиелеу - өзіндік тұлғаңды өзгертуге бағытталған жоспардан басталады. Бұл жоспардың негізінде өзіңді даму деңгейінде қойылатын талаптармен салыстыру жатады. Осыған негізделе отырып мұғалім өзін-өзі тәрбиелеуге бағытталған міндеттер жүйесін белгілейді. Осыдан кейін ғана өзін-өзі тәрбиелеу процесі басталады.
Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуге деген түрткілердің қалыптасуының бірнеше жолдары бар. Оның біріншісінде мұғалімнің өзін-өзі тәрбиеленуіне мектеп басшыларының талаптары, мектеп өмірінің стилі, яғни белгілі біреудің әсері итермелесе, екіншісінде мұғалімнің өзіндік қасиеттері, жауапкершілігі кәсіби мәртебесі итермелейді. Әрбір түрткінің жанында нақты мұқтаждық тұр. Мұқтаждық болмаған жағдайда өзін-өзі тәрбиелеудің түтркілеріне осы процеске деген мұғалімнің қызығушылығын жатқызуға болады. Бұл жағдайда жағымды эмоция үлкен роль атқарады. Өзін-өзі тәрбиелеуде мұғалім үлкен жұмыс атқарады. Сол еңбектің жемісті нәтижесінен алған қуаныш сезімі мұғалімнің есінде мәңгілік қалады.
Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуі үшін мектеп әкімшілігі де көмек көрсетіп қолайлы жағдай тудыруы қажет. Мысалы: жас мамандар өздерінің тәжірибелі әріптестерінің көмегімен өзін-өзі тәрбиелеудің кейбір элементтерін үйреніп, өзінің еңбектерінде жақсы нәтижелер бере бастайды, өзінде сменімдігі артып тәжірибе жинақтай бастаған маман өзін одан әрі жетілдіруге ұмтылады. Бұл өзін-өзі тәрбиелеуге деген тұрақты жағымды түрткілердің пайда болуына көмегін тигізеді.
Өзін-өзі тәрбиелеудің түрткілерінің дамуында ең басты рольді мұғалім қызмет атқаратын ұжым алады. Егер мұғалімді қоршаған адамдары өзін-өзі үнемі тәрбиелеп отырғанын байқаса, ол да өзір тәрбиелеуге ұмтылады.
Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуге деген түрткілер өзін-өзі кәсіби түрде тәрбиелеуге бағытталған әрекет негізінде қалыптасады. Ғалым Рубинштейннің айтуынша өзін-өзі тәрбиелеуде жақсы нәтижеге жетудің басты белгісі: ол жақсы қасиеттерді жетілдіруге бағытталған әрекет емес, өзінің өмірлік маңызды міндеттерді шешуге бағытталған әрекеттер жиынтығы.
Мұғалімдер бір-бірінен кәсіби дайындығымен ғана емес, педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері мен де ерекшеленеді.
Әрбір мұғалімнің мінезінде оқушылармен қарым-қатынас, жұмыс стиілін анықтайтын кәсіби психологиялық ерекшеліктері болады. Оған әр жастағы оқушылармен жұмыстың жемісті болуы байланысты. Педагогикалық-психологиялық ерекшелік өзіндік жұмыстың даралық стилінің қалапытасуында үлкен роль атқарады. Сондықтан жұмыс істеу барысында мұғалім өзінің мықты және осал жақтарын білуі тиіс.
Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу тұтас түрде жүруі тиіс. Ең алдымен мұғалім өзінің танымдық, ұйымдастырушылық, коммуникативтік біліктерін жетілдіріп отыруы керек.
Танымдық біліктерді -жетілдіру ең алдымен ақыл-ойымен ойлауын жетілдіру болып табылады. Оның негізгі жолы ақыл-ой операцияларын: байқағыштықты, салыстыруды, талдауды, есте сақтауды, қиялды дамытатын жаттығулар.
Коммуникативтік біліктілік – ол қарым-қатынас жасай білу үрдісі. Қарым-қатынастың негізгі тәсілдері: мимика, жест, сөз. Бұл біліктілікті жетілдіру үшін теориялық білім, одан кейін жеке дара практика және тәжірибе керек. Оған үйренуге болады.
Ұйымдастырушылық білік – ол оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыра алуы. Ғалым Л.И.Уманский бұл білікке төмендегі қасиеттерді жатқызады.
Жалпы психологиялық ерекшеліктері тұлғаның мақсаттылығы және ұйымдастыратын әрекетке дайындылығы;
Кейбір басқа да қасиеттері: белсенділігі, жұмыс қабілеттілігі, қарым-қатынасқа бейімділігі,
Тар мағынадағы ұйымдастырушылық қабілеттері;
Ұйымдастырушылықты дамыту жолы осы компоненттердің даму деңгейін білу, кемшіліктерін байқау. Оның негізгі жолы практика және жаттығулар. Оған психологиялық әдебиеттерді оқып, басқа адамдардың тәжірибесін біліп үйрену арқылы жетуге болады.
Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу жолдары өте көп. Ғалым С.Б.Елканов оған өзін-өзі ұйымдастыруды жатқызады.
Өзін-өзі ақпаратпен қамтамасыз ету. Оған оқытудың әртүрлі формалары мен түрлері жатады. Ол үшін мұғалім көп кітап және мерзімді баспасөз оқуы тиіс,әсіресе өз мамандығына байланысты баспасөз беттеріндегі жаңа идеяларды талдап өз еңбегінде қолдана алу керек.
Өзін-өзі талпыландыру. Өз-өзіне бұйрық берумен байланысты ол мұғалімді өзін-өзі тәрбиелеуге итермелейтін қозғаушы күш болып табылады.
Өзін-өзі ұйымдастыру. Оған өзін-өзі байқау, бақылау, есеп беру, талдау жатады. Бұл өзін-өзі тәрбиелеуге бағытталған әрекетті дұрыс ұйымдастыруға көмегін тигізеді.
Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу процесіне кедерге келтіретін және ынталандыратын факторлар бар. Мұғалімдер арасында жүргізген сауалнама негізінде жасалған диаграммаға жүгінсек: кедергі келтіретін факторлардың ішінен ең бірінші орынды бұрынғы тәжірибеде болған оқулықтар мен сәтсіздіктерге өкпе, одан кейін қаражаттың аздығы әсер етеді. Келесі кезекте өзіндік инерция, ұжым адамдары және басшылармен дұрыс қатынастың жоқтығы және денсаулық жағдайы. Оған қоса қоршаған адамдармен жағымсыз қарым-қатынас әсер етеді.
Мұғалімдерді өзін-өзі дамытуға ынаталандыруда ең басты орынды бұл мәселеге басшылардың дұрыс қарым-қатынасы, жаңаны енгізе алу мүмкіндігі, өз-өзіңді оқыту мүмкінлігі алады. Одан кейінгі кезекте ұжымның әсері, сенімділік, жұмысқа қызығушылық, жауапкерішлік тұр.
Рефлексия – адамның өз санасындағы өзгерістер туралы ойлануы; әрекеттің жүру барысы мен аяқталуын қорытындылап баға беру үрдісі.
3.Мұғалімнің тұлғалық кемелдігі туралы сөз ету бұдан басқа да көп мәселелерді қозғайды. Мұғалімнің кәсібилігін анықтайтын өлшемдердің арасында ең басты орынды оқушылардың алған білімімен қосыла отырып өмірде бағыт – бағдар алуға көмектеседі.Мұғалімнің тұлғалық кемелденуі төмендегі комноненттерден тұратын жүйелі құрылым болып табылады.
Кәсіби даму - өзін -өз жетілдірудің табиғи көрінісі.
Оның ерекшелігі – қолы жеткен шығармашылық табыс арқылы өзін -өзі одан әрі дамыта беру мүмкіндігінде
Кәсіби жетілуіне әсер ететін функциялар:
Дамытушылық функция.
Аксиологиялық функция
Фасилитациялық функция
1. Бұл оқыту процесіне қатысты барлық субъектілерді / басқа мұғалімдер, , ата – аналар, әкімшілік жәек т.б./ осы әрекетке тарту арқылы оқыту мен тәрбиені жетілдіру.
2. Мұғалімнің аксиологиялық функциясының мәні оқушының бойына рухани, адамгершілік, өркениеттік секілді адамзаттық, әрі құндылықтарды сіңіру.
3.«Фасилитация» сөзінің түбірі латынның «көмектесу» деген ұғымын білдіреді, яғни оқушыларға тікелей « пәндік білімді берудің» орнына оқушының өз бетімен ізденісін дамытуға, білімді игеру жолдарын іздестіруге көмектесу. Бұл жерде мұғалімнің « білімнің көзі, оны айтып берушілік» рөлі жойылып, оның орнынан сабақтағы оқушылардың ізденісін ұйымдастырушы, үйлестіруші, кеңесші қызметтері алға шығады,. Яғни, фасилитация- оқушыдағы бұрынғы бар / актуальды/ біліміне жаңа ақпарат қосылу арқылы оның жадында жаңа білімнің түзілуіне көмектесу»
4.Мұғалімнің кәсіби кемелдігі – іс жүзінде оқушыны әлеуметтік деңгейінде қалыптастыратын психология- педагогикалық және ғылыми – пәндік білімдері мен оларға сәйкес рухани биік парасат бейнесінің жоғары деңгейі.
Мұғалімнің мамандық деңгейін көтеруге қойылатын талаптар: кәсіптік білім, біліктілік, дағды ,ізденіс, іске шығармашылық мән беру, жаңашылдық, ізгілік арқылы білім берудің сапасын жетілдіру.
Мұғалімдердің әдістемелік деңгейін көтеруге байланысты жүргізілетін жұмыстар: тәжірибе алмасу, озат, жаңашыл мұғалімдердің іс – тәжірибесін зерттеу, оны тарату, оқыту- тәрбиелеу жұмыстарының нәтижесін, тиімділігін анықтау, білімін үздіксіз жетілдіріп отыру, аттестациялау, категорияға бөлу, педагогтық оқуға, басылымдарға қатысу жұмыстары.
Педагогикалық шеберлік сонымен қатар сан -салалы кәсіби әрекетті жүзеге асыруды нәтижелі ету үшін еңбексүйгіштік, балаға деген сүйіспеншілік, олардың ішкі дүниесін түсіну, таңдандыра, жобалай алу сияқты қасиеттердің болуын талап етеді. Осы тұрғыдан алып қарағанда педагогикалық шеберлік – кәсіби әрекетті жоғары деңгейге көтеретін мұғалімнің жеке қасиеттерінің, оның білімі мен білігінің жүйесі.
Педагогикалық әрекеттің шыңына апаратын баспалдақ – кәсібилік. Қоғамның жаңаруы мен дамуы барлық саладағы оның азаматтарының кәсібилілігіне байланысты. Осы мәселені терең зерттеген А.К. Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің мына төмендегі психологиялық критерийлерін анықтаған:
1.Обьективті критерийлерге: мұғалімнің өз мамандығына сәйкестігі, сан және сападағы жоғарғы еңбек көрсеткіші
2.Субьективті критерийлерге: адамның мамандығы қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес
3.Нәтижелі критерийлер: мұғалім өз ісінде қоғам талап етіп отырған нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма деген мәселе тұрғысынан қарастырылады.
4.Шығармашылықтың критерийлеріне: мұғалімнің өз кәсібінің шекарасынан шыға алу, сол арқылы өз тәжірбиесін, еңбегіне өзгерте алуы жатады.
Кәсібиліктің бірден келе салмайтындығы белгілі, оны әр мұғалім ерте ме, Кеш пе меңгеруі тиіс. Ал, А.К.Маркова оның кезеңдерін төмендегідей етіп бөледі:
Мұғалімнің өз мамандығына бейімделу кезеңі:
Мамандықта өзін -өзі актуалдандыру кезеңі:
Мамандықты еркін меңгерген кезең:
Мамандықта шығармашылық деңгейге жеткен кезең.
Шығармашылық – проблемалық сипаты бар, барлық ішкі байланыстарды біріктіретін, нәтижеде жаңа материалдық және идеалдық құндылықтары алынатын адамның мақсатты әрекеті.
Шығармашылық жолы - ол үміттер мен күдіктер, жеңілістер мен жеңістер жолы, осы жолдан өзіне сабақ ала білу, жетер биігін белгілей алу, өзінің жетістіктері мен кемшілік тұстарын талдай алу- мұғалімнің өзін -өзі шығармашылықпен дамытудағы стратегиялық бағыттары болып табылады.
К. Ю. Бабанский бойынша Педагогикалық кәсіби даму кезеңдері:
Кәсіптің негіздерін меңгеру ,ғылымда, тәжірибеде белгілі тәсілдерді тиімді пайдалана білу. ( Кәсіби - Мұғалім )
Өзінің қызметінде ,тәжірибеде белгілі әдістерді қолданумен қатар , жаңа бір шешімдерді тауып еңгізу. ( Жаңашыл- мұғалім )
Мұғалім жаңа бір идеялардың нәтижелігін бағалап, басқа мұғалімдер арасында тарата білуі . (зерттеуші - мұғалім )
