Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Педагогикалы мамандыа кіріспе Дріс-1.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.1 Mб
Скачать

Н.В. Кузьминаның зерттеуі бойынша педагогикалық іс-әрекетінің компоненттері.

А.И. Щербаковтың зерттеуі бойынша педагогикалық процесті жүзеге асыру сатысындағы педагогикалық іс-әрекетінің компонентттері.

Л.Б. Ительсонның педагогикалық ұстанымға берген сипаттамасы

Педагогикалық кәсіптің педагогтарға қоятын негізгі басты талаптарының бірі - әлеуметтік және кәсібилік жақтарынан нақты болуды талап етеді. Дәл сондай жағдайда ғана педагог өзін-өзі субъект ретінде көрсете алады.

Педагогикалық іскерліктер, А.К. Маркова бойынша мұғалімнің түрлі позициаларына сәйкестілігі, мұнда «кәсіби педагогикалық позиялар – мұғалімнің мінез-құлқын анықтаушы қатынастарының (өзіне, оқушыға әріптестеріне) тұрақты жүйесі» педагогикалық іс-әрекетте мұғалімнің ақпарат субъекті, пән жүргізуші, әдіскер, зерттеуші, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырушы сияқты түрлі позициялары көрінеді. Қарым-қатынаста мұғалім осы процесті ұйымдастырушы, серіктес және фасилитатор позициясынан шығады. Кәсіби-педагогикалық әрекеттердің жиынтығы әрқашанда позицияларды (бағыттылықты) ақындайды және керісінше, педагогикалық іскерліктер мұғалім тұлғасының өзін оның іс-әрекеті мен оқушылармен өзара әрекеттесуінде көрінеді.

Кәсіби бағдарланған әрекеттер жүйесімен жүзеге асырыла отырып, педагогикалық іс-әрекет күрделі функционалды - оперционалды құрылым болып табылады, мұнда мұғалімнің белгілі позициясын бейнелеуші функцияларымен педагогикалық әрекеттерді (іскерліктер) арасында бір-бірінен өзгеше және бір текті емес байланыстар орын алады.Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті кез-келген басқа іс-әрекет сияқты, белгілі-бір стильмен сипатталады.

3. Өзіндегі ең озық адамгершілік қасиеті дамыта білу – мұғалімнің кәсіптік даярлығының іргетасы. Күнделікті кәсіптік қызметі барысында осы іргетаста мұғалімнің педагогикалық техникасы оның оқыту және тәрбиелеу жұмыстарындағы іскерлік пен дағдыны жетілдіру, ажарлана түседі.

Адамның күш жігерінің мүмкіндігі ұшан теңіз екендігі соншалықты тіпті орташа оқитын, жай ғана қабілеті бар студенттің өзі, жеке басын және кәсіптік педагогикалық қызметтегі талантын жан-жақты өрістете алады. Көрнекті кеңес педагогы А.С. Макаренко өз шеберлігін жетілдірудегі тәжірибесіне сүйене отырып, бұлай деп жазғаны тегін емес «Менің педагогикалық талантым болған емес, және де педагогика ешбір әуестенбей – ақ кездейсоқ келдім бірақ мен үйрендім мен өз ісімнің шебері болуға тырыстым. Ал әркім-ақ өз ісінің шебері бола алады. Ол үшін оған көмектесу керек, ол өзі де жұмыс істеуге ынталы болуы тиіс».

Мұғалім мамандығын – мәңгілік деп атайды. Адам өзі өмір сүргеннен бері әрдайым оқып-білуге - өз тәжірибесін жас ұрпаққа таратуға - өмір тәжірибесін саналы, мақсаткерлі тұрғыда меңгеруге талпынды. Осыдан 300 жыл бұрын өмір сүрген, ғылыми педагогиканың негізін қалаушы словяндық ұлы педагог Ян Амос Коменский мұғалімдерге «Ең тамаша міндет жүктелген, күн астында одан жоғары тұрған еш нәрсе жоқ» деп жазды. Орыстың ұлы педагогы К.Д. Ушинский мұғалім мамандығын былайша бағалады: «Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі» В.Г. Белинскии былай деді: «Тәрбиешілік мәртебесі қаншалықты маңызды , ұлы әрі қастерлі десеңізші: Оның қолында адам өмірінің тұтас тағдыры тұр»

Адамға тән нәрсенің барлығы мұғалімге қажет емес алайда болашақ жас педагогтар үшін өзін-өзі тәрбиелеудің кәсіптік педагогикалық өзіндік пайдалы сипаттарын білгені жөн.

Үйірсектік. Тұйық мұғалімге өзі мен шәкірті арасындағы өзара түсінушілік пердесін ысыруды оңайға түспейді. Оларға, үйірсек мұғалімдерген қарағанда шәкіртінің ішкі әлеміне енуі едәуір қиынға түседі.

Өзін-өзі ұстай білуі. Өз эмоциясы мен сезімін меңгере білген мұғалім жоқтан өзгеге күйгелектенбейді, асығыс қорытынды мен ескертуді жасамайды, яғни орынсыз жазаламайды.

К.Д. Ушинскидің айтуынша, мұғалімге шексіз шыдамдылық қажет. Мұғалім оқушымен жұмыс істегенде қабылдау сергектігімен эмоциялылығы шыдамдылық пен және өзін-өзі ұстай білуімен үйлесім табуы тиіс.

Педагогикалық қызметтің ойдағыдай болуының қажеттті шарты – баланы жақсы көру.

4. Білім мазмұнын жаңарту білім жүйесін жүйелі жоспарлау үрдісімен тікелей байланысты.Білім саласына енгізілген жаңашылдықты жүзеге асыруда мектептің жылдық жоспарының орны ерекше. Мектептің жұмысын бір жүйеге келтіруде, білім сапасын арттыруда мынадай бағыттарға көңіл аударғаны жөн.

Мектептің жылдық жоспарын мынадай бағыттар бойынша қамтылады: Білім туралы заңның орындалуы; іс-шаралады ұйымдастыру; педагогикалық процеске жетекшілік; әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру; мектепішілік бақылау; педагогикалық кадрлармен жұмыс; ата- аналар мен қоғамдық ұйымдармен жұмыс; әкімшілік, шаруашылық жұмысы; сыныптан тыс тәрбие жұмысы; директор жанындағы кеңес;

Бұл берілген мұғалімдердің бағыттар мұғалімдердің жан-жақты жұмыс жасауына тиімді және қолайлы.

Еліміздің азамттарын оқыту мен тәрбиелеу баршамызға ортақ іс болғандықтан әрбір мұғалімнің кәсіби шеберлігі, біліктілігі, әдістемелік ізденісі талапқа сай болуы керек.

Білім мазмұныны жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімдердің кәсіби шеберлігіне байланысты.

Мұғалімдердің кәсіби деңгейін дамыту үшін неге көңіл бөліп қандай әдістемелік талаптарға сүйенеміз.

  1. Педагогикалық және психологиялық деңгейін көтеру.

  2. Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларды әдістер мен тәсілдерді зерттеп меңгеру және оның өзінің кәсіптік жұмысында қолдана білу.

  3. Мұғалімнің педагогикалық-кәсіптілік оң көзқарастары мен құндылықтарының қалыптасуы әрі оның тұрақтылығына жету.

  4. Өз білімін көтеруде, шығармашылық жұмыс атқаруға ынталандыру, қажетті жағдайлар туғызу, педагогтарды ақпараттық жағынан қамтамасыз ету.

  5. Оқушы табысын мониторингілеу және оны диагностикалаудың қазіргі тәсілдерін меңгеріп қолдана білу.

  6. авторлық бағдарламалар, курстар, құралдар, мақалалық ізденістер жасауға ұмтылдыру, қызықтыру, ынталандыру, мұндай мұғалімдерге жан-жақты қолдау көрсету.

  7. Педагогтар жұмысында еңбекті ғылыми ұйымдастыруды әр мұғалімнің күнделікті ісіне енгізу.

Жоғары міндеттерді шешудегі мұғалімнің қызметі.

  1. Біліктілігін көтеру (курстар, семинарлар)

  2. Мұғалімнің жұмыс рейтингісінің жылдар бойынша өсуі.

  3. Әдістемелік жұмыстары.

  4. Мұғалімнің жаңашылдық қызметі.

  5. Мұғалім тұлғасы: негізгі мәселені анықтай алуы, жобалар құра білуі, өз қызметі бойынша есептер, мақалалар жаза алуы, төзімділігі, адами-рухани психологиялық сапалары, қарым-қатынас шеберлігі.

  6. Пән бойынша сыныптан тыс жұмыстары.

  7. қоғамдық педагогикалық қызыметі.

Осындай кесте әр мұғалімнің нақты әрі нәтижелі жұмыс істеуіне жетекші болып кәсіби мәдениетін көтеруіне септігін тигізеді.

Мұғалімнің кәсіби деңгейін көтеруде мектептегі әдістемелік жұмыстың маңызы зор. Әдістемелік жұмыс – ол педагогикалық ғылыми теориялық, психологиялық-педагогикалық, мұғалімнің кәсіби шеберлігін көтеруге бағынышты жүйелі, жеке және ұжымдық жұмыс.

Оқушылардың сараптау қабілетін практикалық дағдылармен қоса атқаруға рұқсат ететін жаңа технологияларды пайдалануды енгізу жайында «көп білімділігінің» орнына «көп білетіндігі» келді.

Аталған міндеттерді шешудегі педагогтың қызметі