- •« Педагогикалық мамандыққа кіріспе»
- •Мазмұны
- •Жұмыс оқу бағдарламасы
- •Пән мазмұны және оның әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •Пәнді оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыздандыру картасы
- •Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы
- •Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері
- •Жоғары кәсіптік білім берудің заңнамалық негіздері.
- •1991-2000Жж арасындағы қр білім беру саласына қатысты 10-нан астам бағдарлама қабылданды.
- •1991 Ж бері орта білім жүйесінде жүргізілген реформалауды мынадай кезеңдерге бөлуге болады;
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Дәріс 2. Тақырып: Педагогтың кәсіби іс - әрекеті және оның тұлғасы.
- •1. Педагогикалық әрекеттің диагностикалық функциясы.
- •2. Педагогикалық әрекеттің бағдарлаушы - болжаушы функциясы.
- •3. Педагогикалық әрекеттің құрылымдық - жоспарлық функциясы.
- •4. Педагогикалық әрекеттің ұйымдастырушылық функциясы.
- •5. Педагогикалық әрекеттің ақпараттық - түсіндірмелік функциясы.
- •Н.В. Кузьминаның зерттеуі бойынша педагогикалық іс-әрекетінің компоненттері.
- •А.И. Щербаковтың зерттеуі бойынша педагогикалық процесті жүзеге асыру сатысындағы педагогикалық іс-әрекетінің компонентттері.
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •2. Педагогикалық іс-әрекетке бейімділік 3. Педагогтық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылық 4. Педагогикалық техника
- •Педагогикалық шеберліктің құрылымдық компоненттері
- •1. Кәсіптік білімі,құзырлылығы 5.Педагогикалық қабілеттер, сондай-ақ шығармашылық қабілеті
- •6. Педагогикалық мәдениет 7.. Педагогтық толеранттылық 8. Педагогтың сана-сезімі,өзін –өзі жетілдіру Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •Педагогикалық зерттеулердің жетекші принциптері.
- •Педагогикалық зерттеу деңгейлері.
- •Ғылыми ізденістердің негізгі звенолары, олардың міндеттері, өзара байланысы.
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •Педагогикалық мәдениетсіз педагогикалық қызметтің нәтижесі төмен.
- •Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •3. Педагогикалық қарым-қатынастың функциялары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •Семинар сабағы №2 Мұғалім- педагогикалық әрекеттің субъектісі ретінде.
- •Семинар сабағы№3
- •Семинар сабағы№4 Педагог тұлғасының кәсіби қалыптасуы мен даярлығы.
- •Семинар сабағы№5 Мұғалім тұлғасының шығармашылық потенциялын дамыту.
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
- •Глоссарий.
- •Өзіндік презентация.
- •Тапсырманың мысалдық мазмұны.
- •Өмір мағынасы мен педагогтың қабілеттілігі
- •Жағымсыз эмоцияларды басқарып отыру және жағымды көңіл-күйді қалай жасау
1. Педагогикалық әрекеттің диагностикалық функциясы.
Ол оқушыны танып, оның даму, тәрбиелік деңгейін анықтаумен тығыз байланысты. Оқу - тәрбие процесін оқушының психологиялық дамуының ерекшеліктерін, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиелігінің деңгейін, оқушының қызығушылықтарын, мектептен тыс әрекет түрлерін біліп, байқампаз болуы қажет.
2. Педагогикалық әрекеттің бағдарлаушы - болжаушы функциясы.
Ол мұғалімнің тәрбие бағытын, әр түрлі деңгейінің нақты мақсат, міндеттерін анықтап, оның нәтижесін болжай алу біліктілігінен көрінеді. Бұл функция оқу - тәрбие процесінің мақсатын, әдісін, формаларын жетілдіруге мүмкіндік береді.
3. Педагогикалық әрекеттің құрылымдық - жоспарлық функциясы.
Бұл мұғалімнің болжаушылық функциясымен тығыз байланысты. Мыс: егер, мұғалім оқушының ұжымдық қатынастарын нығайтуды жоспарласа, ол үшін ең алдымен мұғалім тәрбиелік жұмыстың мазмұнын жоспарлауы тиіс. Бұл әрекеттерді іске асыру үшін мұғалім психологияны,, педагогиканы, ұжымды ұйымдастыру тәсілдерін, формаларын жетік меңгеріп, өзінің шығармашылық қиялын дамытып отыруы қажет. Осыған сәйкес бұл функция мыналарды қамтамасыз етеді:
- Оқушы меңгеретін оқу материалының мазмұнын ұйымдастыруды және іріктеуді.;
- Оқушының әрекетін жоспарлауды;
- Оқушымен әрекеттесу үрдісінде өзінің әрекетін жоспарлауды;
4. Педагогикалық әрекеттің ұйымдастырушылық функциясы.
Ол оқушыны жоспарланған тәрбиелік жұмысқа қатыстыра алу, оны ынталандыру қабілеттерімен тығыз байланысты. Ол үшін мұғалім оқушыларды оқытып тәрбиелеудің нақты міндеттерін анықтап, бірігіп жұмыс істеуді жоспарлап, оқушының атқаратын міндеттерін дұрыс бөліп, әрекеттердің жүргізілу барысын қадағалап отыруы тиіс.
5. Педагогикалық әрекеттің ақпараттық - түсіндірмелік функциясы.
Оның маңыздылығы барлық оқу - тәрбие үрдісі ақпарат процесіне негізделгенімен анықталады. Білімді меңгеру, әлемге деген көзқарас, адамгершілік - эстетикалық ойларды меңгеру оқушыны дамытып қалыптастырудың негізгі тәсілі. Бұл жағдайда мұғалім оқу - тәрбие процесін ұйымдастырушы ғана емес, сонымен қатар ғылыми, адамгершілік - эстетикалық ақпараттарды таратушы ретінде көрінеді.
6.Педагогикалық әрекеттің коммуникативтік - ынталандырушылық функциясы.
Ол мұғалімнің адамгершілік мәдениеті, өзіндік тұлғасы, қарым -қатынас мәдениетінің оқушыға қалай әсер ететіндігінен көрінеді. Мұғалімнің өзінің белсенді әрекетімен оқушыны ынталандыра ауынан көрінеді. Бұл әрекетке балаға деген сүйіспешілік, махаббат, қамқорлық көрсету.
7. Педагогикалық әрекеттің бағалау - талдау функциясы.
Педагогикалық әрекетті жүзеге асырғанда мұғалім оқыту және тәрбиелеуге талдау жасап, оның жақсы жақтарымен кемшіліктерін анықтап, нәтижені қойған міндеттермен салыстырып отыруы тиіс. Өкінішке орай көп жағдайда, мұғалімдердің бұл функциясы дұрыс жұзеге аспайды.
8.Педагогикалық әрекеттің шығармашылық - зерттеушілік функциясы.
Бұл функция әрбір парасатты, терең ойланатын мұғалімнің жұмысында кездеседі. Өйткені, мұғалімнің педагогикалық теорияны қолдану үлкен шығармашылықты талап етеді. бұл әрекеттің екінші жағы белгілі теориядан тыс тұрған немесе оны жетілдіретін жаңа ойларды түсініп, оны дамытумен тығыз байланысты.
9. Педагогикалық әрекеттің гностикалық функциясы.
төменгілерді зертеуді қарастырады:
- Басқа адамдарға әсер ететін тәсілдер және олардың мазмұны.
- Адамдардың жас және жеке - психологиялық ерекшеліктері;
- өз әрекетінің ерекшеліктері мен нәтижесін, жақсы жақтары мен кемшіліктерін білу;
4.Педагог дегеніміз – мектепте немесе тағы басқа оқу орнында оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастырушы және іске асырушы. әділ төрешілер - оқушылар, ата- аналар, қоғам педагог келбетіне, моральдық тұлғасына өте жоғары талаптар қояды. Педагогқа қойылатын талаптар- педагогикалық әрекеттің табыстылығын қамтамасыз ететін кәсіби сапалар жиынтығы. Педагогикалық әрекеттің жартысы рационалдық технологияға негізделсе, екінші жартысы өнер яғни, педагогикалық шеберлік. Сондықтан да , педагогқа қойылатын ең бірінші талап – арнайы педагогикалық талант болуы керек, ол дегеніміз- балалармен жұмыс кезінде дұрыс тәрбие беріп, қарым – қатынас жүргізе алу қабілеті, балаларды жақсы көру.
Педагог шығармашылық тұлға. Оқушылардың білімге қызығушылығын, қажеттілігін оятып, оларды өзіне баурап, ізінен ерту тек ерік күші жоғары, педагогикалық және психологиялық тұрғыдан білімді педагогтың ғана қолынан келеді. Педагог әрқашанда өз оқушыларына үлгі - өнеге болуы тиіс. Педагогтың төмендегідей тұлғалық қасиеттері мен кәсіби қабілеттері болу керек. Жеке тұлғалық қасиеттері дегеніміз - тәртіптілік, жауапкершілік, еңбекқорлық, жұмыс қабілеті жоғары, әділеттілік, адамгершілік, алға мақсат қою және оған жету өнері, әрқашан өзінің кәсіби біліктілігін және жұмыс сапасын жоғарылатуға дайындық.
Қабілет дегеніміз жеке адамнын белгілі іс - әрекеттің нәтижесін танытатын психологиялық қасиеті.
Ф.Н.Гоноболинңің классификациясының негізінде Б.П.Зязюн мұғалім қабілеттерінін 8 түрін береді.
Дидактикалық қабілет - мұғалімнің оқушыға оқу материалын жеткізу қабілеті, оқушының білім дәрежесін, іскерлігін, дағдысын дұрыс анықтай білу, өз пәніне қызығушылығын арттыру, таным белсенділігі мен ойын дамыту.
Академиялық қабілет - мұғалім қабілетінің пән саласына (математика, физика, химия, биология, тарих, т.б.) сәйкестігі, өз пәнін ғылым дамуына сай біліп, өз бетімен қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізуі.
Перцептивті қабілет - оқушының ішкі дүниесін, сабақ үстіндегі психикалық жағдайын тани білу.
Экспрессивті қабілеті - өзінің ойын, сезімін, білімін сыртқы қабілеттер арқылы жеткізу. (тіл, мимика, пантомимимка, жест);
Ұйымдастырушылық қабілеті - балалар ұжымын біріктіре, басқара білуі;
Рецептивтiк Тәрбиеленушiлердiң рухани әлемiне ене алу, олардың эмоционалдық көңiл- күйiн объективтi бағалау, психика ерекшелiктерiн анықтау бiлiктерiнде көрiнiс бередi;
Коммуникативті қабілет - қарым -қатынас құра білудегі іскерлігі (әдеби сезімталдыгғы, мейірімділігі, адалдығы, тез тіл табыса алуы);
Конструктивті қабілет - оқу және тәрбие міндеттерін шешудің тиімді жолдарын іздестіру, оқу және тәрбие жұмысының түрлері мен әдістерінің мазмұнын анықтау, өз ісіне саналылық, жауапкершілікпен қарап педагогикалық тапқырлық таныту. (болжай білуі) Баланын болашақ қылығын болжай біліп, дұрыс шешім таба білу;
•Қолданбалы қабілет - мұғалім өз мамандығына қатынасы жоқ спорт, көркемөнер, бейнелеу өнері, туындыларын білетін- дігімен оқушыларды қызықтырып, оларға қатыстырып, баланы ..жан-жақты дамыту ісіне өз үлесін қосуы тиіс;
Суггестивтік / ықпалды таңдаусыз қабылдау/ - оқушыларға эмоционалдық тұрғыдан әсер ету мүмкіндігі.
Ғылыми міндеттері - таңдап алынған сала бойына білімді толық меңгеруі.
Н.В.Кузьмина мұғалімнің қабілеттерін 6 түрге бөледі.
1. Коммуникативтік:
2. Перцептивтік;
3. Мұғалімнің өзгеріп отыруын баскаларға ыкпал ете сендіре білуі;
4. Эмоционалдык ұстамдык;
5. Болжай білу:
6. Шығармашылык қабілеті;
Оқушылармен қарым – қатынаста ерекше атап өтілетін қасиет – педагогикалық такт. Такт дегеніміз ақылдың, тәрбиешінің жалпы мәдениетінің жиынтық көрсеткіші. Педагогикалық такттің көмегімен педагог оқушыны сыйлайды, керек жағдайда оқушыға тиімді әсер ету жолын іздеп табады.
Мұғалімдер " адам жанының хирургі" деп бекер айтпаса керек. Сондықтан ең алдымен мұғалімнің жеке тұлғасы мен оның кәсіптік мәдениетіне айрықша көңіл аудару қажет. Біріншіден, қай қоғамда болмасын мұғалім сол қоғамның белсенді мүшесі, белгілі бір әлеуметтік топ болып саналады. Сондықтан қоғамда болып жатқан әлеуметтік, саяси - экономикалық, рухани өзгерістер мен жаңалықтардан тыс қала алмайды. Сол қоғам қажеттілігі мен сұранысына, мемлекет жүргізіп отырған саясатқа тәуелді болатыны сөзсіз.. осыған орай, оқыту мен оның формалары да жаңғырып, заман талабына сай өзгеріске түсіп отырады. Сол себептен де, мұғалімдерді даярлау және міндеті басты мәселе болып табылады.
1. Мұғалімнің шығармашылық еңбек етуіне қолайлы жағдай жасау.
2. Әлеуметтік жағдайына назар аударып, басқа жағдаяттар мен өзін ұжымды еркін сезініп, талапты еңбек етуі мен іс - әрекетіне жауапкершілік туғызу.
3. Мұғалімдердің білім жетілдіру институттары мен ғылыми орталықтардың арасындағы байланысты тұрақты жүйені арттыру.
4. заман талабына, қоғам сұранысы мен қажеттілігіне сәйкес әлемдегі және бүгінгі өзық іс - тәжірибе, жаңа технологиялар инновациялық әдістермен ұдайы қаруландырып отыру.
5. Шығармашылық ізденісі мен еңбегіне толық еркіндік бере отырып, оқытуды ізгілендіру мақсатындағы талап пен тілектеріне, өзіндік іс - тәжірибесіне тартуға мүмкіндік туғызу.
6. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы үшін қажетті бағыт - бағдар беру, кәсіптік шеберлігін арттырып отыруға бағытталған түрлі курстар мен семинарлар, конференциялар өткізіп тұру.
7. Мұғалімнің қоғамдағы белсенділігін арттыру үшін кәсіптік мәртебесі және әлеуметтік беделіне үнемі көңіл бөлініп отыру. Алдымен мұғалім электронды ақпараттық құралдармен жабдықталуы қажет.
8. Әлеуметтік қорғалуына, мұғалім мәртебесінің өсуіне әлеуметтік жеңілдіктер мен ынталандыру жолдарын қарастыру керек.
Мұғалiм-зиялы тұлға. Оның сыртқы келбетi ұқыптылық пен жарасымдылықпен сипатталады. Ол педагогикалық жағынан әдептi, түсiне бiледi. Прогрессивтi алдыңғы қатарлы ойларды уағыздаушы. Оның сыни ойлау деңгейi жоғары бiрақ өзгенiң ойын құрметтей бiледi, ұстамды. Өз бiлiмiн тұрақты көтерiп отырумен жүйелi айналысады. Ол өз жұмысына терең талдау рефлексия жасай бiлуге қабiлеттi. Эрудициясы, жалпы мәдениетi жоғары. Эстетикалық талғам және көркемдiк мәдениет жинаған. Ол саясаттағы, ғылымдағы, өнердегi барлық жаңалық пен озық ойларға қызығушылық танытып отырады. Зиялы тұлға ретiнде ол өз бойына адамзат мәдениетiндегi ең жақсы үлгiлердi жинақтайды және шығармашылықпен өзiн-өзi дамытуға үздiксiз талпынып отырады.
Мұғалiм-рухани бай тұлға. Оның рухани байлығы ең алдымен балаға деген махаббатында, жоғары адамгершiлiгi және ұяттылығында байқалады. Ол өз оқушыларының ғана емес әрiптестерiнiң де пiкiрлерiмен санасып отырады. Өмiрдiң мәнiн және мақсатын түсiнуге, өзiнiң кәсiби орнын анықтауға ұмтылыста оның руханилығы көрiнедi. Ол әлемдегi және адами қарым-қатынастағы сұлулықты өте жоғары сезiнедi. Онда эмпатия және рефлексия жоғары дамыған. Ол өсiп келе жатқан баланың, оқушының iшкi жан дүниесiнiң байлығын түсiнуге тырысқандықтан өзiнде планетарлық ойлауды дамытады.
Мұғалiм-шығармашыл тұлға. Ол рутина мен бiртүрлiлiктi қабылдамайды, сондықтан жаңалыққа жаны құмар. Шығармашылыққа деген мотивтерi жоғары. Ойлап табу, тудыру, жасап көру-оның күнделiктi кәсiби жағдайы.
Мұғалiм-еркiн тұлға. Оның еркiндiгi өмiрдегi, кәсiби әрекеттегi мәдени әлемдегi өз орнын анықтай алу қабiлетiнде жатыр. Онда ойлау, пайымдау және әрекеттену еркiндiгi жеке кәсiби жауапкершiлiктi сезiнумен сәттi байланысады. Ол жоғары адамгершiлiк, арлылық сезiмiнiң иесi, бiрақ оны менмендiкке айналдырмайды. Рухани және материалдық құндылықтар әлемiнде еркiн бағдарлай алады, педагогикалық, пендешiлiк догмалардан еркiн. Ол жауапты, кейде тiптi тәуекелдi талап ететiн шешiмдердi өз мойнына алады. Өзiнiң өмiрлiк позициясы, ұстанымы бар.
Мұғалiм-iзгiлiктi тұлға. Оның iзгiлiктiлiгi қайрымдылығы, барлық тiршiлiк иелерiне ең алдымен балаларға деген сүйiспеншiлiктен байқалады. Ол кез-келген уақытта өз оқушыларына, балаларға көмекке келуге әзiр. Өзгеше ойлайтын адамдарды құрметтейдi, өз көзқарасына сәйкес келмесе де ол адамдардың қалыптан тыс ойларын түсiнуге деген төзiмдiлiгi шексiз. Әртүрлi ұлт, дiн, мәдениет өкiлдерiне бiрдей сыйластықпен қарайды. Оның тек оқушыларымен ғана емес, ата-аналармен, әрiптестерiмен ынтымақтаса алу қабiлетi зор.
Мұғалiм-азаматтық белсендi тұлға. Ол айналасында (ауылында, қаласында, елiнде) болып жатқан жағдайларға бей-жай қарамайды, үнемi өзiнiң қатысын бiлдiрiп отырады. Оқушыларын да өмiрдегi өзгерiстерге сын көзбен қарап, объективтi бағасын беруге кемшiлiктерге төзiмсiз болып, түзету үшiн үлестерiн қосуға тәрбиелейдi.
Мұғалiм-бәсекеге төтеп беретiн тұлға. Жаңа заманға сәйкес педагогикалық қызмет көрсету аясы кеңейген уақытта мұғалiм өзiнiң шеберлiгiн үнемi арттырып отыруы тиiс, өзiнiң жетiстiктерi мен кемшiлiктерi жайлы бiлуi керек. Әлсiз тұстарын жетiлдiру үшiн озық тәжiрибенi шығармашылықпен қолдану, педагогикалық жаңалықтар көшiнен қалмауы тиiс. Жаңа технологияларды меңгеру, қолдану арқылы өз iсiнiң нәтижесiн көруге талпынғаны дұрыс.
Мұғалiм-мәдениет адамы. Ол белгiлi әлеуметтiк мәдени ортада өмiр сүрiп, еңбек етiп жатқандықтан сол ортаның өнерiн, тұрмыс-салтын, мәдениетiн бойына сiңiрумен қатар оны құрметтеп басшылыққа алуы тиiс. Өзiнiң жалпы мәдениетiн көтеру оның айнымас өмiрлiк қағидаларының бiрi болуы қажет.
Сонымен жан-жақты қабілетті педагог қандай қасиеттерге ие болуы керек деген сауалға төмендегі кестеден жауап алуға болады:
Маман ретінде
Қызметкер ретінде
Адам ретінде
Педагогтің
тұлғалық сапалық қасиетінің ерекшіліктері
Рефлексия-сырт
көзбен қарау
Эмпатия – оқушының
эмоционалдық күйіне ене білу
Идентификация
–оқушының мінез-құлқын түсіну үшін
өзін
оқушының
орнына
қоя білу
Децентрация
–бағалау кезінде оқушы көзімен бағалай
білу
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
Әрекетке қажетті сипаттамаларды атап шығыныз және түсіктеме беріңіз?
«Педагогикалық әрекет» ұғымына анықтама беріңіз
Педагогикалық әрекет түрлерін атап шығыңыз? Олардың қайсысы негізі және неліктен?
Педагогикалық әрекет қандай функцияларды іске асырады?
Педагогикалық әрекеттің әр функциясына қысқаша сипаттама беріңіз?
В.А.Сластенин топтаған мұғалімдердің кәсіби қабілеттеріне сипаттама беріңіз?
Жан- жақты қабілетті педагог қандай қасиеттерге ие болу керек?
Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
1.“Әрекет-адамның белсенді субъект ретінде өзін-өзі туғызуы ,өзін-өзі жасауы ,қалыптастыруы”- деп есептеген...
И.С.Кон
Л.П.Буев
К.А.Әбішев
М.СКаган
М.С.Кветной
2.Философиялық мағынада “әрекет” бұл-...
Қоршаған ортамен қарым-қатынас
Адамның ішкі жан дүниесімен қарым-қатынас
Оқушы мен оқытушы арасындағы қарым-қатынас
Мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынас
Автоматтандырылған қимыл
3. Қай үрдіс нәтижесінде табиғи құбылыстар адам әрекетінің объектісіне айналады?
Оқыту үрдісінде
Қоршаған ортамен қарым-қатынас үрдісінде
Тәрбие үрдісінде
Ойын үрдісінде
Психологиялық үрдісте
4. Әрекет ұғымына нысаналы сипат берген...
П.Я.Гальперин, А.А.Щукина
А.К.Маркова, А.А.Люблинская
С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев
Л.СлВыготский, Э.В.Ильенков
Б.Теплов, М.Н.Ермоленко
5. Тұлғаның қалыптасу кезеңін анықтаған ...
А.К.Маркова
С.Л.Рубинштейн
А.Н.Леонтьев
Э.В.Ильенков
Б.Теплов
6. А.Н.Монтьевтің айтуынша адам әрекеттері қандай структуралық бөліктерден тұрады?
Ерік, жігер
Мақсат, міндет
Мұқтаждық, түрткі, мақсат, міндет, әрекет, операция
Түрткі, әрекет, операция
Эмоция, ерік, жігер
7. Мұғалімнің атқаратын педагогикалық әрекеттерінің негізгі түрі
Ойын, дамыту
Оқыту, дамыту
Дамыту, тәрбиелеу
Оқыту, тәрбиелеу
Оқыту, ойын
8. Мектепте оқушының танымдық әрекетін басқаруға бағытталған мұғалімнің арнайы әрекеті?
Оқыту
Тәрбиелеу
Ойын
Дамыту
Жаттықтыру
9. Оқушының дұрыс дамуына жағдай жасайтын әртүрлі әрекет түрлерін басқару, мұғалім әрекетінің түрі -
Оқыту
Тәрбие жұмысы
Ойын
Дамыту
Жаттықтыру
10. «Адамның белсенді субъект ретінде өзін-өзі туғызуы, өзін-өзі жасауы, қалыптастырылуы» деп К.А.Әбішев нені есептейді
қабілет
зейін
әрекет
мінез
дағды
11. Қойылатын талаптар мен оларды орындауға оқушылардың мүмкіншілігі арасындағы қайшылықты қалай атайды?
интелект
қозғаушы күш
міндет
қабылдау
мақсат
12. Педагогикалық әрекет В.И.Пенедианскидің айтуынша неше функциялық құрамнан тұрады.
12
10
4
3
6
13. Тәрбиешінің жалпы мәдениетінің жиынтық көрсеткіші қалай аталады?
дағды
такт
қабілет
іскерлік
әрекет
14. Тіл арқылы өз ойын, ішкі сезімін нақты, түсінікті етіп жеткізе білуі
дидактикалық қабілет
перцептивті қабілет
рецептивтік қабілет
академиялық қабілет
сөйлеу (эксперссивті) қабілет
15.Н.В.Кузмина іс-әрекет құрылымының өзара тығыз байланысты неше компонент түрін атап өтті
2
10
3
5
8
16. Кәсіби-педагогикалық әрекеттердің жиынтығы нені айқындайды
тәрбиені
мотивті
түрткіні
қабілетті
позицияларды
17. Мұғалімнің кәсіптік даярлығының іргетасы
тілдесу қасиетін дамыта білу
сезімін, эмоциясын дамыта білу
адамгершілік қасиетін дамыта білу
дене мәдениетін дамыта білу
экономикалық білімін дамыта білу
18. Менің педегогикалық талантым болған емес, және де педагогикаға ешбір әуестенбей-ақ кездейсоқ келдім, бірақ мен үйрендім, өз ісімнің шебері болуға тырыстым...деп кім айтқан
Н.К.Крупская
К.Д.Ушинский
Ж.Ж.Руссо
Я.А.Коменский
А.С.Макаренко
19. «Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен-тарихтағы ең ұлы істің бірі» деп мұғалім мамандығын былайша кім бағалаған?
Н.К.Крупская
К.Д.Ушинский
Ж.Ж.Руссо
Я.А.Коменский
А.С.Макаренко
20. Оқушыны танып, оның даму, тәрбиелік деңгейін анықтау педагогикалық әрекеттің қай функциясы?
Бағдарлаушы-болжаушы
Құрылымдық-жоспарлық
Диагностикалық
Ұйымдастырушылық
Коммуникативтік
21. Оқушыны жоспарланған тәрбиелік жұмысқа қатыстыра алу міндеті?
Диагностикалық
Ұйымдастырушылық
Шығармашылық
Гностикалық
Бағалау-талдау
22. Мұғалімнің адамгершілік мәдениеті, өзіндік тұлғасы, қарым-қатынас мәдениетінің оқушыға әсер ету әрекеті?
Диагностикалық
Ұйымдастырушылық
Коммуникативтік-ынталандырушылық
Бағалау – талдау
Гностикалық
23. Мектепте немесе т.б оқу орындарында оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушы және іске асырушы?
Педагог
Инженер
Оқушы
Директор
Психолог
24. Педагогикалық әрекеттің табыстылығын қамтамасыз ететін кәсіби сапалар жиынтығы?
Педагог іс-әрекеті
Педагогтің міндеті
Педагогқа қойылатын талаптар
Педагогтің қабілеті
Педагогтің шеберлігі
25. Педагогқа қойылатын ең бірінші талап ...
Талант
Шеберлік
Жоғары білім
Қабілет
Білім
26. Мұғалімнің қабілеттерінің негізгі топтарын бөліп көрсеткен...
М.Н.Ермоленко
Л.С.Выготский
Б.Теплов
А.К.Маркова
В.А.Сластенин
27. Пән саласына сәйкестік қабілеті
коммуникативтік
перцептивтік
дидактикалық
конструктивтілік
академиялық
28.Оқушының ішкі дүниесін тани білу қабілеті
коммуникативтік
ұйымдасырушылық
перцептивтік
дидактикалық
конструктивтілік
29. Тіл арқылы өз ойын, ішкі сезімін нақты, түсінікті етіп жеткізе білуі
академиялық
коммуникативтік
экспрессивті
перцептивтік
конструктивтілік
30. Мұғалімнің оқушыға оқу материалын жеткізу қабілеті ....
перцептивтік
коммуникативті
қолданбалы
экспрессивті
дидактикалық
31. Оқу және тәрбие міндеттерін шешудің тиімді жолдарын іздестіру, оқу және тәрбие жұмысының түрлері мен әдістерінің мазмұнын анықтау, өз ісіне саналылық, жауапкершілікпен қарап педагогикалық тапқырлық таныту.
перцептивтік
коммуникативті
конструктивті
қолданбалы
экспрессивті
32. Оқушылармен қалыпты дұрыс қарым- қатынас жасай білу-...
коммуникативті
перцептивтік
академиялық
қолданбалы
экспрессивті
33. Ұйымдастырушылық қабілет дегеніміз не?
оқушының ішкі дүниесіен тани білу.
өз пәнін жақсы білу.
оқушылармен жақсы қарым – қатынас орната білу.
тіл арқылы өз ойын, ішкі сезімін нақты, түсінікті етіп жеткізе білуі.
сабақты тыңдауға, білімді қабылдауға оқушыларды әзірлеу.
34. Коммуникативтік қабілет дегеніміз не?
оқушының ішкі дүниесіен тани білу.
өз пәнін жақсы білу.
сабақты тыңдауға, білімді қабылдауға оқушыларды әзірлеу.
оқушылармен жақсы қарым – қатынас орната білу.
тіл арқылы өз ойын, ішкі сезімін нақты, түсінікті етіп жеткізе білуі.
35. Конструктивті қабілет дегеніміз не?
оқушының ішкі дүниесіен тани білу.
өз пәнін жақсы білу.
сабақты тыңдауға, білімді қабылдауға оқушыларды әзірлеу.
тіл арқылы өз ойын, ішкі сезімін нақты, түсінікті етіп жеткізе білуі
міндеттерді шешудің тиімді жолдарын табу.
36. Мұғалімдік мамандықтың шебері болудың негізгі белгісі:
міндеттерді шешудің тиімді жолдарын табу.
оқушының ішкі дүниесіен тани білу.
өз пәнін жақсы білу.
сабақты тыңдауға, білімді қабылдауға оқушыларды әзірлеу.
кәсіптік білім, біліктілік, әдептілік
37. Мұғалімдік мамандықтың ең маңызды элементі:
әдеп
педагогикалық техника
педагогикалық сана
кәсіптік білім, біліктілік
педагогикалық шеберлік
38. Перцептивтік қабілет дегеніміз не?
міндеттерді шешудің тиімді жолдарын табу.
кәсіптік білім, біліктілік, әдептілік
өз пәнін жақсы білу.
оқушының ішкі дүниесін тани білу.
сабақты тыңдауға, білімді қабылдауға оқушыларды әзірлеу.
39. Мұғалімнің жеке басының негізгі қасиеттері:
мемлекетке адалдық, ұжымшылдық, кәсіптік- педагогтық бағыт;
оқушының ішкі дүниесіен тани білу.
оқушылармен қалыпты дұрыс қарым – қатынас жасай білу;
сабақты тыңдауға, білімді қабылдауға оқушыларды әзірлеу;
теориялық қарулануы.
Дәріс 3. Тақырып: Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы.
Жоспар:
Н.В. Кузьминаның зерттеуі бойынша педагогикалық іс-әрекетінің компоненттері.
А.И. Щербаковтың зерттеуі бойынша педагогикалық іс-әрекетінің компоненттері. Л.Б. Ительсанның зерттеуі бойынша педагогикалық позиция
Педагог педагогикалық іс-әрекет субъектісі ретінде.
Педагогикалық іс-әрекетке кәсіби даярлық.
1. Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз - оқушының тұлғалық іс-әрекеттік дамуына бағытталған және сонымен бірге оның өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі жетілдіруінің негізі болып табылатын мұғалімнің тәрбиелеуші және оқытушы ықпалы болып табылады.
Педагогикалық іс-әрекет, іс-әрекеттің басқа түрлері сияқты психологиялық мазмұнымен анықталады, оған мотивизация, мақсат, пән, құралдар, тәсілдер, өнім мен нәтиже жатады.
Өзінің құрылымдық ұйымдасуында педагогикалық іс-әрекеттің жиынтығымен сипатталады, олар ары қарай қарастырылады.
Педагогикалық іс-әрекет пән ретінде, дамудың шарты мен негізі ретінде, оқытушының пәндік әлеуметтік мәдени тәжірибені игерулеріне бағытталған оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылуы болып табылады.
Педагогикалық іс-әрекетте әлеуметтік мәдени тәжірибені беру тәсілдері ретінде түсіндіру, көрсету (иллюстрация) оқу міндеті шешу бойынша оқушымен бірігіп, атқарылатын жұмыс оқушының тәжірибесі (зертханалық, далалық) тренигтер болып келеді. Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесі бүкіл аксиологиялық құлықтық – этикалық , эмоционалдық- мағыналық , заттық бағалаушы құрастырушының жиынтығымен алғандағы оның қалыптасатын жеке дара тәжірибесі болып табылады.
Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесі емтихандарда, сынақтарда, тапсырмаларды, оқу-бақылау жұмыстарын орындау критерилері бойынша бағаланады. Нәтиже оқушының оқудың басындағы сапасы мен адамның жан-жақты дамуы тұлғасынан оның аяқ кезіндегі сапаларын салыстыру арқылы диогностикаланады.
Н.В. Кузьмина іс-әрекет құрылымының бір-бірімен өзара тығыз байланысты компонеттердің үш түрін атап өтті:
1. Құрылымдық
2. Ұйымдастырушылық
3. Коммуникативтік
1. Құрылымдық функция:
а) Оқушылар меңгеруі тиіс оқу ақпаратының мазмұнын сұрыптау мен ұйымдастыру (материалдарды іріктеу)
б) Оқушының іс-әрекетін жобалау, мұнда ақпарат меңгерілуі мүмкін.
в) Өзінің болашақ іс-әрекеті мен мінез-құлқын оқушылармен өзара әрекеттесу процесінде қандай болатындай жобалауды қамтамасыз етеді.
2. Ұйымдастырушылық функция:
а) Ақпаратты оны дайындау мен оқушыларға хабарлау, процесінде;
б) Оқушылар іс-әрекетінің әр түрлерін;
в) Оқушылармен тікелей өзара әректтесу процесінде өз іс-әрекеті мен мінез-құлқын ұйымдастыру арқылы жүзеге асады.
3. Коммуникативтік функция өзара дұрыс қатынасты орнатуды ұйғарады:
а) Оқушылармен;
б) Басқа мұғалімдармен және мектеп әкімшілігімен;
2. Ал, А.И. Щербаков педагогикалық іс-әрекетті құрылымдылық, ұйымдастырушылық және гностикалық (зерттеушілік) деп бөліп, оның барлығын жалпыеңбекке жатқызды. Себебі осының барлығы әр уақытта, әр кезде қажет. Коммуникативтік функциялармен қатар мұғалім үшін зерттеушілік (гностикалық) функция да үлкен қызығушылық тудырады. Ол адамдардың басқа адамды бара-бар қабылдау, түсіну, бағалау қабілетіне және өз бағалауының ақиқаттылығына негізделеді. Мұғалім өзінің сабағын, өзінің пед іс-әрекетін, ұжыммен, оқушылармен қатынастарын психологиялық талдау кезінде зерттеушілік, функциялық объекті бола алады.
Л.Б. Ительсанның зерттеуі бойынша педагогикалық ұстаным.
Л.Б. Ительсон педагогикалық ұстанымның атқаратын рөліне қарапайым сипаттама берді. Педагог мынандай рөлдерді атқара алады:
- Хабарлаушы ретінде
- Дос ретінде, егер баланың жандүниесін түсінгісі келсе;
- Жетекші ретінде;
-Кеңесші ретінде, балаға бір нәрсені күшпен емес, сөзбен түсіндіріп ақылға үйреткісі келсе.
- Сұраншақ ретінде, егерде бала алдында тізе бүгіп оның «Қандай болу керек екендігін» өтінсе.
- Шабыт беруші ретінде, егер баланың жүрегінде қандай да бір қызығушылық отын жандырғысы келсе.
Әр бір осы айтылған позициялар тәрбиешінің жеке тұлғасына байланысты не жақсы, не теріс нәтиже береді. Ол, яғни әділетсіздік, балаға немқұрайлы қарау, баланы жеке тұлға ретінде санамау, оның бар ынтасына су себу. Осындай жағдайлардың негізінде теріс нәтиже шығады.
