- •« Педагогикалық мамандыққа кіріспе»
- •Мазмұны
- •Жұмыс оқу бағдарламасы
- •Пән мазмұны және оның әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •Пәнді оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыздандыру картасы
- •Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы
- •Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері
- •Жоғары кәсіптік білім берудің заңнамалық негіздері.
- •1991-2000Жж арасындағы қр білім беру саласына қатысты 10-нан астам бағдарлама қабылданды.
- •1991 Ж бері орта білім жүйесінде жүргізілген реформалауды мынадай кезеңдерге бөлуге болады;
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Дәріс 2. Тақырып: Педагогтың кәсіби іс - әрекеті және оның тұлғасы.
- •1. Педагогикалық әрекеттің диагностикалық функциясы.
- •2. Педагогикалық әрекеттің бағдарлаушы - болжаушы функциясы.
- •3. Педагогикалық әрекеттің құрылымдық - жоспарлық функциясы.
- •4. Педагогикалық әрекеттің ұйымдастырушылық функциясы.
- •5. Педагогикалық әрекеттің ақпараттық - түсіндірмелік функциясы.
- •Н.В. Кузьминаның зерттеуі бойынша педагогикалық іс-әрекетінің компоненттері.
- •А.И. Щербаковтың зерттеуі бойынша педагогикалық процесті жүзеге асыру сатысындағы педагогикалық іс-әрекетінің компонентттері.
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •2. Педагогикалық іс-әрекетке бейімділік 3. Педагогтық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылық 4. Педагогикалық техника
- •Педагогикалық шеберліктің құрылымдық компоненттері
- •1. Кәсіптік білімі,құзырлылығы 5.Педагогикалық қабілеттер, сондай-ақ шығармашылық қабілеті
- •6. Педагогикалық мәдениет 7.. Педагогтық толеранттылық 8. Педагогтың сана-сезімі,өзін –өзі жетілдіру Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •Педагогикалық зерттеулердің жетекші принциптері.
- •Педагогикалық зерттеу деңгейлері.
- •Ғылыми ізденістердің негізгі звенолары, олардың міндеттері, өзара байланысы.
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •Педагогикалық мәдениетсіз педагогикалық қызметтің нәтижесі төмен.
- •Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •3. Педагогикалық қарым-қатынастың функциялары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •Семинар сабағы №2 Мұғалім- педагогикалық әрекеттің субъектісі ретінде.
- •Семинар сабағы№3
- •Семинар сабағы№4 Педагог тұлғасының кәсіби қалыптасуы мен даярлығы.
- •Семинар сабағы№5 Мұғалім тұлғасының шығармашылық потенциялын дамыту.
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
- •Глоссарий.
- •Өзіндік презентация.
- •Тапсырманың мысалдық мазмұны.
- •Өмір мағынасы мен педагогтың қабілеттілігі
- •Жағымсыз эмоцияларды басқарып отыру және жағымды көңіл-күйді қалай жасау
Дәріс 2. Тақырып: Педагогтың кәсіби іс - әрекеті және оның тұлғасы.
Жоспар:
1. Әрекет ұғымына жалпы түсінік және оның түрлері.
2.Педагогикалық әрекеттің мәні, құрылымы және түрлері
3. Педагогикалық әрекеттің функциялары
4. Педагогтың жеке тұлғасы: негізгі кәсіби маңызды қабілеттері.
1. Адам қоғам өмiрiнiң дамуына байланысты үнемi қозғалыста, әрекетте болады. Ол әлеуметтiк тұрғыдан неғұрлым жоғары көтерiлген сайын оның жеке тұлға ретiнде құндылығы өсе түседi. Жеке тұлғаның негiзгi белгiсi — оның белсендi, белгiлi бiр мақсатты көздеген әрекетi болып табылады. Бұл әрекет қоғамды және сол адамның өзiн өзгертуге және жақсартуға бағытталады. Адам әрекетi әрдайым философтардың, психологтардың, педагогтардың, тағы басқа жеке тұлға қырларын зерттейтiн ғалымдардың назарында болған. 70-шi жылдардың басында философ-ғалымдар “әрекет” деген ұғымды терең түсiну үшiн теориялық тұрғыдан оның құрамды бөлiктерiн және олардың арасындағы байланысты қарастыру қажет деген тұжырымға келдi. К.А.Әбішев , Ж.М.Абдильдин , Б.Т.Григорьян , А.Н.Нысанбаев , М.В.Демин әрекетті зерттеуде басты назарды субъектінің танымдық үрдісіне, оның белсенділігіне аударды. К.А.Әбішев “Әрекет – адамның белсенді субъект ретінде өзін-өзі туғызуы, өзін-өзі жасауы, қалыптастыруы” деп есептейді . М.С.Каган , М.С.Кветной , И.С.Кон , Л.П.Буева , Е.А.Ануфриева сияқты ғалымдар өздерiнiң еңбектерiнде адам әрекетiн тек жүйелi түрде қарастыру арқылы ғана көптеген өзектi мәселелердi шешуге болады деген қорытынды жасады. Кейбiр авторлардың көзқарасын келтiре кетсек, М.С.Каган ғылым алдында адам әрекетi жүйесiнiң теориялық моделiн жасау, яғни құрамындағы қай бөлiктерiнiң оның пайда болуы, қалыптасуы және өмiр сүруi үшiн қажеттiлiгi мен жеткiлiктiлiгiн айқындау мiндетi тұрғанын жазды. Философиялық сөздiкте әрекеттiң қырларын аша отырып, философиялық және психологиялық тұрғыдан сипатталған анықтама берiлген. Философиялық мағынада “әрекет — қоршаған ортамен қарым-қатынастың” адамдық тәсiлiн бiлдiредi. Бұл үрдiс нәтижесiнде адам табиғатты субъект ретiнде өзгертiп отырады, ал табиғи құбылыстар оның әрекетiнiң объектiсiне айналады .Сонымен, философиялық тұрғыдан алғанда әрекеттiң негiзгi мәнi адамның өзiн-өзi және қоршаған ортаны тануға бағытталғандығында деп барып, оның қыр-сыры зерттелген. Осындай зерттеулерден алынған нәтижелер әрекеттiң психологиялық тұрғыдан қаралуына арқау болғандығы мәлiм.
Алайда психологияда әрекеттiң адамның жеке өз басындағы психологиялық функцияларын, сонымен қоса оның қоршаған ортамен қарым-қатынасынан туындайтын функцияларын зерттеумен шектелмеген. Сондықтан психологияда әрекеттiң түрлерi, қасиеттерi, өзгешелiктерi, заңдылықтары зерттелген. Адам және оның болмысын зерттейтiн ғылымдар негiзiнде диалектикалық- материалистiк көзқарас жатыр. Психология ғылымы да осы көзқарасқа сүйенедi. Әрекеттiң психологиялық теориясының негiзiн салған ғалымдар Б.Г.Ананьев , А.Н.Леонтьев , С.Л.Рубинштейн , Л.С. Выготский болды. С.Л.Рубинштейн және А.Н.Леонтьев әрекет ұғымына нысаналы сипат бередi. “Әрекет өз мағынасында нысаналылық тәжiрибенi бiлдiредi”,- дейдi С.Л. Рубинштейн.
Психология ғылымында Л.С.Выготскийдiң материалдандыру үрдiсi туралы iлiмi елеулi жаңалық болды. Ол материалдандыру үрдiсiн жоғары психологиялық функцияның сыртқы әлеуметтiк бағыттан iшкi жеке орындалу бағытына көшуi деп сипаттады. Л.С.Выготский , П.Я.Гальперин , А.А.Люблинская, А.К.Маркова және т.б. зерттеулерінен шығатын ортақ тұжырым – тұлға тек әрекет үстінде қалыптасады: тұлғаның барлық қасиеттері белсенді әрекет барысында көрініп қана қоймайды, сонымен қатар қалыптасады. Э.В.Ильенков тұлғаның қалыптасу кезеңін анықтайды: “Бала қоғамдық-адамдық әрекетті өзі жасауға кіріскенде ғана субъект, тұлға бола бастайды; алғашқы кезде үлкендер көмегімен, содан соң өзі-ақ” .
Әрекет белгiлi бiр жүйе ретiнде өзiне тән қасиеттерiмен, даму заңдылықтарымен сипатталады. Г.И.Щукина әрекеттiң қай түрiне болса да тиiстi мынадай қасиеттердi көрсетедi:
а) мақсаттылық— адам әрекетiн жан-жануардың өмiр жағдайына бейiмделуiне байланысты реакцияларынан айырып тұрады;
ә) адам әрекетiнiң қоршаған ортаны өзгертуi. Егер жануар қоршаған ортаға сай бейiмделетiн болса, адам, керiсiнше, сол ортаны өзгертуге күш жұмсайды;
б) әрекеттiң материалдық негiзiн бейнелейтiн нысаналылығы, оның қоршаған ортамен байланысы, белгiлi бiр нәрсеге бағытталуы;
в) адам әрекетiнiң түсiнiлiп, түйсiктелiп, мағыналы орындалуы Адам әрекетiнiң өзгешелiгiн бұл қасиеттер жеке-жеке түрде емес, өзара байланыста ғана анықтайды. Осы тұрғыдан алғанда әрекеттiң қалыптасу, даму заңдылықтарының мәнi зор. Айталық, В.В.Давыдов әрекеттiң келесi ортақ заңдылықтарын көрсетедi:
а) әрекеттiң әрбiр түрiнiң пайда болу, қалыптасу және даму үрдiстерi болады;
ә) әрекеттiң құрылымдық бөлшектерi бiр-бiрiне айнала отырып, өздерiнiң қызметтерiн өзгертуi мүмкiн;
б) әрекеттiң түрлерi бiр-бiрiмен тығыз байланысты;
в) әрекет әуелi қарым-қатынас және тәжiрибе алмасу нәтижесiнде адамдар арасында пайда болады да, соның негiзiнде жеке адамның әрекетi қалыптасады;
г) балалықтың әрбiр кезеңiне өзiнiң жетекшi әрекетi сәйкес келедi, ол баланың жасына байланысты болатын негiзгi өзгерiстерге тiкелей қатысты .
Мұғалім еңбегі бұл әр алуан әрекеттердің жиынтығы. Әрекет сөзінің мағынасына тоқталсақ ол даму, өзгерудің тәсілі ретінде тарихи формада көрініс береді. ғалым А: Н Леонтьевтің айтуынша адам әрекеттері мынандай структуралық бөліктерден тұрады: Мұқтаждық түрткі, мақсат, міндет, әрекет, операция.
С.Рубейнштейн, Б.Теплов және т.б ғалымдардың зерттеулері әрекетте адамның психикалық процестері дамып, ақыл - ой, эмоцианалдық, ерік - жігер сферасы, қабілеттері мен мінезі қалыптасады.
Ал педагогикалық әрекет мақсатты түрде өтеді, себебі мұғалім өзіне өзіне міндетті түрде мақсат қояды. Кең мағыналы педагогикалық әрекет ол адамдар өмір бойы жинаған тәжірибені, мәдениетті ұрпақтан - ұрпаққа тарату, адамды қоғамда белгілі бір әлеуметтік рөл атқаруға дайындау және оның дамып, жетілуіне қолайлы жағдай жасау.
2. Педагогикалық іс-әрекет – аға ұрпақтың жас ұрпаққа адамзат жинақтаған мәдениет пен тәжірибені беруіне бағытталған, олардың тұлғалық дамуына жағдай жасап, қоғамда белгілі бір әлеуметтік рольдерді орындауға дайындайтын әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрі.
Кәсіби педагогикалық іс-әрекет қоғам арнайы ұйымдастырған мекемелерде жүзеге асады:
Мектепке дейінгі;
Мектепте;
Кәсіби техникалық оқу орындарында;
Орта арнайы және ЖОО;
Қосымша білім беру мекемелерінде;
Біліктілікті арттыру және қайта даярлау мекемелерінде
Педагогикалық іс-әрекеттің мәні.
Педагогикалық іс-әрекеттің өнімділік деңгейлері (Н.В.Кузьмина бойынша):
1-деңгей – продуктивті емес – педагог өз білгенін өзгелерге айтып бере алады;
2-деңгей – аз продуктивті – бейімделуші, педагог өз хабарламасын аудитория ерекшелігіне бейімдей алады;
3-деңгей - орташа продуктивті – педагог оқушыларды курстың әр бөлімдері бойынша білімге, дағдыларға, іскерліктерге үйрету стратегияларына ие;
Педагогикалық іс-әрекеттің өнімділік деңгейлері:
4-деңгей – продуктивті – жалпы пән бойынша оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларын жүйелі қалыптастыру іскерліктерін меңгерген;
5-деңгей – жоғары продуктивті – педагог оқушы тұлғасын қалыптастыру, оның өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту қажеттіліктерін құралдарын меңгерген.
Педагогикалық іс-әрекет дамудың шарты мен негізі ретінде оқушылардың пәндік, әлеуметтік мәдени тәжірибені меңгеруіне бағытталған оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылуы болып табылады.
Педагогикалық іс-әрекеттің мәні – мақсат, мотив, әрекет, нәтиженің біртұтастығында, ондағы мақсат жүйе құрушы сипатқа ие болады. (А.Н.Леонтьев)
Мұғалімнің атқаратын педагогикалық әрекеттерін ғалымдар В.А. Мижериков және М.Н.Ермоленко мынандай негізгі екі түрге бөледі. Ол оқыту және тәрбиелеу.
Оқыту - бұл мектепте оқушының танымдық әрекетін басқаруға бағытталған мұғалімнің арнайы әрекеті. Оқыту педагогикалық процестің негізгі компоненті.
Педагогикалық процесте оқытуды мұғалімнің оқушылармен тығыз байланыста әрекет ету процесі деп атайы. Бұл әрекет қандай формада өтсе де , онда оқу процесінің белсенді түрде қатысуын талап етеді.. Оқыту процесін дайындап , жүзеге асыруда мұғалім келесі әрекет түрлерін орындайды: бір жағынан оқушыларға беретін мағлұматты саралап жүйелесе, екінші жағынан оқу жұмысының әдісін және білім берудің жүесін ұтымды ұйымдастырады..
Ғалым И.П. Пидкасистыйдің айтуынша оқыту әрекетінің пәні ол оқушының оқу танымдық ұйымдастыра білу, ал ол өз кезегінде мұғалімдер жағынан педагогикалық басқару мынандай компоненттерден тұрады:
- оқыту үрдісінің әр түрлі формаларын ұйымдастыруда өзінің және оқушылардың әрекетін жоспарлау;
- Оқушының білімді қабылдау және оны тәжірибеде қолдану тәсілдерін меңгере алу белсенділігін ынталандыру;
- Оқушылардың тапсырмаларды сапалы орындауын қадағалау;
- Оқу нәтижелерін саралау, болашақ нәтижелерді болжау;
Мұғалім әрекетінің келесі түрі - тәрбие жұмысы. Ол оқушының дұрыс дамуына жағдай жасайтын әртүрлі әрекет түрлерін басқару, тәрбиелік ортаны қалыптастыруға бағытталған әрекет түрі.
Оқыту және тәрбиелеу бір процестің екі жағы. Олар бір - бірінсіз жүрмейді. Оқытуда тәрбиелік әсер етпей болмайды. Керісінше тәрбиелеуде міндетті түрде оқыту элементтері қолданылады. алайда, олардың айырмашылықтары да бар екендігін ескерген жөн. Оларды атап өтсек: оқытудың уақыты бар және ол шектеулі, ал тәрбие үздіксіз жүретін процесс. Оқыту тәрбиелеуге қарағанда ұйымдастыру және жүзеге асыру жағынан оңай процесс.
Бұнымен қоса ғалымдар В.В. Краевскийдің, Н.Я. Лернер және М:Н: Скаткин білім мазмұнының білім және білікпен қоса шығармашылық әрекет және қоршаған ортаға эмоционалды қатынас тәжірибесі компоненттерін қосады.
бұл компоненттер тәрбие мен оқытудың бірлігінсіз жүзеге аспайды. Көрнекті неміс педагогы А.Дистервег тұтас педагогикалық процесті "тәрбиелік оқыту" және "оқытудағы тәрбиелік" бірлік ретінде түсіндіреді. Бұл аталған әрекет түрлерін қоса ғалымдар мұғалімнің осылармен қатар атқаратын әрекет түрлерін көрсеткен. Олар :
1 Мұғалімнің өзін - өзі оқыту және тәрбиелеу әрекеті;
2 Басқарушылық оқу мекемелерін бсақару;
3 Ұйымдастырушылық - оқушылардың мектепте және мектептен тыс тәрбие шараларын ұйымдастыру;
4 Әдістемелік жаңа пелагогикалық тәжірибелері, ғылыми жетістіктерді меңгеру;
5 Мектепте және мектептен тыс үйірме жүмыстарына қатысу;
6 Ғылыми зерттеушілік
Қорыта келгенде, педагогикалық әрекет мұғалім оқушының танымдық қызығушылығын дамыта алса, сабақта шығармашылық жағдай ұйымдастыра алса, басты екі педагогикалық әрекетті дұрыс ұштастыра алса ғана жемісті болады.
Педагогикалық әрекеттің негізгі компоненті оның түрткілері. Л.И. Божовичтің айтуынша. түрткі ретінде сыртқы орта заттары, ойлар, сезімдер бол алады. Н.И. Конюховтың анықтамасы бойынша түрткі - тұлғаның әрекетін анықтайтын тұрақты себеп, талаптардың жиынтығы. Ол тәрбие процесінде қалыптасады. Түрткілердің құрылымдық компоненттеріне көңіл аударсақ, ғалым Б.И. Додонов оның 4 түрін көрсеткен:
1 - әрекеттің өзінен қанағат алу;
2- тұлғаға әрекет нәтижесінің мәнді болуы;
3- әрекет үшін марапаттау "түрткісінің "басым болуы;
4- тұлғаға қысым көрсету;
Мотивтердің жалпы аспектісін айтқанда, Л.Маслоудың "мұқтаждық үшбұрышын" айтпай кетуге болмайды. Онда бір жағынан адамның әлеуметтік, интерактиктік тәуелділігі көрінсе; екінші жағынан оның танымдық өзін -өзі жетілдіруіне байланысты өзіндік табиғаты көрінеді. Ал педагогикалық түрткі бір жағынан педагогикалық әрекеттің себептерінің әрекеті: екінші жағынан мұғалімнің құндылық бағыт - бағдарын білдіретін себептер жиынтағы. Педагогикалық әрекеттің мотивтері ішкі және сыртқы деп бөлуге болады. Сыртқы түрткілерге жатады:
1 . Белгілі бір білім мекемесінде жұмыста беделді болу;
2. Жеке және кәсіби өсуге мүмкіндік , жалақының жақсы болуы;
3. Өзін -өзі жетілдіруде мүмкіндік;
Ішкі түрткілерге өзінің әрекетін үрдіске және оның нәтижелеріне бағыттау.
Педагогикалық әрекеттің құрылымы мен мәні педагога ғылымы мен педагогикалық тәжірибенің ең көкейкесті мәселесі болып табылады. Педагогикалық әрекеттің басты идеясы – оқыту мен тәрбие жұмысында мақсаттың, міндеттердің, принциптердің, заңдылықтарың, мазмұнының, әдістер мен формалардың бірлігі, тұтастығы мен өзара байланыстылығы.
Тұтас педагогикалық әрекеттің өзіне тән компоненттері бар. Олар: оқыту мен тәрбиенің мақсаты, мазмұны , формалары мен әдістері, нәтижесі. Бұл компоненттер бір – бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады, демек, педагогикалық үрдіс сонда ғана керекті нәтиже береді. Педагогикалық әрекеттің нәтижелі болуы, оның ішкі қозғаушы күштеріне де байланысты. Қозғаушы күш дегеніміз – қойылатын талаптар мен оларды орындауға оқушылардың мүмкіншілігі арасындағы қайшылықты айтады. Егер, қойылатын талап оқушылардың мүмкіншілігіне, яғни даму деңгейіне сай келсе, онда қайшылық даму үрдісінің көзіне айналады.
Педагогикада педагогикалық әрекет құрылымын зерттегенде жүйелі түрде қарастыру бағытының әр түрлі нұсқаулары бар. Мысалы: Н.В.Кузьмина педагогикалық жүйенің құрылымы бес бөліктен тұрады дейді, олар:
педагогикалық әсер ететін субъект;
педагогикалық субъект әсер ететін объект;
субъект пен объектінің бірлескен әрекетінің нәтижесі;
оқытудың мақсаты;
педагогикалық коммуникациялық әдістері;
Педагогикалық әрекет /В.И.Пенедианский/ 4 функциялық құрамнан тұрады. Олар:
Презентациялық әдіс – оқушылар оқу материалының мазмұнын өзі айтып береді;
Интенсивтік / қарқынды/ әдіс - ақпараттары меңгергенде оқушылардың қызығушылығын тудыру, ол үшін оқушыларға сұрақтар қойылып, қайтарылған жауаптарға баға беріледі;
Түзету әдісі – оқушылардың қателерін түзеп, нәтижелерді салыстыру;
Диагностикалық әдіс – түзету әдісіне қарама – қарсы , яғни қателерді түзеу және нәтижелерді салыстырып, қорытындылау оқушыларға жүктеледі.
3. Мұғалімнің педагогикалық әрекеті нақты жағдайда әртүрлі міндеттерді атқару негізінде жүзеге асады. өзінің шеберлігін шыңдап, кәсіби жетілуі үшін мұғалім педагогикалық әрекеттің қүрылымы мен міндеттерін білуі тиіс. Ғалымдар Н.В.Кузьмин, В.А.Сластенин, А.И. Щербакова оқу - тәрбие процесінің төмендегідей міндеттерін көрсетеді:
