- •« Педагогикалық мамандыққа кіріспе»
- •Мазмұны
- •Жұмыс оқу бағдарламасы
- •Пән мазмұны және оның әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •Пәнді оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыздандыру картасы
- •Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы
- •Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері
- •Жоғары кәсіптік білім берудің заңнамалық негіздері.
- •1991-2000Жж арасындағы қр білім беру саласына қатысты 10-нан астам бағдарлама қабылданды.
- •1991 Ж бері орта білім жүйесінде жүргізілген реформалауды мынадай кезеңдерге бөлуге болады;
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Дәріс 2. Тақырып: Педагогтың кәсіби іс - әрекеті және оның тұлғасы.
- •1. Педагогикалық әрекеттің диагностикалық функциясы.
- •2. Педагогикалық әрекеттің бағдарлаушы - болжаушы функциясы.
- •3. Педагогикалық әрекеттің құрылымдық - жоспарлық функциясы.
- •4. Педагогикалық әрекеттің ұйымдастырушылық функциясы.
- •5. Педагогикалық әрекеттің ақпараттық - түсіндірмелік функциясы.
- •Н.В. Кузьминаның зерттеуі бойынша педагогикалық іс-әрекетінің компоненттері.
- •А.И. Щербаковтың зерттеуі бойынша педагогикалық процесті жүзеге асыру сатысындағы педагогикалық іс-әрекетінің компонентттері.
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •2. Педагогикалық іс-әрекетке бейімділік 3. Педагогтық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылық 4. Педагогикалық техника
- •Педагогикалық шеберліктің құрылымдық компоненттері
- •1. Кәсіптік білімі,құзырлылығы 5.Педагогикалық қабілеттер, сондай-ақ шығармашылық қабілеті
- •6. Педагогикалық мәдениет 7.. Педагогтық толеранттылық 8. Педагогтың сана-сезімі,өзін –өзі жетілдіру Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •Педагогикалық зерттеулердің жетекші принциптері.
- •Педагогикалық зерттеу деңгейлері.
- •Ғылыми ізденістердің негізгі звенолары, олардың міндеттері, өзара байланысы.
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •Педагогикалық мәдениетсіз педагогикалық қызметтің нәтижесі төмен.
- •Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •3. Педагогикалық қарым-қатынастың функциялары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •Семинар сабағы №2 Мұғалім- педагогикалық әрекеттің субъектісі ретінде.
- •Семинар сабағы№3
- •Семинар сабағы№4 Педагог тұлғасының кәсіби қалыптасуы мен даярлығы.
- •Семинар сабағы№5 Мұғалім тұлғасының шығармашылық потенциялын дамыту.
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
- •Глоссарий.
- •Өзіндік презентация.
- •Тапсырманың мысалдық мазмұны.
- •Өмір мағынасы мен педагогтың қабілеттілігі
- •Жағымсыз эмоцияларды басқарып отыру және жағымды көңіл-күйді қалай жасау
Пәнді оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыздандыру картасы
№ |
Оқулықтар, Оқу құралдары |
Оқу тілі |
Автор, шыққан жылы, баспахана |
Оқулық, оқу құралының саны (данасы) |
Электрондық түрі |
|
каф |
кітапханада |
|||||
1 |
Введение в педагогическую профессию |
орысша |
Мищенко А.И.– Новосибирск |
1 |
15 |
|
2 |
Введение в педагогическую профессию |
орысша |
Мижериков В.А Ермоленко М.Н.Москва 99 |
1 |
20 |
|
3 |
Мамандыққа кіріспе |
орысша |
Рувинский - А, 1991 |
|
28 |
|
4 |
Педагогикалық әдеп және ұстаздық шеберлік, |
қазақша |
Синица И.В Алматы,1987 ж, |
|
12 |
|
5 |
Гуманизация образования и профессиональной подготовки учителя. |
орысша |
Шиянов Е.Н.– М., 1991 |
|
14 |
|
6 |
Профессиональная культура учителя |
орысша |
И.А. Зязюна М.,1989 |
|
18 |
|
7 |
Учитель о себе и о профессии. |
орысша |
Вершловский С.ГЛ.1988. |
|
24 |
|
8 |
Педагогика |
орысша |
П.И.Пидкасистый, М. 2000 |
|
100 |
|
9 |
Педагогика |
қазақша |
Коянбаев Ж.Б., 2004 |
|
462 |
|
10 |
Педагогика |
қазақша |
Кудиярова А.М., 2004 |
|
80 |
|
11 |
Педагогика |
қазақша |
Усманов А.А. Сарсенбаева М.Б.2005 |
|
10 |
|
12 |
Педагогика |
орысша |
Сластенин В.А., М.2002 |
|
88 |
Элек. оқул. |
13 |
Учитель: мастерство и вдохновение |
орысша |
Мудрик А.В.. М.1989. |
|
|
|
Дәріс 1. Тақырып: Педагогикалық мамандық және оның қоғамдағы орны
Жоспа:
Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы
Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері
Жоғары кәсіптік білім берудің заңнамалық негіздері.
1. Мұғалім мамандығы ертеден келе жатқан көне мамандықтардың бірі. Адамзат баласы өзінің жинақтаған тәжірибесін келер ұрпаққа жеткізіп отырмаса, даму процесі болмас еді. Сондықтан да қоғам алдында тәрбиеші мамандығына деген қажеттіліктер туындады.
Ерте замандарда алғашқы ашылған мектептерде мұғалім қызметін абыздар атқарды. Олар балаларға жазуды, сызуды музыкаға үйретті. Ежелгі Греция елінде мектептегі сабақ беретін мұғалімді « дидаскалар» деп атаған. / грек «дидаска» - оқытамын/, ол мектепке баратын баланы жетектеген құлды «Педагог» яғни / грек – бала жетектеуші/ деп атаған. Ежелгі рим мемлекетінде мәдениет, ғылым және өнер қоғамдық өмірде үлкен орын алды. Бұл саладағы білімді таратушы мұғалімдер болады, сол себепті мұғалімдердің жан – жақты білімді адамдар болуы тиіс еді. Рим мемлекетінде мұғалімдерге ерекше көңіл бөлініп, олар қоғамда ерекше статусқа ие болды. Кейін мұғалімдердің көбі мемлекет қызметкерлері болып қызмет атқарды.
Алғашқы мектептер ежелгі Шығыс елдерінде – Вавилон, Ассирия, Египет, Үндістан, Қытай және т.б. елдерде пайда болды. Алғашқы мектептер туралы жазбаша деректер б.з.б. 2500 жылы Египет жазбаларында кездеседі.
Шығыс мәдениеті белгілі дәрежеде ертедегі Греция мен Рим мемлекеттеріне әсерін тигізді. Ертедегі Шығыс елдеріндегі мектептерде негізінен үстем тап өкілдерінің балалары оқыды. Сонымен қатар Кіші Азияда және Египетте мектептер дами бастады. Адамдар табиғат құбылыстарына бақылау жүргізе бастайды, су тасқынын алдын-ала анықтауды үйренеді, астрономия, геометрия, арифметика, медицина сияқты ғылымдардың негіздері қалана бастады. Осы мәліметтердің барлығы үстем тап өкілдерінің қолында жинақталған. Ертедегі Қытайда төменгі және жоғары мектептер жұмыс істейді. Жоғары мектептерде үстем тап өкілдерінің балалары күрделі пероглиф тәсілімен оқуға және жазуға үйренді, философия және мораль жазушылар мен ақындардың шығармаларын оқып үйренді. Онда астрономиядан кейбір мәліметтер берілді. Ертедегі қолжазбаларда (Қытай, Индия, Мысыр және т.б.) тәрбие туралы мұғалім мен тәрбиеге қойылатын талаптартуралы құнды ойлар кездеседі. Бұл мектептерде қатаң тәртіп, дене жазалауды кеңінен қолданылады.
Ертедегі Шығыстың, Греция мен Римнің құлиеленуші мемлекеттерінде тәрбиенің алғашқы жүйелері қалыптаса бастайды, алғашқы педагогикалық теориялар дүниеге келеді.
Ертедегі Египетте мектепте оқыту туралы алғашқы мәліметтер б.э.дейінгі 3 мың жылдықтарға жатқызуға болады. Мыңдаған жылдар бойы Нил сағасында белгілі психологиялық жеке тұлға қалыптасты. Ертедегі египеттіктердің идеялы көзге сараң, дағдырдың қиындығы мен соққысына шыдай білетін, табанды адам болып табылады. Осындай адамды оқыту және тәрбиелеу мақсатын қойды.
Орта ғасырларда мектептер шіркеу жанында орналасты. Бұл мектептерде сабақты педагогикалық мамандыққа икемі бар дін басылар берді. Бұл мұғалімдер класта әрбір оқушымен жеке дара жұмыс істеді. Капитализм дәуірінде мұғалімдік мамандықтың қоғамдағы жағдайы біршама ілгері басты. Мұғалімдерге арналған семинарлар, училищелер ашылды. Бұл мемлекет тарапынан талаптардың қойылуына байланысты еді.
Қазақстанда мұғалімдер кадрларын дайындаудың тарихи жайында сөз қозғасақ, алғашқы жоғары білімді маман даярлайтын оқу орындары ашылғанға дейін педагогикалық жоғары оқу орнын ашудың қажеттілігі күннен – күнге арта түсті.
1928ж. РСФСР және Қазақ АҚСР халық комиссарлары кеңесінің шешіміне сәйкес Ташкент қазақ педагогикалық институты Алматыға көшірілді де, Қазақтың мемлекеттік педагогикалық институтына айналды. Оның бірінші ректоры профессор С.Ж.Асфендияров болды.
Республикада алғаш ұйымдасқан қазақ педагогикалық институты 1931 жылы бірінші рет өз түлектеріне өмірге жолдама берді.
Ғылым адам баласы ой – санасының, дүние танымының өсуіне байланысты бірте – бірте дамып, қалыптасады. «Педагогикалық білім өсіп келе жатқан әулетті тұрмысқа дайындауға немесе тәрбиеге бағышталған адамзат іс - әрекетінің ерекше бір саласына кіреді» / Педагогика., Ж.Әбиев, С.Бабаев, А.Құдиярова/ Педагогика термині көне грек тілінен шыққан. Басында бала тәрбиесі туралы ғылым «педалогия» деп аталып, кейін жалпы адам тәрбиесі туралы ғылым болып дамыған.
Педагогикалық мамандықтың пайда болуының өзіндік объективтік негізі бар. Ғасырлар бойы ата – баба тәжірибелерінен мұра боп жинақталып,игеріліп, меңгерілген шығармашылық тәжірибелерді келер буын жас ұрпақтың бойында сіңдіріп, дамытпайынша , қоғам дамымайды да және өмір сүру мүмкін емес. Яғни, тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлау, оларға қоғамдық – тарихи тәжірибені үйрету үрдісі. Педагогикалық мамандықтың пайда болу кезеңінен бастап, мұғалімнің басты функциясы – тәрбиелеу. «Тәрбие» термині тар мағынада тәрбиеші мақсат қойып тәрбиелейді, кең мағынада «өмір тәрбиелейді» деп қолданылады.тәрбие күрделі процесс, оған ғалымдар түрлі анықтамалар берген.Шығыстың ғұлама ғалымы әл – Фараби пайымдауынша : «адамға ең бірінші тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген ғылым - апатқа әкелер…» деп тәрбиесіз берілген білімді сыңар қанатты құспен теңеген.
2. Баланың тұңғыш ұстазы- оны мектеп табалдырығын алғаш аттағанда күтіп алып, әріп танытып, жазуға үйрететін мұғалімі. Әдетте, «ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген мағынада оқушының бойына шынайы білім-білік дағдыларын дарытып, зердесіне ғылыми негіздерін тоқыта алған, бүлдіршінді майталман бағбандай мәпелеп баулып, үйренген нәрселерін өмірде, іс жүзінде қолдана білуге жаттықтыра алған сөзі, істеген ісі, парасат- пайымы, инабаты, білімінің тереңдігі мен жан-жақтылығы арқылы шәкірттеріне ең беделді үлгі бола алған адам ұстазға саналады. Екінші сөзбен айтқанда, ұстаз- адамдардың өмірге көзқарасын, сенімін қалыптастыратын, оларға өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектесетін, айналасына білім – тәрбие нәрін шашып, адамгершілік нұрын төгетін қоғамдық қайраткер, ойшыл тұлға. Ол жеке адамдардың өмірінің дұрыс бағытта дамып, көркеюіне себепші болып, олардың тағдырына шапағатты із қалдыратын өмір тәжірибесі мол дана адам болып табылады.
Демек, мектепте басты тұлға – мұғалім. Мемлекеттің білім саясаты осы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады.Ал мұғалімдер қауымының алдында тұрған басты мақсат – рухани жан дүниесі бай, жан – жақты дамыған, жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни қазіргі таңның басты мақсаты болып есептеледі.
Мұғалім – тәрбиеші , әрі тәлімгер. Бұл оның адамдық, азаматтық борышы. Педагогтық мамандықтың өзіндік ерекшеліктері бар. Ол - өте күрделі және сан қырлы. Педагогтың мамандық иесі адамнан ең алдымен терең және жан- жақты ғылыми білімді болуын, мамандықтың шеберлігі шыныққандықты, саяси – адамгершілік сапаларды, мықты ерік қасиеттерді, адамшылық пен ұстамдылықты талап етеді. Мұндай зор талап өз өмірлерін жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне арналған педагогтық оқу орындарының студенттеріне көптеген міндеттер жүктейді. Болашақ мұғалімдік мамандығының бағытын анықтауда, әсіресе олардың осы мамандыққа қызығушылығы мен ынтасын қалыптастыруда педагогика пәннің алатын орны ерекше.
Сондықтан , біздің заманымыздағы педагогикалық теория мен практиканы дамыту үшін өткен кезеңдердег педагогикалық бай мұраларды терең зерттеп, шығармашылықпен қолданудың маңызы өте зор. Осы жағдайда болашақ ұстаздар оқыту мен тәрбие мәселелерін озат педагогтардың мұраларымен байланыстыра шешетін болады.
Мұғалім – ойлау икемділігі дамыған, жан дүниесі терең, өмірге көзқарасы жоғары болуға тиіс, өйткені өзіндік рухани өсуін өзі басқара алатын адамның қолынан ғана шығармашылық жасампаздық келеді. Педагогикалық мамандықтың ерекшеліктері деп әсіресе педагогтың ізденімпаздығын, білуге деген құмарлығын, артық білуге ұмтылуын айтады. Басқа мамандық иелерінен мүғалімнің айырмашылығы - ең алдымен оның жұмысында да,, үйде де білімін ұлғайтып, тереңдетуге айрықша қабілетті болуы талап етіледі. Ғылыми материал мен жұмыс істей отырып, мұғалім әрдайым оны педагогикалық ой елегінен өткізуге тырысып, оқу-шылардың өз пәніне деген ынта-ықыласын қалай туғызып, тереңдету жағын ойлайды.
Мұғалім мектептегі басты тұлға дегенде, оның жеке басындағы баланы оқытып білімдар етерлік түрлі қасиеттерді айтады. Солардың бірі - оның балаға деген сүйіспеншілігі.
Мұғалім жұмысының табысты болуы, белгілі жағдайда балаға деген сүйіспеншілікке байланыеты. Ол балаға деген тілектестік, қамқорлық және оны құрметтей білуді педагогикалық жағынан талап етушілікпен ұштастыра білгені жөн. Мұғалім болу үшін балаға деген сүйіспеншілік жеткіліксіз, мұғалімдік мамандықты игеру ісі жеке адамның ынтасына, бейімділігіне және қабілетіне байланысты. Ол әрине жеке адамның ерекшеліктері мен оның дербес іс-әрекетіне де байланысты.
Балаға деген сүйіспеншілікті бір жақты түсінуге болмайды. Ы. Алтынсарин "Мұғалім балалармен істес болады, егер олар бір-нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәламай, олардың көкейіне қондыра алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауға тиіс" - деп жазды. Біздің пікірмізше, балаға сүйіспеншілік - ең алдымен өз мамандығын жақсы көріп, өз пәнінен көбірек мәлімет беруге ұмтылуы. Ғылым негіздерін баланың зердесіне көбірек сіңіріп, оның ғылым мен білімді игеруге ішкі қажеттігін туғызып, балаға әсер ету қабілеті. Бұл жеке адамның дара ерекшеліктерінің бірі - бейімділікке байланысты. Адамдағы белгілі бір бейімділік оның қабілеттілігіне байланысты. Жеке адамның белгілі іс-әрекетінің нәтижесін танытатын психикалық қасиетті қабілет деп атайды. Қабілеттің дамуы нышанға, іс-әрекетке байланысты. Іс-әрекеттің нәтижелі болуы, өзара байланысты бірнеше қабілетке байланысты.
Бала тәрбиесіне ата –анадан кейінгі жауапты адам – мұғалім. Мұғалім болу - балалардың болашақ өмірінің кілтін қолға алу. Яғни оларды өмірге дайындау , жақсыға жақын етіп , жаманнан алыстату , шындықты ұғындыру – мұғалімнің міндеті.
Мұғалім - шәкірт тәрбиелеуші ғана емес, ұлтының, халқының кемеліне келіп толысуына, рухани өсуіне, әдеби - мәдени дамуына басты ықпал жасаушы негізгі тірек.
Ұстаз - әмбебап білімдар, салауатты, маман кісі. Ол - адам жанын терең түсініп, жақсы білетін қадіргі де қастерлі, қасиетті мамандықтың иесі, өз ісінің шебері , әрі өнерлі, кішіпейіл, мейірімді, қайырымды, ізетті, инабатты адам.
Мұғалімнің қандай сипатта болу керектігі М. Жұмабаевтың мына әдістемесінде түйінделген: « Мұғалім үсті – үстіне төпеп, түрлі білімді, түрлі сөзді айта берсе, баланың да іші пысады. Мұғалімнің шеберлігі өзі білген білімнің бәрін балаға тез білдіруде емес, еппен басқыштап білдіруде. Сабақ оқытуда мұғалімнің сөзі жинақы, жігерлі, қызықты болуға тиісті. Сонда ғана ол баланың абайын өзіне қарата алады. Болмаса, баланың абайы басқа нәрсеге ауып кетеді. Сабақ оқығанда балалардың ойнауы, тыныш отырмауы, бір – бірімен сөйлесулері мұғалімнің жинақы, жігерлі білмегендігінен.»
3. Ғасырлар тоғысында білім саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер қоғамдағы келеңсіз беталыстарға қарсы тұрумен әртүрлі оңтайлы түрлендірулерге қолдау көрсетуді мақат етті. Мұндай өзгерістердің болуына себеп болған , білім берудегі «ғаламдық дағдырыс». Бұл дағдарыстың мәні қоғамдық өмірдің қарқынды дамуы мен қоғамның өмір сүру жағдайларының жедел өзгеруіне бейімделе алмаған білім саласы арасындағы қарама- қайшылықтың тереңдеуінде жатыр. Бұл терминді ЮНЕКС 1991ж әлемдік білім беру саласы бойынща Париждегі отырысында қабылданды. Бұл дағдарыстың пайда болуына бірнеше себептер бар:
- Халықтың білім алуға деген құштарлығын, сол кездегі қызмет көрсетіп жатқан мектептер қанағаттандыра алмады;
- Қаражаттың жетіспеуінен білім беру жаңа талаптарға келе алмады;
- Жаңа талаптарға білім беру жүйесі іштей өте баяу түрде бейімделді;
- Білім беру мен мәдениет арасындағы алшақтық;
- Білім беру сапасының төмендеуі;
- Жастардың арасында теріс қылықтардың пайда болуы;
Қазақстанда бұл дағдарыс білім беру жүйесінде де көрініс алды. Бұдан шығу үшін еліміз білім берудің құқықтық негіздерін құрудан бастады.
Білім беруді ізгілендіру мақсатында 1994 ж. Гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы қабылданды. Бұл тұжырымдаманың басты міндеті бүкіл тәрбие, білім беру, оқу – ағарту және мәдениет кешенін гуманистік бағдардағы Адам тәрбиелеуге жұмсалдыру.
Осы құжаттардың арасындағы ең бастысы 1999 ж қабылданған «Білім беру Заңы» мен соңғы Астана қаласында, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 27-сі. № 319-ІІІ ҚРЗ қабылданған «Білім беру Заңы» .
Бұл Заңда білім беру жүйесінің басты міндеттері:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;
3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту;
6) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;
7) білім беру ұйымдарының еріктілігін, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру;
8) қоғам мен экономиканың қажеттеріне жауап беретін білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;
9) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану;
10) жалпы оқытудың, жұмыс орны бойынша оқытудың және еңбек нарығының қажеттері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әркімге өзінің білімге негізделген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін өмір бойы дамыту;
11) білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциясы;
12) білім алушылардың кәсіптік бағдарлануын қамтамасыз ету;
13) жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен белсенді өзара іс-қимыл арқылы техникалық және кәсіптік білім берудің озық қарқынмен дамытылуын қамтамасыз ету болып табылады.
