- •« Педагогикалық мамандыққа кіріспе»
- •Мазмұны
- •Жұмыс оқу бағдарламасы
- •Пән мазмұны және оның әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •Пәнді оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыздандыру картасы
- •Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы
- •Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері
- •Жоғары кәсіптік білім берудің заңнамалық негіздері.
- •1991-2000Жж арасындағы қр білім беру саласына қатысты 10-нан астам бағдарлама қабылданды.
- •1991 Ж бері орта білім жүйесінде жүргізілген реформалауды мынадай кезеңдерге бөлуге болады;
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Дәріс 2. Тақырып: Педагогтың кәсіби іс - әрекеті және оның тұлғасы.
- •1. Педагогикалық әрекеттің диагностикалық функциясы.
- •2. Педагогикалық әрекеттің бағдарлаушы - болжаушы функциясы.
- •3. Педагогикалық әрекеттің құрылымдық - жоспарлық функциясы.
- •4. Педагогикалық әрекеттің ұйымдастырушылық функциясы.
- •5. Педагогикалық әрекеттің ақпараттық - түсіндірмелік функциясы.
- •Н.В. Кузьминаның зерттеуі бойынша педагогикалық іс-әрекетінің компоненттері.
- •А.И. Щербаковтың зерттеуі бойынша педагогикалық процесті жүзеге асыру сатысындағы педагогикалық іс-әрекетінің компонентттері.
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •2. Педагогикалық іс-әрекетке бейімділік 3. Педагогтық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылық 4. Педагогикалық техника
- •Педагогикалық шеберліктің құрылымдық компоненттері
- •1. Кәсіптік білімі,құзырлылығы 5.Педагогикалық қабілеттер, сондай-ақ шығармашылық қабілеті
- •6. Педагогикалық мәдениет 7.. Педагогтық толеранттылық 8. Педагогтың сана-сезімі,өзін –өзі жетілдіру Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •Педагогикалық зерттеулердің жетекші принциптері.
- •Педагогикалық зерттеу деңгейлері.
- •Ғылыми ізденістердің негізгі звенолары, олардың міндеттері, өзара байланысы.
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •Педагогикалық мәдениетсіз педагогикалық қызметтің нәтижесі төмен.
- •Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •3. Педагогикалық қарым-қатынастың функциялары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •Семинар сабағы №2 Мұғалім- педагогикалық әрекеттің субъектісі ретінде.
- •Семинар сабағы№3
- •Семинар сабағы№4 Педагог тұлғасының кәсіби қалыптасуы мен даярлығы.
- •Семинар сабағы№5 Мұғалім тұлғасының шығармашылық потенциялын дамыту.
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
- •Глоссарий.
- •Өзіндік презентация.
- •Тапсырманың мысалдық мазмұны.
- •Өмір мағынасы мен педагогтың қабілеттілігі
- •Жағымсыз эмоцияларды басқарып отыру және жағымды көңіл-күйді қалай жасау
Жағымсыз эмоцияларды басқарып отыру және жағымды көңіл-күйді қалай жасау
Мақсаты: Студенттерді кейбір психотехникалық тапсырыс алуды өзінің әсерленулігімен басқару.
1.Өткен сабақтың рефлекциясы.
2.Шығармашылық сергіту сәті.
Оқытушының нұсқаулығы: Келесі жаттығуларды орындаймыз. Бөлмеде шашыраңқы орналасамыз. ”Тоқта„ командасы айтылғанда, әр адам өзінің тұрған тұрысында қатып қалуы тиіс. Содан кейін орнынан қозғалмай, әр қатысуға бұлшық етінің қысымын алу керек. Қысымды алған соң ”Дайынмын„ деп айту керек. Бірнеше рет қайталап,жаттығуды талқылау керек.
3. Эмоциалды қалыптың экспресс диагнотикасы.
4. Әңгіме сұрақтары.
Сіз келесі тұжырымдамалар туралы не ойлайсыз. ”Адам ойдан пайда болады„, ”Ойдан мінез туындайды„, ”Адам не туралы ойласа да, сондай болып қалады„ ашу басқалардың сыны, қатенді сезіну және қорқыныш біздің қиыншылықтарымыздың тудыруын туғызады.
Кейіппен оң ойлау біздің сезіммен қылығымызға қандай әсер етеді?
Сіз қазір не ойлап отырғанынызды жазып алыңыз. Ол жағымды не жағымсыз ой ма?
Қандай тәсілдер сізге жағымсыз әсерленушілікті жоюға көмектеседі?
5.Жаттығуларды орындау.
1-жаттығу. Оқытушының нұсқаулығы: Дем алыңыз, жайғасып, еркін көзінізді жұмыңыз. Асықпай, ырғақпен дем алыңыз. Сіз өзінізді қараңғы театрда және алдыңызда кішкентай сахнаны елестетіңіз. Сахнаға сізді ренжіткен адамды қойыңыз. Есіңізге ішкі назарымнан сол немесе басқа кейіпті адам көрінеді. Сосын кейіп өте анық бола бастайды. Кішкентай үзілістен кейін, кейіп менің алдымда тұрады. Сіз сол адамды анық көргеніңізде сол адамда жақсы бірдене болып жатыр деп елестетіңіз, оның өмірінде қажет мағыналы іс- әрекет. Оның күліп тұрғанын, бақытты болып тұрғанын елестетіңіз. Бұл кейіпті 2-3 мин ұстағаннан кейін жібере береңіз. Ол үшін ”Бейнекелесі сөздерді 2-4 рет қайталау керек.”Бейне ақырын кете бастайды„ жоғалды„. Сосын сіз кешіргіңіз келген адамды сахнадан босатқаннан кейін, сахнаға өзіңізді қойыңыз. Сізбен тек қана жақсы болып жатыр деп елестетіңіз өзіңіздің көңіл- күйіңіз және бақытты деп елестетіңіз. Бұл жаттығу жиналған реніштер мен қара бұлттарды жоюға көмектеседі. Қара бұлттай сейілтетеді. Бұл жаттығуларды күніне бір рет істеп отырсаңыз бір айда сізге соншалықты өмір сүру оңайға түседі.
Осы жаттығуларды орындағанда кім қандай сезімде болғаны жайлы анализ жасап кетейік.
2-жаттығу.Ашуланудың алдын алу оқытушының нұсқаулылығы: Көзіңізді жұмыңыз. Өзіңіздің әсерленушілігінізде топталыңыз. Өзіңізді қашан күшті тітіркенетіңізді немесе нақты бір адамды, сізде тітіркенушілік қасиетін туғызады. Кейіпті шақырыңыз.Елесті жоғары деңгейде жандандырыңыз, бұл адам сізді жоғары деңгейге дейін ызаландырғаның сезінгенде бұл жағдаятты басынан кешіп, бұл елесті жоғары деңгейде жандандырыңыз. Бет жүзіңіз бен қолыңызды босаңсытып, өзіңізге тыңыштануынызға бұйрық беріп,өзіңізді шыдамды, басқаларға мән бермеңіз. Осы тітіркендіруші сіздің ойынызда не істемеседе, сіз шыдамды болуыңыз керек. Ол сіздің қолыңыздан келеді. Өзіңізді мақтап қойыңыз, ләззатты сезініңіз. Сіздің жаңа қылықтарыңызда сізге не ұнайтының ескеріңіз. Күліңіз. Сіздің есіңіздегі кейіпті жойып, оны босатыңыз. Тағы да өзіңізді мақтаңыз. Осы жаттығуда әр түрлі адамдармен тітіркенушіліктен құтылғанша қайталап отыру қажет. Осы жаттығу барысында пайда болған өзіңіздің ойынызды, сезімінізді, туйсігіңізді талдаңыздар.
3-жаттығу.Жәбірленушілік сезімнің алдын -алу.
Оқытушының нұсқаулығы: Кіммен жәбірленетінізді анықтап алыңыз. Бетіңізді, қолыңызды бос ұстаңыз. Тыңышталыңыз.Өзінізді адам екенінізді сезініп өзіңіздің ішкі жан дүниенізді басқара алатыңызды көрсетіңіз. Бұл сезімнен сіз тәкаппарлықты сезініңіз. Сіздің қарсыласыңыз сізді ренжіте алмайтындығын есіңе алыңыз. Егер сіз соны сезінбесеңіз, сізді ешбір қарсыласыңыз жәбірлей алмайды.
4-жаттығу. Күн ұзаққа өзіңізді ұнамды бағытта ұстау (фондық музыканы пайдалануымен) қалыптастыру.
Оқытушының нұсқаулығы: Жайғасып отырыңыз, еркін сезініңіз, көзіңізді жұмып, сәл аузыңызды ашыңыз. Ырғақпен дем алыңыз, бірақ та терең емес. Денеңіз дем алсын, сонда ғана демін жеңіл-желпі болады. Сіздің денеңіздің толыққанды еркіндікті сезінуін елестеңіз. Күлкіні түйсініп көріңіз,бірақ бет әлпетіндегі емес,ішкі күлкіні сезінуді көріңіз. Күлкі сіздің барлық тынысыңызды жарқыратады, сіз ішпен күлгендей боласыз. Сіздің күлкіңіз жұмсақ, әрең сезінгіш, раушан гүлі сияқты нәзік, сіздің ішінізде құлпырап, ішкі жан дүниенізге жұпар иіске сезінесіз. Осындай күлкінің тууынан сіз күні бойы бақытты боласыз.
Енді алтыға дейін санайық.
”Бір„– аяқтарыңыз жеңіл, ”Екі„– қолдарыныз жеңіл, ”Үш,төрт„–жүрекпен дем алу қалыпты, ”Бес„–маңдайыңыз суық,”Алты„– қолыңыз күшті,терең демалып, көзді ашу. Сіз өзіңізді сабырлы,сергек сезінесіз.
Бұл жаттығуды таңертең орындап отыру жөн, өйткені, сіз өзіңізді күн ұзаққа ұнамды сезінесіз.
Сабаққа қорытынды жасау.
Ойлау қабілетін дамытуға арналған жаттығулар.
1-жаттығу.
Мағыналарына қарай байланысты емес үш сөз аламыз, мысалы «өзен», «қарындаш» және «аю».Осы үш сөзді қатыстырып сөйлем құрастыру керек.Осы тапсырма бойынша сөйлем құрастырған кезде, қорытынды жасағанда тек қана сөйлем санын ғана емес,оның әрқилы,әртүрлі және шығармашылық бағытта орындалуын ескеру қажет.
Бұл жаттығу арқылы күнделікті заттар арасындағы әртүрлі,кейде жаңа байланыстар мен қатынастарды тез құрастыра алу қабілеттілігін дамытады.
2-жаттығу
Ұғымның мәнді белгісін анықтау.Бәріне жақсы таныс ұғымды таңдап аламыз, мысалы « Спорт , Оның мәнді белгісін анықтау, мысалы , оркестр, мінбе, штанг және т.б. – оның мәні мағынасына сәйкес емес. Ал онда не мәні? Анықтап көріңіз. Осы айтылған ұғымның ішінен мәнімен жақын ұғымды атаған жеңімпаз болады. Жауаптары топ мүшелерімен талқыланады.
Тапсырма. Өзін - өзі ашуға өзін қабылдау.
Мақсаты: Өзіндік ашылудың түсінігі бұл ішкі жәңе сыртқы мен үндестіктің тәсілі.Айналадағылармен мәнді қарым –қатынас жасау немесе құру.«Мен» - концепциясының позитивтік қалыптасуы.
Тапсырманың мысал ретіндегі мазмұны
1.Өтілген тапсырманың рефлексиясы және үй тапсырмасын орындау процесі.
2. Шығармашылық сергіту сәті
Оқытушы ойынның ережесін хабарлайды.Жүргізуші белгіленген белгілерді атайды,адамның қасиеті,сыртқы мінез – құлықы,эмоциялық жағдайы, қызығушылығы,құндылықтары және т.б.Осы аталган барлық белгілермен қасиеттер кімде бар,олар орын ауыстырулары керек.Мысалы:кіммен отырғысы келсе сонымен отырады.Кім алқа,жылтырға қызығады.Кімге біздің тапсырмаларымыз ұнайды.Кім өзін оптимист деп санайтындармен т.б. яғни осылардың ішінде кімді қаласа сонымен отырады.
Ойынды оқытушы бастайды.Содан кейін жаңа жүргізуші тағайындалады,ол жалма – жан ойдан басқа қасиеттер мен белгілер ойлап шығарады.
Өзін - өзі ашуға жаттығу.
1 –жаттығу. Ақиқаттық хат.
Оқытушы әрбір студентке конверттен сұрақты алуды өтінеді,және оған жауап беруін сұрайды.Ол өзі бастайды.Белгіленген әрбір сұраққа айнала отырғандарға түгел жауап айтуларына ұсыныс жасайды.Сұрақтардың құрылуы,олардың ашық түрде жауап берулеріне сәйкестендірілген яғни оларды мазалайтын не.топтық құрамын не қызықтырады.олардың құндылығымен,сенімін қаншалықты және т.б.
Мысал түріндегі сұрақтар.
Егер де сіз жануарға айналсаңыз,онда қайсысына және неліктен дәл соған.Егер сіз бір аптаға біреумен орын алмастырған болсаңыз,онда кімді таңдар едіңіз.неге.
Егер де мейірімді періште сізді үш арманыңызды орындауға уәде берсе,онда нені арман етесіз.
Егер де сіз бір күні - бойы көрінбейтін елес болсаңыз,онда сіз қалай пайдаланар едіңіз.
Сіздің сүйікті кітабыңыз.
2-жаттығу. «Мықты жақтар»
Топтың әрбір мүшесі өзінің мықты жақтарын, нені жақсы көреді, бағалайды, өзіне қабылдайды, түрлі қиын жағдайда өзіне ішкі сенімділікті нені беретіні туралы айтуы керек. Негізінде, тек қана дұрыс, оң жақтарды ғана емес, өмірдің әр түрлі жағдайында тірек болатын немесе бола алатын жақты негізінен белгілеуі керек. Ең негізі, сөйлеушінің өз ойын «егер», «бірақ» дейтін сөздерді қоспай, дұрыс айту.
Бұл жаттығу адамның өзін ашу мақсатында ғана емес, өзі жайлы қолдайтын жағдайда дұрыс ойлау үшін бағытталған. Сондықтан да бұл жаттығуды орындаған кезде, өзіңнің кем жақтарың, қателіктерің, әлсіз жақтарың жайлы айтуды болдыртпау керек.
Топтың басқа мүшелері сұрақ қоймай, өз ойларын айтпай, тек қана тыңдаушы ретінде қалады. 3-4 минуттен кейін, топтың басқа мүшелері ретімен айтып отырған адамнан оңға қарай бағытталумен бірінен соң бірі толығымен бәрі айтып болғанша дейін сөйлейді.
Содан кейін, оқытушы барлықтарына, өзінің күшті жақтары жайлы дәптерге теріп жазуды ұсынады. Кейін студенттер 2-3 адамнан топқа бірігіп, өздерінің күшті жақтарын пайдалана отырып, шын мәнінде құнды, қажетті нәрселерді өздері істей алушы еді екенін талқылайды.
Қорытындысында, қатысушылар жалпы алғашқыдағы ортаға оралып, өздерінің күшті жақтарын қалай пайдаланатындары жайлы бір-біріне айтады.
ІV. Студенттердің жаттығуды орындау процесіндегі рефлексиялық жағдайлары. Топтағы келесі сұрақтарды талқылау:
Қандай дәрежеде біз шын болдық?
Басқа адамдардың ашылуларына не нұқсан келтіреді?
Неге біз әр уақытта өздеріміздің шын сезімдерімізді, ойымызды қарым- қатынасымызда жеткізе алмаймыз?
Өзін- өзі ашылу дегеніміз не? Ол адамға не береді?
V. Өзін сыйлау деңгейінің өздік диагностикасында мынадай баға шкаласын пайдаланамыз:
- толығымен келісемін- 4 ұпай
- келісемін- 3 ұпай
- келіспеймін- 2 ұпай
- толығымен келіспеймін- 1 ұпай
Мен өзімді лайықты адам деп сезінемін.
Мен өзімді сәтті емес адам деп есептеуде боламын.
Мен өзімде жақсы қасиеттер бар деп ойлаймын.
Кейбір нәрселерді, мен басқалардан да кем емес дәрежеде істей аламын.
Мен өзімнің мақтанатын еш нәрсем жоқ деп ойлаймын.
Мен өз-өзіме жақсы қараймын.
Мен өзіме толық қанағаттанамын.
Менің өз-өзімді көп сыйлағым келеді.
Кейде мен өзімнің пайдасыз екенін анық сезінемін.
Кейде мен өзімді бүкіл жақтан жақсы емес екенмін деп ойлаймын.
Нәтиже қорытындысы:
1. Ұпай бойынша нәтижені қосу: 1,3,4,6,7.
2. Ұпай бойынша нәтижені қосу: 2,5,8,9,10.
3. Бірінші нәтижеден екінші нәтижені азайту.
4. Нәтижесіне 15-ті қосу.
Нәтиже интерпретациясы:
20-30 ұпай. Өзін- өзі сыйлау дәрежесі жоғары. Қарым- қатынаста белсенділік жоғары, лидер болуға ұмтылшылық.
9-20 ұпай. Өзін- өзі сыйлау дәрежесі орташа. Белсенділік белгілі бір дәрежеде орташа, басқа біреудің ойына тәуелді болу, басқалардың ойымен келісе алу қабілетінің болуы. Таңдау кезіндегі байқағыштық.
0-9 ұпай. Өзін- өзі сыйлау дәрежесі төмен. Үрейшілік, сылбырлық, депрессияға түсушілік. Психосомалық науқастану мүмкіндігі. Психотерапевтік қолдаудың қажеттігі.
3-жаттығу. «Контраргументтер»
Өзіңіздің әлсіз жақтарыңыздың тізбегін құрыңыз. Парақтың сол жақ бөлігіне оны жазыңыз. Парақтың келесі бетіне әрбір әлсіз жақтың бойына, оған қарама- қайшы күшті жазыңыз. Контраргументтерге сай келетін мысалды қарастырыңыз. Достардың ішінен біреуіне осыны айтыңыз, мысалмен дәлелдеңіз.
4-жаттығу. «Өзіңізді бала етіп елестетіңіз»
Біздің әрбіреуіміздің бойымызда, әлі күнге дейін бала бар. Біз бала болған кезде естіген ойымызбен әлі күнге дейін өмір сүреміз. Біздің өміріміздің сценарийі, негізі- бізді балалық шақта қалай қалыптастырды.
Парақ қағаздың сол жағына сіз жайлы ата- аналар, мұғалімдер, туыстарыңыз не айтқандарыңызды, онымен келіәспейтіңізді жазыңыз. Сосын парақтың оң жағына, сол адамдардың сіз жайлы айтқанмен келісетіңізді жазыңыз.
Осы тізімдердің қайсысы ұзын? Олардың қайсысы сіздің өзіңізге дейтін қатынасыңызды көп реттейді?
5-жаттығу. «Шетелдік есім»
Студент алдына қойылатын мақсат: өзіне шетелдік есім таңдау; өзі туралы ортаға сол есім атынан айту,таныстыру. Студенттер бірінен кейін бірі орындайды. Сосын әрбіреуі өзінің не сезінгенін айтады,неге осы есімді таңдағанын түсіндіреді.
Сұрақтарды талқылау:
Өзімізге қабылдап алатын есімімізді таңдағанымыз жай ма?
Адам есімі өмірде қандай рөл атқарады?
Біреулерің өз есімдеріңнен ұялып,қысыласыз ба?
6-жаттығу. «Маған ,мені ... атаған ұнайды.»
Оқытушы топтың әрбір мүшесіне допты 3 рет лақтырып, 1-ретте өз есімін,2-ретте оған қалай ұнайтын есімді айтуды сұрайды.
7-жаттығу «Өз есімімді қабылдау.»
Студенттер өз есімдерін түрлі интонациямен айтулары керек, одан кейін өз есімін айтқан жағдайда туындайтын сезімдердін талқылау.
Жаттығудың нәтижесін талқылау.Микрозерттеудің нәтижесі
Талқылайтын сұрақтар:
«Өзімді қабылдау» деген нені білдіреді?
Позитивтік өзін-өзі қабылдау мен позитивтік өзіне-өзі баға беру жеке тұлғаның дамуында қандай рөл атқарады? Олар мұғалімдер үшін неліктен қажет?
Концепциялық жеке адамның позитивтік мен қалыптасуы неге байланысты?
Өзімізді өзгенің сыйлауын дамыту үшін,біз өзіміз не істей аламыз?
Қажет кезінде,мен жиналып,алдыма қойғанды істеуге, орындауға қабілеттімін.
Эмоционалдық жағдайдағы экспресс диагностика.
ҰСТАЗ ДЕГЕН...
Егер кебіс тігуші олақ болса, мемлекет одан көп зардап шеге қоймайды – бар болғаны адамзаттар біршама нашар киінеді, ал егер шәкірт ұстазы өз міндетін нашар орындаса, онда елде надандар мен бұзақылар көбейіп кетер еді .
Платон
Ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ..., жұрттың бәріне... жақсылық пен ізгілік көрсетіп...қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.
Әл-Фараби
Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.
Ыбырай Алтынсарин
Адамның адамшылдығы... жақсы ұстаздан болады.
Абай Құнанбаев
Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес.
Мұхтар Әуезов
Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді. Мәлік Ғабдуллин
Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады.
Жүсіп Баласағұни
Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз.
К.Д.Ушинский
Егер мұғалім өң бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол нағыз ұстаз.
Л.Н.Толстой
Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
Ахмет Байтұрсынов
Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай
негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады.
Мағжан Жұмабаев
Мұғалімдерге ең тамаша міндет жүктелген күн астында одан жоғары тұрған ешнәрсе жоқ
Ян Амос Коменский
Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.
Ж.Ж.Руссо
Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.
К.Д.Ушинский
Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.
В.А.Сухомлинский
Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс.
Ы.Алтынсарин
НАҚЫЛ СӨЗДЕР
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.
Жақсы мұраптың атынан су ереді,
Жақсы ұстаздың соңынан шәкірт ереді.
Ұстазға қарап шәкірт өседі.
Қайратсыз ашу – тұл,
Тұрлаусыз ғашық – тұл,
Шәкіртсіз ғалым – тұл.
Атпаз көрген ат таныр,
Ұстаз көрген хат таныр.
Ұстаз мәртебесі – ел мерейің
Ұстаздан шәкірт озар
Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла
Ұстазы талантты болса,
Шәкірті талапты болады.
Ұстаз – ұрпақ мақтанышы.
Ұстаз болу – жүректің асылдығы.
Ұстаз шәкіртіне білім жолын үйретеді,
Білімді жан тас қамалды күйретеді.
Бұйырмас білім тоқымай,
Ұстаздық қылма оқымай.
Жарасады сыпайылық балаға,
Ұстазыңа одырайып қарама.
Шәкірттің жақсы болмағы ұстазынан.
