Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Педагогикалы мамандыа кіріспе Дріс-1.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.1 Mб
Скачать

Өмір мағынасы мен педагогтың қабілеттілігі

Мақсаты: Студенттерді өмірлік мағынаның дамуына бейімдеу және әр түрлі адами болмыспен философиялық мағынаның ыңғайына қарай түсінік беру.

Сабақтың мазмұндық үлгісі

  1. Сабақ басындағы әсерлі сөздер жағдайының рефлекциясы.

  2. Қатысушылардың «Альтернативтік таңдау» тапсырмасымен жеке басылық жұмыстары: адамдар өмірді әр қырынан танып, өз көзқарастарымен қарайды, бірақ әр қайсысымыз өміріміздің мән-мағынасын таба білуіміз керек. Сонымен, адамдар өмір мәні туралы не ойлайды?

  • Өмір – жеңіске апарар жол. “veni, vidi, vici – келдім, көрдім, жеңдім” Ю.Цезарь.

  • Өмір – миссия (тапсырма). «Мән-мағынаны іздеу – ол жалпы істің тапсырмасы мен мақсатын іздеу болмақ» Н.Ф.Федоров.

  • Өмір – ойын. «Бүкіл ғалам театр, ал адамдар оның актерлары». В.Шекспир

  • Өмір – құдайды іздеу. «Сен бізді жараттың және өз құшағыңа қайта келгенше, біздің жүрегімізге тыным бермедің». Августин

  • Өмір – басқаларға қызмет ету. «Егер өмірде мән-мағына мен мақсат болса, онда ол мән-мағына мен мақсат біздің бақытымызда емес, ол басқадай парасаттылық пен ұлылықта». Жақсылық жасаңыздар! А.П.Чехов

  • Өмір – махаббат. «Ешкімді сүймеу – ол өмір сүрмеу». Фрасуа Фенелон

  • Өмір – бақыт. «Өмір-ол сый, өмір-ол бақыт, әрбір минуты ғасырлар бойына бақыт бола алатын». Ф.Достовеский

  • Өмір – шығармашылық. «Шығармашылық ол өмірдің табиғи мән-мағынасы». Н.Рерих

  • Өмір – лабиринт (шытырман). «Өмір-ол тегістігі жоқ, теріс және әр алуан қозғалыс». М.Монтень

  • Өмір – мәңгілік жаңару. «Адам өмірі көз алдымда ағып жатқан өзенге (үнемі сол бір ағыс және әр кез таза су) ұқсас болуы керек». Г.Торо

  • Өмір – үнемі өзгерістерге толы. «Қунышты тану арқылы, қайғы- қасіретті таны». «Егер мен өзгерсем, менің өмір сүргенім». Жанастыру арқылы тірі ағзаға емес, мүсінге ұю. И.Северянин

  • Өмір – күрес. «Күрес өмір талабы: күрес біткен күні, өмірде тоқтамақ» В.Белинский

  • Өмір – сезім парызы. «Өмірдегі ең күшті ләззаттық сезім-орындалған парыздың сана сезім». У.Гэзлитт

  • Өмір – қайғы-қасірет. «Өмірге келдім, көз жасыммен өмірден өтіп барамын». А.П.Сумароков

  • Өмір - өлімге апарар жол. «Жас нәрестенің бірінші қадамы, өзінің өліміне апарар қадамы болмақ» К.Пружков

Ең алдымен өзіңіз келісетін үш пікірді таңдап, оның жанына мағыналарының дәрежесіне сай 1,2,3 сандарын және «+» таңбасын қатар қойыңыз. Ал өзіңіз келіспейтін пікірледің қасына жоғарғыдай сандар мен «-» таңбасын қойыңыз.

  1. Әрбір қатысушы берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ізденістерін дыбыстап және таңдауларына түсінік береді.

  2. Әр қилы көзқарастар қырынан талқылау.

  3. Шығармашылық топтың қойылымы: сұрақтарға жауап.

Біздің эмоциялар мен сезімдер әлеміміз.

Мақсаты: Эмоциялық жағдайлардың әдістемелік зерттеуімен танысу; эмоцияның дұрыс және бұрыс байланысын әшкерлеу және олардың адамға ықпалы, оның мінез-құлығы. Эмоциялық мәдениетпен иелену қажеттілігін түсіну.

Тапсырманың қысқаша түсінектемесі.

  1. Үй жұмысын орындау процесі мен алдынғы тапсырманың рефлексиясы.

  2. Шығармашылық жаттығу.

Жаттығу: «Өзіңізді бос ұстауға үйреніңіз».

Ыңғайласыңыз. Берілген амалдарды кезекпен істеңіз:

Жұдырықтарыңызды түйіңіздер, қатты, қаттырақ, жұдырықтарыңызды ашыңыздар.

Іштеріңізді ішке тартып, сол күйінде қозғалмай отырыңыздар, содан кейін денеңізді босатыңыздар.

Тістеріңізді қысыңыз, қатты, қаттырақ, босатыңыз.

Қабақтарыңызды шамаларыңыз келгенше түйіңіздер. Одан кейін бос жіберіңіздер.

Мойыңызды иығыңыздың ішіне қарай тартыңыз, тереңірек. Бос жіберіңіздер.

Демалыңыздар, деміңізді ұстап қалыңыз, деміңізді жіберіңіз.

Аяқ- қолыңызды созыңыздар, қаттырақ, босатыңыз.

Еңді бұл амалдардың бәрін бір уақытта істеп көріңіз. Сіздің денеңізде жұмсақ және жылы толқын таралғаның елестетіңіз. Деміңізді ішке тартып содан кейін шығарып, жай демалыңыз. Денеңізді бос ұстауға қолайлы жағдай болғаның елестетіңіз. Оны кішкентай бөлшектерге дейін сезіңіз; оның дыбысын, иісін сезіңіз. Енді сіздің рухыңызбен денеңіз, бүгінгі күннің бағдарламасын қабылдауға дайын. Өзіңіздің жақсы көңліңіңізден қуанышты сезініз. 10-нан 1-ге дейін санап, релаксация қалыбынан шығыңыз.

  1. Эмоциялық қалыптың экспрес- диагностикасы.

Сұрақтарды талқылау.

Біздің көңіліміз неден тәуелді?

Эмоциялық қабылдаудың экспрес-диагностикасы бізге не береді?

Сіздің көңіліңіз көбіне қандай болады? Бұл немен байланысты?

Сіз өз көңіл-күйіңізді реттей аласыз ба? Қандай қабылдау арқылы сіз оны істейсіз?

4. Тестпен өзін білу жұмысы «Менің күнделікті эмоцияларым»

Эмоциялық реакциялар

Баллдармен көрсету

Мүлдем жоқ

сирек

жиі

әрқашан

1.

Мен тыныш боламын

1

2

3

4

2.

Әдетте өзіме сенімдімін

1

2

3

4

3.

Маған шиеленісушілік сезімі тән

1

2

3

4

4.

Маған өзіме сенімді болуға қиын

1

2

3

4

5.

Мен өзімді көбіне қабілетті екенін сеземін

1

2

3

4

6.

Мен қайғырғаннан көбінесе қуанамын

1

2

3

4

7.

Мені алуан түрлі сәтсіздіктер ойландырады

1

2

3

4

8.

Маған шаршағандық, әлсіздік, белсенділіктің құлдырауы тән

1

2

3

4

9.

Мен өзімді және өз жұмысыма қанағат сезінемін

1

2

3

4

10.

Мен ашуланғанда, өз-өзіме орын таппаймын

1

2

3

4

11.

Мені мазаландыратын әртүрлі нәрселерге мен қорқынышпен қараймын

1

2

3

4

12.

Мен қорқынышты сеземін

1

2

3

4

13.

Мен қайғыруды және көніл көтерушілікті, ойлауды тандаймын

1

2

3

4

14.

Мен өзімнің эмоцияларымды тыныш ойлаймын

1

2

3

4

15.

Мен тынышсыздықты және шиеленушілікті сезінемін

1

2

3

4

16.

Мен өзімді бақытты деп санамаймын

1

2

3

4

17.

Мен түнілген боламын

1

2

3

4

18.

Мен ұнамды қоздырулармен белсендімін

1

2

3

4

Тест 18 эмоциялық реакциядан және олардың бағасы баллдардан тұрады. Эмоциялық реакциялардың әрқайсысы 4 бағытпен анықталады: «мүлде жоқ», «сирек», «жиі», «әрқашан».

Бүкіл эмоциялық реакцияларды мақұл оқып шығыңыз және өзіңізде қалыптасқан дәрежені бағалаңыз, белгілі санды дөңгелекшеге алыңыз.

Өзінді бағалауды бітіргеннен кейін дұрыс эмоцияның жалпы баллын санаңыз, содан кейін бұрыс эмоцияның баллын санаңыз.

Егер эмоциялардың жалпы саны бұрыс эмоциялардың көп болса, онда сізде бәрі жақсы. Сізге өмірде оптимистік көңіл-күйі тән.

Егер дұрыс эмоциялардың жалпы саны бұрыс эмоциялардың қосындысына тең не кіші болса, онда сіз түңілген,қауіп қатерлі, күмәнданғыш адамсыз.

Сіздің эмоциялық реакциялардың ерекшеліктерін талдаңыз. Дұрыс реакцияларға келесі номерлер жатады-1,2,5,6,9,10,14,15, бұрысқа-3,4,7,8,11,12,13,16,17,18.

Бұрыс реакцияларда көп балл бергендерін белгілеп, оларға шоғырланыңыз. Сізге бұлар неге тән екеніне ойланып, бұларды жоқ қылдыру үшін не істеу керек екенін ойлаңыз. Бұл тест күнделікті эмоциялық әсер етуін бағалауға керек және сіз әдетте эмоциялық мәдениетін қалай түсіне аласыз.

Бұл тесттен кейін пікірлеріңізбен ауысып, сіз өзіңіздің сезгеніңізді, сезімдеріңізді, жағдайыңызды, ойыңызды айтасыз.

5.Өзіңді тереңірек білу тапсырмасы. Кестені толтырыңыз.

Менің байлықтарым

Қуаныштарым

Қайғыларым

1

1

1

2

2

2

3

3

3

Қатарды кему ретімен тұрғызыңыз. Ең маңыздысынан бастап, маңыздысыз ұсақтарға дейін. Қатарда 10 пунктен көп болмау керек, максимум-20. Толтырғаннан кейін бір-бірімен келетін пунктерді салыстырыңыз. Сіз не көріп тұрсыз?

Неге сіздің ойыңызша, иерархия байлықтары мен сезімдері келіспейді, логика жоғалып кетеді. Неге бұлай? Неге өмірдің үлкен оқиғалары сізді әдеттен тыс көңіл бөлместей қалдырады, ал ұсақ оқиғалар қобалжытады? Байлығымен мағыналығы бұл бір ме?

6. Музыкалық фрагментті тындау.

Бұл музыка тудыратын эмоциялар мен сезімдерді айқындап қойыңыз.