- •« Педагогикалық мамандыққа кіріспе»
- •Мазмұны
- •Жұмыс оқу бағдарламасы
- •Пән мазмұны және оның әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •Пәнді оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыздандыру картасы
- •Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы
- •Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері
- •Жоғары кәсіптік білім берудің заңнамалық негіздері.
- •1991-2000Жж арасындағы қр білім беру саласына қатысты 10-нан астам бағдарлама қабылданды.
- •1991 Ж бері орта білім жүйесінде жүргізілген реформалауды мынадай кезеңдерге бөлуге болады;
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Дәріс 2. Тақырып: Педагогтың кәсіби іс - әрекеті және оның тұлғасы.
- •1. Педагогикалық әрекеттің диагностикалық функциясы.
- •2. Педагогикалық әрекеттің бағдарлаушы - болжаушы функциясы.
- •3. Педагогикалық әрекеттің құрылымдық - жоспарлық функциясы.
- •4. Педагогикалық әрекеттің ұйымдастырушылық функциясы.
- •5. Педагогикалық әрекеттің ақпараттық - түсіндірмелік функциясы.
- •Н.В. Кузьминаның зерттеуі бойынша педагогикалық іс-әрекетінің компоненттері.
- •А.И. Щербаковтың зерттеуі бойынша педагогикалық процесті жүзеге асыру сатысындағы педагогикалық іс-әрекетінің компонентттері.
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •2. Педагогикалық іс-әрекетке бейімділік 3. Педагогтық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылық 4. Педагогикалық техника
- •Педагогикалық шеберліктің құрылымдық компоненттері
- •1. Кәсіптік білімі,құзырлылығы 5.Педагогикалық қабілеттер, сондай-ақ шығармашылық қабілеті
- •6. Педагогикалық мәдениет 7.. Педагогтық толеранттылық 8. Педагогтың сана-сезімі,өзін –өзі жетілдіру Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •Педагогикалық зерттеулердің жетекші принциптері.
- •Педагогикалық зерттеу деңгейлері.
- •Ғылыми ізденістердің негізгі звенолары, олардың міндеттері, өзара байланысы.
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •Педагогикалық мәдениетсіз педагогикалық қызметтің нәтижесі төмен.
- •Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •3. Педагогикалық қарым-қатынастың функциялары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •Семинар сабағы №2 Мұғалім- педагогикалық әрекеттің субъектісі ретінде.
- •Семинар сабағы№3
- •Семинар сабағы№4 Педагог тұлғасының кәсіби қалыптасуы мен даярлығы.
- •Семинар сабағы№5 Мұғалім тұлғасының шығармашылық потенциялын дамыту.
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
- •Глоссарий.
- •Өзіндік презентация.
- •Тапсырманың мысалдық мазмұны.
- •Өмір мағынасы мен педагогтың қабілеттілігі
- •Жағымсыз эмоцияларды басқарып отыру және жағымды көңіл-күйді қалай жасау
Глоссарий.
Адамның дамуы- адамның басқаратын, сонымен қатар басқарылмайтын ішкі және сыртқы әлеуметтік, табиғи факторлардың ықпалы арқылы қалыптасу процесі.
Азаматтылық- жеке тұлғаның интегративтік қасиеті. Оның саналы, белсенді азаматтық міндеттері мен борышын мемлекет, қоғам, халық алдында орындауы; өзінің азаматтық құқығын саналы пайдаланып, елдің заңдарына құрметпен қарап, орындауы.
Адамгершілік тәрбиесі- тәрбиеленушілердің қоғамдық мораль талаптарына сәйкес адамгершілік қасиеттерін мақсат көздеп қалыптастыру үшін олардың санасына, сезіміне, тәртібіне ықпал ету.
Аксиология- құндылықтар туралы философиялық ілім. Жалпыланған тұрақты адам үшін ерекше мәні бар құндылықтар. Дәстүрлі педагогикада әдіснамалық негізі болып келеді.
«Әрекет — қоршаған ортамен қарым-қатынастың” адамдық тәсiлiн бiлдiредi. Бұл үрдiс нәтижесiнде адам табиғатты субъект ретiнде өзгертiп отырады, ал табиғи құбылыстар оның әрекетiнiң объектiсiне айналады .
Әлеуметтік педагогика- әлеуметтік ортаның жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал ету заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Әлеуметтік- жеке тұлғаның өз-өзімен, қоғаммен үйлесімді әлеуметтік дамуының сыртқы көрінісі.
Әлеуметтендіру- іс-әрекет және қарым-қатынас арқылы ж.а. әлеуметтік тәжірибені меңгеру процесі мен нәтижесі.
Әлеуметтендіру факторы- адамның қоғамда дамуына әсер ететін жағдайлар.
Әдеп - әртүрлі жағдайда өзін ұстай білуі, шамадан тыс кетпеуі.
Әдіснама- ғылыми-таным әрекеттерінің принциптерінің құрылымы, тәсілдері, формалары туралы ғылым.
Педагогикалық зерттеу әдіснамасының философиясы – бұл педагогиканың теориясын және педагогикалық қызметтің логикалық мәнін анықтайды.
Педагогиканың әдіснамасы – жеке тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамытудың заңдарын пайдалану және оны танып білудің жолдарын анықтаумен түсіндіруге арналған көзқарас, идеялардың жиынтығы.
Әдістеме – қолданбалы дидактика.
Педагогикалық зерттеу әдістері- педагогикалық құбылыстарды зерттеу тәсілі, олар туралы педагогикалық теорияларды заңды байланыстарды анықтау мақсатында ғылыми ақпарат алу.
Зерттеу әдістері – әр түрлі ғылыми-педагогикалық мәселелерді шешуге, педагогикалық мәселелерді шешуге, педагогикалық қбылыстарды зерттеуге арналған әдістер мен тәсілдердің жиынтығы.
Дискриптивті әдіснама – ғылыми білімнің құрылымын, ғылыми білімді танудың заңдары туралы ілім, яғни теорилық бөлім.
Прескриптивті әдіснама – іс-әрекетті басқаруға бағытталған ілім, яғни практикалық бөлім.
Білім беру- табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Білім беру қоғамның даму дәрежесіне байланысты.
Білім беру – оқушылардың белгілі ғылыми білім жүйесін және танымдық білік пен дағдылардын игеруін, соның негізінде дүниеге көзқарасының адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуын және олардың шығармашылық күштері мен қабілеттерінің дамуын қамтамасыз ететін процесс.
Білім беру мақсаты- педагогикалық ұғымдарда көрініс алған қоғам талаптарына сай рухани қайта жаңғыру сферасы.
Білім берудің мазмұны – мектеп оқушылардың ақыл, дене қабілеттерінің жан-жақты дамуына, көзқарасының, мінезқұлқының қалыптасуына, қоғамдық өмір мен еңбекке даяр болуына қажетті ғылыми білімдер, білік және дағдылардың жүйесі. Білім берудің мазмұнына сонымен бірге адамзат жинақтаған әлеуметтік тәжірибенің барлық элементтері де кіреді.
Басқару – әрекеттердің тобы: педагогиқалық процесті жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, ол процеске ынталандыру және оның нәтижесін талдау.
Ғылым – ақиқаттағы қоғамдық тәжірибемен тексерілетін және дәлелденетін қоршаған орта жөнінде тарихи қалыптасқан және үнемі дамып отыратын адам білімінің логикалық жүйесі.
Ғылымтану – ғылымның дамуын және қызмет ету заңдылықтарын қарастыратын зерттеулер саласы.
Девианттық (ауытқу)- қоғамда қабылданған құқықтық нормаларға қарама-қарсы тәртіп.
Педагогика- адам дамуы мен қалыптасуының мән-мағынасын зерттей отырып, арнайы ұйымдастырылған үрдіс сипатындағы білім беру мен тәрбие теориясының мәнін, заңдылықтарын, тенденциясы мен перспективасын зерттейтін ғылым.
Педагогика пәні- арнайы әлеуметтік институттарда (отбасы, білім беру және мәдени-тәрбиелік мекемелерде) мақсат көздеген ұйымдастырылған біртұтас педагогикалық процесс,
Педагогикалық жүйе- жеке тұлғаға білім беру, дамыту мақсатында бір-бірімен біріккен көптеген құрылымдардан, компонентінен тұратын педагогикалық процесс.
Педагогикалық әрекеттестік- педагогтар мен оқушылардың қарым-қатынас жасау барысында белсенділік, ынтымақтастық таныту нәтижесінде тәртіптерінің, әрекеттерінің, қатынастарының өзгеруі.
Интериоризация- әлеуметтік әрекеттердегі меңгеру барысында баланың ішкі психикасының құрылымының өзгеруі.
Экстериоризация- ішкі психикалық әрекеттің сыртқы әрекетке ауысуы (тәртіп).
Ұжым- белгілі ұйымдар шеңберінде құрылған адамдардың қатынас жасайтын әлеуметтік-психологиялық тобы.
Тәрбие әдістері- тәрбие мәселелерін шешуге бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің біріккен әркеттердің тәсілдері.
Сендіру- (әдіс ретінде) қоғамдағы, жеке адамның өміріндегі түрлі жағдайларды, фактілерді түсіндіру, көзқарасты қалыптастыру мақсатында оқушылардың санасына әсер ету жолы.
Жаттығулар- тәртіп негізінің тұрақтылығын орнату үшін көптеген қайталау әркеттер тәсілдерінің іске асуы.
Мұғалім- жалпы білім беретін оқу орындарыда оқушыларды оқытып, тәрбиелеу қызметін атқаратын маман.
Маман – бұл интеллигент, ой еңбегінің жоғары классификациялық жұмысшысы, жалпы және арнаулы білімдер, ептіліктер мен дағдылар, қажетті сапа мен қасиеттерден тұратын кешенді игерген тұлға.
Мақтау- оқушының тәртібінде, әрекетінде көрініс алған жақсы қасиеттерді мойындау, қолдау дұрыс бағалау.
Жазалау- тәртіп пен іс-әрекетке қарсы келетін қылықтарға сөгіс айту, теріс бағалау.
Көзқарас- адамның санасында әлемнің жалпы бейнесін айқындайтын және іс-әрекетін бағыттайтын философиялық, әлеуметтік-саяси көзқарастарының, сенімдерінің біртұтас ғылыми жүйесі.
Ізгілік- адамға басты құндылық ретінде өтетін саналы, түсінушілік қатынас.Тұлғаның адамгершілік-психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.
Оқушының кәсіби бағдары- жастардың кәсіби бағдарын анықтауға, өзін-өзі тануға көмектесетін әлеуметтік-экономикалық, психологиялық-педагогикалық, медициналық, техникалық, өндірістік шаралар жүйесі.
Эстетикалық тәрбие-баланың қоғамдық өміріндегі, табиғаттағы, еңбектегі, тұрмыстағы, көркемөнердегі білім мен талғамын қалыптастыру, әсемдікті дұрыс қабылдау, түсіне білу қабілетін тәрбиелеу процесі.
Импринтинг- адамның өмірде мәнді объектілердің ерекшеліктерін рецепторлық санааралық деңгейде бекітуі.
Экзистенционалды қысым- беделді адамдармен әрекеттесу барысында тілді, әлеуметтік тәртіп нормаларын санасыз меңгеру.
Рефлексия-әртүрлі институттарға, қоғамға, отбасына, құрдастарға қатысы бар құндылықтарды адамның өзімен-өзі диалогқа түсіп қабылдауы не қабылдамауы, бағалауы, қарастыруы.
Идентификация (сәйкестендіру)-адамның өзін басқа адаммен, топпен, үлгімен санасыз сәйкестендіру процесі.
Тәрбие ұйымдары- белгілі жастағы топтарға әлеуметтік тәрбие беру мақсатында құрылған арнайы мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер.
Отбасы- кішігірім әлеуметтік адамдар тобы, бір-бірімен некелік, туыстық байланыс арқылы бірігіп және бір-бірінің алдында моральдық, материалдық, тұрмыстық жауапкершілігі бар.
Отбасы тәрбиесі- нақты отбасы жағдайында ата-ананың басқа туыстарының ықпалы арқылы берілетін тәрбие мен білім беру жүйесі.
Психоданалық-психикалық зақымның әсерінен болатын психиканың бұзылуы.
Инфантильдік- ересек адамның психикасында, тәртібінде балаға тән ерекшеліктердің сақталуы.
Ізгілік тәрбиесінің мақсаты- адамның өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі танытуға қолайлы жағдай жасау.
Өздік- тұлғаның даралық дамуының деңгейін көрсететін ішкі дамуының көрінісі.
Өзін-өзі тәрбиелеу- адамның өзін-өзі тұлға ретіндегі жетілдірудегі саналы әрекеті.
Теория белгілі бір құбылысты анықтаумен түсіндіруге арналған көзқарас, иедялардың жиынтығы.
Концепция (тұжырымдама) – негізгі идеяларға топтастырған зерттеу нысанына қатысты бар көзқарастың жүйесі.
Жетекші идея – алынатын мәліметтерді, фактілерді түсіндіреді, зерттеу қызметтің нақты мазмұнын, нысанын және әдістерін белгілейді.
Оқыту – нәтижесінде адамның білім алуы жүзеге асырылатын, мұғалім мен оқушының бірлескен мақсатты әрекеті.
Арнаулы педагогикалық мағынадағы тәрбиелеу – мақсатты түрде адамның жеке басның дамуына оның қарым – қатынасына, сеніміне, көзқарасына, мінез белгілеріне, қоғамдағы тәртібіне үнемі әсер етуі және оның нәтижесі.
Кең мағынада тәрбиелеу – (адамның қоғамдағы орнын табуы) – мақсатты түрде оқыту мен тәрбиелеудің әсерімен адамның жеке басының дамуы және оның нәтижесі.
Рефлексия – адамның өз санасындағы өзгерістер туралы ойлануы; әрекеттің жүру барысы мен аяқталуын қорытындылап баға беру үрдісі.
Құзырет – (лат. «сompeteo» – жетемін, сай келемін, жараймын) белгілі бір сала бойынша білім, білік, дағдылардың, тұлғалық сапалардың жиынтығы.
Құзырет – білімге, тәжірибеге, құндылыққа, бейімділікке негізделген оқу арқылы алған білім алушының жалпы қабілеті .
Құзыреттілік – қандай да бір салада өмірдегі немесе кәсіби міндеттерді шешуге қолданылатын жинақталған қабілеттілік.
Педагогикалық құзырлығы деп, педагогикалық қызметті жүзеге асырудағы теориялық және практикалық дайындықтың бірлігін айтады.
Қарым – қатынас – адамдар арасындағы бірлескен іс-әрекет қажетті-лігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс.
Педагогикалық қарым-қатынас – бұл оқытушы мен оқушының сабақта, не сабақтан тыс ( оқыту және тәрбиелеу үрдісінде ) іскерлік қарым-қатынас- ты нақты педагогикалық функцияға жайлы психологиялық климат құруға, әрі оқу қызметкерлерлігімен педагог және оқушының қатынасын қалыптастыруға жағдай туғызады ( А.А.Леонтьев ).
Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз - оқушының тұлғалық іс-әрекеттік дамуына бағытталған және сонымен бірге оның өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі жетілдіруінің негізі болып табылатын мұғалімнің тәрбиелеуші және оқытушы ықпалы болып табылады.
Педагогтік білім беру - мұғалімнің арнайы педагогтік даярлығы.
Педагогикалық деонтология-(грек.) – педагогтың кәсіптік тәртібі туралы ғылым. 19 ғасырда ағылшын философы И.Бентам енгізген.
Педагогикалық техника- мұғалімнің қызметінде көрніс беретін ішкі және сыртқы қабілеттерінің жиынтығы.
Педагогикалық шығармашылық- педагогикалық процесінің үнемі өзгеріп тұратын жағдайында балалармен қарым-қатынаста мұғалімнің оңтайлы және ұтымды педагоггикалық шешімдер тауып, жүзеге асыруы.
Педагогикалық қабілеттер- мұғалімнің педагогтық қызметте жоғары нәтижелерге жетуін қамтамасыз ететіндей даярлық-психологиялық ерекшеліктері мен кәсіптік тұрғыдан маңызды қасиеттерінің жалпылама жиынтығы.
Педагогикалық жүйе- жеке тұлғаға білім беру, дамыту мақсатында бір-бірімен біріккен көптеген құрылымдардан, компонентінен тұратын педагогикалық процесс.
Этика- Мораль туралы ілім,оның мәнін, формаларын, пайда болуын зерттейді.
Педагогикалық этика-этика ғылымының бір бөлігі.Педагогикалық процесте көрніс алатын моральдің спецификалық түрі. Мұғалімнің қызметінде көрніс алатын адамгершілік әрекетінің аспектілері.
Адамгершілік тәрбиесі- тәрбиеленушілердің қоғамдық мораль талаптарына сәйкес адамгершілік қасиеттерін мақсат көздеп қалыптастыру үшін олардың санасына, сезіміне, тәртібіне ықпал ету.
Ізгілік- адамға басты құндылық ретінде өтетін саналы, түсінушілік қатынас.Тұлғаның адамгершілік-психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.
Педагогикалық адамгершілік. Оған оқытушының гуманистік бағыттылығы жатады және оның құндылықтық бағдарларын, идеялары мен қызығуларын іске қосады. Адамгершілік педагогикалық позицияда көрінеді,
Кәсіби парыз- мұғалімге қоғамның, педагогикалық ұжымның, оқушылардың қоятын талаптардың жынтығы. Оларды сақтау мұғалімнің ішкі моралдік қажеттілігіне айналуы. Мұғалімнің ең жоғары адамгершілік парызы -бұл мұғалімдік мәртебені жоғалтпау.
Кәсіби жауапкершілік-әлеуметтік жауапкершілік, оқушының, кәсіби қызметінің алдындағы жауапкершілік, өзін-өзі қызметтінің талаптарына сай ұстауы.
Кәсіби әділдік-әрбір оқушының құқығын сыйлау, қабылдау,оларды бөлмеу, бәріне әділ баға беру,әділ шешім қабылдау.
Кәсіби оптимизм- ісіне, оқушыға сеннімен қарау.
Кәсіби ар-ождан,ұят- оқушылар алдында өзінің парызын, жауапкершілігін сезіну, ішкі қажеттілікке айналуы, іс әрекетте көрніс алуы. Ұяттан арылған мұғалім өзінің кәсіби қызметін сапалы орындай алмайды.
Кәсібіне берілгендік- өз ісін сую, қызметіне шексіз берілу.
Шеберлік- дегеніміз оқытушының жоғары деңгейде кәсіби қызметін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерінің жиынтығы.Э. А. Урунбасарова.
Инновация - жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз.
Практикум. Мұғалімнің кәсіби – тұлғалық өзін -өзі анықтау және өзін - өзі жетілдіру тренингтері.
