Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Педагогикалы мамандыа кіріспе Дріс-1.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.1 Mб
Скачать

Педагогикалық мәдениетсіз педагогикалық қызметтің нәтижесі төмен.

Педагогикалық мәдениет -мұғалімдік қызметке қажетті компоненттердің барлық жағынан:

адамгершілік, кәсіби қабілеттердің , мүмкіндіктердің жоғары деңгейдегі жиынтығы және сондай деңгейде дамуы, жетілуі, олардың іске асудағы мұғалімнің жеке тұлғалық күші, қабілеттерімен мұмкіндіктері. В.Г.Крысько

Педагогикалық мәдениеттің компоненттері:

Педагогикалық бағыт,қызығушылық,қажеттілік;

Жан -жақты даму деңгейі ( адамгершілік,ақыл ой, эстетикалық )

Педагогикалық шеберлік; Үнемі жетілуге бағыт ұстау;

Қарым қатынас мәдениеті , тәртібі, педагогикалық әдебі ;

Мұғалімнің дербестігі;

Жалпы және педагогикалық эрудициясы және құзырлылығы;

Мейрімділігі,ақкөңілдігі,қызметке берілуі.

Қызметті нәтижелі атқаруға қажетті қасиеттер;

Максималды икемді болуға ұмтылу;

Эмпатиялық қабілеті,оқушылардың қажеттілігін ескеріп орындаудағы шапшаңдығы; Сабақ берудегі өзіндік ерекшелігі;

Тәрбиеленушілердің « Мен» -концепциясының дамуына көмек көрсету, қолдау, Оқушыларды басқара білу, өзін- өзі меңгеру іскерлігі;

Тәрбиеленушілермен неформалдық қарым қатынас стилін меңгеру;

Ақкөңілдік, өзіне-өзі сенімділік, өзін -өзі меңгеру, эмоционалдық ұстамдылық;

Дау- дамайлық жағдайларда зорлықсыз шеше білуі;

Басқа адамдардың дініне, дәстүрлеріне құрметпен қарай білу; толеранттылық;

Креативтігі; Рефлексияға қабілеттілігі.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.

  1. Педагогика ғылымының бөлімі ретінде кәсіби педагогикалық этика мазмұны мен пәнін не құрайды?

  2. Педагогикалық этиканың негңзгң категорияларына сипаттама беріңіз?

  3. Мұғалімнің педагогикалық мәдениеті дегеніміз?

  4. Мұғалімнің жалпы және кәсіби мәдениетінің өзара байланыстылығы мен өзара тәуелділігін ашыңыз?

  5. Мұғалімнің кәсіби педагогикалық мәдениетін қалыптастыру жолдары қандай?

Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:

1. Білім беру қандай құндылыққа жатады?

  1. Материалдық.

  2. Діни.

  3. Жалпы азаматтық.

  4. Ғылыми.

  5. Ұлттық.

2. Гуманистік бағытты педагогикаға негіздеген кім?

  1. А.С.Макаренка.

  2. Д.Н.Дьюи.

  3. К.Роджерс.

  4. Н.К.Крупская.

  5. В.А.Сухамлинский.

3. Адамға қажетті жалпыланған бағалы заттар, құндылықтар туралы философиялық білім қалай аталады?

  1. Педалогия

  2. Гносеология

  3. Аксеология

  4. Физиология

  5. Психология

4.Қоршаған өмірдегі объектінің адам, топ,қоғам үшін, олардың қажеттілігіне, қызығушылығына байланысты бағалануы қалай аталады?

  1. Білім

  2. Сенім

  3. Құндылық

  4. Тәрбие

  5. Оқу

5.Мектепте оқушыларды қандай құндылықтарға мақсат көздеп тәрбиелемейді?

      1. Білім

      2. Мәдени

      3. Діни

      4. Ұлттық

      5. Материалдық

6.Кеңес дәуірінде қандай құндылықтарға мән берілмеді

  1. әлеуметтік

  2. жалпы азаматтық

  3. ұлттық

  4. материалдық

  5. мәдени

7.Тәрбие процесінің мазмұнына енбейтін құндылықты көрсетіңіз.

  1. Адамға деген қатынас

  2. Дінге деген қатынас

  3. Өмірге деген қатынас

  4. Қоғамға деген қатынас

  5. Еңбекке деген қатынас

8.«Аксиология» деген не?

  1. Білім туралы ілім

  2. Құндылықтар туралы ілім

  3. Мәдениет туралы ілім

  4. Тәрбие туралы ілім

  5. Оқыту туралы ілім

9.Ұлттық құндылықтарға не жатады?

  1. Қоғамдық-саяси құндылықтар

  2. Жалпы азаматтық құндылықтар

  3. Материалдық құндылықтар

  4. әлеуметтік құндылықтар

  5. салт-дәстүрлер

10. Кәсібіміздің ең маңызды элементі

    1. Педагогикалық әдеп

    2. Ұстаздық талант

    3. Ұстаздық шеберлік

    4. педагогикалық техника

    5. кәсіби шығармашылық

11. «Адамға барынша талаптар қою керек, бірақ сонымен бірге оны барынша құрметтеу керек»- деп айтқан кім?

  1. К.Д.Ушинский

  2. В.А.Сухомлинский

  3. С.Т.Шацкий

  4. А.С. Макаренко

  5. И.С.Синица

12. Адамгершілік, кәсіби қабілеттердің , мүмкіндіктердің жоғары деңгейдегі жиынтығы және сондай деңгейде дамуы, жетілуі, олардың іске асудағы мұғалімнің жеке тұлғалық күші, қабілеттерімен мұмкіндіктері.

  1. Педагогикалық мәдениет

  2. Педагогикалық шеберлік

  3. Педагогикалық тәжірибе

  4. Педагогикалық толеранттылық

  5. Педагогикалық құзіреттілік

13. Әдептілік деген не?

  1. Мәдениеттілік

  2. Басқа адамдарға жақсылық тілеу

  3. Басқа адамдарды түсіне білу

  4. ашу шақырмай өзін ұстай білу

  5. барлық жағдай да шамадан тыс кетпеу

14. Педагогикалық әдеп және оның мәні

  1. оқушыны түсіну және оған көмек беру

  2. ұжымда қарым – қатынас жасауда жағымды психологиялық ахуал жасай білу

  3. мұғалімнің сыпайылылығы

  4. оқушыны түсіне білуі, кешірімді болу

  5. мұғалімнің ақ көңілдігі, қарапайымдылығы

15. Адамгершілік қасиеттеріне төмендегілер жатады … ( жатпайтынын белгіле)

  1. ізгілік, парасаттылық

  2. әдептілік, арлылық

  3. қарапайымдылық, төзімділік

  4. өзімшілдік,

  5. мейрімділік, ізеттілік

16 .Адамгершілік тәрбиесінің негізін құрайды…

  1. эстетика

  2. этика

  3. педагогика

  4. философия

  5. психология

17.Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттеріне не жатады

  1. ерік- жігерді қалыптастыру

  2. парасатталық пен ар – ұятты тәрбиелеу

  3. әдептілікке тәрбиелеу

  4. адамгершілік сезім, сана, мінез- құлық нормаларын қалыптастыру

  5. мәдениеттілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу

18.Мұғалімдік мамандықтың шебері болудың негізгі белгісі:

  1. міндеттерді шешудің тиімді жолдарын табу.

  2. оқушының ішкі дүниесіен тани білу.

  3. өз пәнін жақсы білу.

  4. сабақты тыңдауға, білімді қабылдауға оқушыларды әзірлеу.

  5. кәсіптік білім, біліктілік, әдептілік

19. Мұғалімдік мамандықтың ең маңызды элементі:

  1. әдеп

  2. педагогикалық техника

  3. педагогикалық сана

  4. кәсіптік білім, біліктілік

  5. педагогикалық шеберлік

Дәріс 8. Тақырып: Педагогикалық қарым-қатынас шығармашылық процесі ретінде.

Жоспар:

1. Қарым-қатынас ұғымына түсінік беру.

2. Педагогикалық қарым-қатынас.

3. Педагогикалық қарым-қатынастың функциялары, стильдері.

1. Қарым – қатынасадамдар арасындағы бірлескен іс-әрекет қажетті-лігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс.

Қарым – қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады.Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани іскер, т.б. деңгейлері болады.

Негізгі қызметі:

1) ақпараттық-коммуникативтік ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі танумен байланысты;

2) реттеуші-коммуникативтік адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру;

3) аффективтік-коммуникативтік адамның эмоционалдық аясымен байланысты;

Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты - өзара түсіністік-ке қол жеткізу.Қарым-қатынас жасауда қарым-қатынасқа түскен адамды тың-дап, түсіне білудің маңызы зор.Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді.

Қарым-қатынас – адамзат өмірінің аса маңызды және негізгі сферасы болып табылады.Ал қарым-қатынас мәдениеті – қоғамдық қажеттіліктер негізінде туатын әр адамның білім, тәрбие және әлеуметтену деңгейін көрсететін, мінез-құлық мәдениетінің құрамдас бөлігі.

Қарым-қатынас туралы түсінік және оның құрылымы туралы алғаш ұсынған 1970 жылы Б.Д.Парыгин.Ол қарым-қатынастың негізгі өлшемдерін атап өтті:

1. Психикалық контакт ( тұлғаның бірін-бірі қабылдауы ).

2. Хабар алмасу вербальді және вербальді емес қарым-қатынас.

3. Өзара әсер, өзара бірлескен іс-әрекет.

Бұл мәселенің мәнін И.М. Сеченов « Адамгершілік сезімдерді дамыту үшін қажет », - деді.Алғаш эксперимент жүргізген В.М.Бехтерев еді.Кейін А.Ф. Лазурский, Л.С.Выготский, В.Н.Мясищев өз үлестерін қосты.

Б.Г.Ананьев қарым-қатынастың рөлін « еңбек арқылы пайда болған әлеуметтік-тарихи дамудың жемісі », - деп атап көрсетті.

2. Педагогикалық тәжірибені талдай отыра тәрбие және оқыту міндеттерін шешуде туындайтын қиындықтар қарым-қатынасты дұрыс орната алмаудан туындайтынын көрсетеді.

Педагогикалық қарым-қатынас бұл оқытушы мен оқушының сабақта, не сабақтан тыс ( оқыту және тәрбиелеу үрдісінде ) іскерлік қарым-қатынас- ты нақты педагогикалық функцияға жайлы психологиялық климат құруға, әрі оқу қызметкерлерлігімен педагог және оқушының қатынасын қалыптастыруға жағдай туғызады ( А.А.Леонтьев ).

Педагогикалық.қарым-қатынас түрлері: тікелей қарым-қатынас, жанама қарым-қатынас, тұлға аралық қарым-қатынас, бұқаралық қарым-қатынас

Педагогикалық қарым-қатынаста кездесетін қиындықтар:

  • Байланыс орната алмау:

  • Сабақта оқушылардың қарым-қатынасын басқара алмау;

  • Педагогикалық міндеттерге сәйкес қарым-қатынасты құрастыра және өзгерте алмау;

  • Оқушының ішкі психологиялық позициясын түсінбеу;

  • Өзінің психикалық жағдайын басқара алмау т.б

Педагогикалық қарым-қатынас өзінің ерекшелігі бар, педагогтық қызметте ең бірінші бейне ( имидж ) болу керек.Егер дәрәсті белсенді, сыйлы оқытушы оқытса, студенттің пәнге деген қызығушылығы арта түседі.Бірақ ол үшін оқытушы өз беделін әрқашан сақтау керек.Жас оқытушы студенттік аудито-рия назарын өзіне аудару үшін көп ізденіп, көп жігер болу керек.Қазіргі кезде тек қана оқытушы рөлінде алда отырған оқушылар алдында беделді бола алмайсың, сондықтан әрқашан ізденіп, сөзі мен ісінде бір болу керек. Техно-логия түрлерін білген жағдайда ғана педагог белгілі жағдайларда дұрыс мінез-құлық ұйымдастырады.Ол үшін оқытушы қатынас құрылымын, адекваттық тапсырмалар мен ерекше педагогикалық ситуациялар туғызуда психологиялық, мимикалық, тілдік, қозғалыс және т.б. жүйелі қабылдаулар қолданады.Бұндай қарым-қатынас әрекеті үшін ынталылық керек. Ынталы-лық педагогикалық қарым-қатынаста педагогтың басты бір қатынастық мақсаты басты болып саналады.Ынталылық бұл жерде педагог қатынасты ұйымдастырушы ретінде екі түрлі болады, студент үшін оқытушының сөзі, бағыты, өзіне деген көзқарасы ең басты болады.Оқытушының ауыз сөздегі шешендігінде оның ерекшелігі.Оқытушы – маман ретінде ешқашан кітаптан не не сабақ конспектісіне қарамау керек.Оқушы тыңдап отырып, алдындағы оқытушының аузынан шыққан сөздер өмірге жаңа ғана туындағанына көзі жеткендей болады, сөзі әрі бай, түсінікті, көркем әрі қанық болу керек.

М.М.Рыбакова жасөспірімдер мен мұғалімнің өзара қарым-қатынасының бес түрін саралайды:

  1. Диктаттық қатынас - қатаң тәртіппен ресми қарым-қатынас негізінде білімге ерекше талап қою;

  2. Нейтралды қатынас – оқушылармен интеллектуалдық-танымдық деңгейде еркін қатынас жасау, мұғалімнің өз пәніне ерекше ден қоюы, қабілеттілік;

  3. Қамқорлық қатынас – мезі етерліктей тым ебектеу, оқушының өзіндік әрекетіне шашына қарау, ата-аналармен үнемі байланысын үзбеу;

  4. Конфронтациялық қатынас – оқушыларды іштегі жек көру, жұмысқа үнемі қанағаттанбау, менсібеушілік үнмен сөйлесу;

  5. Ынтымақтастық қатынас - барлық істі бірлесе жүргізу, бір-біріне қамқорлық жасау, оптимизм және өзара сеніммен қарым-қатынас жасау.

Қалай болғанда да мұғалім сабаққа дайындықты пәні бойынша өтілетін теориялық тақырыпты қалай меңгерту, қандай көркекілік пайдаланамын, оқытуды тек қана бағдарламадай қалмау деп түсінбей, оқушының білімінің қатар ақыл-ойын, адамгершілік қасиетін, жеке тұлға ретінде өзара қарым-қатынасын қалай қалыптастырамын деген мәселені де жүзеге асырудың жодарын іздестіру деп түсіну қажет. Өйткені психологтардың айтуынша, мұғалім мен оқушының өзара тіл табысуға ұмтылуы тек оқушының өсуіне ғана емес, мұғалімнің де қыр-сырына терең байлауына мүмкіндік туғызады. Оқушылардың оқу мотивтерінің қалыптасуы туралы мәселелерді әр қырынан қарастырып зерттеп, зерделеген ғалым А.К.Макаровтың пікіріне сүйене отырып жасалған тұжырым бойынша бұл тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізіп отыратын мұғалімдердің оқушымен арасындағы адамгершілік қатынастарында мынадай талаптар есерілуі тиіс.

  1. Оқушыларды іріктеп бөлу емес, сабақ үстінде байқалған жағымсыз әрекеттерді болдырмау үшін олардың психологиялық даму процесін бақылай отырып, тиісті жұмыстар шараларын анықтау.

  2. Әр баланың психикалық ерекшеліктерін зерттегенде оны өзгемен емес, өзімен-өзін, яғни бұрынғы қалпы мен бүгінгі дейінгі қалпын салыстырып отыруға көңіл бөлу.

  3. Сырттай қарағанда бірдей көрінетін құбылыстардың ішкі себептерін анықтауға ұмтылу. Мәселен сабаққа құлқы жоқ балалардың оқымауының әр түрлі себебі болады: бірі – оқу іскерлігінің қалыптаспауынан; екіншісі - өзінің оқудағы мақсаты не екенін білмейді; үшіншіден – еш нәрсеге қызықпайтын сылғырттықтан көңіл бөлгісі келмейді, т.б. Кейде тіпті бала белсенділігінің астарында мақтангершілік, тек қана баға алу ниеті жатуы да мүмкін. Ал жауап беруде өзін-өзі сын көзімен қарап, жоғары талап қоятын, көзге көп түсуге ұмтылмайтын ұстамдылықтың әсерінен белсенділік таныта қоймайтын баланы психологиялық ерекшеліктерінің де ара жігін ажырата білу талабы да көп мәнге ие.

  4. Оқушының мотивациясын жеке тану үшін мұғалімнің жеке басының қасиеттері де үлгілі, өзгелерді құрметтеу сезімі жоғары, мақсатқа жету жолында табанды болумен қатар психологиялық тұрғыда сауатты, балалардың жас ерекшеліктерін мейлінше терең білетін, соған сай қажетті әдістерді қолдана алатын білікті маман ретінде де танылуы – жұмыс нәтижелігін өсіретін алғы шарттың бірі.

  5. Мотив қалыптастыру дегеніміз – мұғалімнің дайын мотивтер мен мақсаттарды оқушының басына “Көшіруі” емес, ол – оқушылардың белсенділігін туғызатындай жағдайлар жасау, оқуға деген ұмтылысын оятатын ішкі қозғаушы “тетіктерді” жандандыру, оқушының білім-тәжірибесі мен мотивациялық даму деңгейіне сай келетін жұмыс түрлетін іріктеу, оларды оқушылардың сапалы орындауында мүмкіндік туғызу.

Осындай талаптар ескерілген жағдайда мұғалім мен балалардың өзара бірігуіне, бір-бірін тануына жол ашылмақ.