Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Педагогикалы мамандыа кіріспе Дріс-1.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.1 Mб
Скачать

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.

  1. Әдіснама дегеніміз не?

  2. Әдіснамалық ілім қандай формаларда жүргізіледі?

  3. Педагогикалық зерттеу деңгейлеріне сипаттама беріңіз?

  4. Ғылыми ізденістердің негізгі звеноларына сипаттама, олардың міндеттері мен өзара байланысына түсініктеме бер?

Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:

1.Педагогикалық болмысты түрлендіру және танымның әдісі, принциптері, формалары, процедуралары туралы ілімді:

  1. Философия дейміз.

  2. Методология дейміз.

  3. Педагогика дейміз.

  4. Психология дейміз.

  5. Логика дейміз.

2. Оқытудың әдіснамалық негізі не болып табылады?

  1. Таным теориясы.

  2. Іс-әрекет теориясы.

  3. Басқару теориясы.

  4. Жеке тұлға теориясы.

  5. Құндылықтар теориясы.

3. Мұғалім-зерттеушінің нақты айналысатыны:

  1. Зерттеудің мақсаты.

  2. Зерттеудің пәні.

  3. Зерттеудің тақырыбы.

  4. Зерттеудің объектісі.

  5. Зерттеудің мәселелері.

4. Педагогикалық болмысты сипаттаудың алғашқы қадамы неден басталады?

  1. Тәжірибелік сипаттаудан.

  2. Теориялық сипаттаудан.

  3. Эмпирикалық сипаттаудан.

  4. Эвристикалық сипаттаудан.

  5. Монографиялық сипаттаудан.

5. Педагогикалық зерттеудің болжамын не арқылы тексереді?

  1. Анкета жүргізу арқылы.

  2. Педагогикалық эксперимент арқылы.

  3. Ранжирлеу арқылы.

  4. Интервью алу арқылы.

  5. Педагогикалық бақылау жүргізу арқылы.

6. Зерттеудің ұғымдық аппаратының этимологиялық талдауы қандай зерттеуге жатады?

  1. Феноменологиялық зерттеуге.

  2. Терминологиялық зерттеуге.

  3. Герменевтикалық зерттеуге.

  4. Дидактикалық зерттеуге.

  5. Логикалық зерттеуге.

7. Педагогикалық зерттеу неден басталады?

  1. Тақырыптың жаңалығын анықтаудан.

  2. Тақырыптың практикалық маңыздылығын сипаттаудан.

  3. Зерттеудің проблемасын анықтауынан, сипаттауынан.

  4. Зерттеудің әдістемесін құрудан.

  5. Педагогикалық эксперименті ұйымдастырудан, өткізуден.

8. Не педагогикалық зерттеудің болжамы болып саналады…

  1. Жаңалық

  2. Гипотеза

  3. Тәжірибелік мәні

  4. Мақсат

  5. Фактілер

9.Педагогика ғылымының әдіснамасы – ол:

  1. Жеке тұлғаны әлеуметтендіру туралы ілім

  2. Педагогикалық процесс туралы ілім

  3. Ғылыми-таным әрекеттерінің принциптерінің құрылымы

  4. Оқыту мен білім беру туралы ілім

  5. Тәрбие мен білім беру туралы ілім

10. Бақылау дегеніміз?

  1. Белгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы түрде зерттейдің таным әдісі

  2. Мақсатты түрде мәлімет жинау

  3. Мәліметтерді салыстыру арқылы қолданылатын әдіс

  4. Оқушыға ықпал ету әдісі

  5. Оқушыны түсініп көмек көрсету үшін қолданылатын әдіс

11. Педагогикалық ғылыми зерттеу әдісіне жатады

  1. Бақылау,әңгіме, эксперимент

  2. Түсіндіру, әңгіме, эксперимент

  3. әңгіме, жаттығулар, үлгі өнеге

  4. үлгі өнеге, талап қою,эксперимент

  5. сауалдама, тест, мадақтау

12.Педагогиканың әдіснамасы нешеге бөлінеді

  1. 5

  2. 4

  3. 3

  4. 2

  5. 6

13.Сауалдама әдісі дегеніміз...

  1. оқушылардың таным белсенділігін туғызуға арналған әдіс

  2. оқушылардың әрекетін бақылау

  3. сұрақтау бойынша мәліметер жинау

  4. тестілеу әдісі

  5. оқыту әдісі

14.Әдіснамалық ілім неше формада жүргізіледі?

    1. 6

    2. 5

    3. 4

    4. 3

    5. 2

15.Бағытталу тұрғысынан педагогикалық зерттеулер неше топқа бөлінеді?

  1. 3

  2. 4

  3. 5

  4. 6

  5. 7

16. Бұл педагогикалық процестің кейбір тараптарын тереңдей тануға, алуан қырлы педагогикалық қызметтің заңдылықтарын ашуға бағдарланған істер.

  1. Болжам жоба

  2. Іргелі зерттеулер

  3. Қолданбалы зерттеулер

  4. Ғылыми – педагогикалық зерттеулер

  5. Прескриптивті әдіснама

17. Бұрыннан белгілі теориялық көзқарастарға негізделген нақты ғылыми – практикалық ұсыныстар дұрыстығын дәлелдеп, оларды практикалық айналымға қосу бағытында істелетін жұмыс.

  1. Болжам жоба

  2. Іргелі зерттеулер

  3. Қолданбалы зерттеулер

  4. Ғылыми – педагогикалық зерттеулер

  5. Прескриптивті әдіснама

18. Нәтижесінде педагогиканың теориялық және практикалық жетістіктерін қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады.

  1. Болжам жоба

  2. Іргелі зерттеулер

  3. Қолданбалы зерттеулер

  4. Ғылыми – педагогикалық зерттеулер

  5. Прескриптивті әдіснама

19. Ғылыми білімнің құрылымын, ғылыми білімді танудың заңдары туралы ілім, яғни теориялық бөлім.

  1. Прескриптивті әдіснама

  2. Дискриптивті әдіснама

  3. Жалпы әдіснама

  4. Арнайы әдіснама

  5. Жеке әдіснама

20.Іс-әрекетті басқаруға бағытталған ілім, яғни практикалық бөлім.

  1. Прескриптивті әдіснама

  2. Дискриптивті әдіснама

  3. Жалпы әдіснама

  4. Арнайы әдіснама

  5. Жеке әдіснама

Дәріс 7. Тақырып: Мұғалімнің кәсіби – педагогикалық мәдениеті.

Жоспар:

  1. Мұғалімнің кәсіби – педагогикалық мәдениет компоненттеріне сипаттама.

  2. Мұғалімнің педагогикалық әдебі мен шеберлігі.

  3. «Ұстаздық талант», «Педагогикалық техника» ұғымдарына жалпы түсінік

1. Адамның мәдениетттілігі оның рухани, моральдық, және эстетикалық кескін-келбетін көрсетеді, оның адамзат баласының мәдени құндылықтарын қаншалықты терең меңгергендігімен және оны қаншалықты дәрежеде өз игілігіне айналдыра алғандығымен сипатталады. Мұғалімінң жеке бас мәдениеті, адамгершілік тұлғасы, парасаттылығы мен азаматтық биіктігі – оның мәртебесін анықтайтын өлшемдердің бірі. Мұғалімнің педагогикалық мәдениеті- мұғалімінң тұлғалық күштерінің , онының қабілеттерінің және мүмкіндіктерінің мәні, педагогикалық іс-әрекеттің барлық компоненттерінің іске асырылуы мен дамудыңі жоғары сатысының жиынтығы. Мұғалімнің кәсіби - педагогикалық мәдениет компоненттері төмендегідей:

  1. Аксиологиялық компонент

  2. Технологиялық компонент

  3. Эвристикалық компонент

  4. Тұлғалық компонент

Аксиологиялық компонент – педагогикалық еңбектің құндылықтарын меңгеру және қабылдаудан тұрады:

    1. Кәсіби педагогикалық білім мен дүниетаным;

    2. Педагогикалық ойлау және рефлексия;

    3. Педагогикалық такт және этика

      • Педагогикалық мәдениеттің құрылымында дүниетанымдық компонент маңызды роль атқарады. Дүниетанымдық компонент педагогикалық тұжырымдарды қалыптастыру процесі мен нәтижесінен, мұғалімнің қызығушылықтары, құндылық-бағдары, ұстанымдарын анықтау процесінен тұрады.

  • Педагогикалық ойлау мәдениеті педагогикалық талдау және синтездеуді дамыту қабілеттерінен және ойлаудың сапаларын (сыни ойлау, дербестік, белсенділік, жылдамдық, байқағыштық, есте сақтау, шығармашылық елестету) дамытудан құралады.

  • Мұғалімнің адамгершілік мәдениеті – кәсіби педагогикалық этиканың зерттеу пәні болып табылады. Ол адамгершілік сана, адамгершілік сезімдерден құралады.

  • Адамгершілік мәдениеттің негізгі компоненттерінің бірі – педагогикалық такт. Педагогикалық такт – бұл мұғалім мен оқушы арасындағы адамгершілік қатынастар мақсатына сәйкес ұйымдастырылған мұғалімнің өзін-өзі ұстауы және оларға әсер етуі.

Технологиялық компонент -қарым-қатынас мәдениеті барысында білім беру процесіне қатысушылардың өзара әсер ету тәсілдері мен жолдарынан, сөйлеуден, ақпараттық және білім беру технологияларын қолданудан құралады.

Эвристикалық компонент

Педагогикалық мәдениеттің эвристикалық бөлігі мұғалімнің шығармашылығына негізделеді.

Эвристикалық білім беру іс-әрекеті төмендегілермен сипатталады:

  • Мұғалімнің тұлғалық білім беру потенциалы, жеке ерекшеліктері, мотивтері, мақсаттары негізінде жүзеге асады;

  • Мұғалімнің іс-әрекетіне сәйкес жаңа білім беру өнімін жасап шығаруына әкеледі;

  • Мұғалімнің іс-әрекетінде оны орындауға қажетті әдістер, құралдар және тағы басқа жағдайларды меңгеруіне байланысты субъективті қиындықтар мен мәселелер туынадатады

Тұлғалық компонент -педагогикалық мәдениеттің тұлғалық компоненті педагогикалық іс-әрекетті орындаудағы педагогтың өзінің қажеттіліктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын іске асыру барысында көрінеді.

Өзін-өзі іске асыру процесі өзін-өзі танудан, өзін-өзі бағалаудан құралады, олар мұғалім тұлғасының кәсіби- адамгершілік, интеллектуалдық потенциалын ашады.

  • Тұлғалық компонент өзін-өзі ұстау, кәсіби этикет, сөйлеу мәдениеті, киіну мәдениеті сияқтылардан құралады.

  • Мұғалім кәсіби этикетті сақтай отыра, белсенді түрде кәсіби қарым-қатынасқа түсу іскерліктерін де білуі тиіс.

  • Мұғалімнің сырт келбеті мұғалім мамандығына сәйкес ұқыпты, әсем, көрікті болуы тиіс.

Технологиялық компоненттің құрамдас бөліктеріне жатады:

  • Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, жоспарлау туралы білім, іскерліктер;

  • Педагогикалық ойлау;

  • Педагогикалық іскерліктер (гностикалық, перцептивті, конструктивті, жобалау, болжау, коммуникативті, ұйымдастырушылық);

  • Педагогикалық техника;

  • Педагогтың өзін-өзі реттеуі

2. Мұғалімнің педагогикалық әдебі мен шеберлігі.

Ұстаздық әдеп- мұғалімнің аса бағалы педагогтық қасиеті, адамдар ара қатынасының түрлі мағынасында қолданылады. Әдеп – адамдардың өзара жақсы қарым- қатынас жасауына жағдай. Әдепті адамдар басқаларға барынша жақсылық жасап, қуаныш әкелуді тілеп тұрады. Әдепті ұстаз басқа адамдармен, не оқушылармен қарым- қатынас жасағанда ақылға салып ойланып сөйлесіп, сергек болады.

Педагогикалық әдеп- кәсібіміздің ең маңызды элементі. Педагогикалық әдеп, педагогтық әдепсіздік бар. Бір мұғалімнің әдепсіздігі, басқа мұғалімнің тәрбие ісіне кесірін тигізуі мүмкін. Ұстаз педагогтық кәсіпті таңдаған соң педагогтық әдепті, білім мен іскерлікті саналы түрде игеріп, оқушыларды оқытуда, тәрбие беруде, адамгершілік этикасын жоғары ұстанған жөн: «Адамға барынша талаптар қою керек, бірақ сонымен бірге оны барынша құрметтеу керек» /А.С.Макаренко/.

Қазақтың ХХ ғасырдағы белгілі ағартушысы Жүсіпбек Аймауытовтың мұғалім қызметін сипаттайтын «Қазіргі қазақ мектебіне қажеттісі – тек білім беруші мұғалім ғана емес, сақтандырушы, қорғаушы, қамқоршы, яғни, баланы өмір сүруге үйретуші ұстаз болса, өмір сүруге үйретуді бір баспалдағы – оқушының қандай да бір қиын жағдайда шыға алатын шығармашылық қабілетін дамыту» - деген тұжырымдамасын мұғалім қызметінің негізгі ұстанымына айналдыратын уақыт жетті.

Педагогикалық жұмыста мақсатты тәрбие ісі мұғалімнің тәрбиелік қызметі арқылы іске асады. Ағартушы педагог ғалымдардың А.Байтұрсынов, С.Қалиев, Ә.Нысанбаев, Қ.Жарықбаев, Ш.Т.Таубаев, М.И.Ломоносов, Л.Т. Охитина, Н.П.Скальковская, Л.И.Рувинский, Ә.Табылдиев, Б. Барсай т.б. еңбектеріне сүйене отырып мұғалім мәдениеті мен шеберлігін, интеллектуалдығын төмендегідей бөліктермен анықтауға болады деп есептейміз.

  1. Мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті

  2. Мұғалімнің өзін - өзі басқару шеберлігі

  3. Мұғалімнің мимика және понтомимика шешендік қасиеті, дем алуы, дауыс дикциясы, интонациясы.

Бірінші мәселе бойынша сыртқы бейне мәдениетіне тоқталатын болсақ, ол төмендегінше сипатталады:

Сыртқы бейне мәдениеті.

1. Тұлға

- тік;

- тік және еркін отыру;

- ұқыптылық, жинақтылық;

2. Киім

- ұқыптылық

- қарапайымдылық;

- түсінікті гармония;

- киімнің жас шамасына, сабаққа және жұмысқа сәйкестілігі;

– Сән үлгілеріне сәйкес;

3.Грим (бояну)

4.Шаш үлгісі

5.Мимика.

- Өзіне - өзі сенімділік, сабырлық;

- Сөйлескендігі көзқарасыңыздың әңгімелесушіге бағытталуы;

- Эмоциялық мәнерлілік;

- Бет әлпетінің айтар ойға сәйкестігі;

6. Понтомимика

- Жест (табиғиғылығы)

- жүрістің ритмикасы, жеңіл, айқын болуы;

- қозғалыс

- қозғалыста селқостықты болдырмау, әр уақытта сергек жүру.

- шусыз отырып тұру

Педагогикалық қарым – қатынас мәдениеті.

1. Қарым – қатынасқа сабырлы, мәнерлі, мейрімді тонның сақталуы.

- Әңгімелесуші тыңдай білу;

- Сұрақ қоя білу;

- Өз сөзіңді талдай білу;

- Басқа адаммен бірінші болып қатынасқа түсуді үйрету;

- Келесі адамды түсіне білу;

- Кез келген жағдаяттық қарым – қатынаста өзіңді бақылай білу.

2. Көрермендермен қарым – қатынасқа түсуге үйрету.

- Сыныпқа қарап жұмыс істеу;

- Тыңдаушылардың реакциясын бақылау және ұғыну.

3. Өз сөзіңмен әңгімеге келесі адамды елітіп әкету.

- Еркін, таза және конспектіге қарамай сөйлеуге үйрету;

- Сөйлеуге, әңгіме бастар алдында мұғалімнің сыртқы келбеті әңгімеге дайындығының, тыңдаушының әңгімеге деген көзқарасын түсінуге ынтазарлығын көрсетеді;

- Өзіңнің сезіміңді әңгімелесушіге немесе тыңдаушыға бере алу қабілеті.

Өзін - өзі басқару, бақылау.

  1. Артық қобалжу, артық өзіне күш түсіруден аулақ болу.

  2. Сөйлер алдында пайда болатын шешімсіздікті жеңе білу;

  3. Жұмыста өзіңді іске шоғырландыру.

  4. Стрестік жағдайларда өзіңді өзің ұстай білу.

  5. Әрдайын жақсы көңіл – күй әуенін жасауды үйрену;

Сөйлеу мәдениеті.

Сөз екпінін сақтау, сөздің грамматикалық дұрыстығына көңіл бөлу.

  1. Сөз лексикологиясы (сөз байлығы)

  2. Сөздің мәнерлігі, бейнелілігі.

  3. Сөйлеу техникасы.

- Сөйлеудегі дауыстың маңызы, оны тәрбиелеу жолдары;

- Екпін қоя білу;

- Дауыс ырғағы (интонация);

- Үзіліс (пауза)

Балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісінде жалпы әдеп атаулыны педагогикаға кірістіріп пайдаланудың өзі педагогтық әдеп болып табылады. Әдетте, әдетті адамдарды оларды кішпейілділік, басқаны түсіне білушілік, жылы шырайлық, тапқырлық, елгезектік, өзгенің пікіріне құлақ асушылық, ұстамдылық, байсалдылық, әзілкештік сияқты мінез – құлық белгілеріне қарап тануға болады.

Әдепті мұғалім ересек адамдармен қалай сыпайлы және ілтипатымен сөйлессе, оқушылар мен солай тек ересектерден гөрі сақ және ықыласпен сөйлесу керек.

Педагогикалық әдептің негізі оқушыға деген шын ықыласты және олардың адалдық ар – ұятына деген көзқарасында жатыр. Қай мамандық болсын оның бір белгілі айырықша белгісі болады. Ол белгі адамның үйреншікті әдетінен, сөйлеген сөзінен, тіпті киім киісінен де байқайды.

Мұғалімнің кәсібінің ерекшелігі, ең алдымен оның педагогтық әдебіне жатады. Әнші үшін үн немесе музыкант үшін музыканы ұғыну қандай қажет болса, мұғалім үшін педагогтың әдебі сондай қажет.

Мұғалім жұмысында педагогтық әдеп сақталмайынша оқушылармен тіл табысу мүмкін емес, ал оқушылырдың тілін таппайынша оқу – тәрбие үрдісінде ілгерлеу жоқ. Белгілі психолог М.Д.Левитов атап көрсеткендей, педагог әдептен құр болса, оқушылар тәрбиесіне залалы тиеді, оларды, бойында кейін түзетуге қиын соғатын неше түрлі жаман әдеп – қылықтардың пайда болуына себеп неше түрлі жаман әдеп – қылықтардың пайда болуына себеп болады. М.Д.Левитовтың байқауынша, мұғалімнің әдеп әлемінен алыстығы оқушыны тұйықтыққа, сенімсіздікке, жаман оқуға бастап, тәртіп бұзуға итермелейтін, мұғалімге өшігіп, бәрін теріс істеуге бейім тұратын болып кетуі ықтимал. Педагогтың әдебі ілтипаттылық, сенім білдірушілік, әділдік төзім мен сабыр сақтау деген сияқты қасиеттермен өлшенеді.

Ұстаздық талант. «Талант» деген сөзді әркім әртүрлі ұғынуы мүмкін. Талант көбіне, ақын- жазушыларда, әртістерде, өнертапқыш адамдарда кездеседі. Ал, «Мұғалім болу талант па, ол әркімнің қолынан келе бермей ме?» - деген сұрақ тұрады. Ұстаздың бәрі бірдей талантты болып тумайды. Егер кез келген мұғалім ынта- ықылас қойып, табандылық танытатын болса, өз бетімен көп еңбектенсе, идеялық жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, өз пәнін жақсы білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете біліп, педагогикалық техниканы қалыптастыра алса, педагогикалық шеберлікке жету қасиеттеріне ие бола отырып, педагогтық кәсіпті жақсы меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе, онда талантты ұстаз бола алады.

Ұстаздық шеберлік ұстаздық талантпен тығыз байланысты.

К.Д.Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогтық әдептің қыр – сырын меңгермейінше бұған оның қолы жетпейтіндігін» айтады.

Педагогтық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан- жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол - әр сөзді оқушыларға жетакізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік: 1. мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі; 2. пәнді жетік білген, ойын оқушыға жеткізген, оқушылардың бойына әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі;

Оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін меңгерген, білгендерін қызықты да, тармақты өткізе алатын, педагогтық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады. Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техника деп аталатын мәселеге мән беріледі. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның жүріс – тұрысы, қозғалысы, отырып- тұруы оқушыларға ерсі болмайтындай дәрежеде болуы керек. Егер ол сыныпқа күлімдеп кірмей түйіп келсе, қол сілтеп, бей- берекет сөйлеп, өз-өзінен абыржып тұрса, жоқтан өзгеге ашуланып қалса, онда ол ұстаздың сабағын да оқушылар тыңдамайды, оқушылар алдында сенімнен де, абыройдан да айырылады. Сондықтан педагогикалық техникада әдеп, шек, сақтық, ұстамдылық, табандылық қажет. Қорыта келгенде , бүгінгі талапқа сай мектепте білім берудің жаңа саласына жету- мұғалімнің мейірімділігімен, білімімен, шеберлігімен тығыз байланысты. Өз мамандығына жан- жүрегімен берілген ұстаз ғана ұстаздық этиканы да, ұстаздық техниканы да, шеберлікті де жақсы меңгереді.