Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус 2014каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
116 Кб
Скачать
☆

1.8 Байланыс ақпараты:

Кафедраның мекен -жайы: Богенбай батыр к-сі, 492. Телефон:292-69-91

1.9 Пән үрдісі:

  1. Тәжірибелік сабақтарға, дәрістерге міндетті түрде қатысу.

2. Сабаққа қатысу үшін студенттерде келесі құжаттар болуы керек: санитарлық кітапша, медициналық халат, қалпақ, дәке маскасы, ауыстырып киетін аяқ киім.

3.Оқу үрдісіне белсенді қатысу; тәжірибелік сабақтың конспектісі мен теориялық материалдар өзінде болуы керек, тесттер мен ахуалдық есептерді шешу, пальпация, перкуссия, аускультация сияқты науқастарды объективтік зерттеу әдістерін меңгеру және қолдану.

4. Бір тақырып бойынша СӨЖ міндетті түрде орындау.

5. СӨЖ материалдарын (ахуалдық есеп, диагностикалау алгоритмі, емдеу кестелері) және СӨЖ тақырыптарын қорғау тақырыптық жоспарға байланысты бекітілген уақытында орындалуы

6. Тәжірибелік сабаққа қатыспаған жағдайда, студент сабақты деканаттың рұқсатымен тапсыруы керек, ол үшін тәжірибелік сабақтың сағаттық көлемінің 2/3 бөлігін клиникалық бөлімшеде жұмыс істеуі және 1/3 бөлігін жауапты оқытушыға ауызша жауап беруі қажет; тәжірибелік сабаққа қатыспауының себебі жоқ болса студент 0 балл алады.

7. Студенттердің науқастар және мен клиникалық базасының қызметкерлерімен сыпайы және орынды қарым-қатынаста болуы

8. Кафедра меңгерушісі немесе оқу бөлімінің меңгерушісі қатысуымен топтағы жанжалды жағдайларды ашық талқылау.

2. Бағдарлама.

2.1 Кіріспе: Жатыр мойнының және жатыр денесінің астарлас және обыралды ауруларының жиілігі айтарлықтай жоғары және уақыт өткен сайын азаятын емес, бұл аурулар жас әйелдердің арасында да таралып жатыр және олардың ұрпақ өрбіту денсаулыына әсер етуде. Жатыр мойнының және жатыр денесінің астарлас және обыралды ауруларының дамуы – бұл ұзақ және көпсатылы үрдіс. Әйел жыныс мүшелерінің обырын ерте анықтау және уақытында патогенетикалық негізделген ем тағайындау бұл дерттің дамуының алдын алады. Кольпоскопия нысаналы биопсия жүргізу үшін және обырдың ерте көріністерін анықтау мақсатында қолданылады. Қазіргі заманда жатыр мойны обырының арнайы алдын-алуы енгізіліп жатыр.

2.2. Пәннің мақсаты: Жатыр мойны мен денесінің ауруларының негізімен таныстыру, осы патология кезінде жүргізілетін зерттеу жане емдеу әдістері бойынша, науқастан анамнез жинау реттілігі бойынша, науқасты жалпы жане гинекологиялық тексеру бойынша, диагностикадақосымша әдістерді пайдалану және нәтижелерін бағалау бойынша, жатыр мойны мен денесінің ауруларын алдын алу шаралары бойынша студенттерге білім және тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру.

2.3. Оқыту тапсырмалары:

  • жатыр мойнының және эндометрияның астарлас аурулары туралы білім негізін қалыптастыру.

  • жатыр мойнының және эндометрияның обыралды аурулары туралы білім негізін қалыптастыру;

  • жатыр мойнының және эндометрияның астарлас және обыралды ауруларың зерттеу әдістерімен таныстыру

  • жатыр мойнының және эндометрияның астарлас және обыралды ауруларының арасында дифференциалды диагностика жүргізуді үйрету

  • жатыр мойнының және эндометрияның астарлас және обыралды ауруларың емдеу әдістерімен таныстыру

  • жатыр мойны мен эндометрияның обырының алдын алу шараларының негізгі ұстанымдарына үйрету

  • Науқастармен және қызметтестер арасында коммуникация дағдыларын қалыптастыру

  • Қазақстан Республикасындағы гинекологиялық науқастарды емдеуінің нормативті-құқықтық негізін қалыптастыру

  • Өзін-өзі білімін жетілдіру

2.4. Оқытудың ақырғы нәтижелері.

Студент келесі ақпараттан хабарландыру алу қажет:

  • Жатыр мойныны мен эндометрияның астарлас және обыралды ауруларының клиникасы, диагностикалық алгоритмі, емдеу әдістері туралы

  • жатыр мойны мен эндометрияның обырының арнайы алдын алу шаралары туралы

  • жатыр мойны мен эндометрияның фондық және обыралды аурулары бар науқастарды тексеру, жүргізу туралы

  • Науқастармен және қызметтестер арасында коммуникация дағдыларын қалыптастыру

  • Алдын-алу тексеру жүргізудің құқықтық аспектілері жөнінде

Студент келесі дағдыларға ие болады:

  • жатыр мойны мен эндометрияның астарлас және обыралды аурулары бар науқастарды сұрау

  • онкоцитологияға жағынды алу

  • кольпоскопия жүргізу, эндометрияның аспирациялы және нысаналы биопсиясын жүргізу

  • цитологиялық тексерудің нәтижесін бағалау

  • гистологиялық тексерудің нәтижесін бағалау

  • емдеу жоспарын құру

  • өзін-өзі оқыту және өзін жетілдіру

2.5 Реквизит алды:№ 2акушерлік іс және гинекология.

2.5 Реквизиттен кейін: акушерлік іс және гинекологиядан интернатура және резидентура кафедрасы