Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ажиханова Асия баламалы энергия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
31.3 Кб
Скачать

Энергия көздері және энергия көздеріне баламалар

Жер бетіндегі адамзаттың тіршілігі үшін әркез жылу мен қуат қажет. Осы қажеттілікті қамтамасыз ету үшін жылдар бойы ормандар кесіліп, жер қойнауындағы табиғи байлық пайдаланылып келді.

Дегенмен, жер қойнауындағы көмір, мұнай мен газдың қоры бір күні таусылары анық. Мәселен, «World Fact» кітабы авторларының пайымдауынша, әлемдегі мұнай қоры 2052 жылы таусылса, ал 2065 жылға қарай газ қорының да түбі көрінеді. Табиғат байлығының арқасында қамсыз күн кешіп отырған адамзат сонда не істейді? деген сұрақ бүгінде барлық елдерді алаңдатып отыр. Сондықтан баламалы энергия көзін іздестестіріп, күннен, судан, желден қуат ала бастады. Дегенмен, әлемде күн сайын жұмсалатын энергияның басым бөлігін табиғи қорлар қамтамасыз етіп отыр.

Бірақ көмір, мұнай мен газ – энергияның жаңартылмайтын қоры болғандықтан, ол күндердің күнінде таусылады. Ал су, жел, күн сәулесі –жаңартылатын энергия көзі,яғни олар қайта қалпына келетін табиғи ресурстардан түзілетін энергия көздеріне жатады.

Енді осылардың әрқайсысына жеке тоқталып өтейік.

Жел энергиясы. желдің энергиясын адамзат ежелден бері пайдаланып келеді. Жел диірмендерінің орта ғасырларда кең таралғаны белгілі. Оның өндіретін қуат күші үлкен болмаса да, адамдардың қажетіне жарағаны анық. Өткен ғасырдың 40-70 жылдары тұрақты түрде тоқ беріп тұратын желілердің дамуына байланысты, жел энегиясына деген қызығушылық төмендеген. Тек 80-жылдары АҚШ-та жел энергиясы өндірушілер үшін салықтық жеңілдіктер жасалғаннан кейін өндірушілер бет бұра бастады. Бүгінде жел генераторларының түр-түрі бар. 2012 жылғы деректерге сүйенсек, әлемдегі жел генераторларының қуаттылығы 282 ГВтт құраған. 2009 жылдан бері жел энергетикасының қуаттылығы 60-40 гигаваттқа артып отыр. Бұл АҚШ, Үндістан, Қытай, Германия елдеріндегі жел энергетикасының қарқынды дамуымен байланысты. Әлемдік энергетикалық қауымдастықтың мәліметі бойынша, бұл көрсеткіштер жылдан-жылға көтеріліп келеді.

Қазіргі кезде жел генераторларының басым бөлігі Еуропада орналасса, үштен бір бөлігі Азия елдеріне тиесілі. Қазақстанның географиялық орналасуы желден энергия алуға үлкен мүмкіндік береді. Осы бағытты дамытуға Үкімет те үлкен мән беріп, бесжылдық бағдарлама қабылдаған. Соның аясында ірі-ірі жел генераторлары орнатылып жатыр. Ғалымдардың айтуынша, Қазақстанда желдің орташа жылдамдығы 6 м/с асады. Сондықтан желден алатын қуат қорын 1 триллион киловатт/сағатқа бағалап отыр.

1839 жылы ғалым Александр Эдмон Беккерель фотогальваникалық әсерді ашқан соң, күн энергиясын пайдалану зерттеле бастады. Ал 44 жылдан соң Чарльз Фриттс күн энергиясын қолданатын алғашқы құрылғыны құрастырды. Әлем тарихында 1883 жыл күн энергетикасы дәуірінің туған жылы болып есептеледі. Содан бері әлемде күн сәулесінен қуат алу қарқынды дамып келеді. Қазақстан 2024 жылға қарай пайдаланылатын қуаттың 5 пайызын күн энергиясынан алуды жоспарлап отыр. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш қазірдің өзінде 2-5 пайызды құрайды. Күннен энергия алу ауа-райының құбылуына тікелей байланысты. Қазақстан аумағында күннің шығуы 2200-3000 сағат деп есептелінеді. Осы уақыт аралығында өндіріс ошақтарын біршама қуат көзімен қаматамасыз етуге болады. Ал су электрстансаларынан өндірілетін қуат көзі елде пайдаланылатын энергияның 10 пайызын қамтамасыз етеді.