Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖƏНЕ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
192.31 Кб
Скачать

100°С температурады қыздырылған топырақ езіндісін шайқап

оны тұндырады, ірі кесекшелері тұнған кезде, пастер түтікшесі

арқылы лайланған сұйықтықтан алып, залалсыздандыру ережесін

сақтай отырып, Китт – Тароцци ортасы бар пробирканы түбіне

жібереді. Пробирканың сыртына жазып, оны термостатқа қояды.

Одан соң өсіп шыққан микроорганизмдер колониясын санайды.

Сабаққа қажетті материалдар мен құрал – жабдықтар

Топырақ езіндісі, 45°С балқытылған салқандатылған ЕПА,

Китт – Тароцци ортасы, топырақ үлгісі, пастер түтікшесі,

градуирленген түтікшелер, Петри аяқшалары, спиртовкалар,

пробиркалар.

Тақырып. Генетикалық зерттеулердің сызбасы.

Бактериоциногендік құбылыс

Сабақтың мақсаты: 1. Бактериоциногендік құбылысты зерттеу

2. Бактериоциногенді түзетін штамдарды

анықтау

Бақылау сұрақтары

39

1. Микробтардың генетикалық өзгергіштік факторларының

сызбасы.

2. Бактериоциногения дегеніміз не?

3. Бактериоциногендік құбылысты қалай анықтайды?

4. Бактериоциногендік аймақ дегеніміз не?

Сабақтың мазмұны

Генетика – тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік жайындағы

ғылым. Генетика тұқымқуалаушылық механизмін ашады. Негізінен

белгілі емес келесі ұрпақты жаңадан өндірудегі потенциалды

қабілеттілік.

Микробтар генетиканы зерттеу үшін ең бір қолайлы үлгі,

өйткені:

1. Микробтарды ұрпақтар шапшаң (20 минутта бір рет)

ауысып отырады.

2. Ұрпақтардың саны орасан көп.

3. Гаплоидты

4. Зертхана жұмыс істеуге қолайлы.

Тұқымқуалаушылық – белгінің бір ұрпақтан екінші ұрпаққа

берілуіү тұқымқуалаушылықтың – тіршіліктің үздіксіз дамуы.

Өзгергіштік – организмнің жаңа белгілерге ие болуы, бұл матеиря

қозғалысы формасының біреуі.

ДНҚ тұқымқуалаушылықты тасмалдаушы. Ядроның

тұқымқуалаушылық қасиеті гендерде болады. Əрбір геннің белгілі

бір орны болады, немесе оны локус деп атайды. Гендер бір –

бірімен тіркескен, сонымен бірге бір ген өзгерсе, оған байланысты

екінші ген де өзгереді.

Цитоплазманың тұқымқуалаушылық қасиеті, оның ішінде

орналасқан ДНҚ түйіршіктері – плазмидтерде болады, сонымен

қатар бұл түйіршіктердің жаңа белгіні келесі ұрпаққа жеткізу

қабілеттілігі бар.

Бактериялар плазмиді экстрахромосомды (хромосома

сыртында) генетикалық элементтерден тұрады, яғни бактерия

клеткасында физикалық жағынан хромосомадан оқшауланған жəне

осы түрінде ұзақ сақталып, қайтадан жаңару қабілеті бар.

Плазмидтер көптеген бактериялар түрлерінен табылған, олар

мынадай туыстарға жатады; Salmonell. Shigella. Aerobacter.

Pseudomonas жəне т. б. əсіресе көбірек зерттелген бактериялар

40

плазмиді – F – фактор, R - фактор жəне бактериоциногенді фактор.

(Coli - фактор).

Плазмидтер құрамында жаңарғыштық ген болғандықтан

өздігінен жаңара (репликация) алады. Гендер бір клеткадан (донор)

екінші клеткаға (реципиент) ауысып отырады.

Бактериоциногендік плазмидтер – филогенетикалық

туыстығы жағынан бір – біріне жақын бактерияға жойқын əсер

ететін заттарды түзетін бактерияларды бақылап отыратын

плазмидтер. Бұл заттар бактериоционгендер. Бактериоционгендер

аты сондай заттарды түзуші микроорганизмдер атымен аталады. E.

coli – колицин, A. Aerogenes – аэроцин, J. pestis – пестицин, S.

Aureus – стафилококацин жəне т. б.

F – фактор, фертильдік фактор, жыныстық фактор – бұл

ұрпақтарға белгілерді беру қабілеттілігі. Бұнда ұрпақ саны

көбеймейді, қайта белгіні беріп отыру интенсивтілігі.

(қарқындылығы) артады.

R – фактор, трансмиссивті резистенттілік фактор немесе

алдын ала белігілі дəріге төзімділік. Микробтардың кейбір түрлері

антибиотикке сезімтал емес. Дəрілік резистенттілік плазмидтері

бактериялардың көптеген түрі мен туыстарынан анықталып отыр.

Генетикалық берілу – бұл жыныстық генетикалық

материалдың яғни донор бактериялардан реципиент бактерияларға

ДНҚ – ның берілуі.

Рекомбинация немесе жыныстық шағылысу. Еркек

клеткаларда əйел клеткасына ДНҚ – ның берілуі.

Трансформация – донор бактериялардан бөлінген ДНҚ – ның

реципиент бактериялардың хромосомасына берілуі.

Трансдукция – бірқалыпты фагтар арқылы бір клеткадан

екінші клеткаға генетикалық материалдың берілуі, яғни донордан

реципиентке берілу.

Лизогендік конверсия – бірқалыпты фаг ДНҚ клеткасымен

қосылатын болса, онда ол ген болып есептеледі.

Мутация – бактерия клеткаларының негізгі генетикалық

материалының өзгеруі.

Мутациялар кенеттен немесе эволюциялық жолмен, немесе

индукциялық, яғни жасанды болуы мүмкін. Кенеттен болған

өзгер4істер оң мутациялар болып есептеледі. Яғни оң мутациялар

кезінде клеткаларда қажетті белгілер пайда болады. олар эволюция

процесі кезінде пайда болуы мүмкін.

41

Ал индукциялық мутациялар көпшілік жағдайда теріс болып

келеді. Олар физикалық жəне химиялық мутагендердің əсерінен

пайда болады.

Бактериоциногения – ата – тегі туыстығы жағынан тым

жақын бактериялардың өсуін басып тастайтын заттар

(бактериоционгендер) түзетін бактериялардың қабілеттілігі.

Белгілі бір типі бактериоциндер түзетін бактериялар

қабілеттілігі өте тұрақты тұқымқуалаушылық белгісі болып

табылады.

Бактериоционгендік белсенділік Фредерик əдісі бойынша

мерзімі ұзартылған антогонизм тəсілімен анықталады.

Студенттердің өзіндік жұмыстары

1. Микробтың генетикалық өзгергіштік факторларының

сызбасын оқып, жазып алу.

2. Бір Петриаяқшасындағы Хоттингер агарына

бактериоциногендік (S. Tephimurium, S. Enteritidis) жəне

Микробтардың генетикалық өзгергіштік факторлары

Плазмидтер Генетикалық

тасымалдау

Мутациялар

1.Бактериоциногения

2. Фертильдік

F – фактор

3. Трансмиссивті R –

фактор

1.Рекомбинация

2.Трансформация

3. Трансдукция

4. Лизогендік

конверсия

Химиялық немесе

физикалық мутагендер

əсерінен бактерия

клеткасының өзіне тəн

генетикалық материа-

лының өзгеруі

42

бактериоциногендік емес (A. Punctata2, A. punctata 4)

батериялар штамын нүктелеп себу керек.

3. Оларды термостатқа 2 тəулікке қою керек.

4. Өскен культураларды хлороформ буымен өлтіру керек. Бұл

үшін ішінде өскен культурасы бар петри аяқшасының

қақпағын төмен қаратып, сол қақпаққа хлороформ тамызу

керек. Осылай 20 – 30 минут қалдыру керек.

5. Петри аяқшасына хлороформ əсер еткеннен соң оны аударып,

бактериялар культурасындағы бактериоциногендік

белсенділікті тексеру үшін бактериоцинге сезімтал Е. Coli – f

өскен ортаға ылғалдап алады да, Петри аяқшасындағы агар

бетіне бірқалыпты етіп жаяды, 5 минуттан соң қағазды

пинцетпен шығарып алады.

6. Петри аяқшасын бір тəулікке тормостатқа қояды.

(Екінші сабақта)

7. Бактериоционгения нəтижелерін зерттеп, дəптерге жазып қою

керек.

Бактериоциногендік аймақ деп – зерттелетін

бактериоциногендік штамның айналасында индикаторлық Е. Coli –

f штамның өсуінің тоқталуын айтады.

Қажетті материалдар мен құрал–жабдықтар

Ішінде Хоттингер агары бар Петри аяқшашы, ішінде ЕПА бар

пробиркаға себілген бактериоциногендік жəне бактериоциногендік

емес культуралар, физиолгиялық ерітіндідегі Е. Coli – f бір

тəуліктік культурасы, залалсыздандырылған Петри аяқшасы, сүзгіш

қағаздан жасалған залалсыздандырылған дөңгелекшелер,

пинцеттер бактериологиялық ілмешектер, спиртовкалар, шыныға

жазатын қарандаштар, термостат.

Тақырып. Микробтардың морфологиялық жəне культуралдық

өзгергіштігі

Сабақтың мақсаты: 1. Бактериялардың инволюциялық

формаларын анықтау.

2.Бактериялар диссоциациясы. S жəне R

формалы колониялар.

43

Бақылаусұрақтар

1. Бактериялардың инволюциялық формаларын қалай

анықтайды?

2. Бактерияларда диссоциация құбылысын қалай байқалады?

3. S жəне R формалы колониялар.

Сабақтың мазмұны

Сыртқа орта жағдайларынан микробтар өзгерісі тұрақсыз,

уақытша сипатты өтіп, ол өзгерістер тұқымға беріліп, бекіп қалуы

мүмкін. Бұндай өзгерістерді эксперименттік жолмен белгілі бір

бағытта əсер ету арқылы алуға болады.

Уақытша немесе тұрақты жаңа қасиеттер микробтардың

морфологиялық, культуралдық, биохимиялық, антигендік,

вируленттік жəне басқа да қасиеттерін өзгерткенде пайда болады.

мəселен, споралы микробтардың температура жағдайын өзгерте

отырып өсіргенде, споратүзетін қабілетінен айрылған формаларын

алуға болады. құрамындағы химиялық ингридиенттердің

концентрациясын жоғарылату жолымен (ас тұзы, литий тұзы)

ассимилияция жағдайына əсер ете отырып, морфологиясы ғажайып

болып өзгерген микробтардың инволюциялық деп аталатын

формаларын алуға болады.

Бактериялардың бастапқа таза культурасы бір – бірімен екі

немесе үш айырмашылығы бар варианттарға ыдырауымен

айқындалған, бактерияларда диссоцацияның пайда болуы

микробиолгия практикасында кеңінен кездеседі. Сырт қарағанда

диссоциация құбылысы колонияның екі типінің түзілуімен

байқалады. Бір колониялар дөңгелек, шеттері тегіс, жылтырауық,

мөлдір болып келеді. Басқалары өте ірі, тұрпайы, ойлы – қырлы,

шеттері тегіс емес, мөлдір емес, күңгірт болып келеді.

Колониялардың біоінші типі кең тараған ағылшын

терминологиясымен S – форма (smooth – тегіс, жылтырауық деген

сөзден алынған), ал екінші типі R - форма (rough – ойлы – қырлы)

деп аталады.

Диссоциация кезінде микробтардың тек колонияларының

пішіні ғана емес, олардың басқа да белгілері өзгереді. Типтік

құрылымы – пішіні, мөлшері, жіпшелерінің болуы, капсула түзу

қабілеттілігі S – формалы бактерияларда сақталады.

Бактериялардың R колониялары тұрпайы, қысқа, жіпшелері жоқ,

капсула түзу қабілетін жоғалтады. S – формалы колониялар сорпаға

44

сепкенде өсу барысында сорпаны беркелкі етіп лайлайды. R

колониялар өскенде пробирка түбіне тұнба түзеді. Қиғаштала

қатырылған агарда S колониялар жұмсақ, нəзік, ал R формалары

үлпілдеген, тұрпайы, қоймалжың болып келеді. S формалы

микробтарда биохимиялық қасиеттер анық білінген. R формалы

бактеияларда антигендік қасиет өзгеріп тұрады.

Бактериялар диссоциациясы бактериялар тіршілігіндегі

өзгерген жағдайлардың əсер етуінің нəтижесі болып табылады.

Студенттердің өзіндік жұмыстары

1. Бастапқы жəне инволюциялық формасы бар бактериялар

культурасынан препарат даярлау. Микроскоппен қарап зерттеу.

Суретін салу.

2. Петри аяқшасында өскен колония формаларының

өзгерісін байқап, сипаттау. Бұл үшін Петри аяқшасындағы S жəне R

формалар мен диссоциацияланған колонияларды микроскоптың

заттық үстелшесіне түбіне жоғары қаратып қойып, 8 объективпен

қарау керек. Суретін салу.

3. Бактериоциногения нəтидесін зеттеу. Жазып алып,

суретін салу.

4. Қоректік заттарға мұқтаждығын зерттеп, жазып қою.

5. Антибиотикке төзімді штамдарды алудың нəтижелерін

зерттеу. Жазып алып, суретін салу.

Қажетті материалдар мен құрал – жабдықтар

ЕПС құйылған пробиркада өсірілген бактериялар

культурасы, ЕПА өскен микробтар колониясы бар Петри аяқшасы,

микроскоптар, бактериологиялық ілмешектер, Пфейфер фуксині,

Леффлер көгі, құтыға құйылған физиолгиялық ерітінділер, заттық

əйнектер, шыныға жазатын қарындаштар, спиртовка, самырсын

__________майы.

Тақырып. Тазалықты көрсеткіш микроорганизмдер

Сабақтың мақсаты: 1. Тауарларды ластаудың негізгі көзі болып

табылатын организмдермен танысу

2.Тазалықты – көрсеткіш микроорганизмдердің

мəні жəне олардың құрамын анықтауды

үйрену.

45

Бақылау сұрақтары

1. Тазалықты – көрсеткіш микроорганизмдері дегеніміз не?

2. Организмнің «қалыпты микрофлорасы» дегеніміз не?

3. Тазалықты – көрсеткіш микроорганизмдерді қандай мақсатта

анықтайды?

4. Қандай бактериялар тазалықты – көрсеткіштікке жататынын

атаңыз?

5. Сыртқы ортаның ішек таяшасымен ластануы нені көрсетеді?

6. Ауыз қуысында қандай микроорганизмдер кездеседі?

Сабақтың мазмұны

Санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерінің адамзат

өмірінде маңызы өте зор. Өйткені санитарлық-көрсеткіш

микроорганизмдерін анықтау арқылы азық-түліктің, судың жəне

т.б. пайдаланатын заттардың микроорганизммен ластануын

анықтап отырады.

Жануар мен адам организмінде тұрақты (резидентті,

қалыпты) жəне факультативті микрофлора болады. Қалыпты

микрофлора негізінен патогенді емес болады.

Организмде тіршілік ететін кейбір микроорганимздер үшін –

организмнің белгілі бір органдары табиғи орта болып табылады.

Егер осы организмдер сыртқы ортада (суда, топырақта) кездессе

олар сыртқы ортаға тікелей организмнен түсті деген сөз.

Мысалы, зерттелеген объектіде ішек таяқшасы табылса, олар

нəжіс арқылы жаңадан түсті деп тұжырымдауға болады.

Сонымен объектілердің санитарлық жағдайын анықтау үшін

санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерін анықтауымыз керек.

Өнімдерді тұтынуға жіберу үшін олардың саапасы

стандартқа сай болуы керек.

Стандарт – бұл заңды күші бар құжат, тəртіп бұзушылық

қылмыс ретінде қаралады. Старндарт бақылау үшін міндетті түрде

керек, бұл Мемлекеттік қоғамдық стандарт (МҚСТ, (ГОСТ)) деп

аталады. Егер де бекітілген жəне баспадан шығарылмаған МҚСТ

болмаса, онда уақытша техникалық шарттар (УТШ (ВТУ))

жасалынады, олар уақытша МҚСТ күшінде болады, яғни олар

өндірістің барлық этаптарында, өнімдерді тұтынуға жіберуде жəне

дайындауда міндетті түрде қолданады.

46

МҚСТ – та мынадай міндеттер көрсетілген, яғни өнімнің

түрі, пішіні, органелептикалық жəне физико – химиялық қасиеттері

қанағаттандырарлықтай болуы керек. Стандартта өнімнің ыдысы

мен оралуына, тасымалдану міндеттемесі келтіріледі. Жағдайы мен

сақталу мерзімі көрсетіледі. Сынама алу ережесі мен зерттеу

əдістері МҚСТ - та жеке бөлім болып табылады.

Өнімдерді биолгиялық жəне бактеиологиялық зерттеу

тəсілдері нақты əдіс болып табылады, мұнда басқа тəсілдермен

анықтай алмайтын өнімдерде кездесетін өзгерістерді

(органелептикалық жəне физико – химиялық) тексеруге мүмкіндік

бар. Бактериялогиялық зерттеу өнімдерінің микроорганизмдермен

ластануын жəне олардың құрамын тексереді.

Тауарларды тұтынуға жіберу кезінде инфекциялық аурулар

таралуы мүмкін, сапасы төмен тауарлар арқылы ауру шығуы

немесе улануы мүмкін. Патогенді микробтардың көзі организм

болып табылады, инфекция тудыратын микробтар организмнен

суға, топыраққа, ауаға түсіп, инфекция көзіне айналады.

Мал мен адам организміндегі микрофлора резидентті

(қалыпты, облигатты (қатаң), тұрақты) жəне факультативті

(уақытша) болып бөлінеді. Организмнің қалыпты микрофлорасы

көбінесе зардапсыз болып табылады, бірақ кейбір жағдайда

зардапты м икробты алып жүрушілік байқалады. Сыртқа ортада

зардапты бактерияларға қарағанда, көбінесе сапрофитті

бактериялар кездеседі.

Санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерінің жалғыз табиғи

резервуары организм болып табылады. Егер де мұндай микробтар

организмнен тыс жерде – суда, ауада немесе басқа да ыдыстарда

кездессе, онда олар мұнда организмнен түсті деп түсіну керек. Егер

сыртқа ортада ішек микрофлорасының өкілдері кездесетін болса,

онда олар мұнда ішектен нəжіс массасынан түсті деп

қорытындылау керек. Сонымен бірге ішек мирофлорасынан басқа

онда ішек инфекциясының көптеген қоздырғыштары кездесуі

мүмкін. Егер сыртқы ортада тыныс мүшелерінде тұрақты тіршілік

ететін микробтар кездессе, онда мұрын сұйықтығы арқылы

ластанды деп ұғыну керек, яғни онда тыныс жолдары

инфекциясының қоздырғыштары болуы мүмкін, бөлінген

микробтар санитарлық көрсеткіші жағынан таза емес, яғни

инфекцияның өршуіне потенциалды мүмкіндік болып табылады.

47

Тазалықты – көрсеткіш микроорганизмдер төмендегідей

талаптарға жауап беруі керек.

1. Адам мен мал организмінің қуыстарының тұрақты

өкілдері болып табылады, олардың бөлінділерінде кездеседі жəне

қоршаған ортаға көптеген мөлшерде түсіп отырады.

2. Оларда адам мен мал организмінен басқа табиғи

резервуар жоқ.

3. Олар қоршаған ортада өздерінің тіршілік ету қабілетін

сол жолдар арқылы бөлініп шыққан зардапты микробтардың өмір

сүру мерзімімен сəйкес сақтай алуы керек.

4. Олар қоршаған ортада көбеймеу керек.

5. Олар қоршаған ортада өздерінің биологиялық

қасиеттерін өзгертпеуі керек.

6. Олар жеткілікті түрде өздеріне тəн болуы керек, себебі

оларды дифференциациялау жəне идентификациялау жəй əдіспен

орындалуы тиіс.

Тазалықты – көрсеткіш микроорганизмдер

1. Нəжіспен ластану көрсеткіштері

1.1. Enterobacteriaceae тұқымдасы, Escherichia. Citrobacter.

Enterobacter. Klebsiella туыстарына жататын колифромды

бактериялар

1.2. Streptococcaceae тұқымдасы, Streptococcus туысына

жататын энтерококтар.

1.3. Bacillaceae тұқымдасы, Clostridium туысына жататын

клостридиялар.

1.4. Ішек таяқшасының фагтары.

2. Шіріген заттармен (қоқыстардың ыдырауымен) ластану

көрсеткіштері,

2.1. Термофильдер.

2.2. Enterobacteriaceae тұқымдасы, Proteus туыстарына

жататын протейлер.

3. Ауыз тыныс жолдары бөлінділерімен ауа арқылы ластану

көрсеткіштері.

3.1. Streptococcaceae тұқымдасы, Streptococcus туысына

жататын жасыл түсті немес гемолитикалық стрептококтар.

3.2. Micrococcaceae тұқымдасы, Staphilococcus туысына

жататын алтын түстес стафилококк.

4. Өндірістік ластану көрсеткіштері: микроорганизмдердің

өндірістік штамдары.

48

Колиформды тазалықты – көрсеткіш микроорганизмдер.

18963 – 73 «санитарлық – бактериологиялық анализ

тəсілдері» МҚСТ – ына сəйкес ішек таяқшасы тобына жататын

бактерияларды төмендегідей дифференциалды – диогностикалық

__________байланысты қарастырылады.

1. Себінділер біркелкі температурада +37°С өсуі керек.

2. Эндо қоректік ортасында өсуі – лактозалық тест. Күңгірт

қызыл түсті колониялар металл түстес жарқырауық түзеді (немесе

түзбейді)

3. Оксидазалық тест. Идентификациялау үшін оксидазаға

теріс колонияларды қалдырады. Оксидазалық тестке оң колониялар

есепке алынбайды.

4. Грам əдісі бойынша бояу. Бактериялар грамтеріс боялу

керек.

5. Глюкоза қосылған ортада ашу сынамасы оң болуы керек

(газ түзілуі керек.)

6. Эндо ортасында 37°С температурада 24 сағаттан кем

емес өскен барлық бактерияларды, егер де олар грамоң жəне

таяқша тəрізді пішінді ғана емес, кокк тəрізді пішінді болса да,

эндобактериялар – деп аталады. Эндобактериялар деп – Эндо

ортасында өскен грамтеріс таяқшалар, спора түзбейтін, оксидазаға

теріс колонияларды айтады. Қосымша қасиеті бар бактериялар

глюкозаны қышқыл мен газға дейін ашытады. 37°С температурада

ІТТБ сияқты бөліп шығарады. ІТТБ арасында лактозаға оң

таяқшалар бөлініп шығады. Колиформды, олар 37,5°С

температурада лактозаны ыдырату қабілетін сақтай алатын

нəжістік ішек таяқшасын бөліп алады. Нəжістік ішек таяқшасынан

Escherichia Coli – ге цитратты ортада өспейтін бактерияларды ғана

жатқызады. Escherichia Coli жас нəжіспен ластану көрсеткіші

болып табылады.

Студенттердің өзіндік жұмыстары

Эндобактерия тұқымдасына жататын колонияларды басқа

грамтеріс бактериялардан ажырату үшін мембранды фильтрге

себілген энтеробактериялар жəне басқа да грам теріс бактериялар

колонияларын фенилендиамид ерітіндісі реактивіне малынған

көлемі жағынан үлкен дискілі сүзгіш қағазға орналастырады.

Реакция нəтижесінде 2 – 4 минуттан соң бакылайды.

49

Энтеробактерия тұқымдасына жатпайтын бактериялар оксидазаға

көкшілденген колониялар түрінде оң реакция береді немесе көкшіл

сақина пайда болады. Бояуды өзгертпеген жəне грам теріс

таяқшалардан тұратын колонияларды ІББТ колонияларына

жатқызады, яғни оларда оксидазалық белсенділік болмайды,

глюкоза қосылған ортадағы ашу сынамасын көрсетеді. Студенттер

нəжістен препарат даярлайды, оны Грам əдісі бойынша бояйды.

Грам теріс ішек таяқшаларын табады.

Қажетті материалдар мен құрал – жабдықтар

Іішінде эндо ортасы бар Петри аяқшасында өсірілген ІББТ,

ЛОТ. НІТ, ІББТ – ның оксидазалық тесті, заттық əйнек, Пфейфер

фуксині, генцианвиолет, йодталған спирт, спиртовкалар,

бактериологиялық ілмешектер, микроскоптар, самырсын майы.

Тақырып. Тазалықты – көрсеткіш микроорганизмдер-

энтерококтар

Сабақтың мақсаты: Энтерококтардың морфологиялық,

Культуральдың қасиеттерімен танысу

Бақылау сұрақтары

1. Зерттелетін материалда энтерококтардың болуы нені

көрсетеді?

2. Стрептококтарды энтерококтардан қалай ажыратады?

3. Стафилококтардың өзіне тəн белгілерін қандай орталарда

анықтайды?

4. Зерттелетін материалда стафилококтардың болуы нені

көрсетеді?

Сабақтың мазмұны

Энтерококтар – қалыпты микрофлораның өкілдері. Олар

Streptococcaceae тұқымдасы, Streptococcus туысына жатады.

адамның бөлінділерінде S. Salivarius жəне энтерококтар S.

Zimogenes, кездеседі, S. Bovis жəне S. Eguinus – ірі қара мен

жылқы бөлінділерінен, сонымен бірге басқа малдардан да бөлінеді.

Энтерококтар сопақша, ленцента тəріздес немесе дөңгелек

пішінді болады, кей кезде моншақ тəрізді орналасады, грамоң,

спора түзбейді, аурудан алынған материалда капсула түзуі мүмкін.

Сұйық орталарда лайланып, тұнба түзеді, қатты орталарда

50

энтерококтар колониялары көкшіл – сұр, мөлдір, шеттері тегіс, беті

дөңес жалтыраған болып келеді. S. liguefaciens қан агарын ерітуі

мүмкін, колониялар айналасында түсі өзгереді нəтижесінде егер де

бұл S faecalis болса, гемоглобулин метгемоглобинге ауысады.

Энтерококтар глюкоза мен маннетті қышқыл мен газға дейін

ыдыратады, каталазалық белсенділігі болмайды. Энтерококтар

физикалық жəне химиялық əсерлерге төзімді, нəжістік

стрептококтар ашық суларда көбейе алмайды жəне организмнен

тыс көп уақыт өмір сүре алмайды. Сондықтан бұл микробтардың

нақты саны жас нəжіспен ластану көрсеткіші болып табылады.

Энтерококтар мен басқа нəжістік стрептококтарды элективті

орталарды қолдана отырып оңай бөліп алуға болады, мысалы,

глюкоза мен натрий азиді қосылған спораны қолдануға болады,

мұндай спора жиі себу қосымша тест ретінде қолданылады.

Осындай ортада өскен стрептококтар глюкоза қосылған спораға

ауыстырылады. Екі соңғы ингридиент нəжістік стрептококтардан

басқа микробтардың өсуін тоқтатады. Бұл қорытынды тест болып

саналады. Мұндай спора өскен стрептококтар толық сеніммен

нəжістікке жатқызып, бекітуге болады.

Стрептококтар шаң – тозаңда бірнеше күнге дейін сақталуы

мүмкін, сондықтан алыс жерда орналасқан мекен – жайларда

спрептококтар кездеспейді. Стрептококтарды табу жəне анықтау

өте қиын. Мекен – жай ауысуының жаңа ластану көрсеткіші –

гемолитикалық стрептококк болып табылады, себебі ол əлсіз

төзімді. Энтерококтарды стрептококтардан ажырату төмендегі

кесте бойынша жүргізіледі.

Белгілері Энтерококтар Стрептококтар

Өсу температурасының

шамасы

10 – 45С 25 – 37 С

Өсу рН – ы 9,6 тең + -

40% өт спорасында өсуі + -

6,5% натрий хлориді

қосылған спорада өсуі

+ -

1% метилен көгі қосылған

сүтте өсуі

+ -

60°С – қа термотөзімділігі + -

51

Қажетті материалдар мен құрал – жабдықтар

рН – ы 9,6 40% - ті өт сорпасында, 6,5 натрий хлориді қосылған

сорпа, 1% метилен көгі қосылған сүтте өсірілген энтерокок пен

стрептокок өсінділері

Тақырып. Өсімдіктің эпифитті жəне ризосфералы микрофлорасы

Сабақтың мақсаты: Өсімдіктің микрофлорасын зерттеу.

Бақылау сұрақтар.

1. Эпифитті микрофлора дегеніміз не?

2. Ризосфера микроорганизмдері дегеніміз не?

3. Ризосфера организмдерінің өсімдікке пайдалы жағын атаңыз?

4. Өсімдіктің микрофлорасын зерттеу.

Сабақтың мазмұны

Өсімдіктің сабағында, жапырағында, гүлінде жəне дəн

сыртында микроорганизмдердің бірқатар түрі тіршілік етеді.

Олардың біразы ризосферадан, қалғандары шаң – тозаң мен

насекосдар арқылы келіп түседі. Бұл микроорганизмдерді барлығы

эпифитті микрофлора деп аталады. Эпифит микроорганизмдердің

басым көпшілігі – спора түзбейтін бактериялар. Бациллалар мен

саңырауқұлақтар бұларға қарағанда азырақ. Бактериялар

Pseudomonas туысына жатады. олардың ішінде басымы

Pseudomonas herbicola қоректік ортада алтын түстес сары

колониялар түзеді. Өңгіштігі төмендеген дəндерде спора түзетін

бактериялар мен саңырауқұлақтар басым болады.

Өсімдік тамыры айналасындағы топырақта орналасқан

микроорганизмдерді ризосфера микроорганизмдері деп атайды.

Олардың басым көпшілігі тамыр бетінде шоғырланған. Олар

тамырдан бөлінген заттармен қоректенеді. Қоректік зат ретінде

көбінесе өлген клеткалар эпидермисі мен тамыр талшықтары

пайдаланылады. Ризосферада негізінен топырақта кездесетін

микроорганизмдер болады, көбінесе онда спора түзетін

Pseudomonas туысы мен микробактериялар кездеседі. Бір жағынан

тамырдан бөлінген заттарды жəне олардың қалдығын ыдырата

отырып ризосфера микроорганизмдері санитарлық роль атқарады.

органикалық заттарды минералдандыру арқылы олар өсімдіктерге

52

қажетті элементтермен қамтамасыз етеді. Кейбір ризосфера

микроорганизмдері өсуді қолдаушы заттар мен витаминдерді түзе

отырып, өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдай туғызады. Олардың

бірқатарының денитрификациялаушы қасиеті болғандықтан

топырақ азотының шығынға ұшырауына қолайлы жағдай жасайды.

Студенттердің өзіндік жұмысы