Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖƏНЕ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
192.31 Кб
Скачать

1. Жалпы бактериялармен ластануды (микробтардың 1 мл

судағы санын анықтау) зерттеу.

2. Мембранды сүзгімен Coli – титр мен Coli – индексті

анықтау.

1. Судың жалпы микробтармен ластануын, олардың 1 мл –

ден санымен анықтайды. Зерттелген суды ластану дəрежесіне қарай

залалсыздандырылған сумен 1:10, 1:100 жəне тағы басқа да

дəрежеде сұйылтумен тексереді. Содан соң əр сұйылтылған

дəрежеде 1 мл – ден алып, Петри аяқшасына құяды. Əр Петри

аяқшасына 45° с дейін балқытылып салқындатылған ет – пептонды

агарды құяды да, тегіс жерде шайқап араластырады.

Салқындатылған аяқшаларды төңкеріп 24 сағатқа термостатқа

қояды. Содан соң өсіп шыққан микробтар колониясын есептейді.

Аздап ластанған судан өскен колониялардың бəрін санайды. Егерде

колониялар тым көп өсіп кетсе (200 жəне одан да көп) бұларда

автоматты түрде есептейтін есепшотты қолдану керек. Өсіп

шыққан колониялар саны себілген көлемдегісудағы

микроорганизмдер санына сəйкес болады. арифметикалық орта

көрсеткіш алу үшін əр аяқшада өскен колонияларды жеке санап,

содан соң тиісті сұйылту дəрежесін көбейту керек. Əр аяқшадан

алынған нəтижені қосып себілген аяқшалардың жалпы санына

бөледі. Алынған сан – суды жалпы микробтармен ластану

көрсеткіші болып есептеледі.

Тұрмыстық түтіктен ішетін ауыз судың 1 мл – де бактерияр

колонияларының саны 100 – ден аспауы керек.

2. Судың коли – титрін анықтау. Судың жас нəжіспен

ластануының индикаторы өне бойы ішекте тіршілік ететін ішек

таяқшасы болып есептеледі. Судан табылған ішек тачқшасын ың

санының нəтижесі коли – титр жəне коли – индекс ретінде

тіркеледі.

Коли – титр құрамында бір ішек таяқшасы бар судың белгілі

мөлшерімен анықталады. Коли – индекс 1 л суда кездесетін ерекше

ішек таяқшасының саны.

Қазіогі кезде МҚСТ – 5216-50 сəйкес ішек таяқшасының титр

мембранды сүзгілер көмегімен анықталады.

36

Мембранды сүзгілер əдісі. Бұл ə діс бөтен қоспалары жоқ

біршама таза сулар үшін қолданады. Сүзгінің өзі диаметрі 35 мм

нитроцеллюлозадан жасалған дөңгелекшелер. Ірі жəне ұсақ

саңылаулы сүзгіштер (№1, 2, 3, 4, 5) деп ажыратылады. Суды сүзу

үшін №3 сүзгі ұсынылады. Жұмысты бастар бұрын сүзгіні 50 –

60°С температурасы бар дистелденгенсуға салады да, 10 – 15 минут

бойына суды араластырып, 2 – 3 рет қайнатады. Осылай өңделген

сүзгіні залалсыздандырып Зейтц аппаратының үстеліне

орналастырады. Суды залалсыздандырылған варонка арқылы

сүзеді. Сүзуді Комовский аппаратының көмегімен жүргізеді. Ауыз

суды 300 – 500 мл мөлшерде алып сүзеді. Сүзіп болғаннан соң

сүзгіні залалсыздандырылған пинцетпен алып, Петри

аяқшасындағы Эндо ортасына жайып салады. Аяқшаларды 24

сағатқа термостатқа орналастырады, ішек таяқшасына тəн өсіп

шыққан колонияларды санайды. Ішінара 2 – 3 колониядан жағынды

жасап, Грам əдісімен бояйды. Тəжірбие нəтижесін есептеуді

былайша жүргізеді. Айталық 500 мл су сүзілуді делік, сүзгіде ішек

таяқшасына тəн екі колония өсіп шықты, сонда коли – титр 250 мл

ге коли – индекс – 4 мл – ге тең болғаны.

Студенттердің өзіндік жұмыстары

Петри аяқшаларын əр түрлі су көздерінен алынған сулардың

сынамасын егу. Ол үшін судың сынамаларын 1:10, 1:100, 1:1000,