Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖƏНЕ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
192.31 Кб
Скачать

100° С температурада қыздырылған топырақ езіндісін шайқап

оны тұндырады, ірі кесекшелері тұнған кезде, пастер түтікшесі

арқылы лайланған сұйықтықтан алып, залалсыздандыру ережесін

сақтай отырып, Китт – Тароцци ортасы бар пробирканың түбіне

жібереді. Пробирканың сыртына жазып, оны термостатқа қояды.

28

Қажетті материалдар мен құрал – жабдықтар

Топырақ езіндісі, Китт – Тароцци ортасы, пастер түтікшелері,

спиртовкалар, пробиркада тіктеп қатырылған балқытылған ЕПА,

эксикатор, анаэростат.

Тақырып. Микроорганизмдердің биохимиялық

қасиеттерін зерттеу

Сабақтың мақсаты: Бактерияларды идентификациялауды үйрену

Бақылау сұрақтар

1. Микробтардың морфологиялық жəне тинкторалды қасиеттері.

2. Қатты жəне сүйық қоректік оталарда өскен

микроорганизмдердің сипаты. ЕПЖ –да өсіру.

3. Микробтардың биохимиялық қасиеттерін қалай анықтайды?

Сабақтың мазмұны

Микробтардың тіршілігінде ферменттер үлкен роль

атқарады. Олар микроорганизмдердің қоректену, тыныс алу, көбею

кезіндегі жүретін биохимиялық реакциялардың міндетті түрдегі

өкілдері болып табылады. Цитоплазмалық құрылыммен

байланысына жəне түзілген жеріне байланысты ферменттер клетка

ішілік жəне клеткадан тыс деп бөлінеді. Микроорганизмнің əр түрі

өздеріне тəн тұрақты ферменттер түзеді жəне олардың кейбіреулері

белоктар мен көмірсуларды ыдыратса, екіншілері тотығу-

тотықсыздануға қатысады.

Бактериялардың ферментативтік жүйесінің тұрақтылығы

олардың биохимиялық қасиеттерін микроорганизмдерді

идентификациялау кезінде морфологиялық, культуральдық жəне

басқа тұрақты қасиеттерімен қоса қолдануға мүмкіншілік береді.

Микробтардың биохимиялық қасиеттерін анықтау үшін

оларды арнайы диагностикалық-дифференциалдық қоректік

орталаларға егеді.

Микроорганизмдердің биохимиялық қасиеттерін зерттеу

кезінде мынандай қасиеттері анықталады:

- қанттың (көмірсудың) ашу барысында қышқыл мен газ түзу

қабілеттілігі;

- протеолитикалық белсенділігі (ақ затты ыдыратуы)

- бояғыш заттардың реакциясы (қалпына келуі)

29

- гемолитикалық белсенділігі (активтілігі)

- уреазалық белсенділігін анықтайды.

Андрэдэ жəне Эндо орталарында қантты ыдырату

белсенділігін, сүт қосылған ЕПА – да протеатикалық белсенділігін,

эритроциті бар ЕПА – да гемолитикалық белсенділігін көрсету.

Метилен көгі бар ЕПС – да бояулардың реакциясы. ЕПС – да

күкіртті сутегінің бөлінуі – күкіртті сутегі сірке қышқылды –

қорғасын ерітіндісінде ылғалданған қағазбен анықталады.

Студенттердің өзіндік жұмыстары

1. Ауа микрофлорасын бөліп алу əдісі арқылы колониялардан

жекеленіп алынған ЕПА – да өсіп шыққан микробтардың таза

өсіндісін көру. Өсіп шыққан колонияларды анықтау, өсіндіден

препарат жасап көру.

2. Өсіп __________шыққан таза өсіндінің биохимиялық белсенділігін

зерттеу: протеолитикалық белсенділікті анықтау үшін

микробтарды сүті бар ЕПА – себу. Қант ыдыратушы

белсенділікті анықтау үшін құрамында лактоза. Сахароза,

глюкоза жəне манниті бар Гисс ортасына себу.

3. Биохимиялық белсенділіктің нəтежиесін есепке алу келесі

сабаққа жүргізіледі.

Студенттер құрамында сүті бар ЕПА – да өскен микробтарды

өз беттерінше қарайды, ортаның мөлдірленуін (белоктардың

ыдырауын) бақылайды. Протеолиз аймағын өлшейді.

Қанттың ыдырауын Гисс ортасында. Оның түсінің өзгеруі

арқылы есепке алады. Пробиркаға қосылған көк түсті индикатор

қант ыдырағанда (қышқыл түзілгенде) сары түске ауысады. Қант

ыдырағанда газдың түзілуін Гисс ортасында орналастырылған

түтікше қалтқының қалып шығуымен анықтайды. Бактериялардың

қантты ыдырату белсенділігінің нəтежиесін дəптерге жазып қояды.