- •1. Қатты жəне сұйық орталарда өсірілген бактериялар
 - •2. Тірі бактериялардан препарат қалай даярланады жəне
 - •3. Бактерияларды жай əдіспен бояу дегеніміз не жəне қандай
 - •90Х объективпен микроскоптайды.
 - •100° С температурада қыздырылған топырақ езіндісін шайқап
 - •1. Микробтардың морфологиялық жəне тинкторалды қасиеттері.
 - •2. Қатты жəне сүйық қоректік оталарда өскен
 - •3. Микробтардың биохимиялық қасиеттерін қалай анықтайды?
 - •1. Ауа микрофлорасын бөліп алу əдісі арқылы колониялардан
 - •2. Өсіп __________шыққан таза өсіндінің биохимиялық белсенділігін
 - •3. Биохимиялық белсенділіктің нəтежиесін есепке алу келесі
 - •4. Ақырында бөлініп алынған таза өсіндіге толық сипаттама
 - •1. Ауаның микроорганизмдермен ластану көздері
 - •2. Ауа микрофлорасын анықтау əдістері (бактеиялардың жалпы
 - •3. Ауа микрофлорасының мəні не?
 - •2) Тең орта бетіне 5 минут аралығында өсетін микробтар саны
 - •1. Жалпы бактериялармен ластануды (микробтардың 1 мл
 - •2. Мембранды сүзгімен Coli – титр мен Coli – индексті
 - •1. Судың жалпы микробтармен ластануын, олардың 1 мл –
 - •2. Судың коли – титрін анықтау. Судың жас нəжіспен
 - •60°С температурасы бар дистелденгенсуға салады да, 10 – 15 минут
 - •1: 10000 Қатынасында сұйылтып, езіндінің 1 мл-ін стерильді Петри
 - •1. Топырақта қандай микроорганизмдердің түрлері кездеседі?
 - •2. Топырақта кездесетін аэробтар мен анаэробтарды анықтау
 - •3. Топырақтағы микроорганизмдердің жалпы санын қалай
 - •100°С температурады қыздырылған топырақ езіндісін шайқап
 - •1. Эпифит микроорганизмдерді табу үшін 5г тұқымды
 - •2. Ризосфера мзерттеу үшін топырақтың бір бүтін кесегін
 - •99 Мл залалсыздандырылған дистелденген суы бар колбаға
 - •30°С термостатқа қояды, 3 – 5 күннен кейін өсіп шыққан
 - •1. Өсімдікті сүрлемдеудің мəні неде?
 - •2. Сүрлемнен жəне дрожжалған мал азығынан препаратты қалай
 - •3. Азықтың санитарлық бағасы
 - •1. Малдың терісіндегі, көзіндегі, тыныс жолдарындағы,
 - •2. Малдың ішек – қарнындағы микроорганизмдерге жалпы
 - •0,3% Кристалды карбол қышқылын қосып физиологиялық ерітіндіні
 - •10°С – тан жоғарғы температурада жылдам дамиды. Бұл шіру
 - •100000, 1 : 1000000. Пастерланген сүт 1 : 10, 1 : 100, 1 : 10000.
 - •15 Мл 45°с дейін балқытылып салқындатылған агарды құяды.
 - •37°С термостатта екі тəулік бойы ұстайды. Бактериялардың жалпы
 - •1 Мл колониялар санын тиісті сұйылту дəрежесіне көбейту керек.
 - •1. Салмағы 25 – 30 гр өнімнің ортаңғы сынамасынан езінді
 - •15 Минут тұндырылған тұнба үстіндегі мөлдір сұйықтықты
 - •2. Сұйылтындыны даярлау. Өнімнен алынған езіндіден немесе
 - •10% Сұйықтығынан 5 мл – ін алып, залалсыздандырылған 10 мл
 - •37 °С температурадағы термостатқа пробиркаларды тігінен 18 – 24
 - •1. Меланжды микробиологиялық тексеру үшін əр
 - •3% Зерттелінетін материалды ыдысымен бірге алады. Асептика
 - •2. Əр түрлі мөлшердегі жұмыртқа өнімдеріндегі ішек
 - •3. Жұмыртқа __________немесе меланж сынамаларындағы
 - •4. Протеус тобына жататын бактерияларды бөліп алу үшін
 - •50 Мл стерильді физиологиялық ерітіндіге малынған
 - •3000 Айналым жасайтын центрафигурада 20 минут аралығында
 - •84Бақылау сұрақтар
 - •1. Преципитация реакциясынның мəні неде?
 - •2. Преципитация реакциясын қою техникасы.
 - •1. Бактериофагтар дегеніміз не? Олардың түрлерін атаңыз.
 - •2. Бактериофагтарды анықтау.
 - •3. Фагтарды практикада қолдану.
 - •1 Тапсырма
 - •2 Тапсырма
 - •100°С – та сол сəтте қырылады. Тұздалған жəне қақталған
 - •1 Тапсырма
 - •2 Тапсырма
 - •7,4 Епа мен епс – ға себінді жасайды. Əсіресе қаннан жасалған
 - •1 Тапсырма
 - •2 Тапсырма
 - •3 Тапсырма
 
1. Салмағы 25 – 30 гр өнімнің ортаңғы сынамасынан езінді
дайындайды.
А) жартылай сұйық жəне майдан тұратын өнімнің 25 – 30 гр
көлеміндегі сынамаларын залалсыздандырылған ыдыста, яғни
сұйылту суспензияның төменгі қабатын алады да, су моншасында
немесе температурасы 45°С – тан жоғары емес термостатта
қыздырылады.
Ə) тығыз консистенциялы сынамадан үлгіні өнімнің беткі
жəне тереңгі қабаттарынан алады. Стерильді түрде алынған 25 – 30
гр үлгіні 1 : 10 қатынасында 0,85% - ті NaCl ерітіндісімен немесе
0,1% - ті пептон суымен аралстырады, немесе басқа қоректік
ортамен жəне ұлпаның кесіндісімен гомогенизаторда немесе 10 –
68
15 Минут тұндырылған тұнба үстіндегі мөлдір сұйықтықты
қолданады.
Б) консервілерді бактериологиялық тессеру үшін 10444 – 85
МҚСТ – қа сəйкес дайындайды. Қалбырдың сыртқы түріне,
деформация, тот басу. Ағу сияқты ақауларына көңіл аударады.
Анализ жасар алдында қалбыр саңылаусыздығына Бомбагоның
вакуумды апаратымен немесе сүзгіш қағазбен оралғаннен соң
эксикатормен тексереді. Қағазда дақтың пайда болуы қалбырдың
саңылауы екендігін көрсетеді. Сонымен бірге қалбырдың
саңылаусыз екендігін қалбырды 3 – 4 минут 80 - 85°с – қа дейін
қыздырылған суға салып тексеруге болады, оның бетінде ауа
көпіршіктері болмауы керек. Саңылаулы қалбырлар
бактериологиялық тексеруге жатпайды. Қалбырдың ісінуіне
тексеру үшін көлемі 1 литрден кем емес қалбырды 5 күн
аралығында жəне көлемі 1 литрден асатын қалбырды 10 күн
термостатта ұстайды. Егерде қалбыр ісінген болса, онда анализ
жасалмайды. Қалбырды бокстың ішінде залалсыздандыру ережесін
сақтай отырып ашады. Қалбырды спиртпен өңдегеннен соң, спиртті
факелмен саңылау жасайды да, залалсыздандырылған шыны
түтікшемен қалбыр ішіндегі сұйықтықты тексеру үшін алады.
Анализ жасау үшін тек қана залалсыздандырылған құрал –
саймандарды қолдану керек.
2. Сұйылтындыны даярлау. Өнімнен алынған езіндіден немесе
сұйық материалдан он дəрежелі сұйылтынды қатарын дайындайды.
Оларды ішінде 9 мл 0,85% - ті физиологиялық ерітіндісі, 0,1 - % - ті
пептон суы немесе басқа қоректік ортасы бар пробиркаға 1 мл – ден
алып құяды. Əрбір сұйылту дəрежесін алу үшін
залалсыздандырылған түтікше арқылы алдыңғы дайындалған
сұйылтындыдан 1 мл – ін алып, келесі 9 мл ерітіндісі бар
пробиркаға құяды. Осылайша келесі пробиркаға құйып, керекті
қатардан 10 дəреже лі сұйылтынды алады, бұл өнімнің пробирка
ішінде болуына жəне өнімді тексеру мақсатына байланысты
болады. сұйылтындыдан қоректік ортаға себінді жасайды, керекті
дəрежедегі сұйылтындыны таңдау тексеру мақсатына байланысты.
Ет жəне ет өнімдерін бактериологиялық тесеру.
Бактериологиялық тексеруге мыналар жатады.
1. Өнімдегі микробтардың жалпы санын анықтау.
2. Коли – титр жəне коли – индексті анықтау.
69
3. Тазалықты – көрсеткіш микроорганизмдерді
анықтау.
4. Зардапты микробтардың бар жоғын анықтау.
Өнімдегі микробтардың жалпы санын анықтау үшін
қолданылатындар.
а) есептеуіш камерада тікелей санау
ə) қатты қоректік ортаға себінді жасайды, мұнда өсіп – шыққан
колониялардың санына қарай микробтардың жалпы санын
анықтайды.
б) сұйық ортаға титрлі себінді жасайды.
Өнімдегі микробтардың жалпы санын анықтау.
Жағынды əйнекке екі жағынды жасайды, біреуін еттің беткі
жағынан, ал екіншісі тереңгі қабатынан алады. Жағындыны
даярлау үшін стерильді қайшымен еттің беткі қабатынан кесінді
алып, оны кесілген жағымен əйнекке жағады. Еттің тереңгі
қабатынан жағынды жасау үшін, еттің беткі қабатын күйдіреді де,
сол күйдірілген жері арқылы тереңгі қабатынан ет кесіндісін
стерильді түрде алып, оны жағынды əйнектің беткі жағына жағады.
Даярланған жағынды – препаратты ауада кептіріп, спиртовка
жалынында бекітеді де, Грам əдісі бойынша немесе Пфейфер
фкусинімен 1 – 2 минут аралығында бояйды.
Микробтар санын бес көру алаңында, яғни шар тəрізділер
бөлек, таяқша тəрізділерді – бір бөлек санайды. Микробтардың
орташа санын барлық клеткаларды қосып, оларды алаң санына
бөлу арқылы анықтайды. Проепаратта миробтар, тек біріңғай
таяқшалар немесе коктар болмауы керек. Көру алаңында микробтар
саны 10 – ға жетсе, онда ол қалыпты деп саналады. Микробтарды
санау үшін горяев камерасын қолдануға болады.
Қатты қоректік ортаға себінді жасап, өсіп шыққан
колониялардың санына қарай өнімдегі микробтардың жалпы санын
анықтау. Стерильді фарфор табақшасына 1- 2 гр ет кесіндісін
салып, қайшымен кескілейді, одан соң табақшаға
залалсыздандырылған, құм қосып езгілейді, оған 1:10 есебімен
физиологиялық ерітіндіні қосады. Дайын болған суспензияның 1 мл
– ін стерильді түтікшемен алып, Петри аяқшасына құяды, одан
кейін 45°С – қа дейін балқытып салықндатылған ет – пептонды
агарды құяды да, тегіс жерде шайқап араластырады,
салқындатылған аяқшаларды төңкеріп 24 сағат 37°С
70
температурадағы термостатқа қояды. Содан соң өсіп шыққан
миробтар колониясын санайды.
Өнімнің жалпы микробтармен ластануын анықтау. Зерттелетін
өнімнен Кох əдісі бойынша сұйық ортаға титрлі себінді жасайды.
Қоректік ортаға өнім езіндісінің 0,1; 0,01 грамын құяды да 37°С
температурадағы термостатта 48 сағат аралығында
инкубациялайды.
Тазалықты көрсеткіш микроорганизмдерді анықтау. Өнімнің
