Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖƏНЕ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
192.31 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖƏНЕ

ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Микробиология, вирусология жəне иммунология кафедрасы

«Микробиология жəне вирусология» пəні бойынша ауыл

шаруашылық жəне биотехнология мамандықтарының

студенттеріне арналған

ОҚУ ҚҰРАЛЫ

Алматы, 2009

2

Авторлар:

Төлемісова Ж.К. ҚазҰАУ-нің микробиология, вирусология жəне

иммунология кафедрасының профессоры, биология ғылымдарының докторы

Касенова Г.Т. ҚазҰАУ-нің микробиология, вирусология жəне

иммунология кафедрасының аға оқытушысы, ветеринария ғылымдарының

кандидаты

Мұзапбаров Б.. . ҚазҰАУ-нің микробиология, вирусология жəне

иммунология кафедрасының доценті, биология ғылымдарының кандидаты

Оқу құралы. «Микробиология жəне вирусология» пəні бойыншы ауыл

шаруашылқ жəне биотехнология мамндықтарының студенттеріне арналған

Алматы, 2009. – 109 б.

Оқу құралында микробиология жəне вирусология пəнінен ұсынылған

тақырыптар бойынша теориялық мəліметтермен негізделген зертханалық-

тəжірибелік сабақтар жүргізу үшін методикалық нұсқаулар келтірілген. Оқу

құралы жалпы микробиология мен вирусология (микрорганизмдер жəне

вирустар морофлогиясы жəне оларды зерттеу əдістері, микроорганизмдердің

__________физиологиясы, экологиясы, генетикасы) жəне жеке микробиология мен

вирусология (кейбір бактериалдық жəне вирустық инфекциялар

қоздырушыларының кейбір қасиеттері, оларды анықтау əдістері) сұрақтарын

қамтыған.

Ауыл шаруашылқық жəне биотехнология мамндықтарының

студенттеріне, аспиранттарына жəне ғылыми қызметкерлерге арналған

Рецензенттер:

Махмудова Г.С. - ҚР БҒМ ҒК «Биологиялық зерттеулер орталығы»

РМК «Микробиология жəневирусология институты» ЕМК,

микроорганизмдер коллекциясы зертханасының меңгерушісі, профессор

Ахметсадыков Н.Н. – ҚазҰАУ эпизоотология жəне ветеринария ісін

ұйымдастыру кафедрасының меңгерушісі, профессор

Ветеринариялық медицина жəне биотехнология факультетінің ғылыми

кеңесінде қарастырылып баспаға ұсынылған (хаттама №

© Тулемисова Ж.К., 2009

© Касенова Г.Т., 2009

©Музапбаров Б., 2009

© Нур-Принт, 2009

3

МАЗМҰНЫ

Микробиологияға кіріспе 5

Микроорганизмдер жəне олардың жіктелуі 7

Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу тəртібі.

Микроскоптың құрылысы жəне микроскоптау техникасы

9

Бактериялар морфологиясы 12

Саңырауқұлақтар морфологиясы. Зең саңырауқұлақтары

жəне дрожжылар

15

Актиномициттердің морфологиясы 17

Бактериялар өсінділерінен препарат даярлау, жай бояу əдісі 18

Бактерияларды дифференциалды бояу 20

Аэробты микробтарды өсіру əдістері 23

Анаэробты микробтарды өсіру əдістері 26

Микроорганизмдердің биохимиялық қасиеттерін зерттеу 28

Ауа микрофлорасы 30

Микробтардың таза өсіндісін бөліп алу əдістері 32

Су микрофлорасы. Судың коли – титрін анықтау 34

Топырақ микрофлорасы 37

Генетикалық зерттеулердің сызбасы. Бактериоциногендік

құбылыс

38

Микробтардың морфологиялық жəне культуралдық өзгергіштігі 42

Тазалықты-көрсеткіш микрорганизмдері 44

Тазалықты – көрсеткіш микроорганизмдер-энтерококтар 48

Өсімдіктің эпифитті жəне ризосфералы микрофлорасы 51

Азық микрофлорасы 53

Мал организмінің микрофлорасы 54

Жануарлар шикізаттарының микрофлорасы 56

Сүт жəне сүт өнімдерінің микрофлорасы 61

Ет жəне ет өнімдерінің микрофлорасы 65

Жұмыртқа жəне жұмыртқа өнімдерінің микрофлорасы 71

Бал микрофлорасы 76

Зертханалық жануарлар, оларды зақымдау əдістері 78

Агглютинация реакциясы (АР) 82

Преципитация реакциясы (ПР) 84

Вирусология зертханасында жұмыс істеу тəртібі 86

Вирустардың морфологиясы 88

Вирустарды қолдан өсіру 90

Бактериофагтар 94

4

Топалаң қоздырғышы 95

Бруцеллездің, туберкулездің қоздырғыштары 97

Сальмонеллездің, ботулизмнің қоздырғыштары 102

Балық ауруларының қоздырғышытары 105

5

Микробиологияға кіріспе

Микробиология – микроорганизмдер туралы ғылым (mikros,

bios, logos – кіші, ұсақ, өмір, ілім). Микробиологияның зерттеу

объектісі – 0,1 мм көлемді микроорганизмдер болып табылады.

Микробиологияға кейбір қарапайымдылар, бір жасушалы

балдырлар, микроскопиялық саңырауқұлақтар, бактериялар,

вирустар кіреді. Микроорганизмдердің көпшілігі аспапсыз көзбен

көрінбейді, олардың мөлшері əдетте бірнеше микрометрді немесе

нанометрді құрайды. Оларды зерттеуде 3000 есе үлкейтетін

оптикалық микроскоптар, жүз жəне жүз мың есе үлкейтіп

көрсететін электронды микроскоптарды қолданады.

Микроорганизмдер табиғаттың барлық жерінде таралған:

топырақта, суда, ауада, жануарлар мен өсімдіктердің үстінгі

бетінде, жануарлар мен адамдардың ішегінде, қоршаған ортадағы

барлық заттарда кездеседі. Сонымен қатар микроорганизмдер

шөлдегі құмда, Арктика мен Антрактидағы қар, мұз бен суда,

шахта мен теңіз түбінде, бірнеше километрлік биіктіктегі

стратосферада кездеседі. Олар əлемнің тірі зат ретінде айтарлықтай

бөлігін құрайды. Мысалы, 1 мл лас суда бірнеше жүз миллион

микробтар, ал 1 грамм тыңайтылған топырақта бірнеше миллиард

микробтар кездеседі. 1 гектар тыңайтылған топырақтың жыртылған

қабатында 5–10 тонна микроорганизмдердің массасы құралады.

Алайда көп ғасырлар бойы адамдарға микроорганизмдер туралы

ешнəрсе белгісіз болды.

Микробиология дамуының морфологиялық кезеңі

Микробтар əлемін голландық табиғат зерттеушісі Антони Ван

Левенгук (1632 – 1723 жж) ашқан. Линзаларды микроскопқа

қолдану арқылы əр түрлі биологиялық объектілерді зерттеді,

Левенгук сперматозооналар, эритроцит жəне капиллярларды

зерттеп, сипаттама берді жəне де У.Гарвейдің қан айналудағы

зерттеуін аяқтады. Левенгук бірінші рет көптеген ұсақ

жануарлардың құрылымын, өсімдіктер мен жануарлардағы əр түрлі

жүйелер мен ұлпалардың микроструктуралық құрылысын

сипаттады. Алайда оның ең көрнекті жетістік табыстары 1676

жылы микробтарды ашуы еді.

Левенгук өзінің ашқан жаңалығын былай сипаттайды. «Қандай

күштер тамырға əсер етіп жəне оны тітіркендіретін барлық

6

əдістерден кейін білуге болады. Мен суға тамырды салдым, суда ол

шамамен 3 аптадай тұрды. 24 сəуірде 1676 жылы суды микроскоп

астында қарағанымда өте танқалдым, онда орасан көп мөлшерде

ұсақ тірі жануарларды көрдім.

Кейбіреуінің ұзындығы 3 – 4 есе үлкен болды, көлденеңіне

қарағанда бірақ та олар шаш қалыңдығындай емес. Кейбіреуі сопақ

пішінді болды. 3-шісінің құйрығы бар. Жануарлардың төртінші

типінің ұсақтығы соншалықты оны құммен теңестіру қиын. Оны

салыстыру үшін осындай тірі жанның мыңдаған саны керек».

ХХ ғасырда Микробиологияның дамуы

ХІХ ғасырдың аяғында микробиология Пастердің, Кох,

Мечников, Виноградский мен Бейеринктің еңбектерімен, əдістері

негізінде өз бетінше ғылым болды. Бұл кезеңде Ч.Дарвиннің жалпы

биологиядағы эволюциялық теориясы аяқталды. Зерттеулердің

жаңа əдістерінің арқасында ХХ ғасырдың 1-ші жартысында

микробтардың əр түрлі фрамалары, құрылымы мен метоболизм

типтері ашылды.

30 жылдары Бейеринктің шəкірті А.Клюйвер мен оның мектебі

əр түрлі микроб топтарының физиологиялық қатынасын зерттеу

нəтижесінде өмір сүру типі биохимиялық процеске үйлесетіндігін

түсіндірген. Ол негізгі заттардың – белок, май, көмірсу жəне

нуклейн қышқылының құрылымдық бірлігі болып саналады. Олар

микробтарда, өсімдіктер мен жануарларда энергетикалық жəне

конструктивтік бірлік болып табылады.

Соңғы жылдары микробиологияның қолданбалы бағыттары

дамыды, оларды практикалық тапсырмаларды шешуде кеңінен

пайдаланды. Микробиология осы уақытта ауыл шаруашылық,

малшаруашылығы, медицина, биосфераны тазалау, энергетика т.б.

мəселелерімен айналысады.

Бұл мəселелерді шешудің негізгі ролі микробиология жəне

биотехнология өндірістері болып табылады. Микробиологиялық

өндіріс арзан жəне қысқа мерзімде көптеген заттар алуға өте

қолайлы сала. Біздің елде микробиология өндірісінің даму қарқыны

жоғары. Микроб штамдарын өндіру, генетикалық инженерияны

кеңінен қолдану, əр түрлі бактериялардың түрлерінен ДНҚ-ның

рекомбинантты молекулаларын құру, бактерия мен жануарлар,

бактерия мен адам, вирус пен адамның тірі клеткадағы

функциялану əдістерін қамтамасыз етеді. Д.И.Менделеевтің

7

болжамы бойынша бұрын микробтардың синтетикалық икемділігін

қолдану арқылы барлық заттардың химиялық синтезі ауысқан.

Микроорганизмдерді химиялық реагент ретінде қолдану

мүмкіншілігі шектеусіз.

МИКРООРГАНИЗМДЕРЖƏНЕ ОЛАРДЫҢЖІКТЕЛУІ

Прокариоттардың ерекшеліктері мен тірі ағзалар

жүйесіндегі жағдайы.

«Табиғат жүйесі» кітабында К.Линней (1758) микродүниенің

барлық өкілдерін бір топқа біріктіріп, оған «хаос» деген ат берді.

Бірақ 1767 жылдың өзінде К.Линней бұл топ ішінен біреуін, яғни

__________Infusorium-ді бактерияға жатқызды. Неміс ботанигі Ф.Кон (1859)

морфологиялық, функционалдық, экологиялық белгілері негізінде

оларды өсімдіктер патшалығына жатқызды. ΧΙX ғасырдың 2-ші

жартысында неміс биологы Э.Геккель мынадай қорытындыға келді,

микроорганизмдер жануарлар мен өсімдіктерден ерекшеленетіндігі

соншалықты, оларды Protista патшалығына (гр. Protos - бірінші) –

протисталарға, бірінші өмір сүретіндерге жатқызу керек. Бұл

термин осы уақытқа шейін микробиологияда қолданылады.

XΙX ғасырдың аяғынан бері протисталардың біртекті еместігі

туралы мəліметтер жинақтала бастады, бұл осы топтың жоғарғы

жəне төменгі сатыдағы протисталардың бөлінуіне əкеліп соқтырды.

Жоғарғы сатылардағы протисталарға қарапайымдыларды,

микроскопиялық балдырларды (көк-жасылджарынан басқа) жəне

саңырауқұлақтарды (мүктер, ашытқылар), ал төменгі сатыға

бактериялар мен цианобактерияларды (көк-жасыл балдырлар)

жатқызды. Жоғарғы сатыдағы протисталар-эукариот, төменгі

сатыларды-прокариот деп атады. Қазіргі кезде тіршіліктің клеткалы

формаларын Procaryotae патшалығы жəне Eucaryotae патшалығы

деп бөледі. Эукариоттарға - жануарлар, өсімдіктер,

саңырауқұлақтар, прокариоттарға – бактериялар мен

цианобактериялар (көк-жасыл балдырлар) жатады.

Р.Виттекер барлық клеткалы тірі организмдерді 5 патшалыққа

бөлді. Оның сызбасы (2-сурет) тірі табиғаттың клетка жиынтығын

үш деңгейде көрсетеді: 1) Monera - прокариоттар, клетка

жиынтығының нағыз деңгейінде орналасқан; 2) Protista -

микроскопиялық бір клеткалы прокариоттар; 3) Eucaryotae -

Plantae (жоғары сатыдағы өсімдіктер), Fungi (жоғары сатыдағы

саңырауқұлақтар) жəне Animalia (жоғары сатыдағы жануарлар)

8

топтарын ұсынады. 2-сурет. Тірі табиғаттың 5 патшалығының

сызбанұсқасы. Соңғы 3 топ қоректену əдісі бойынша ерекшеленеді:

1) фототрофты қоректену типі Plantae тобына тəн; 2) Fungi

осмотрофты (органикалық заттардың ерігендерімен); 3) Animalia -

голозойлы қоректену (ұстап алып, қатты тамақты қорыту).

Фототрофты жəне осмотрофты қоректену типтері эволюция

үрдісінің Monera деңгейінде, Protista деңгейінде өзінің ары қарай

дамуын алып, осы жерде қоректенудің голозойлы-3 типі құрылды.

9

Тақырып. Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу тəртібі.

Микроскоптың құрылысы жəне микроскоптау

техникасы

Сабақтың мақсаты: 1. Студенттерді микробиологиялық

зертханада жұмыс істеу тəртібімен

таныстыру.

2. Микроскоптау техникасы жəне оның

иммерсиялық жүйесімен таныстыру.

Бақылау сұрақтары

1. Микробиологиялық зертхана жəне онда жұмыс істегенде

қауіпсіздік техникасын сақтау шарттарымен танысу.

2. Микроскоптың механикалық жəне оптикалық бөлімдерінің

құрылысын қайталау.

3. Микроскоптың иммерсиялық жүйесімен танысу.

4. Иммерсиялық объектив көмегімен фиксацияланған жəне

боялған бактерияларды қарау тəртібі.

Сабақтың мазмұны

Микробиологиялық зертханада жұмыс істегенд жұмыс

істейтін адамдар зардапты материаладармен, патогенді микроб

культураларымен, ауру жұқтырылған жануарлармен тікелей

байланыста болатынында. Сондықтан бактериологиялық

зертханада жұмыс істеу кезінде мынандай ережелерді қатаң сақтау

керек: студенттер микробиологияның əдістерін игереді, топырақ,

су, ауа т.б. бізді қоршап тұрған айналадағы субстраттардағы

микроорганизмдердің таралуы, биологиясы жəне басқа да

қасиеттерімен танысып, зерттейді.

Зертханадан шығатын есікте қол жуғыш, дезинфекциялаушы

ерітіндісі бар бутил, сабын жəне сүлгі болуы шарт.

Микробиологиялық зертхананың ауасында, зертханадағы

құралдардың беткі жағында, адамның киімінде жəне қолында

микроорганизмдердің əр түрлі көп мөлшерде үнемі кездеседі.

Сондықтан микробиологиялық зертханада жұмыс істегенде

міндетті түрде тəртіпті сақтау керек.

- Микробиологиялық зертханаға кірер кезде жəне жұмыс

істегенде міндетті түрде халат кию керек.

10

- Жұмыс уақытында тазалықты сақтау, сабақтың

соңында жұмыс орнын жəне қолданылған құралдарды ретке

келтіру керек.

- Зерттелінетін материалмен жұмыс істеу барысын

спиртовка жалынының қасында орындайды.

- Əр түрлі реактивтерді қолдану тəртібімен сақтау

керек.

Микроскоптың құрылысы жəне микроскоптау

техникасы.

Микроскоп – көзге оңай көрінбейтін объектілерді зерттеуге

арналған оптикалық аспап. Микробиологияда микроскоп көмегімен

тірі жəне алдын ала жансыздандырылған микроорганизмдер

клеткаларын боялған жəне боялмаған күйінде тексереді.

МБР – 1 немесе Биолам Р – 1 микроскопының құрылысы.

МБР – 1 микроскопының механикалық бөлігі заттық үстелі бар

штатив орналасқан екі бұранда винттің көмегімен горизонтал

жазықта жылжи алады. Препараттағы кез келген нүктені көру

аймағының ортасына ығысып əкелуіне көмектеседі. Үстел бетіне

объектіні қысып ұстап тұратын екі қысқышы (клеммасы) бар.

Заттық əйнек астында штативке конденсорлық кронштейн,

штативтің жоғары жағына тубусты ұстап тұрғыш бекітілген, ол

штатив бекітілген механизм көмегімен тубусты 50 мм тік көтеріп,

одан соң төмен түсіріп тұруға жəрдем етеді. Бұл механизм

макрометр жəне микрометр винттердің айналуынан қозғалысқа

түседі. Сөйтіп, зерттейтін объектілерді анық көрсетуге мүмкіндік

туады. Сағат тілінің айналысына осы винттерді бұрағанда тубус

ұстағыш төмен түседі, ал оған керсінше айналдырғанда жоғары

көтеріледі. Тубус ұстағыштың жоғары жағында өз осінен айналып

тұратын револьер бар. Оның тесігінде объективтер мен тубус

бекітіледі.

Микроскоптың оптикалық бөлігі окуляр, объектив жəне

жарық бергіш қондырғыдан тұрады. Жарық бергіш қондырғыға

айна жəне заттық əйнектің астына орналасқан диафрагма мен

конденсор жатады. айна екі жақты жəне қозғалып тұрады, бір жағы

дөңес, екінші жағы ойыс болады. күн сəулесі түскенде дөңес бетін,

ал жасанды жарық ойыс бетін қолданады.

11

Конденсор екі линзадан тұрады. Ол арқылы айнадан

шағылыстырып келген сəуле конденсацияланып препараттың тегіс

бетіне бағытталады.

Күн сəулесімен препаратты қарағанда конденсор заттық

əйнекке дейін көтеріліп қойылады. Ал жасанды жарық болғанда ол

препарат орналасқан жерде жарық көрінетіндей деңгейде

төмендетіледі. Жарық күштілігі конденсордың астында орналасқан

диафрагмамен реттеледі. Ол рычаг күшімен адам көзі сияқты

ашылып – жабылып тұратындай етіп жасалған. Объектіні көру

үшін тубус екі жүйемен қозғалтылады. Алғашқы көру үшін

макровинтті қолданады. Соңғы нəзік болады. сондықтан онымен

жұмыс істегенде аса сақтық керек.

Объективтер микроскоптың ең маңызды бөлігі, ол оның

оптикалық қуаттылығын көрсетеді. Объектив металл қорапқа

орналасқан линзаның екі жүйесінен тұрады. Ең бастысы сыртқы

линза. Оның фокустық қашықтығына объективтіңүлкейткіштігі

байланысты. Объективтің үлкейткіштік шамасы оның сыртқы

қорабына жазылған. МБР – 1 микроскопының 8,40 (құрғақ) жəне 90

(иммерциялы) рет үлкейтетін объективтіктер болады.

Микроорганизмдерді зерттегенде үнемі иммерсиялы немесе

майға батып тұратын объективтерді қолданады. Бұл үшін объектив

пен заттық əйнек арасына самырсын (кедр) майы тамызылады.

Сонда препарат шынысы – самырсын майы – объектив шынысы

болып біртұтас көру жүйесін түзеді. Осының арқасында барлық

сəуле сынбай жəне бағытын бөгде жаққа өзгертпей объективке

бірден бағытталады. Да ұсақ объектілердің көрінуін анақұрылым

жақсартады.

Объективтер тубустың төменгі бөлігі, яғни, револьверге

бұралады. Микроскоптың жалпы үлкейткіштігін білу үшін

объективтің жəне окулярдың өздеріне жазылып қойылған жеке

үлкейткіштеріне көбейтеді.

Окуляр екі көздік (жоғары жағы) жəне жинаушы (төменгі

жағы) линзалардан тұрады. Окулярдың негізгі міндеті объектив

жіберген кесіндіні үлкейту. 5, 7, 10, 12, 15 жəне 20 есе үлкейтетін

окулярлар болады. Мысалы, алынған объектив көрсеткіші 90х,

окулярдікі 7х болса, онда үлкейту – 630 есе деген сөз.

Микроскоптау ерекшеліктері мен иммерсиялық жүйеде

жұмыс істеу техникасы:

12

- Микроскопты алдымен жұмысқа дайындайды. Ол үшін 8 есе

үлкейтетін кіші объективті қояды. Конденсорды жоғары

тірелгенше көтереді. Айнаны қойып, окулярға қарай отырып,

айнаны айналдырып ең күшті жарықты табады. жарықтың

күшін конденсордың көмегімен бəсеңдетеді.

- Алдын ала дайындалған препараттың үстіне самырсын майын

тамызып, заттық үстелге қояды.

- Иммерсиялық объективті (90х) қойып, көзбен бақылау жасай

отырып, оны самырсын майының тамшысына ептеп түсіріп

заттық əйнектен жанастырады.

- Одан соң окулярға қарай отырып макровинттің көмегімен

боялған фон көрінгенше тубусты ептеп көтереді.

- Макрометрлік винтпен зерттелетін объектіні жақсы көрінгенге

дейін реттеп келтіреді. Заттық үстелді қозғай отырып бірнеше

көру алаңын қарап шығады.

Микроскоптау біткеннен соң тубусты көтереді, револьверді

айналдырады. Иммерсиялық объектив линзасындағы майды

сүзгіш қағазбен тазалайды да, оны арнайы фланель матамен

жақсылап сүртеді. Микроскопты қалпақ астына немесе

матадан тігілген қаптамамен жауып қояды.

Қажетті материалдар мен құрал – жабдықтар

Биологиялық микроскоптар, самырсын майы, əр түрлі

бактериялардан даярланып боялған препараттар.

Тақырып. Бактериялар морфологиясы

Сабақтың мақсаты: 1. Бактериялардың негізгі пішіндерімен

танысу.

2. Морфологиялық белгілеріне қарай

бактерияларды

ажырату

Бақылау сұрақтары

1. Бактерия дегеніміз не?

2. Бактерия клеткасының тұрақты жəне тұрақсыз мүшелерін

атаңыз.

13

3. Сыртқы пішініне байланысты бактериялар неше топқа

бөлінеді?

4. Боялған препараттан бактериялардың негізгі пішіндерін

зерттеу.

Сабақтың мазмұны

Бакетриялар пішінінен қарай кок, таяқша жəне ирек тəрізділер

болып бөлінеді.

Коккалар (гр. Kokkos - дəн) - дөңгелек пішінді. Олар

бөлінгеннен кейінгі клетка орналасуына байланысты өз ішінде

топқа бөлінеді. Микрококтар - Micrococcus – коктар бір

жазықтықта бөлінеді жəне бөлінгеннен соң клеткалар шашырап

орналасады. Диплококтар – Diplococcus (гр. Diplos - екі жақты) –

бір жазықтықта бөлінетін коктар жəне бөлінген соң олардың

клеткасы жұптап орналасады. Стрептококтар - Streptococcus (гр.

Streptos - тізбек) – бір жазықтықта бөлінген соң, клетка арасында

байланыс қалады жəне тізбек тəрізді орналасады. Тетракоктар -

Tetracoccus (гр. Tetra-төрт) – перпендикулярлы екі жазықтықта

бөлінген соң тетрада түзеді, яғни төрттен орналасады. Сарцина –

Sarcina (лат. Sarcio-біріктіремін) – 3 перпендикулярлы жазықтықта

бөлініп болған соң 8, 16, 32, 64 клеткадан пакет тəрізді орналасады.

Стафилококтар - Staphylococcus (гр. Staphyle - жүзім шоғыры) –

реттсіз бағыттарда бөлінгеннен кейін клеткалар жүзім шоғыры

тəрізді орналасады.

Таяқшалар. Бактерияның цилиндрлі түрі (гр. Bacteria -

бактерия, лат. Bacillum - таяқша) көпшілік бактерияларға тəн.

Таяқша тəрізді бактериялар эндоспора түзетін (Bacillus, Clostridium)

жəне түзбейтін (Pseudomonas, Xanthomonas, Chromobacterium)

болып бөлінеді. Таяқша тəрізді бактериялар ұзындығы, көлденең

диаметрі бойынша жəне орналасу қасиетіне байланысты бөлінеді.

Ұзын таяқшалар (3 мм артық), мыс, Bacillus megaterium - шірік

бактериясы, Clostridium botulinum - ботулизм қоздырғышы, C.tetani

қоздырғышы, қысқалары - 1 мкм (ішек бактерияларының тобы)

жəне өте қысқалар (1 мкм-ден қысқа), ұзындығы клетка диаметрін

сəл жоғарлатады, сондықтан коккобактериялар деп аталады

(Yersinia pestis - оба қоздырғышы, Brucella abortus - бруцеллез

қоздырғышы, Francisella tularensis - туляремия оқздырғышы).

Көлденең диаметрі бойынша олар жіңішке (Mycobacterium

tuberculosis - туберкулез қоздырғышы, M.lepra қоздырғышы жəне

14

қалың (Bacterium subtilis - таяқша, Escherichia coli - ішек таяқшасы,

Clostridium perfringens - газды гангрена қоздырғышы) болады.

Таяқшаның ұшы домалақ, дизентерия, оба), шеті кесілген (сібір

жарасының қоздырғышы), ұшты (Cytophaga), қалың (дифтерия

қоздырғышы) болып бөлінеді. Таяқшалар бір-біріне ұқсас болып

келеді (Serratia marcescens - тамаша таяқша), 2 клеткадан

(диплобактерия немесе диплобациллдар, мысалы, Pseudomonas),

тізбекті (стрептобактериялар немесе стрептобациллдар, мысалы,

Bacillus mycoides - типтік топырақ бактериясы, B.anthracis - сібір

жарасының қоздырушысы). Кейбір таяқшалар бір-біріне бұрыш

астында орналасады, Χ, ұқсас денелер түзеді, мыс,

артробактериялар, коринебактерилар, нокардибактериялар,

микобактериялар.

Бактерияның спиральді түрі клетканың мөлшері жəне ирек

сандары, ұзындығы, қалыңдығы бойынша ерекшеленеді.

Вибриондар (лат. Vibrare - тербелу, дірілдеу) иілген таяқша немесе

үтір тəрізді, мысалы, Vibrio cholerae - холера қоздырғышы.

Спириллалар (лат. Spiro - иіліс) спиральді иілген клеткалар,

көлденең диаметрі үлкен жəне ұзын иірілімдерінің саны аз,

мысалы, Spirillum volutans - сапрофитті бактериялар, S.minus -

патогенді спирилла.

Спирохеталар (лат. Spira - иіліс, гр. Chaite - жал) жіңішке,

спиральді иілген клеткалар. Олар сыртқы қабықтан,

протоплазматикалық цилиндрден жəне аксиальді жіптен тұрады.

Аксиальді жіптер протоплазматикалық цилиндрді орап, клетка

ішілік құрылымды құрайды (периплазматикалық кеңістікте

орналасқан). Спирохетаның аксиальді жіптері бактерия

талшықтарының аналогы болып табылады. Спирохетаға мысал

болатын Spirochaeta plicatilis – тұщы, теңіз суларының қарапайым

мекендеушісі. Treponema pallidum – сифилис (мерез) қоздырғышы,

T.macrodentium - тіс спирохетасы (тіс жегісі кезіндегі ауыз қуысын

мекендеуші).

Студенттердің өзіндік жұмыстары

Таяқша, кок жəне ирек тəрізді бактериялардан жасалынған

дайын препараттарды микроскоп арқылы қарап, олардың

морфологиясымен танысып, жұмыс дəптерлеріне суретін салу.

15

Қажетті материалдар мен құрал – жабдықтар

Микроскоптар, шар тəрізді, таяқша тəрізді жəне ирек тəрізді

бак териялар препараттары, самырсын майы.

Сабақтың тақырыбы: Саңырауқұлақтар морфологиясы. Зең

саңырауқұлақтары жəне дрожжылар

Сабақтың мақсаты: Кейбір зең саңырауқұлақтардың (мукор,

аспергилла, пеницилла) жəне

дрожжылардың

морфологиясымен танысып, суретін салу

Бақылау сұрақтары

1. Зең саңырауқұлақтарының морфологиясының жəне көбею

ерекшеліктері

2. Дрожжылардың морфологиясының жəне көбею ерекшеліктері

3. Зең саңырауқұлақтары мен дрожжылардың өндірістік маңызы

4. Зең саңырауқұлақтары мен дрожжылардың зиянды жақтары

Сабақтың мазмұны

Саңырауқұлақтар дегеніміз əртүрлі субстарттардың бетінде

өсетін хлорофилсіз микроорганизмдер. Саңырауқұлақтар

клеткасының жеке ядросы бар , сондықтан оларды эукариоттарға

жатқызады. Зең саңырауқұлақтары қоректік ортаға талғампаз емес,

бірақ олардың көбісінің өсуіне оттегі қажет. Төменгі температураға

төзімді, тоңазытқыш камераларында да өсе береді.

Саңырауқұлақтар арасында сапрофиттермен қатар паразиттер де

кездеседі. Олардың көбісінің өндірістік маңызы зор, яғни

органикалық қышқылдар, ферменттер, антибиотиктер, витаминдер

жəне ірімшіктің кейбір түрлерін өндіруде қолданады. Ал

кейбіреулері тағамдық өнімдердің жəне өндірістік тауарлардың

ақауларына əкеліп соқтырса, енді біреулері өсімдіктердің,

жануарлардың, адамдардың ауруларын тудырады.

Көптеген саңырауқұлақтардың денелері өзара шиеленіскен

жіңішке бұтақталған жіпшелерден тұрады. Жіпшелер гифтер, ал

олардың шиеленісуінен пайда болған саңырауқұлақ денесін

мицелий деп атайды.

16

Саңырауқұлақтар бір клеткалы жəне көп клеткалы болып

бөлінеді. Бір клеткалы саңырауқұлақтардың бұтақталған мицелийлі

бір ғана клеткадан тұрады, ал көп клеткалы саңырауқұлақтардың

гифінде аралық перделер болады. Олар бірнеше жолмен көбейеді.

Көпшілігінде көбеюге қажетті арнаулы мүшелер бар. Негізінен

саңырауқұлақтар споралар арқылы көбейеді. Саңырауқұлақтарда

спора түзілу жынысты жəне жыныссыз жолдармен жүреді.

Жыныссыз жолмен көбейгенде спора ерекше гифтердің ұшында,

яғни конидий тасымалдаушылар мен спорангий

тасымалдаушыларда пайда болады.

Көбею қабілетіне байланысты саңырауқұлақтар жетілген жəне

жетілмеген болып бөлінеді. Жетілген саңырауқұлақтар жынысты

да, жыныссыз да жолмен көбейе алады. Жетілмеген

саңырауқұлақтар жынысты жолмен көбеюге қабілетсіз болады.

Дрожжылар бір клеткалы, қозғалмайтын организмдер.

Клеткаларды дөңгелек, сопақша жəне элипс формалы. Cырты

қабықпен қапталған. Олар протоплазмадан тұрады жəне

микроскоппен анық көрінетін ядросы бар. Клеткалары əр түрлі

қосындылардан тұрады. Май тамшылыры, волютин жарықты күшті

сындырады. Сонымен бірге гликоген, белокты заттар, ұсақ жылтыр

дəн түйршіктері түрінде жəне клетка шырынына толы вакуольдер

кездеседі. Дрожжылар табиғатта кең тараған: топырақта, піскен

жемісте жəне өсімдіктердің жапырақтарында. Көптеген

дрожжылардың шаруашылықта жəне өндірістерде маңызы зор. Ал

бір жағынан олар тағамдардың бұзылуына əкеліп соқтырады.

Дрожжылардың техникалық маңызы олардың қантты этил спирті

мен көмір қышқыл газына ыдырату қабілетіне байланысты.

Дрожжылардың маңыздылығы олардың құрамында белок

жəне кейбір витаминдердің мол болуында.

Дрожжылар көбіне жыныссыз жолмен көбейеді. Бұл процестің

нəтижесінде сыртқы бетінің кейбір жері ісінеді де, бүршіктердің

пайда болуына əсер етеді. Бүршіктің өсу деңгейіне байланысты

аналық клеткамен қосылған жерінде қалқа түзіледі де, бірте бірте

жуандап, жас клетка аналык клеткадан бөлініп шығады.

Дрожжылардың бүршіктену процесі, көбінде анаэробты жағдайда

жəне жеткілікті мөлшерде қоректік заттар қоры болған кезде

жүреді. Қоректік заттар мөлшері азайғанда жəне О2 жеткілікті

кезінде дрожжылардың жынысты көбейуі басталады. Жыныстық

көбею кезінде екі клетка қосылып кетеді. Жаңадан түзілген

17

зиготадан клетка дамиды да, олардан көбінде спора пайда

болады. Дрожжылардың арасында спора түзбейтін түрлері де

кездеседі. Сондықтан дрожжылар спора түзетін жəне спора

түзбейтін болып екіге бөлінеді. Дрожжылар моносахаридтерді

(глюкозаны, фруктозаны) жəне дисахаридтерді (сахарозаны,

мальтозаны) ашытады, азоттың көзі ретінде пептондар,

аминқышқылдар жəне аммонийлі тұздарды пайдаланады.

Студенттердің өзіндік жұмыстары

Дрожжы жəне зең саңырауқұлақтар өсінділерінің жаншылған

тамшысынан даярланған боялмаған препараттарды микроскоптың

аздап күңгірттенген аясында микроскоптау. Дрожжы клеткасының

жəне зең саңырауқұлақтары құрылысының суретін салу.

Қажетті материалдар мен құрал – жабдықтар

Микроскоптар, дрожжылар мен саңырауқұлақтар

өсінділерінен даярланған препараттар (жапқыш əйнекпен

жаншылған), саңырауқұлақ жəне дрожжылар культуралары.

Тақырып. Актиномициттердің морфологиясы

Сабақтың мақсаты: Актиномициттер морфологиясын

микроскоптау

арқылы зерттеп, жұмыс дəптерлеріне суретін

салу

Бақылау сұрақтары

1. Актиномицеттердің құрылысы, көбеюі жəне ерекшелігі.

2. Актиномицеттердің өндірістік маңызы

3. Актиномицеттердің зиянды жақтары

Сабақтың мазмұны

Актиномицеттердің аталуы латын сөздерінің (Actis – сəуле,

myces – саңырауқұлақ) негізінде шыққан.

Актиномицеттердің __________негізгі тіршілік ортасы – топырақ. Олар

гетеротрофтар, яғни дайын органикалық қосылыстармен

қоректенеді, соның нəтижесінде олар табиғаттағы зат алмасу

процесіне қатынасады. Актиномицеттердің басым көпшілігі

18

сапрофиттер, бірақ адамдар мен жануарлар организмінде

актиномикоз ауруын туғызатын өкілдері кездеседі. Олар тағамдық

өнімдерде де кездесіп олардың бұзылуына əкеліп соқтырады.

Актиномицеттердің денесі саңырауқұлақтарға ұқсас,

тармақталған жіпшелерден – мицелийлерден тұрады. Кейбір

актиномицеттердің мицелийлері бөлінген кезде таяқша тəрізді жəне

сферикалық бактерияларға ұқсас клеткаларға бөлінеді.

Актиномицеттер грам оң, клеткалары қозғалмайды, көбі

түсіне байланысты əр түрлі пигменттер түзеді жəне спорамен

немесе жай бөліну арқылы көбейеді. Кейбір актиномицеттердің

мицелийлерінің ұшында бірнеше спорасы бар спороносецтер пайда

болады.

Топырақта тіршілік ететін актиномицеттердің көпшілігі

клеткаларының пішіні мен түстеріне, спороносецтерінің

құрылысына жəне антибиотиктерді түзуіне байланысты бірнеше

топқа бөлінде.

Жоғарғы сатылы актиномицеттердің көбісінің антибиотик

продуценті ретінде маңызы зор.

Студенттердің өзіндік жұмыстары

Актиномициттер культурасынан жасалған, боялған

«жаншылған тамшы» даяр препаратты микроскоппен қарау. Ол

үшін препаратты 90х объективпен аз ғана күңгірттенген фонда

қарайды. Препараттың суретін салады.

Қажетті материалдар мен құрал – жабдықтар

Микроскоптар, заттық шыны, жапқыш əйнек, Пастер түтігі,

актиномицеттің сұйық культурасы

Тақырып. Бактериялар өсінділерінен препарат даярлау, жай бояу

əдісі.

Сабақтың мақсаты: Қатты сұйық ортада өсірілген бактериялар

өсінділерінен препарат даярлауды үйрену.

Бақылау сұрақтары

1. Қатты жəне сұйық орталарда өсірілген бактериялар

өсінділерінен препараттарды қалай даярлайды?

19

2. Тірі бактериялардан препарат қалай даярланады жəне

қандай мақсатта бактерияларды тірі күйінде зерттейді?

3. Бактерияларды жай əдіспен бояу дегеніміз не жəне қандай

мақсатта бактерияларды жай əдіспен бояйды?

Сабақтың мақсаты

Микроорганизмдерді микроскопиялық зерттеу үшін олардан

тірі жəне өлтірілген күйінде, боялған жəне боялмаған əр түрлі

препараттар даялайды.

Тірі күйінде препарат жасау олардың формасы мен

қозғалысын анықтауға мүмкіншілік береді. Тірі микробтардан

препарат жасау үшін «жаншылған тамшы» жəне «ілінген тамшы»

əдістерін қолданады.

«Жаншылған тамшы» препаратын даярлау үшін заттық

əйнектің ортасына ілмешекпепен сұйық ортада өсірілген өсіндінің

бір тамшысын тамызып, оны жапқыш шынымен жаншып,

самырсын майының бір тамшысын жабынды əйнектің үстіне

тамызады, аздап күңгірттенген көз аясында микроскоптайды.

Микробтарды тірі күйінде зерттегенде құрғақ жүйені де қолданады.

Өлтірілген микробтардан жасалынған препараттарды бояу

арқылы олардың морофлогиясын жəне орналасуын зерттейді. Жай

бояу əдісімен тек қана микробтың морфологиясын көре алсақ,

күрделі бояу арқылы микроб клеткасының кейбір структуралық

элементтерін (капсула, спора, денешіктер) көру мүмкіншілігі

туады.

Бактериялардан препарат жасау негзгі төрт этаптан тұрады:

жағынды дайындау, кептіру, бекіту жəне бояу.

Студенттердің өзіндік жұмыстары

Жағынды даярлау. Алдын ала майдан тазартылған заттық

əйнекке ілмекпен бір тамшы физиологиялық ерітіндіні тамызып,

содан соң оған пробиркадағы қатты қоректік ортада өсірілген

бактерия өсіндісінен осы ілмешекпен алып салады. Материалды

ерітіндіде жақсылап езіп, оны заттық əйнек ауданының 1 – 2

шаршы сантиметр бетіне жұқалап жаяды. Сонда жағынды

даярланғаннан кейін азғана уақытта кебеді.

Егер де препарат сұйық қоректік ортада даярланатын болса,

онда ілмешекпен өсіндіден бір тамшы алады да, құрғақ таза заттық

əйнек ортасына тамызып, бірқалыпты етіп жұқалап жағады.

20

Препаратты даярлап болған соң ілмешекті спиртовка

жалынында күйдіреді.

Кептіру. Жағындыны бөлме температурасында ауалы жерде

кептіреді.

Бекіту. Даяр болған препаратты 1. Бактерияларды əйнекке

жабыстыру, 2. Зарарсыздандыру жəне 3. Бояуды

қабылдағыштығынарттыру үшін спиртовка жалынында кем дегенде

3 – 6 рет шарпып алады. Олардың арасы кем дегенде 5 – 6 секунд

болу керек, микроб клеткасында тұрпайы өзгеріс болмауы үшін

жағындыңы қатты қыздырып жіберуге болмайды.

Бояу. Микробтарды бояу əдістерін жай, күрделі немесе

дифференциалды деп ажыратады.

Бояудың жай əдісі бактериялардың жалпы морфологиясымен

тез жəне біршама жақсы танысуға мүмкіндік береді. Жай əдіспен

боялғанда тек бір ғана бояу – көбінесе қызыл – фуксин немесе

көгашметилен көгі қолданылады. Жағындыны Пфейфер

фуксинімен 1 – 2 минуттай мерзімде ғана, ал Леффлер көгімен 3 – 5

минут аралығында бояйды. Бояу мерзімі өткеннен соң оны

препараттан төгіп, сумен шаяды, ауалы жерде кептіреді, сумен

шаяды, ауалы жерде кептіреді, судың қалдығын сүзгіш қағазбен

абйлап сорғытып алады. Боялған жағынды əбден құрғаған болуы

керек. Олай бомаса жағындығы тамызылған самырсын майымен ол

қосылып эмульсия түзеді де, микроскоптау процесінде кеселін

тигізеді. Даяр болған препаратқа самырсын майын тамызып, оны