
- •1.1. Кәсіптік оқыту әдістемесінің мазмұны мен міндеттері
- •1.4.Технология сабағын оқытудың түрлері мен ерекшеліктері
- •1.5. Технология сабағының құрылымы
- •3. Практикалық жұмыс сабақтың негізі бөлімі болып табылады.
- •1.6 Оқушылардың үлгерімін есепке алу және білімін бағалау
- •1.7. Технологияны оқыту әдістері
- •1.8. Оқу шеберханасындағы өтілетін сабақтың мазмұны мен
- •1.9. Технология пәнін оқытудың жүйесі мен принциптері
- •1.10.Техннология сабағын оқытудың оқу-материалдық базасы
1.10.Техннология сабағын оқытудың оқу-материалдық базасы
Технология бағдарламасында көрсетілгендей, мектепте бірыңғай оқыту
жұйесінің құрамдас бөлігі политехникалық еңбектің дайындығын
дамытуға тәрбиелеу болып табылады. Оқу процесінде балалардың еңбек
тәжірибесінің политехникалық дайындығын шешеді, жай еңбектің қаруы
ретінде өндірістегі жұмыстың біліктілігімен білімін қалыптастырады,
оқушылардың эстетикалық, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытады.
Бағдарламадағы бөлімдер мен тақырыптарға байланысты мектептің
материалдық базасы болуы керек.
Оқу бөлмелеріне, құрал-жабдықтарға, көркемдеуге қойылатын талаптар.
Кәсіптік оқытудың сабақ өткізуге арналған жергілікті, кабинетін
жабдықтау. Мектеп шеберханаларындағы жұмыс күнінің ережесі.
Оқушыны және мұғалімінің жұмысшы орындары. Жеке-дара және жалпы
пайдаланатын орындар.
Жабдықтар тізімі. Кәсіптік оқыту бойынша оқу құралдары,
көрнекіліктері. Жабдықтарды орналастыру, аспаптарды, материалдарды,
үлгермеген жұмыстарды және т.б. сақтау. Жабдықтарды меңгерудің
қайнар көздері.
ІІ-МОДУЛЬ. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН
БАҒДАРЛАМАҒА БАЙЛАНЫСТЫ НЕГІЗГІ БӨЛІМДЕРДІ САЛА
БОЙЫНША ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ.
Тақырып 2.1. “Тігін бұйымдарының материалдары” тарауын оқыту
әдістемесі
Тарауды зерделеудің мақсаты және міндеттері. Тақырыптарды оқыту
әдістері, формасы және мазмұны. Тігін материалдары туралы негізгі
мәліметтер (матаны өндіру, матаның негізгі қасиеттері).
Матаны өндірудің технологиялық процесі. Мата өндіру мамандығы және
жабдығы, беймата материалдарды алу тәсілдері.
Материалтану элементтеріне оқыту әдістерінің ерекшеліктеріне
сипаттама. Сабақтың практикалық бөлігін ұйымдастыру және өткізудің
әдістемелік ерекшеліктері: күрделі пішімді иықты киімдерге арналған
матаны таңдау; түрлі ассортимент және талшықтың құрамы бойынша
маталар коллекциясын құру; матаның қасиеттерін анықтау; иықты киімдер
бөлшегін әртүрлі құрамды талшықтар көмегімен сәндеу.
Тақырып 2.2. Жоғарғы сыныптарға “Тігін өндірісінің машинатану
негізі” тарауын оқытудың әдістемесі
Тарауды зерделеудің мақсаты және міндеттері. Тақырыптарды
оқытудың әдістері, формалары және мазмұны, әмбебап өндірістік тігін
машиналарының жұмысы және құрылысы, өндірістік тігін
машиналарының және олардың механизмдерінің іс-әрекет қағидасы мен
арнаулы, құрылысының варианттары. Тіке тігісті тігін машиналарының
бейімдеу құралдары (басу табандары). Арнаулы тігін машиналары.
Сабақтың практикалық бөлімін ұйымдастыру және өткізудің әдістемелік
ерекшеліктері. Арнаулы және тіке тігісті өндірістік тігін машиналарында
жұмыс жасау, кинематикалық сұлбасы және механизмдерінің арналуын
оқып-үйрену. Тігін машинасымен жұмыс жасау барысындағы қарапайым
ақаулау және оларды қалыпқа келтіру әдістері.
Машина тігістерін орындауға және тігін машинасының жұмыс жасау
тәсілдерін меңгеруге оқушылардың ептілігі мен дағдысын қалыптастыру.
Тақырып 2.3. 10-сынып оқушыларына
«Киім тарихы» тарауын оқытудың әдістемесі
Тарауды зерделеудің мақсаты мен міндеттері. Тақырыптарды оқытудың
әдістері, формалары және мазмұны. Костюмнің шығу тарихы; Феодалдық
Шығыс және Ежелгі дүние костюмдері; Византия костюмі; Орта ғасыр
кезеңіндегі Батыс Еуропа костюмі; Қайта өрлеу кезеңіндегі костюм; XVII
ғасыр костюмі; Барокко стилі; Сұлулықтың эстетикалық идеалы;
Маталары, өрнектері; Түстердің гаммасы; XIX ғасыр
костюмі;Санкьюлоттар киімі; Ампир стилі; ХХ ғасыр костюмі; Костюмнің
негізгі ерекшеліктері мен сұлулығының эстетикалық идеалы; Костюмнің
алғашқы нұсқасын орындау; Түрлі кезең костюмдерінің түсін, формасын,
сәндік өрнектерін оқып үйрену; Қазіргі мода бағытына талдау жасау.
Тақырып 2.4. «Киім композициясы» тарауын оқытудың әдістемесі
Тарауды зерделеудің мақсаты мен міндеттері. Тақырыптарды оқытудың
әдістері, формалары және мазмұны. Көркем эстетикалы, пайдалылық
қызметі конструкторлы-технологиялық және экономикалық міндеттерінің
кешенді шешімі. Костюмдегі композиция түрлері және композицияның
маңызы, формалардың көзбояушылығы және конструкторлық элементтері;
Костюм формасын үйлестіру құралдары; Пропорциялар, қатынас, тепе-
теңдік, нюанс, констраст, статика, костюм формасының динамикалылығы,
ритм, симметрия мен ассиметрия; Көзбояушылық әсері, композиция
заңдылықтары, шығармашылық шешімнің негізі, костюмді көркем
жобалаудың жалпы қағидалары, киім түрінің мақсатына байланысты
көркемдеп-сәндеу; Қазіргі киім үлгілеріне таңдау жасау.
Сабақтың практикалықбөлімін өткізудің әдістемелік ерекшеліктері:
Киімді көркемдеп жобалау; Қолданылуы мен түрлеріне байланысты киімді
көркемдеп сәндеу; костюм композициясының шығармашылық шешімі.
Тақырып 2.5. Жоғарғы сыныптарда «Тігін бұйымдарын
конструкторлау және модельдеу»тарауын оқытудың әдістемесі
Тарауды зерделеудің мақсатты мен міндеттері.
Тақырыпты оқытудың әдістері, формалары және мазмұны. Әртүрлі
пішімдегі тігін бұйымдарын конструкторлау және модельдеу; Тігін
бұйымдарының конструкциясы туралы мәлімет. Конструкторлық
белдеулер; Толықтылығы, ұзындығы, өлшемі, байланысты денені
сипаттау; Денені өлшеу, қосымшалар: ЦОТШЛ жүйесі киімдерді
конструкциялау әдістері, әйел денелерін өлшеу, қондырма жеңді, жағалы,
қынама силуэтті көйлектің негізгі сызбасын тұрғызу. Әйел жеңіл
көйлектерінің элементтерін техникалық модельдеу.
Сабақтың практикалық бөлімін ұйымдастыру және өткізудің әдістемелік
ерекшеліктері: өлшем алу; Қынама силуэтті көйлкетің, блузканың,
сарафанның сызбасын есептеу және тұрғызу.
Тақырып 2.6. Жоғарғы сыныптарға «Тігін бұйымдарын әзірлеу
технологиясы» тарауын оқытудың әдістемесі
Тарауды зерделеудің мақсаты мен міндеттері. Тақырыпты оқытудың
әдістері, формалары мен мазмұны. Жеңіл киімдер ассортименттерін
әзірлеудің технологиялық процесі. Алынған өлшемдерге сәйкес негізгі
жұмыс түрлеріне мәлімет. Пішу барысында материалдың үнемділігін
есептеу.
Матаны өңдеу бойынша оқу шеберханасында практикалық сабақты
ұйымдастыру және өткізудің әдістемелік ерекшеліктері: материалдың
қасиеттерін есепке ала отырып, жеңіл киім ассортменттерінің бөлшектері
мен түйіндерін өңдеу тәсілдері; Негізгі бөліктерін біріктіру; Бұйымның
соңғы сәндеулері(өңдеулері).
Тақырып 2.7. Жоғарғы сыныптарға «Тігін машиналары және
жартылай автоматтар» тарауын оқытудың әдістемесі
Тарауды зерделеудің мақсаты мен міндеттері. Тақырыпты оқытудың
әдістері, формалары мен мазмұны. Жартылай автоматы іс-әрекеттегі тігін
машиналары. Кіші механизация құралдары; Машинада жұмыс жасау
тәсілдері; Пішу цехының жабдықтары.
Дымқылды-жылулы өңдеулер және үтіктеу жабдықтары.
Сабақтың практикалық бөлімін ұйымдастыру және өткізудің әдістемелік
ерекшеліктері: Жартылай автоматы іс-әрекеттегі тігін машинасында
жұмыс жасау тәсілдері; Матаны пішудің әртүрлі тәсілдерінің
ерекшеліктері; Бумен үрленген манекендер және процестердің құрылысы.
Тақырып 2.8. Жоғарғы сыныптарға «Тігін бұйымдарын
конструкциялау және модельдеу» тарауын оқытудың әдістемесі
Тарауды зерделеудің мақсаты мен міндеттері. Тақырыпты оқытудың
әдістері, формалары мен мазмұны. Реглан жеңді көйлектің сызбасын
тұрғызу. Жеңі мен тұтас пішілген көйлекті конструкциялау. Сәнді әйел
көйлегін модельдеу.
Сабақтың практикалық бөлімін ұйымдастыру және өткізудің әдістемелік
ерекшеліктері: Жеңімен тұтас пішілген реглан жеңді көйлектің сызбасын
есептеу және тұрғызу; Көйлектің лекаласын әзірлеу және тұрғызу;
Конструкциялық ақауларды түзету.
Тақырып 2.9. Жоғарғы сыныптарға «Тігін бұйымдарын әзірлеу
технологиясы» тарауын оқытудың әдістемесі
Тарауды зерделеудің мақсаты мен міндеттері. Тақырыпты оқытудың
әдістері, формалары мен мазмұны. Жеңімен тұтас пішілген және реглан
жеңді бұйымдардың ассортиментін әзірлецу. Матасы мен үлгісін таңдау;
әртүрлі жеңді бұйымдарға матаны пішудің ерекшеліктері.
Матаны өңдеу бойынша оқу шеберханасында практикалық сабақты
ұйымдастыру және өткізудің әдістемелік ерекшеліктері: Пішіндіні тексеру
және өңдеуге дайындау; Пішінді бөлшектердің конструкторлық түрлілігі;
Киімнің бөлшектері мен әртүрлі түйіндерін өңдеу; Тігін бұйымдарының
соңғы сәулелерін тексеру және сапасын бақылау.