- •1.1. Кәсіптік оқыту әдістемесінің мазмұны мен міндеттері
- •1.4.Технология сабағын оқытудың түрлері мен ерекшеліктері
- •1.5. Технология сабағының құрылымы
- •3. Практикалық жұмыс сабақтың негізі бөлімі болып табылады.
- •1.6 Оқушылардың үлгерімін есепке алу және білімін бағалау
- •1.7. Технологияны оқыту әдістері
- •1.8. Оқу шеберханасындағы өтілетін сабақтың мазмұны мен
- •1.9. Технология пәнін оқытудың жүйесі мен принциптері
- •1.10.Техннология сабағын оқытудың оқу-материалдық базасы
1.4.Технология сабағын оқытудың түрлері мен ерекшеліктері
Негізгі оқу-тәрбие формасының үрдісін ұйымдастыратын сабақ болды
және болып қалады. Ең үлкен педагогикалық нәтижеге жету үшін,
балаларды сол сабақты оқытудың проблемасын дамыту мен тәрбиелеу
жиынтығын шешу болып табылады. Сабақ қазіргі заман талабына сәйкес
болу үшін, мұғалім ең жақын үйлесімді оқу әдісін таңдайды. Басқа оқу
пәндермен салыстырғанда еңбекті оқыту сабағының өзіндік ерекшелігі
бар. Негізгі сабақ уақытының мөлшері тәжірибелік жұмысқа беріледі.
Жоғарғы сыныпқа сабақтың ұзақтылығы 90 минут болса, оның ішінде кем
дегенде 40-50 минут тәжірибелік жұмысқа бөлінеді.
Тәжірибелік жұмыс нақты қоғамға пайдалы бағытта болуы керек.
Тәжірибелік жұмыс уақытында мұғалім құрал-саймандарды қолданарда
қатаң түрде техника қауіпсіздігінің ережесін сақтау міндетін ескертеді.
Дидактикалық мақсатқа байланысты әрбір сабаққа қойылатын қоғамдық
пайдалы затты дайындауды анық та, нақты талап етеді. Қоғамға пайдалы
жұмыс мазмұнының өзі, үлкендердің еңбегін силауға, тәрбиелеуге,
жауапкершілікке, ұқыптылыққа, тәртіптілікке, бірлестікке бәрі еңбек
мәдениетінің эстетикалық талғамын мінездейді. Еңбек сабағын жан-жақты
және барлық бар формаға бейімді жолдарды талап ететін әр түрлі
әрекеттер қазіргі заман мұғалімдерінің оқыту әдістері мен еңбекті оқыту
сабағын басқа пәндермен байланыстыру болып табылады. Сабақтың типі
әр түрлі критерилермен анықталады. Кейбір әдіскерлер сабақ түрі мен
мазмұнын мысалы: матаны өңдеу, қағазбен жұмыс, әр түрлі
материалдармен жұмыс, техникалық модельдеу сияқты сабақтар болса,
басқа біреуі оны жүргізу тәсілін, мысалы саяхат сабағы, кино сабағы, өз
еркімен бұйым даярлау сабағы, үшінші біреуі — оқыту мақсатына қарай
мысалы: политехникалық білімді қалыптастыру сабағы, еңбекке
шеберлігін, білімді және шеберлікті бекіту, аралас сабақтарды анықтайды.
Демек әрбір әрекет қандай да бір белгінің негізін құрайтын сабақ түрін
анықтайды.
Қазіргі кезде сабақ түрін анықтау үшін әдіскерлер әр түрлі белгілерді
ескере отырып, соның негізінде құрамдас бөлігін сипаттай отырып,
анықтама алады. Мұндай сабақтарды бір-бірінен жеке қарастыру, жай
немесе аралас сабақтар түріне бөлінеді.
Жай сабақ түріне жататын бір дидактикалық мақсаты арнайы орындау
және бірнеше біріңғай элементтерді өзіне енгізу, мысалы: матаның
қасиетін оқыту сабағы, матамен жұмыс тақырыбына шеберлігін бекіту т.б.
сияқты сабақтар жатады.
Аралас сабақ түріне өзіне бірнеше біріңғай элементті бірнеше
дидактикалық мақсатты арнайы орындау болып табылады. Бұған матаның
қасиеті оқыту сабағын жатқызуға болады және оны өңдеуге шеберлігін
қалыптастыруды, сабақты оқытуда матадан бұйым пішу, қию және оны
тігу жолдарын т.б. шеберліктерін бекіту сияқты сабақтар жатады. Бірінші
жағдайда мұғалімнің тікелей жетекшілігімен оқушыларға танымал әрекетті
іске асыру үшін: әңгімелейді, түсіндіреді, инструкторлайды. Екінші
жағдайда мұғалімнің жетекшілігімен негізгі танымал әрекеттерді іске
асыру үшін: проблемалық жағдайды туғызады, әдеттегідей балалардың
өзіндік жұмыстарын бақылайды немесе программаланған технологиялық
картамен тексеріп отырады.
Сабақтың түрі мен құрылымын анықтауға, оқыту әдісінің мазмұны мен
дидактикалық міндетін ұйымдастыруға көңіл бөлу керек.
Тақырып 5
