
- •1.1. Кәсіптік оқыту әдістемесінің мазмұны мен міндеттері
- •1.4.Технология сабағын оқытудың түрлері мен ерекшеліктері
- •1.5. Технология сабағының құрылымы
- •3. Практикалық жұмыс сабақтың негізі бөлімі болып табылады.
- •1.6 Оқушылардың үлгерімін есепке алу және білімін бағалау
- •1.7. Технологияны оқыту әдістері
- •1.8. Оқу шеберханасындағы өтілетін сабақтың мазмұны мен
- •1.9. Технология пәнін оқытудың жүйесі мен принциптері
- •1.10.Техннология сабағын оқытудың оқу-материалдық базасы
1.5. Технология сабағының құрылымы
Еңбекті оқыту сабағының құрылымы мектептің оқыту-материалдық
базасына және оқушылардың білім деңгейінің дамуына, сондай-ақ
сабақтың тақырыбына, мақсатына, мазмұнына байланысты анықталады.
Мұғалім оқу-тәрбие мазмұнына байланысты әрбір нақты жағдайда
оқушыларға әсерін тигізетін сабақтың құрылымының тиімді жолдарын
таңдайды. Мектеп тәжірибесінде көп тараған сабақтың құрылымы негізгі
төрт этаптан тұрады: сабақты ұйымдастыру; жаңа сабақтың мазмұны;
тәжірибелік жұмыс; орындалған жұмысты қорытындылау, талдау, бағалау.
Технология сабағының басқа сабақтардан ерекшелігі сабақтың ұзақтылығы
2 х 45=90 минуттан болады.
Сабақты ұйымдастыруға 3-5 минут, жаңа сабақтың мазмұнын түсіндіруге
20-30 минут, тәжірибелік жұмысқа 40-45 минут, жұмысты қорытындылап,
талдап, бағалауға 7-10 минут беріледі.
Технология сабағының бағыты келесі элементтерден құралады:
1. Еңбекті жобалаудағы өнім және еңбек процесіндегі жоспар
(конструкциялық функция).
2. Жұмыс орнын қамтамасыз ету (көмекші функция).
3. Жұмысты белгілеу, өңдеу, өлшеу, жинақтау және әсемдеу, безендіру
операцияларын жүргізу (технологиялық функция).
4. Өз еңбегіне есеп және өзіндік бақылау (психологиялық-технологиялық
функция).
Сабаққұрылымы икемді болуы қажет, ол қоршаған жағдайға байланысты
өзгеруі мүмкін. Мысалы: 6-9 сыныпта белгілі бір бұйым дайындауда екі
сабақ белгіленеді, екінші сабаққа жоспар мен жобаның болмауы мүмкін,
сондай-ақ тәжірибелік жұмысты жүргізгенде технологиялық операция
болмауы да мүмкін.
Сабақтың толық құрылымын құрастырайық.
1. Сабақты ұйымдастыру көбінесе оқушылардың сабаққа дайындығын
тексеруден басталады. Егер де бірнеше оқушының қажетті құрал-жабдықтары мен материалдары болмаған жағдайда, мұғалім қосымша
запастан береді.Мұғалім оқушылардың сабаққа барлық құрал-жабдықтары
мен материалдары бар екендігін көріп барып, сабақты бастайды.
Оқушылардың жұмыс орнын ұйымдастыру жоғарыда 12-бетте, 1-суретте
сипатталған (қыз балалар үшін).
2. Еңбекті оқыту пәнінде жаңа сабақты түсіндіру, әңгімелеу,
демонстрация, инструктаж ретінде өтеді. Демонстрациялау кезінде мұғалім
оқушылардан берілген бұйымның үлгісін және оның бейнесінің
ұнайтынын сұрайды. Содан кейін сабақтың мақсатын анықтайды.
Оқушылармен әңгімелесу кезінде орындалатын бұйымға қанша және
қандай материал қажет екенін, оның өңделуін, жасалуын, безендірілуін
және де оны орындауға қандай құрал-жабдық қажет екендігін, сондай-ақ
оның орындалу реттілігін, өзінің жұмыстарының нәтижесін бақылау керек.
Жаңа сабақты аяқтап, оны бекіту кезінде және қысқаша нұсқау кезінде
өзіндік жұмыста техникалық құжатқа сүйенеді.
3. Практикалық жұмыс сабақтың негізі бөлімі болып табылады.
Сабақтың құндылығын оқушылардың өзіндік жұмысының информациялық
программа картасынан көруге болады Мұғалім өзіндік жұмыстың
нәтижесін, оқушылар өзіндік жұмысты қаншалықты меңгергенін
бақылайды. Өзіндік жұмыс мұғалімінің оқу процесіне кедергі
келтірмейді.оку
Мұғалімнің сабақ өтуге даярлану этаптары. Алдын ала дайындалу және
жоспарлау. Жоспарлау мен міндеттердің маңызы. Жоспарлау түрі.
Перспективті және ағымдағы жоспар. Календарлы-тақырыптық жоспар
мазмұны. Еңбек объектісін дайындау. Сабақтың жоспар конспектісінің
құрылымдық элементтерінің мазмұны.
Еңбек сабақтарын өту (таңдау және нақты сабақ тақырыбы, сабақта
оқушыларды ұйымдастыру жұмысының мақсаты, өзіндік әрекетін,
шығармашылық белсенділігін және тәрбиелік мәселелерді шешуді
дамыту).
Тақырып 6