Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
айдана.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
54.77 Кб
Скачать

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

УНИВЕРСИТЕТІ

Өнер және мәдениет факультеті

Кәсіптік білім кафедрасы

КӘСІПТІК ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ МӘТІНІ

Пән атауы: Кәсіптік оқытудың әдістемесі

Мамандығы: 5В012000-«Кәсіптік білім»

Оқу нысаны: күндізгі

Алматы, 2012

«Бекітемін»

Кәсіптік білім кафедрасының

меңгерушісі Н.Б.Рахметова

__________

« » 2012 ж.

КІРІСПЕ

Заман талабына сай, мектеп қабырғасында тәрбиеленіп жатқан жас

ұрпақты ұлтымыздың көнеден келе жатқан салт-дәстурін, еңбекке деген

шеберлігі мен икемділігін, өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру –

ұлт мектептерінің басты міндеті.

Сол себептен қазіргі талаптарға сай, келешек мұғалімдерді дайындау

барысында осының өзі өмірдің қойылып отырған талаптарын туындайды.

Яғни педагогтік институттың студенттерін мектеп өмірімен

байланыстылығын нығайту.

Ұсынылып отырған еңбек пәнін оқыту әдістемесінің іс – тәжірибелік

жұмысы педагогикалық институтының еңбек және киім үлгісін сәндеу,

еңбек және қазақтың қолданбалы қолөнері мамандықтарының жоғарғы

курс студенттеріне арналған.

Еңбек пәнін оқыту әдістемесінің іс-тәжірибелік жұмысының мазмұны

негізінен студенттерді еңбекқорлыққа үйрету, яғни теориялық сабақтармен

қатар тәжірибелік жұмыстар орындалып отырады. Пәннің ерекшелігі 20-30 проценті тәжірибелік студенттерінің өздерінің ізденіп мектептегі еңбек

пәнін зерттеулерін тұжырымдайды. Сонымен қатар тәжірибелік жұмыстан

басқа өзіндік жұмыстары да ескеріледі, онда осы зерттеген жұмыстарын

өз қолдарымен орындалуына бөлінеді.

Мұнда оқыту әдістер, оқу жоспары, оқу бағдарламасы, оқыту

принциптері және оқу тәрбие жұмыстарының мақсат-міндеттерінің

маңызы зор екендігі көрсетіледі. Еңбек пәнін оқыту әдістемесі оқу тәрбие

барысының ережелерімен заңдылықтарынан тұратын педагогиканың

арнайы бір бөлімі. Ендеше еңбек пәнін оқыту әдістемесінің ерекшелігіне

еңбек объектісі, яғни теориялық сабақтан, тәжірибелік сабақтың

нәтижесінің ұтымды екені көрсетіледі.

Тақырып 1.

1.1. Кәсіптік оқыту әдістемесінің мазмұны мен міндеттері

Курсты оқытудың мақсаты мен міндеттері және оның маңызы мен

кәсіпке баулудың оқытушысын даярлау жүйесіндегі ролі. Курстың

мазмұны. Басқа пәндермен өзара байланысы. Жалпы және жеке

мәселелер. Кәсіби оқыту мұғаліміне оқытушы және тәрбиеші ретінде

қойылатын талаптар.

Жалпы техникалық және еңбек технологиясын оқыту әдістемесін оқыту

міндеттері, қазіргі заман талабына сай оқушыларды тәрбиелеу.

Қазақстан Республикасы мен аймағында технология пәнін оқыту

жағдайы. Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін

мектептерінде оқушыларды тәрбиелеу және еңбекке оқыту

тұжырымдамасының мазмұны. Мектепте технология пәнін оқыту

мазмұны. Оқу бағдарламалары және оларды талдау, зерделеу

бағдарламаны құру қағидасы. Бағдарламаның ұлттық компоненты.

Бөлімдер мен тақырыптардың негізгі мазмұны, олардың оқу жылдары

бойынша бөлінуі.

Курсты оқытудың міндеттері:

- Кәсіпке оқыту мазмұнынының әр кезеңіндегі білім беру мазмұны

жөнінде студенттерге нақты түсінік беру; педагогтың сабақты

ұйымдастыруы мен материалдық жабдықтауы, оларды жоспарлау

жұмыстарының мазмұнымен таныстыру, сабақтан тыс, сыныптан

тыс және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен басқаруға

болашақ мұғалімдерді дайындау;

- Жан-жақты дамыған, шығармашылық қабілеті жоғары, кәсіби бейім

тұлғаны тәрбиелу және жетілдіруге жағдай жасау; болашақ кәсіби

қызметінде өзін өзі айқындау мен өз мүмкіндігін жүзеге асыруға

дайындау;

- Студенттерді педагогикалық еңбекті тиімді ұйымдастыруға,

оқушы жастарға білім берудің тиімді әдістері мен формаларын,

оқу құралдарын таңдауға, әдістемелік, анықтамалық және

арнайы әдебиеттермен жұмыс жасауға үйрету;

- Мектептерде студенттерді педагогикалық практиканы өтуге, курстық

және дипломдық жұмыстарды орындауға даярлау.

- Кәсіпке баулу оқытушыларын дайындау ерекшеліктері

педагогикалық білім берудің мазмұнын жетілдіру; оны жетілдіру

жолдарын іздестіру; оның вариативтілігін арттыру; мектептер мен

білім беру мекемелерін жоғары білікті педагог кадр мамандарымен

қамтамасыз етумен ерекшеленеді. «Кәсіптік оқыту әдістемесі»

курсын оқу нәтижесінде студенттер төмендегідей білімдерді меңгеруі

тиіс:

- «Технология» интегративті білім саласы оқу

бағдарламасының тараулық мазмұнын;

- оқытудың мақсаты, міндеттері және кезеңдері есебіндегі кәсіпке

алғашқы баулу сабақтарының құрылымы мен қағидаларын;

- оқулықтардың, оқу кұралдарының, оқу-әдістемелік әдебиеттердің

мазмұны идеясы, негізгі қағидаларын;

оқу шеберханаларын ұйымдастыру мен жабдықтауға қойылатын

талаптар.

Тақырып 2

1.2.Техннология сабағын оқытуды ұйымдастыру формалары

Технология пәнін оқытудың негізгі ұйымдастыру формалары. Сабақ,

сабақтан тыс, сыныптан тыс және мектептен тыс оқыту формалары.

Сабақ — мектеп шеберханаларында оқушыларды еңбекке

ұйымдастырудың негізгі формасы. Сабаққа қойылатын дидактикалық

талаптар. Сабақтың мақсаты, типі, құрылысы.

Лабораториялық сабақ, оқу практикумы, экскурсия. Үй жұмысы

оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру формасы ретінде. Еңбекті

ұйымдастыру формасы: фронтальды, топтық, жеке-дара, оларды

әдістемелік тұрғыда зерттеу. Еңбекке ұйымдастырудың формасын

таңдауды анықтайтын факторлар.

Тақырып 3

1.3. Технология сабағын оқытудың қағидалары мен әдістері

Кәсіпке оқыту қағидалары, олардың сабақ барысында орындалуы.

Кәсіпке оқытудың әдістері мен тәсілдері. Әдістердің жіктелуі.

Репродуктивті және проблемалы-ізденісті әдістер. Сабақтарда қолдану

үшін оларды таңдау шарттары. Оқу әдістері. Оқыту әдістері.

Иллюстративті-түсіндіру әдістері, әңгіме, түсіндіру, әдебиетпен жұмыс т.б.

оқыту әдістері.

Демонстрациялық әдістер: объектілердің демонстрациясы, табиғи,

экрандық, графикалық көріністердің бейнеленуі (сурет, сызба, схема, үлгі,

технологиялық карта, транспорант, плакат және т.б.), диафильм,

диапозитив, кодопозитив және эпипозитив, кинофильм, кинофрагмент,

кинокольцовка, оқу теледидары және т.б. Жарықтық проекция. Еңбек

тәсілдерін демонстрациялау және оларға қойылатын талаптар.

Практикалық әдіс. Еңбек ептілігі мен дағдысын қалыптастырудың

психологиялық негізі.

Жаттығу — ептілік пен дағдыны қалыптастырудың негізгі әдісі.

Жаттығу түрлері. Оларға қойылатын талап. Оларды ұйымдастыру мен

өткізу әдісі. Оқушылардың өз еңбегін жоспарлауға және өзін-өзі

практикалық жұмыс жасағанда бақылауға үйрету.

Қорытынды нұсқау. Жұмыс нәтижесін (оқушылардың орындаған

жұмыстарын талдау, жіберілген қателіктер, сапасының бағасы мен бағаны

қорытындылау) шығару.

Тақырып 4

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]