Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bilety_po_MedPravu.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104.02 Кб
Скачать

Билет №13

20 жастағы жүкті келіншек өз жыныстық серігімен бірге алғаш рет әйелдер консультациясына (ӘК) келеді. Анамнез бойынша: оның алғашқы жүктілігі, бұрын ол ата анасынан ұялған соң ӘК келген емес, және ешқандай анализ тапсырмаған. Жыныстыстас серігі екпе арқылы есірткі қабылдайды, және олардың қатынасы мүшеқапсыз болады. Шағымы жоқ, клиникалық ахуалы қанағаттанарлық және дәрігерлік қарауда 30-32 апталық жүктілік анықталады. Терісінде себорей түріндегі дермат байқалады.

Дәрігер пациентті қолын алдын ала зарарсыздандырмастан, қолғапсыз тексереді де жалпы анализге жолдама жазып береді. Қорытынды: «30-32 апталық жүктілік»

Кодекстің қандай принциптері мен ережелері бұзылды?

Медициналық құқық және денсаулық сақтаудағы

заңнама негіздері модулінің жетекшісі з.ғ.д., доцент Испаева Г.Б.

хаттама №1, 28.08.2014

Билет №13

Ревматизм диагнозымен терапия бөлімшесінде емдеуде жатқан 30 жастағы науқастың 12-ші күні ыстығы 39,00Сқа көтеріліп, іші өтіп, лоқсуы жиілеп іші ауырады. Оның шағымына дәрігер жеуге жарамсыз тағамды пайдаланып, өзің тамақтану тәртібін бұздың деп жауап береді. Кодекстің қандай принциптері мен ережелері бұзылды?

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің қай ережесі бұзылған?

Медициналық құқық және денсаулық сақтаудағы

заңнама негіздері модулінің жетекшісі з.ғ.д., доцент Испаева Г.Б.

хаттама №1, 28.08.2014

Билет №14

Босанған әйел перзентханадан шыққан 9-шы күні үйіне учаскелік дәрігерді шақырады. Науқас үш күн бойы ыстығы 39,00С болғанына, ішінің төменгі бөлігі ауырғанына, жыныс органынан бөлінген белгісіз затқа шағымданған. Қарау кезінде өңі солғын тартып, денесі ыстық болып тұрғаны, пальпация кезінде іші түгел ауырғаны анықталды. Дәрігер әйелдің босанғаннан кейінгі психологиялық жағдайын ескермей, онымен сөйлеспей амбулаториялық түрде қынаптық антибиотиктер (қан мен зәр талдамасын қоса алғанда) тағайындайды.

Кодекстің қандай принциптері мен ережелері бұзылды?

Медициналық құқық және денсаулық сақтаудағы

заңнама негіздері модулінің жетекшісі з.ғ.д., доцент Испаева Г.Б.

хаттама №1, 28.08.2014

Билет №15

Операция жасап жатқан кезде хирург дәрігері абайсызда өзінің сол қолының сұқ саусағына тереңдетіп ине кіргізіп алды. Бір апта өткен соң хирург дәрігері науқастың АИВ инффекциясымен ауыратындығын естіп АИТЖ орталығына барады. Қарым-қатынастан кейінгі алдын-алу шарасы жасалынбады.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің қай ережесі бұзылған?

Медициналық құқық және денсаулық сақтаудағы

заңнама негіздері модулінің жетекшісі з.ғ.д., доцент Испаева Г.Б.

хаттама №1, 28.08.2014

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]