Билет №5
Жоспарлы түрде гистерэктомия отасын жасау үшін әйел адам стационарға жатқызылды. Ота асқыныусыз өтті, 4 күннен соң науқас стационардан шығарылды. 17 тәуліктен соң науқас соңғы күндері пайда болған кесілген жара аумағындағы шаншып ауру шағымдарына байланысты стационарға қайта жатқызылды. Хирург фасцияға дейін ашып, жараны өңдеді. Бактериологиялық себу кезінде бөліндіден Staph. аureus. анықталды.
«Халық денсаулығы және денсаулықсақтау жүйесі туралы» Кодекстің қай ережесі бұзылған?
Медициналық құқық және денсаулық сақтаудағы
заңнама негіздері модулінің жетекшісі з.ғ.д., доцент Испаева Г.Б.
хаттама №1, 28.08.2014
Билет №6
Науқасқа А ауруханасындажамбас-ортанжілік буынын ауыстыру-эндопротездеу отасы жасалынған. 4 тәуліктен соң ол аурханадан шығарылды. Отадан кейін 9-шы тәулікте кесілген орнынан іріңді жара ағуына байланысты Б ауруханасына түсті.
«Халық денсаулығы және денсаулықсақтау жүйесі туралы» Кодекстің қай ережесі бұзылған?
Медициналық құқық және денсаулық сақтаудағы
заңнама негіздері модулінің жетекшісі з.ғ.д., доцент Испаева Г.Б.
хаттама №1, 28.08.2014
Билет №7
Эндометрия рагі диагнозы бар 45 жастағы әйел жедел ота жасау үшін ауруханаға түседі.Ауруханаға түскеннен кейін екінші күні шеткері орналасқан орталық катетор қояды. Үшінші күні ота жасайды. Отадан кейінгі жарасы құрғақ, эритема белгілері байқалмайды. Фоли кататері арқылы алынған зәрі, сарғылт түсті. Ауруханаға түскен төртінші күнінен бастап оған антибиотик беру тоқтатылады. Бесінші күні дефекациясы дербес, таңбасы құрғақ күйінде болады. Сондықтан одан кататерді алып тастайды. Одан кейін науқастың іші шаншып ауыра береді. Алтыншы күні ыстығы 38,8ге көтеріледі. Пальпация кезінде оның ішінің сол жақ, төменгі аумағы ауыра береді. Жетінші күні ыстығы 39-ға көтеріледі. Компьютерлік томография ішінің сол жақ төменгі аумағында ірің бар екендігін анықтайды. Ірің үлгісін зертханаға жіберіп антибиотик беруді қайта жалғастырады. Тоғызыншы күні температурасы қалпына келеді. Қанынан екі мәрте энтерококк пен Bacteroides fragilis анықталыды, дренаж қойылады. Іші ауырғаны басылғаннан кейін дренажды алып тастайды. Қайталап КТ жасағанда ірің кеткендігі анықталып, науқас ауруханадан шығарылады.
Кодекстің қандай принциптері мен ережелері бұзылды?
Медициналық құқық және денсаулық сақтаудағы
заңнама негіздері модулінің жетекшісі з.ғ.д., доцент Испаева Г.Б.
хаттама №1, 28.08.2014
Билет №8
73 жастағы науқас 10 маусымда жүрек айнуына, ішінің ауруына, ыстығы көтерілуіне байланысты ауруханаға түседі. 10 маусымда қанын тексергенде бәрі ойдағыдай болып шығады. Компьютерлік томография жасалып, панкреатит деген бастапқы диагноз қойылады. Сосын науқасқа система қойылады. Науқас ыстығы көтеріле береді, осыған байланысты 13 маусымда оған катетор қойылып, қосымша ем жүргізіледі. Осылай науқастың ыстығы түсіп 30 маусымда катеторды алып тастайды.
1шілдеде температура39 градусқа дейін көтеріліп кетеді. Жүрек айнуы тоқтамайды. Қанында эпидермалдық және коагулазолық теріс стафилококк байқалады. Ең күшті антибиотик тағайындалады. 4 шілдеде науқастың ыстығы түсіп, ол 11 шілдеде ауруханадан шығарылады.
Кодекстің қандай принциптері мен ережелері бұзылды?
Медициналық құқық және денсаулық сақтаудағы
заңнама негіздері модулінің жетекшісі з.ғ.д., доцент Испаева Г.Б.
хаттама №1, 28.08.2014
