Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пед псих для студентов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
77.12 Кб
Скачать

Глосарий

Педагогикалық психология- бұл оқу мен психикалық дамудың бір-бірімен байланыстылығы және оқыту мен тәрбиелеудің қарым-қатынастық формалары. Мұнда индивидуалды жүріс-тұрыс деңгейлері жүзеге асырылады.Оның жүзеге асуының бір түрі-үйрену. Яғни, бір индивитің екінші бір индивидтің дағдыларын үйренеді.

Педагогикалық психология- бұл оқыту мен дамудың байланыстарын зерттейтін психология ғылымының өзекті саласы. Педагогикалық психологияның объектісі –адам (тұлға) болып саналады. Ал, пәні оқыту мен тәрбиелеу болып табылады.

Педагогикалық психологияның құрылымы.Педагогикалық психологияның негізгі 3 құрылымдық бөлімдері бар, олар:

1.Оқыту психологиясы. Оқу және таным әрекеттерінің құрылымдары және қалыптасуы.

2.Тәрбиелеу психологиясы (тәлім-тәрбие).Оған оқыту да, еліктеу де, үйрену де т.б.жатады.

Оқу, тәрбие жағдайлары мен жағдайлары, жеке тұлға болып қалыптасу шарттары.

3.Мұғалім психологиясы. Оқу әрекетін ұйымдастырушы және басқарушы субьектінің іс әрекеті мен оның жеке тұлғалық және кәсіби сапалары.

Педагогикалық психологияның талдамының негізгі өлшемдері:

1.Оқыту, танымдық әрекеттер (бихевиористер бастап шығарған үйрену процестері);

2.Оқу әрекеті;

3.Оқыту әрекеті (оқытушы мен оқушы);

4.Оқу-тәрбиелеу жағдайы.

Педагогикалық психология- оқыту процесін басқарудың психологиялық мәселелерін, танымдық процестерінің қалыптасуын зерттейді, ақыл-ой дамуының сенімді белгілерін іздеп тауып, оқыту процесіндегі ақыл-ойдың тиімді дамуының шарттарын анықтайды, педагог пен оқушылардың арасындағы қарым-қатынастарды, сондай-ақ оқушылардың өзара қарым-қатынастарын қарастырады. Бұлармен қоса, педагогикалық психология оқушыларға жеке-дара қатынас жасауға байланысты мәселелерді де зерттейді.

Егіздер әдісі-бір жұмыртқадан өрбіген егіздердің психикалық дамуын бақылаулар мен эксперимент жағдайларында салыстырып көру.

Көлденең кесу-зерттеуші психиканың қалыптасуының нақ сол сәттегі психологиялық ерекшеліктерін білуге тырысқан кезде бала психикасының дамуын зерттейді.

Бойлай зерттеу –бір сыналушының өзін, оның психологиясындағы елеулі өзгерістерді жүйелі тіркей отырып, ұзақ уақыт (кейде бірнеше жылдар бойы) зерттеуді айтамыз.

Нақтылы зерттеу әдістері –педагогикалық және жасерекшелігі психологиясы өзіне бақылау мен эксперименттің және олардың өзгертіліп пайдаланылған әр түрлерін қамтитын сан алуан осы методикаларын кеңінен қолданады. Оларға:әңгімелесу, іс-әрекет нәтижесін талдау, тестер т.б. Нақтылы психологиялық методикалардың молдығы мен сан алуандылығы қазіргі педагогикалық және жасерекшелігі психологиясының күрделі теориялық әрі практикалық мәнді проблемаларын шешуді қамтамасыз етеді.

Лонгитюдтық әдіс- әрбір әдістің негізгі атауына, өзіне тән белгілі мағынасы бар. Лонгитюдті кросмәдениеттік зерттеу- ұзақ уақыт зерттеу.

Дәріс комплексі

1-Тақырып: Педагогикалық психология пәні, құрылымы.

Дәріс мақсаты: Педагогикалық психология пәнінің мақсат пен міндеттерін түсіндіру.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Педагогикалық психология пәні және мақсат пен міндеттері.

  2. Білім жағдайларын болжау және диагностикалау.

  3. Педагогикалық психологияның практикалық міндеттері.

Егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар окытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде белсенді, шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән берілуде.

Психология ғылымының жетекші салаларының бірі ретінде педагогикалық психология- оқу мен тәрбиелеудің әлеуметтік институттарының жүйесіндегі психика мен сананың қалыптасуы, дамуы және заңдылықтары туралы ғылым.

Педагогикалық психологияның талдамының негізгі өлшемдері:

Тақырыпқа әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар. Педагогикалық психологияны ғылыми сала ретінде қарастыру. Осы формаларға жататын неше түрлі оқыту, тәрбиелеу жағдайлары немесе ситуацияларды негізгі ұғымдарын жинақтау. Педагогикалық психологияның негізгі міндеттерін (Зимняя И.А. Педагогическая психология. -Ростов н/Дону: Феникс, 1997) оқулық арқылы дамуын реттеу, меңгеру және қадағалау.

2-Тақырып: Педагогикалық психологияның методологиялық негізі.

Дәріс мақсаты: Педагогикалық психологияның методологиялық негізін сипаттау және түсіндіру.

Сұрақтар:

  1. Оқыту мен даму өзара байланыс мәселесін шешуге концептуалды бағыттар.

  2. Психикалық даму мұмкіншіліктері мен шекараларын түсіндіретін теориялар.

  3. Оқыту мен даму өзара байланыстылығын сипаттайтын теориялар мен оның өкілдері.

Оқыту мен даму мәселелеріне арналған зерттеу бөлімдері педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясына бірдей қатысты. Педагогикалық және жасерекшелігі психологиясы ажрамастай біртұтастық құрайды: баланы оқыту мен тәрбиелеу процесін қарастырады, сонымен бірге оқыту мен тәрбиелеу де өзінен-өзі баладан тыс қаралуы мүмкін емес.

Педагогикалық психологияның теориялық мәні бала және оның дамуы жөнінде 1920ж. және 1930ж. 1-жартысында қалыптасқан А.С.Макаренконың баланың жеке басы және оның дамуы туралы психологиялық көзқарастары жеке тұлғаны ұжымда қалыптастыру жөніндегі кемелденген ілім болып есептеледі. Макаренконың ғылыми концепциясында жеке тұлғаның даму психологиясы әр қырынан алынып қарастырылады. Онда: жеке тұлға мен ұжымның өзара қарым-қатынасы, жеке тұлға дамуының перспективалық жолдары, жеке тұлғаның мотивациялық сферасының қалыптасуы, мінез-құлықтың қалыптасуы және т.б. мәселелер қарастырылады.

Тақырыпқа әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар. Педагогикалық психологияның негізгі категорияларын А.Петровскийдің «Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы» (Москва,1987ж.) оқулығынан оқып және оны талдауға болады.

3-Тақырып: Педагогикалық психологияның принциптері мен зерттеу әдістері.

Дәріс мақсаты: Педагогикалық психологияның принциптері мен зерттеу әдістерін жинақтап баяндау.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Психиканы зерттеудегі іс–әрекеттік бағыт.

  2. Ішкі және сыртқы іс–әрекет бірлігі.

  3. Педагогикалық психологияның зерттеу әдістері.

Педагогикалық психология пәні- оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу болып табылады.

Педагогикалық психология оқыту процесін басқарудың психологиялық мәселелерін, танымдық процестерінің қалыптасуын зерттейді, ақыл-ой дамуының сенімді белгілерін іздеп тауып, оқыту процесіндегі ақыл-ойдың тиімді дамуының шарттарын анықтайды, педагог пен оқушылардың арасындағы қарым-қатынастарды, сондай-ақ оқушылардың өзара қарым-қатынастарын қарастырады. Бұлармен қоса, педагогикалық психология оқушыларға жеке-дара қатынас жасауға байланысты мәселелерді де зерттейді.

Тақырыпқа әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар. Педагогикалық психологияның зерттеу әдістерін толығымен меңгеру үшін психологияның зерттеу әдістері және гуманитарлық ғылымдарының зерттеу әдістері мен тәсілдерін сипаттайтын оқулықтармен (Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психология. М., 1996., Дружинин В.Н. Экспериментальная психология. М., 2003ж.; және т.б. ) жұмыс жасау қажет.

4-Тақырып: Педагогикалық психологияның негізгі категориялары.

Дәріс мақсаты: Педагогикалық психологияның негізгі категорияларын жіктеп түсіндіру.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Оқыту, оқу, тәрбиелеу, даму.

  2. Продуктивті және репродуктивті оқу іс–әрекеті.

Психикалық даму- бұл адамның психикасындағы олардың әлеумеетік тәжірибені игерудің нәтижесіндегі сапалы өзгерістердің қалыптасу процессі. Әлеуметтік тәжірибе- бұл арнайы тәжірибе. Адамзаттың мәдени құбылыстарына бекітілетін тәжірибе. Мәдени тәжірибенің формалары- ғылым, өнер, мораль, халықтың салт-дәстүрлері (Л.С.Выготский). Мұның бәрі арнайы әрекеттерде бекітіледі. Мысалы, ғылым оқу арқылы игеріледі және т.б. Өнерді игеру үшін үйрену керек, сол сияқты мораль, салт-дәстүрлер тәрбие арқылы бекітіледі.

Дәріске әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар.

Балалар жүріс-тұрысындағы дағдарыстың көріністердің профилактикасы үшін тәрбиелеуге мынадай ұсыныстар айтуға болады. 1-ден, баланың өз құрбы- құрдастарының арасындағы ойынына бақылау жасау. Кейін бірте-бірте балаға әрекеттің затты түрлерімен айналасуды, ойын-тапсырмаларды, оқу тапсырмаларын беруді ұсыну; 2-ден, ойынға жоғарғы денгейде көңіл болу бағыты. Ойынға бірте-бірте затты іс-қимылдарды және үлкендермен қарым-қатынасын дамытып, олардың ойын талқылау, мектеп өмірі туралы айту кіреді.

5-Тақырып: Қазіргі кездегі білім. Оқытудың бағыттары.

Дәріс мақсаты: Қазіргі кездегі білім мен оқытудың бағыттарын жүйелеп түсіндіру.

Қарастырылатын сұрақтар: Оқытушы мен оқушы –білім процесінің субьектісі ретінде. Мектептегі психологиялық қызмет. Білім беру менеджменті.

Мектептік психологиялық қызметті практикалық ұйымдастырудың ғылыми негізделулері мен тәсілдеріне қатысты сұрақтарды зерттеу әр елде олар өзінше шешімін табатындығын көрсетті. Және де бұл кездейсоқтық емес. Психологиялық қызметтің дамуы бір жағынан, белгілі қоғамда болатын ғылыми психологиялық тұжырымдамалар, екінші жағынан, бұл сол не басқа елдің саяси, экономикалық және т.б. ерекшеліктеріне байланысты болатын халықтық білім берудің қажеттіліктері мен міндеттеріне, тәрбиенің мақсатына және тұлғаның қалыптасуымен анықталады.

Психоаналитикалық тұрғыдағы консультация клиенттің нақты бір көкейкесті жағдайына қатысты бола бермейтін, санасыз қылықтармен, шешімдермен байқалатын көкейкесті жағдайлардағы типтік ерекшеліктермен байланысты жан ауруының бастапқы, әлдеқайда жалпыланған, ортқ себептерін аңғаруға шоғырланады.

6-Тақырып: Оқыту психологиясы. Оқу іс-әрекетінің қалыптасуы мен құрылымы.

Дәріс мақсаты: Оқу іс-әрекетінің қалыптасуы мен құрылымын сипаттау.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Оқытудың құрылымы.

  2. Оқу жағдайларын ұйымдастыру және реттеу.

  3. Оқыту процесі кезіндегі танымдық іс-әрекеттің дамуы.

Бүгінгі таңда білім беру саласының басты міндеттерінің бірі – келешек ұрпақтың дүниетанымын дұрыс қалыптастыру және оны дамыту. Соған сәйкес білім беру жүйесіндегі оқу-тәрбие үрдісінде ерекше назарда болатындығы, бұл әрбір жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастыру – ұзақ әрі күрделі үрдіс. Дүниетанымды қалыптастыруға әр түрлі факторлар әсер етеді. Олардың ішінде адамның өмір сүру ортасы, материалдық жағдайлары, көпшілік хабарларды тарату құралдары, оқыту және тәрбиелеу бар.

Оқыту әрекетін жасаушы немесе қалыптастырушы – бұл, оқу әрекеті. Ал, оқу- адам әрекетінің жетекші бөлімі болып табылады. Оқу- адамның дамып жетіліуіндегі және қажеттіліктерін өтеудегі негізгі іс-әрекет. Оқу әрекеті арқылы адам қоғамдағы тарихи мағлұматтар мен білім қорын меңеріп, өзінің рухани дүниесін байытады, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырады. Оқу арқылы балаға қоғамның ғасырлар бойы жинаған рухани мұрасы, дағды, тәжірибесі беріледі. Жаңа бұын өзін практикалық әрекетке дайындайды. Бұл мәселе туралы келесі тақырыпта сөз етеміз.

Дәріске әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар.

Мектеп оқушыларының білімдерін бір жүйеге түсіруде оқу сабақтарының түр-пішіндерін психологиялық тұрғыда ұйымдастыруды «Жас және педагогикалық психология». Мұқанов М.(А., 1980ж.) сондай-ақ «Педагогическая психология». Зимняя И.А. (- М.,1995.), «Структура процесса учения». Ильясов И.И. (- М.,1986). «Психология и педагогика: Схемы и комментарии». Крысько В.Г. (– М.:, Изд-во ВЛАДОС – ПРЕСС, 2001.) оқу құралдарынан талдап, саралап конспектілер жазу арқылы білімдерін толықтыруға болады.Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды. Т.2. (- М.,1980), Зимняя И.А. Педагогическая психология. (- М.,1995), Ильясов И.И. Структура процесса учения. (- М.,1986.), Калошина И.П. Структура и механизм творческой деятельности. (- М.,1983) оқулықтарындағы «Әрекет теориясы» туралы мәселелерін оқып шығып теориялық-әдіснамалық талдамдар жасай отырып студенттер дәрісте алған өз білімдерін толықтыруға болады.

7-Тақырып: Оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысын диагностикалау әдістері.

Дәріс мақсаты: Білімді бағалауда субьективизмді жеңу стратегиясы мен тактикасын қарастыру.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Бағалаудың обьективті әдістері.

  2. Білімді бағалаудың стратегиясы және тактикасы.

  3. Білімді қорытындылау формалары.

Бәрінен бұрын оқу қызметі толық жүзеге асыу үшін жағдайлар тек мектепте ғана жасалатынын есте ұстау керек, мектепте балаларға ғылым негіздері оқытылады, онда олардың ғылыми түсінігі, дүниетанымы қалыптасады. Оқу ісі мазмұнының ерекше өзгешеліктері болады. Оның негізгі бөлігін ғылыми ұғымдар, ғылыми заңдары және соларға сүйенетін практикалық міндеттерді шешудің жалпы тәсілдері құрайды.

Дәріске әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар.

Оқу іс-әрекетінің қалыптасуы жайлы Мұқанов М. «Жас және педагогикалық психология» Алматы, 1981 ж., Петровский А.В. Педагогикалық және жасерекшелігі психологиясы. А, 1981ж. оқулықтарынан алып қарауға болады.

8-Тақырып: Тәрбие психологиясы.Тұлға –тәрбие мен оқыту субьектісі ретінде.

Дәріс мақсаты: Тұлғаны –тәрбие мен оқыту субьектісі ретінде түсіндіру.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Оқыту процесіндегі тұлғаның дамуының әлеуметтік жағдайларын сипаттау.

  2. Оқыту мен тәрбиенің бірлігі.

  3. Оқыту процесіндегі тұлғаның дамуының әлеуметтік жағдайлары.

Адамзат қоғамының сахнасынан тәрбие еш уақытта түскен емес. Демек, тәрбие- кез келген қоғамның маңызды функциясын құрайды. Тәрбие психологиясын зерттеудегі маңызды мәселердің ішінде жеке адамды онтогенезді қалыптастырудағы негізгі деректерді, заңдылықты, кезеңдерді, шарттарды, механизмдерді және ерекшеліктерді ашу басты орында тұр. Бұл мәселер даму үстіндегі адамның іс-әрекеттерінің түбегейлі проблемаларын, оның сапасы мен жеке іс-қимылын жетілдіру тұрғысынан зерттеледі. Тәрбие психологиясы – педагогикалық процесті мақсаты түрде ұйымдастыру тұрғысында жеке тұлғаны қалыптастырудағы психологиялық заңдылықтарды зерттейеді.

Тәрбие психологиясы тәрбиені тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара әрекеттерінде, тек қана тәрбие обьектісі ғана емес, сонымен бірге субъектісі болып табылатын тәрбиеленушілердің өздерінің іс-әрекеттерінде іске асатын процесс ретінде қарастырады. Жеке тұлғаның моральдық- еріктік өрісін, адамгершілік санасын, адамгершілік түсініктерін, ұғымын, өмірлік қағидаларын, сенімдерін, қылығының адамгершілік негіздерін, адамгершілік сезімдерін басқа адамдарға, қоғамға деген қарым-қатынасын білдіретін мінез-құлық тәсілдері мен әдеттерін қалыптастырудағы психологиялық механизмдерді ашып отырады. Сонымен бірге, шәкірттердің өзін-өзі тәрбиеленуінің психологиялық негізін түседі.

Дәріске әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар.

Тәрбие психологиясы – жеке адам дамуының табиғи бөлігі ретінде, бала дамуының қайнар көздері мен жағдайларын, оның жеке басының қалыптасуын түсініп алмайынша, тәрбиенің психологиялық механизмдерін ашып беру мүмкін емес. Іс-әрекеттерің дамуы, күрделіленуі баланың психологиясының дамуын айқындайды. Сондықтан тәрбие міндеттерін шешу адам іс - әрекеттерінің өзара бағыныңқылығының психологиялық заңдылықтарына, олардың динамикасына сүйенуге тиіс. Тәрбиелік ықпал жасау жүйесін құру кезінде бала араласатын іс-әрекеттің алуан түрлерінің сипаты мен ерекшеліктерін, олардың маңызын, көлемі мен мазмұнын ескеру қажет.

9-Тақырып: Ұстаз психологиясы. Ұстаз тұлғасы. Ұстаз және шәкірт психологиясы.

Дәріс мақсаты: Ұстаз және шәкірт психологиясына түсінік беру.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Шәкірт және ұстаз позициясы мен құқықтарын сипаттау.

  2. Ұстаз психологиясының мәні мен сипаты.

  3. Ұстазға қойылатын талаптар.

  4. Шәкірт пен ұстаз позициясы.

Педагогикалық қызметтің психологиялық аспектісі. Жеткіншек жастың нәзік жанына білім нәрін себетін, оны мәпелеп тәрбиелеуші- ол, ұстаз. Жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуда, оның жеке «менін» қалыптастыруда оқытушының ролі ерекше. Ұстаз психологиясы оның педагогтық қызметі іске асыру процессі барысында пайда болады, қалыптасады және жаңғырып отырады.

Дәріске әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар.

Мұғалімге қойылатын қоғамдық және кәсіби-тұлғалық талаптарды анықтап қарастыруда елімізде жарық көретін педагогикалық баспа беттеріндегі мерзімдік мақалалармен танысуға болады. Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынас жүйесін мектептегі психологиялық қызметті пайдаланып, психологиялық зерттеу әдістерін қолдануға болады.

10-Тақырып: Оқыту-педагогикалық серіктестік және білім беру процесіндегі қарым-қатынас.

Дәріс мақсаты: Педагогикалық серіктестікті және өзарақарым-қатынасты анықтап түсіндіру.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Оқыту –педагогикалық серіктестік.

  2. Қарым-қатынас және оқыту.

  3. Педагогикалық өзараәрекеттестік.

Балалар, мұғалімдер және ата-аналар арасындағы ынтымақтастық, ұжымдық шығармашылық тәрбие, орындаушылық және шығармашылық қабілеттер, балаларды дербес және ұжымдық өзін-өзі талдау.

Осындай мақсатқа бағытталған педагогикалық идеялардың іске асырылуының нәтижесінде мектеп өмірінде тек қана мұғалімдер емес, әсіресе оқушы жайлы көп өзгерістер байқалады. Бұрын оқығысы келмейтін немесе оқуға қабілетсіз оқушы екінші, үшінші жыл орнында қалып, ақырында мектептен шығып кететін. Енді оқушыларды іріктеп алудан бас тартып, оларды қайтсе де оқыту керек. Оқыту үшін баланы ынталандыру, оған дем беру, себепші болу керек. Егер оқуға өздігімен талаптанушылығы жоқ болса дерлік, егер еріксіз көндірудің тәсілдері тіпті жоқ болса, егер пәнге жалпы қызығушылығы болмаса, егер біз өз міндетімізді орындағымыз келсе – онда алдымызда бір-ақ жол бар: біз балаларды қуанышты сезім жетістігіне алға қарай қозғалыс және дамуға шақыра отырып, оларды жалпы оқу еңбегіне тарту керек. Әйтпесе балаларды оқытуға болмайды, - дейді бірауыздан жаңашыл мұғалімдер.

Сонымен, қайта құру жағдайында әрбір мұғалімнің жаңа идеялармен, оқыту мен тәрбиенің озат теориясы және практикасымен қарулануы тұлғаның сапасын жобалай және анықтай білуге мүмкіндік береді. Осының негізінде мұғалім баланың бойына жақсы қасиеттерді егеді, дүниеге көзқарасын, мінез-құлқының нормасын қалыптастырады, болашақ өмірге, еңбекке, мамандықты саналы түрде таңдап ала білуге даярлайды.