Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lektsia_1-7.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
381.52 Кб
Скачать

1 Кесте – баз- дың функционалды группалары үшін глб сандары

Гидрофильді группалар

Гидрофобты группалар

группа

ГЛБ

группа

ГЛБ

-SO4Na

35,7

-CF3

-0,870

-COOK

21,1

-CF2

-0,870

-COONa

19,1

-CH3

-0,475

=N=

9,4

-CH3

-0,475

-COOH

2,4

-CH2-

-0,475

-OH

1,9

=CH-

-0,475

-O-

1,3

=C=

-0,475

Тәжрибе жүзінде БАЗ-дың сапасын ГЛБ саны бойынша анықтайды.

Тұрақты тура эмульсияларды лу үшін ГЛБ-сы 10-нан 16-ға дейінгі БАЗ-дарды қолданады да, ал кері эмульсияларды алу үшін 13-тен 15-ке дейінгі ,жуғыш заттар үшін 13-тен 15-ке, шайғыш заттар үшін 7- ден 9-ға дейінгі заттарды қолданады.

Дисперсті фазаның концентрациясының үлкендігіне байланысты эмульсияларды сұйытылған (құрамында 0,1% -ға дейін дисперсті фаза бар), концентрленген (0,1% дан 74%-ға дейін) және жоғары концентрленген (74%-ға дейін) деп бөледі. Сұйытылған эмульсиялар эмульгатоларды енгізбей-ақ агрегативті тұрақты болып келеді; дисперсті фазаның бөлшектерінің өлшемдеріне байланысты олар коллоидты ерітінділерге сәйкес, яғни тамшының диаметрі 10-5 см-ге жуық. Сұйытылған эмульсияға мысал келтіретін болсақ, судағы көлік майын жатқызуға болады, ол бу көлігінің жұмысының бу конденсациясы кезінде пайда болады.

Концентрленген эмульсияларда диспергирленген тамшылардың диаметрі 0,1 мкм (10-3 см) құрайды, олар қарапайым микроскоп астында жақсы көрінеді, яғни бұндай эмульсиялар микрогетерогенді жүйелерге жатқызылады. Дисперсті фаза мен дисперсті ортаның тығыздықтарының айрмашылығы көп болғанда, олар оңай седиментацияға ұшырайды. Мұнайды өндәргенде және тұссыздандырғандағы эмульсия осы типке жатады. Дисперсті фазаның концентрлігі 74% -ға жеткенде сферикалық тамшылардың деформацияға ұшырамайды, олар бір-бірімен тығыз орналасқан кездің өзінде.

Жоғары концентрациялы эмульсияларға дисперстік фазасы>74% жоғары болатын дисперсті жүйесі сұйықтық-сұйықтық болатын эмульсияларды жатқызады. Дисперсті фазасының концентрациясының өсуі, жоғары концентрациялы эмульсияларға тән қасиет, егер дисперсті фазалары деформацияға ұшыраса жаңа қасиеттері пайда болады. Соған қарай, жоғары концентрациялы эмульсиялардың қасиеттері концентрациялы эмульсияларға қарағанда өгеше болып келеді. Тамшылардың тығыз орналасуына байланысты олар седиментацияға ұшырамайды,бірақ гелдердің қасиеттеріне ұқсас механикалық қасиеттерге ие. Егер эмульсияларының концентрациясы 95%-дан асса, онда оны пышақпен кесуге болады. Осындай эмульсияларға консистентті майлағыштар, сары май жатады. Егер натрий олеатына 1%-ды бензол ерітіндісін қоссақ, онда жоғарыконцентрациялы 99% эмульсияны алуға болады.

Д 3. Мұнай эмульсияларының түзілуі. Табиғи стабилизаторлар.

Мұнайды шұңғымалардан алу барысында пластты сумен араласып, мұнайлы эмульсияны түзеді. Эмульсияның пайда болуф оны шұңғыманың аузына келгенде басталып, тасымалдау жолымен жүргенде жалғасады, яғни мұнайды сумен үздіксіз араластырғанда пайда болады. Ал мұнайды фонтанды әдіспен алғанда, мұнайды сумен интенсивті араластыруы үлкейеді, себебі шұңғыманың құбырларында жоғары көтеріліп бастағанда, қысымның қаныққан қысымға қарағанда төмен түсуінен серіктес газдар пайда болады. Компрессорлы шұңғымаларда мұнайлы эмульсиялар газды енгізетін жерде пайда болады. Ал штангты-насосты алу әдісінде мұнай мұнай құбырларының қайтып-түсетін қозғалысында,клапандарында, насос цилиндрінде эмульгирленуіне ұшырайды.

Мұнай кен-орындарының бірінші кезеңіне мұнайды фонтанды шұңғымалардан сусыз өндіру жатады. Бірақ мұнайды шұңғымалардан алу барысында оның құрамындағы су мөлшері көбейеді. Орташа шамамен мұнайдың сусыздануы 50-60%-ға жетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]