
- •Д 1. Кіріспе. «Мұнайды деэмульсиялау технологиялары» пәнінің негізгі түсініктері мен анықтамалары. Мұнай деэмульсиялаудың коллоидтық-химиялық негіздері.
- •Д 2. Эмульсиялар. Эмульсиялардың жіктелуі. Глб.
- •1 Кесте – баз- дың функционалды группалары үшін глб сандары
- •Д 3. Мұнай эмульсияларының түзілуі. Табиғи стабилизаторлар.
- •2 Кесте-Казахстанның кейбір мұнай кен-орындарының шұңғымаларының сусыздығы (мәліметтер электронды ресурстарынан алынған)
- •3 Кесте:
- •7 Сурет Асфальтен молекуласының сызбанұсқалық құрылысы
- •Д 4. Қатты стабилизаторлар. Мұнай эмульсияларының ескіруі.
- •4 Кесте – Құрамында асфальтендермен шайырлардың және физико-химиялық қасиеттеріне байланысты мұнай эмульсияларының тұрақтылығы
Д 1. Кіріспе. «Мұнайды деэмульсиялау технологиялары» пәнінің негізгі түсініктері мен анықтамалары. Мұнай деэмульсиялаудың коллоидтық-химиялық негіздері.
Қазіргі кездегі коллоидтық химия – бұл беттік құбылыстардың және дисперстік жүйелердің физикохимиясы болып табылады. Соңғы жылдары коллоидтық химияда басты рөлді мұнай өндіретін және мұнай өңдейтін салалары алып отыр. Бұл көбінесе мұнай өндіретін, тасымалдайтын, өңдейтін жердегі құбылыстармен немесе коллоидты-химия ғылымымен тығыз байланысты. Мұнайдың коллоидты химиясы мұнайдың пайда болуын, қасиеттері және осы процесстегі дисперстік жүйенің рөлі мен қатар мұнайды өндіру, өңдеу және мұнай өнімдерін қолдану барысында пайда болатын беттік құбылыстарды зерттейді. Осы ғылымның зерттеу обьектілері ретінде, мұнай химиясы мен коллоидты химия даму шегіндегі пайда болған мұнайлы дисперсті жүйелер, мұнай мен мұнайхимиялық синтездегі өнімдер жатады.
Мұнай – нафтенді, ароматикалық және парафинді көмірсутектердің қоспасынан тұратын, табиғи көпкомпонентті органикалық сұйықтық. Бұдан басқа мұнай құрамында азот-, оттегі-, күкіртқұрамды көмірсутек туындылары, тотығудың ЖМҚ-тары, металлорганикалық қосылыстар, көмірсутекті бөлшектер( карбендер мен карбоидтар) және т.б. заттар болуы мүмкін.
Шикі мұнайда бұдан басқа су, бейорганикалық тұздар, тау бөлшектері мен газдары да кездесуге болады. Мұнайда осы компоненттердің болуы әр түрлі аралықта болуы мүмкін бірақ, ол мұнай өндірілетін жрге де байланысты.
Сыртқы шарттарға байланысты көптеген компоненттер бір-бірімен дисперсті бөлшектер құрып, теңесуі мүмкін.
Сондықтан мұнай- бұл күрделі көпкомпонентті лабильді дисперсті жүйе. Бұл жүйеде дисперсті фаза мен дисперсті орта қатынасы температура мен концентрацияға байланысты өзгеріп отырады. Компоненттердің ассоциациясының өзгеруіне дисперсті фазаның құрылымы әсер етеді де, ассоциация жоқ уақытта дисперсті фаза жойылады. Мысалы, белгілі бір температурада парафиндердің ассоцирленген молекулаларының және жоғарымолекулалы көмірсутектердің үлесі артады, ал температура жоғарылаған сайын төмендейді. Мұнай көмірсутектерінің молекулаларының ассоциациясының нәтижесінде, жоғары дисперсті жүйелердің облысына жауап беретін дисперсті фазаның бөлшектері пайда болады. Дисперсті фазаның басқа түрлері бір-бірімен әрекеттесуі мүмкін, мысалы, шайырлар асфальтендерді тұрақтандырады да,беттік активті заттардың (БАЗ) молекулалары мұнайдағы қатты бөлшектердің бетіне адсорбцияланады.
Мұнайлы дисперсті жүйелердің ерекшелігі ретінде олардың диэлектрлік өтімділігі 2,0-2,3-тен аспайтын полярлы емес дисперсті ортасының болуы мен түсіндіріледі. Сондықтан да мұнайды олеодисперсті жүйелерге жатқызады («олео» – май).
Осы дәрісте дөрекі дисперсті жүйелерді қарастырамыз. Олар мұнайда судың, көміртекті және мнералды бөлшектердің қатысында пайда болады. Мұндай жүйелер мұнайды өндіру барысында пласты сумен араластырғанда пайда болып , тұндырғанда, сусыздандырғанда, тұссыздандырғанда бұзылады. Мұнай құрамындағы су, ондағы еріген бейорганикалық тұздар, механикалық қоспалар оны тасымалдау және өңдеу барысында қиындық туғызуы мүмкін, сондықтанда оны дегазацияға ұшыратады. Коллоидты химиядағы білімді мұнай өңдеу мен мұнай өндіру барысында мұнайдың қасиеттері мен сапасын жоғарылатады.
Мұнайды біріншілік өңдеуге мұнай эмульсияларын деэмульгирлеу, яғни, шикі мұнайдан суды, тұзды және механикалық қоспаларды бөліп алу сияқты коллоидты-химиялық процесстер жатады. Мұнай эмульсияларын тұссыздандыру және сусыздандыру мұнай өңдеп, өндіретін мемлекеттер үшін күрделі мәселе болып келеді.