
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «алматы менеджмент университеті» кеббм
- •5В050800 – «Есеп және аудит», 5в050900 - «Қаржы», 5в091200- «Мейрахана ісі және қонақ үй бизнесі», 5в050700 - «Менеджмент», 5в090900- «Логистика» мамандықтары
- •«Құқық негіздері» пәні бойынша силлабус
- •Алматы, 2014
- •Күнтізбелік тақырыптық жоспар
- •Практикалық сабақтардың мазмұны, бақылау формасы мен бағасы
- •Обсөж өткізу кестесі*
- •Ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Нормативтік құқықтық актілер:
- •Бағалау саясаты
- •Курс саясаты
Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «алматы менеджмент университеті» кеббм
“ҚҰҚЫҚ” КАФЕДРАСЫ
Оқу-әдістемелік Кеңес
отырысында бекітілді
Кеңес төрайымы
_______________ Н.Дүйсенғұлова
« ___» __________ 20___ ж., № ___
.
Бакалавриат білім беру бағдарламасы
5В050800 – «Есеп және аудит», 5в050900 - «Қаржы», 5в091200- «Мейрахана ісі және қонақ үй бизнесі», 5в050700 - «Менеджмент», 5в090900- «Логистика» мамандықтары
Оқу түрі – күндізгі
«Құқық негіздері» пәні бойынша силлабус
Курс: 1
Семестр: 1
Кредиттер саны: 2
Аға оқытушы Б. Расилов
Телефон: 3022155, №326 бөлме
Алматы, 2014
Құрастырушы: аға оқытушы __________________Б. Расилов
Силлабус 5В050800 – «Есеп және аудит», 5В050900 - «Қаржы», 5В091200- «Мейрахана ісі және қонақ үй бизнесі», 5В050700 - «Менеджмент», 5В090900- «Логистика» мамандықтарының студенттеріне арналған «Құқық негіздері» курсының жұмыс бағдарламасының негізінде құрастырылған.
Силлабус «Құқық» кафедрасының отырысында қарастырылған
«27» тамыз 2014 ж. , № 1 хаттама.
«Кафедра меңгерушісі м.а.
LL.M.,доцент _________________________ Г.Аманғалиева
Кіріспе
«Құқық негіздері» пәні экономикалық және гуманитарлық циклдің базалық бөлігіне жатады және мемлекет пен құқық туралы білімнің негізін құрайтын кешенді оқу пәні. Құқықтық білімдер жүйесінде құқық негіздері негізгі орындардың бірін алады.
Пәнді оқытудың әдістемесі мынаны қарастырады:
дәріс оқу;
тәжірибе сабағын жүргізу;
ОБСӨЖ
СӨЖ
Пәнді оқытудың мақсаты:
студенттердің құқық және мемлекет, Қазақстан құқығы салаларының негіздері бойынша қажетті білім беру.
Қазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекетті жетілдірудің қажетті шарты ретінде қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу;
Оқушылардың құқықтық танымын қалыптастыру және оны жоғарылату
Пәнді оқытудың міндеттері:
Мемлекеттік–құқықтық құбылыстар туралы негізгі түсініктерін қалыптастыру;
Мемлекет және құқықтың пайда болу, даму және әрекет ету заңдылықтарын түсіну;
Негізгі заң түсініктерінің мәнін және мазмұнын ұғындыру;
Арнаулы заң терминологиясын үйрену;
Конституциялық, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік құқық сияқты қазақстандық құқықтың негізгі салалардың негіздерін оқып білу.
Алдыңғы деректемелер: Қазақстан Республикасы құқықтық демократиялық мемлекет және азаматтық қоғам құру жолында. Біздің мемлекеттің демократиялық және өркениетті дамуының негізгі факторларының бірі – азаматтарда дамыған құқықтық сананы қалыптастыру және олардың тұрақты құқықтық білімін алу болып табылады.. Пән құқықтың түрлі салаларының құқықтық негіздерін оқытады. Пәнді ұғыну үшін ойлау, дүниеде және елде орын алатын оқиғаларды халықаралық құқық жағынан, қазақстандық заңнамасы жағынан бағалау, талдау қабілеттері қажет.
Соңғы деректемелер: «Құқық негіздері» пәні жоғары оқу орында оқытылатын жалпы білім пәні ретінде тұлғаның қалыптасуында, Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет ретінде қалыптасу жағдайларда негізгі құқықтық білімдерін алуда маңызды болып келеді. Пән гуманитарлы пәндерге негізделеді: Қазақстан тарихы философия, этика, психология. Философия барлық қоғамдық пәндер үшін ортақ теоретико-методологиялық негіз.
Құқық негіздері – мемлекет пен құқық туралы білімнің негізін құрайтын кешенді оқу пәні. Құқықтық білімдер жүйесінде құқық негіздері негізгі орындардың бірін алады, себебі құқық негіздері мемлекет және құқық теориясының негізгі түсінігін және қағидаларын, сонымен қатар қазақстандық құқықтың жетекші салаларын негізетін кешенді оқу пәні. Құқық негіздерін оқыту пәні мемлекет пен құқықтың пайда болуы және дамуының негізгі түсінігін, қағидаларын, заңдығын анықтайтын және олардың байланысын, қазақстандық құқықтың жетекші салаларының негізгі түсініктері мен қағидаларын түсіндіретін мемлекет пен құқықтың негізі болып табылады.
Студенттер курсты оқу барысынды бакалаврдың компетентті моделіне сәйкес дағдылануы тиіс.
Жалпы біліктілік
- білу: мемлекет және құқықтың негізгі заңдылықтарын; құқықтық жүйенің құрылымының тәртібі және қағидаларын;мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың және құқықтық болмыстың тұлғаға ықпалын оқып біледі; құқық болмысының құбылыстарын аналитикалық талдауды үйренеді; алған құқық білімдерін іс жүзінде пайдалана алады; талдау жүргізу және өз бетінше шешім қабылдауды, пайда болған құқықтық жағдайдың мәнін түсіну, таным көкжиегін кеңейту, құқыққолдану қызметіне қабілеттерін өз бетінше дамытуды үйренеді; нормативті-құқықтық актілер мәтінімен жұмыс істеу; пайда болатын ситуацияларды құқықты пайдаланып шешу; белсенді өмірлік ұстанымды дамытуда дағды алады.
- істей алу: ҚР мемлекетi және құқығы тарихын оқыту студенттерге мемлекеттiк-құқықтық құбыластардың жеке тұлғаларымен қарым-қатынасын, демократиялық қоғамдағы және саяси жүйедегi ерекшелiктердiң маңызын, мазмұнын нақты түрде түсiнуге көмектеседi.
дағдыны меңгеру: студент алған білімінің тәжірибеде дұрыс қолдана білу, қалыптасқан құқықтық қатынастарға құқықтық нормаларды қолдана білу, әлеуметтік құқықтық құбылыстарды параллел және ұқсастық жолмен мәнін анықтау.
Мамандану бойынша біліктілік:
-білуі тиіс: құқықтың негізгі түсінігі, құқықтың категориялары, құқық институттары және базалық құқық салаларын; Адам мен азаматтың құқықтық статусы, құқықтық қатынастар, құқық бұзушылық пен құқықтық жауапкершілік мәселелері;
- істей алу: Қазақстан Республикасының заңнамаларын дұрыс түсініп, сауатты қолдану.
-дағдыны меңгеру: алған білім және тәжірибе студенттерге заң шығарушылық базаны құқықтық қатынастарға дұрыс қолдана білуге, сол салаға тиістілігін анықтай білуге бағытталған тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беруі, сонымен қатар юридикалық емес мәселелер шеңберінде құқықтық нормалармен логикалық өзара байланысты ғылыми негізделген аргументтерді теоретикалық құқықтық қөзқарас пайдасына шешу.
.