Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
қазақстанның жаңа заман тарихы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
676.91 Кб
Скачать

Қазақстанның жаңа тарихы пәні

1.Типтік бағдарламасын жасаған

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті тарих факультетінің тарих кафедрасының доценті т.ғ.к. Утебалиев Ж.Е., доцент міндетін атқарушы Қайрғалиев М.Қ.; мақұлдаған Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалык үниверситетінің оқу-әдістемелік бірлестігі. Б. №7 03 0305 ж.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің 11. 05. 2005 ж. №289 бұйырығымен бекітілген және пайдалануға рұқсаты етілген.

3. Бірінші рет енгізілген

4. Типтік оқу бағдарламасы 050114 «Тарих» мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес жасалған.

Бұл типтік бағдарлама Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің рұқсатынсыз көбейтіліп таратылмайды.

Автор: т.ғ.к.., доцент Утебалиев Жигер Есиркепович т.ғ.к Қайргалиев Максут Қайргалиевич

Пәннің мазмұны

XVIII ғасырдың басы мен 1914 жылға дейінгі Қазақстан тарихының түйінді проблемалары:

  • Қазақ хандығының дәстүрлі қоғамдық-саяси жүйесі және оның өміріндегі өзгерістер,

  • қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күресі,

  • Қазақ хандығының көршілерімен қарым-қатынастарының

өзекті мәселелері,

- қазақ жерінің Ресей империясының құрамына енгізіліп,Қазақстанды отарлау шаралары,

- хандық биліктің жойылуы,

- казақ халқының дара тұлғалары - Әбілқайыр, Абылай және Кенесары хандардың, Төле, Қазыбек, Айтеке билердің Шоқан, Абай, Ыбырай секілді ағартушылардың тарихтағы орны,

- отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалысы және олардың жетекшілері,

  • әкімшілік-аумақтық жаңа жүйенің енгізілуі және оның сипаты,

  • қазақ жеріне қоныс аудару қозғалысы мен оның зардаптары,

  • мәдени өмірдегі өзгерістер,

  • XX ғасыр басындағы, :Қазақстанның қоғамдық-саясидамуы, реформаторлық идеялар мен жалпы ұлттық баспаның пайда болуы қарастырылады.

Курстің типтік бағдарламасы

1- тақырып. ХҮІІІ-ХХ ғ. басындағы Қазақстан тарихы бойынша тарихнама және деректемелер

Зерттеулер мен дерек көздеріне шолу. Тарихи проблемалар және оларға жаңаша көзқарастар. Қазақстан тарихы проблемаларының шет елдік тарихнамаларда көтерілуі.

2-тақырып. ХҮІІІ ғ. бірінші жартысындағы Қазақ хандығындағы жағдай

Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және ішкі саяси жағдайы. Сыртқы қарым-қатынастар. Жоңғарлардың жаулап алу саясатының күшеюі. Қарақұм съезі. Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама. Ордабасындағы бүкілқазақ съезіндегі өзара келісімге келу. Аңырақай шайқасы.

3-тақырып. ХҮІІІ ғ. басындағы Қазақстан мен Ресей

Дипломатиялық келіссөздер. Бухгольц, Бекович-Черкасский экспедициясы. Әбілқайыр ханнның келіссөздері. А.И.Тевкелевтің елшілігі. Қазақ хандығындағы саяси топтар күресі. Ресей билігін қабылдау. Отарлау шаралары. Орынбор экспедициясының қызметі.

4-тақырып. Қазақстанды Ресейге қосып алудың басталуы (ХҮПІ г. 30-40 жж.)

Бекіністер салу. Ресеймен экономикалық байланыстардың барысы. Миллердің Галдан-Церенге елшілігі және оның нәтижелері. Кіші, Орта жүздердің Ресей бодандығын қабылдауы.

5-тақырып. ХҮІІІ екінші жартысы -XIX бірінші жартысынадағы қазақ қоғамы

Қазақтардың шаруашылығы. Тау-кен орындарының ашылуы және оларды игеру. Қазақ халқының кұрамдық сипаттамасы. Қоғамның әлеуметгік топтарға жіктелуі. Сыртқы сауда. Сауда орталықтары.

6-тақырып. ХҮІІІ ғ. аяғы -ХІХғ. басындағы отаршылдыққа қарсы күрес

Кіші жүздегі ішкі саяси жағдай. Қазақтардың Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы. Проблемаларға жаңа көзкзрас. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық козғалысы. Игельстромның жобасы. Хандық билікті жою және оны қалпына келтіру себептері. Шекаралық соттың құрылуы. 90-жж.қозғалыстың жаңа кезеңі. Хандық кеңес. Қозғалыстың жеңілуі және маңызы.

7-тақыып. ХҮІІІ ғ. Қазақстан мәдениеті

Ауыз әдебиеті. Жыраулар (Бұқар, Ақтамберді, Шал, Тәттіқара, Үмбетей және т.б.) Халық шығармашылығындағы батырлар. Эпикалық және музыкалық шығармалар. Шешендік өнер. Еуропа және орыс ғалымдары Қазақстан туралы. Академиялық экспедициялар.

8-тақырып. ХҮІІІ ғ. 50 жж. - XIX ғ. бірінші ширегіндегі Крзақстандағы саяси үрдістер

Орта және Ұлы жүздер аумағында жоғарғы биліктің нығаюы. Абылайдың ішкі-сыртқы саясаты. Сібір ведомствосының ХҮІІІ ғасырдың екінші ширегіндегі Қазақстанның орталық және шығыс аймақтарындағы саясаты. Қазақ-қытай қатынастары. Жоңғар-қазақ соғысының аяқталуы және олардың тарихи маңызы. Орта жүздегі Абылай хан мұрагерлерінің тұсындағы саяси жағдай.

9-тақырып. ХҮІІІ және XIX ғасырлардағы Оңтүстік Қазақстан.

Қазақтардың Ташкент иелігінің құрамында болуы. Қоқан және Хиуа хандықтарының соғыс экспансиясы. Жетісуға Ресей ықпалының таралуы.

10-тақырып. Қазақстаңда Ресей әкімшілік-саяси жүйесінің енгізілуі

1822 жылғы "Сібір қырғыздары туралы жарғы" және 1824 жылғы "Орынбор қырғыздары туралы жарғы". Хан билігінің жойылуы. Әскери отарлаудың күшеюі. Әкімшілік-аумақтық жаңа жүйенің енгізілуі.

ІІ-тақырып. Қазақтардың Орта Азия хандығының езгісі мен Ресей отаршылдығына қарсы ұлт-азаттық күресі. Қаратай, Арынғазы сұлтандардың және Жоламан Тіленшеұлының бастаған қозғалыстары. Ұлы жүздің Қоқан хандығына қарсы күресі. Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс. Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық күресі. ХІХғ. Арал өңірі қазақтарының Хиуа хандығы: мен Ресейге қарсы ұлт-азатгық күресі.

12-тақрып. Қазақ жерлерін Ресейге қосудың аяқталуы

Бейбіт және күштеу әдістері. Ұлы жүздің Ресей билігін қабылдауы. Перовскийдің жорығы. Сырдарияда әскери шеп салу. Қоқан хандығының жойылуы және Түркістан генерал-губернаторлығының құрылуы. Жетісу мен Онтүстік Қазақстанның Ресей құрамына енуі. Проблемаларды салыстырмалы талдау.