Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
қазақстанның жаңа заман тарихы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
676.91 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Тарих және өнер факультеті

Қазақстан жаңа заман тарихты пәнінен оқу-әдістемелік кешені

050114 «Тарих» мамандағы (бакалавриат)

050114 «Тарих» мамандағы студенттеріне арналған

пәннің оқу-әдістемелік кешені

(бакалавриат)

Қостанай 2009

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Тарих және өнер факультеті

Қазақстан жаңа заман тарихы

пәннің силлабус жинағы

050114 «Тарих» мамандағы студенттеріне арналған

(бакалавриат)

Қостанай 2009

1.Қолданыстағы оқу бағдарламасы

ПӘННІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Алғы сөз.

Қазақстан жаңа заман тарихы - әлеуметтік-гуманитарлық пәндер циклындағы дербес пән. Пәнді оқыту барысында қоғамның негізгі даму процестері мен заңдылықтарын ежелгі заманнан күні бүгінгі дейінгі аралықты қамтиды.

Тарихи оқиғаларды оқып зерттеуде тарихи ақиқатын танып, ақтаңдақтардан ажырата білуге студенттердің мән беруіне үйрету. Сонымен қатар студенттердің тарихи ұлттық санасын қалыптастырып және тарихи ұлттық құндылықтарды танып білуге патриоттық сезімдерін қалыптастыру.Әлемдік білім кеңістігіне терең бойлап тәуелсіз Қазақстан өзін жоғарғы оқу орнын бітіріп шыққан білікті мамандарын биік деңгейден көргісі келетіндігі заңды құбылыс. Қазақстан мамандары дүниежүзілік саяси-экономикалық додада басқа жұртпен тең түсіп, өз үлесін бөгдеге қолынан бермей, білімді де білікті болуы жоғарғы оқу орындарындағы алатын білім сапасына байланысты.

Бұл орайда Қазақстан тарихы пәніне қойылатын талаптар мен міндеттер студент жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиеленуге бағытталады. Тәуелсіздігіміздің арқасында оқу жоспарына кірген халқымыздың төл тарихы елеміздің нағыз патриоттарын дайындауда өз үлесін қосуға міндетті.

Қазақстан тарихы институтың барлық мамандықтары бойынша бірінші курста оқытылады. Оның негізгі мақсаты Қазақстан жеріндегі ру - тайпалар мен ұлыс - ұлттардың сонау көне заманнан осы күнге дейінгі тарихына тоқталу.

Осыған байланысты пән өзінін алдына төмендегідей міндеттер қояды:

  1. Халқымыздың тарихына байланысты қалыптасқан ұғымдар (дефениция) мен парадигмаларға түснік беру

  2. Қазақ халқының этногенезі мен этникалық тарихы, мемлекетінің пайда болуы және оның өркендеуі, жаруашылығы және мәдениеті жөнінде білім беру

  3. Қазақ халқының әлем халықтар ортасында орны, олардың дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесі және қазақ мемлекетінің келешегі жөніндегі көкейтесті мәселелерді талқылау.

Оқытушының негізгі мұраты- студент жастарға тек қана осы пән бойынша терең білім беріп қана қоймай, олардың азаматтық позициясының қалыптасуына ат салысу. Пәнді игерген маман елеміздің парасаты, іскер, жоғарғы мәдениетті, патриот азаматы болуы керек.

П р е р е к в и з и т т е р і

Қазақстан жаңа заман тарихының демократиялық және өркениеттілік бағытта дамуын айқындайтын шешуші тарихи факторлардың қағидалары мен өркениеттілікті өскелең ұрпақ бойында берік қалыптастыру болып табылады. Жоғары оқу орындарында өтілетін Қазақстан ежелгі тарихы, Қазақстан орта ғасыр тарихы, әлуметтану,т.б.пәндердіңжалғасы болып табылатын Қазақстан жаңа заман тарихы тарихи өзгерістерін ой елегінен өткізе отырып, рухани-адамгершілік, мәдени-тарихи құндылықтық болмыстарын байытуда және өзіндік рухани жетілу жолдарын қалыптастыруда оқытылатын басқа пәндер арасында «Қазақстан жаңа заман тарихы» пәнінің алатын орны ерекше.

П о с т р е к в и з и т т е р і

Жоғары оқу орындарындағы жалпы білім беретін пән ретінде «Қазақстан жаңа заман тарихы» курсының XXI ғ. білікті, білімді, мәдениетті адамын қалыптастыруда Қазақстан тарихының жаңа заман тарихын оқып-білу үшін, жас ұрпақ мектеп қабырғасынан қоғамдық және әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің негіздерін игеруі қажет. Жоғары оқу орындарында өтілетін Қазақстан тарихы, философия, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану,құқық негіздері, этнология, білімдері, өнертану, дінтану, т.б. пәндермен байланысында Қазақстан жаңа заман тарихы білімдері әрі қарай нақтылана, толыға түседі. Қазақстан жаңа заман тарихы Тәуелсіз Қазақстан тарихы туралы ғылымдар кешенінің негізі болып табылады.