Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Планы семинаров каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
33.08 Кб
Скачать

7 Тақырып. 20 саны шамасындағы көбейту және бөлу кестелерін құрастырудың әдіс – тәсілдері.

Бақылау сұрақтары:

1. Интеллектісі зақымдалған балаларға арналған мектеп оқушыларының кестелік көбейту және бөлу амалдары қандай көлемде және қай сыныпта оқытылады?

2. 20 шамасындағы сандарды бөлу кестесін құрастырудың әдістемесі қандай?

  1. 100 шамасындағы сандарды көбейту кестесін құрастырудың әдістемесі қандай және 20 ға дейінгі көбейту, бөлу кестесі әдістемесінен айрмашылығы.

Практикалық тапсырмалар:

  1. Көбейту және бөлу кестелерін бекітуге арналған бірнеше жаттығу таңдаңыз.

  2. 20 саны шамасындағы көбейту және бөлу кестелерін құрастырудағы сызбаны құрастырыңыз.

8 Тақырып. Құрама арифметикалық есептерді шешуге оқытудың әдістемесі

Бақылау сұрақтары:

  1. Қарапайым және құрама арифметикалық есептерге анықтама беріңіз және міндеттерінің жүйесін көрсетіңіз.

  2. Қарапайым арифметикалық есептерге мысал келтіріңіз.

3. Арифметикалық есептерді шешудің кезеңдеріне сипаттама беріңіз.

4. Әртүрлі сандарды салыстыру және қалдықты табу амалдардың шешілу жолдарын салыстырыңыз. Қай тапсырма балаларда көбірек қиындық тудырады, не себептен?

Практикалық тапсырмалар:

1.Арифметикалық есептерді шешу бойынша сабақтың құрылымын талдаңыз. Академиялық ойын.

2. «Төменнен», «жоғарыдан» тәсіл міндетімен берілген құрылымды талдаңыз. Екі тәсілді де салыстырыңыз.

9 Тақырып. Мүмкіндігі шектеулі балаларда метрлік жүйені өлшеуді оқыту әдістемесі.

Бақылау сұрақтары:

  1. Өлшемді меңгеру үрдісіндегі сөйлеу тілінің дамуы.

  2. Мүмкіндігі шектеулі балалардың өлшемді меңгерудегі қиыншылықтары.

  3. Метрлік жүйені өлшеудің жалпы әдістемелік талаптары қандай?

4. Метрлік жүйені өлшеуді меңгеру үрдісінде танымдық іс – әрекеттің қалыптасуы.

5. Неге өлшем бірліктерімен таныстыру толық сандарды меңгергеннен кейін қарастырылған.

Практикалық тапсырмалар:

  1. «Арнайы мектеп оқушыларында көлемді өлшеудің бірліктері туралы елестерін қалыптастырудағы қиыншылықтар» тақырыбы бойынша баяндама талдаңыз. (балалардың категориясы таңдау бойынша).

  2. Көлемді өлшеуге және әртүрлі тәсілдермен жазылуына бірнеше жаттығу таңдаңыз.

  3. «Ұзындық өлшемі - дециметр» тақырыбы бойынша академиялық ойын.

10 Тақырып. Көлемді өлшегенде шыққан сандарды және олармен амалдар орындағанда алынған сандарды оқыту әдістемесі.

Бақылау сұрақтары:

  1. Атаулы сандарды түрлендірудегі дайындық жұмыстары.

  2. Ұсақ өлшемдердің іріге және ірі өлшемдердің кіші өлшемдерге түрленуінің әдістемесі және алгоритмі.

Практикалық тапсырмалар:

  1. Атаулы сандардың түрлендіру алгоритмін дағдыландыру: ірі өлшемдерді кіші өлшемдерге және керісінше айналдыру.

  2. Көлемді өлшегенде шыққан сандарды және олармен амалдар орындағанда алынған сандарды түрлендіруге академиялық ойын.

11 Тақырып. Уақыт өлшемдерін оқыту әдістемесі.

Бақылау сұрақтары:

  1. Уақыт өлшемдерін меңгерудің міндеттері және қиыншылықтары.

  2. Уақыт өлшемдерін меңгерудің қиыншылықтары немен негізделген?

  3. Осы материалдың бағдарламада орналасуы.

  4. Уақыт өлшемдерін меңгеру кезіндегі көрнекіліктер.

5. Уақыт өлшемдерін меңгерудегі дидактикалық талаптарды атаңыз.

6. Мысалдардың шешілу жолдарын салыстырыңыз: 535- 248, 5тн. 35т. – 2тн. 48т., 5с. 35 мин. - 2с. 48 мин. Қай мысал оқушыларда көбірек қиындық тудырады? Неге?

Практикалық тапсырмалар:

1. Уақыт өлшемдерін меңгерудегі көрнекіліктер.

2. Уақыт өлшемдерін оқытудағы дидактикалық талаптарды атап көрсетіңіз.

3. есептің шешу жолдарын салыстырыңыз: 535- 248, 5тн. 35т. – 2тн. 48т., 5с. 35 мин. - 2с. 48 мин. Білім алушыларда қайсысы қиындық тудырады? Неге?

4. Білім алушыларды уақыт өлшем бірлігімен таныстыру мақсатында сабақтың құрылымын құрыңыз. (сағат, минут, жыл).