
- •1 Тақырып. Мүмкіндігі шектеулі балаларды математикаға оқытудың әдістемесі: міндеттері, әдістері және оқыту ерекшеліктері.
- •2 Тақырып. Математика бойынша арнайы әдебиеттер мен бағдарламаларды талдау.
- •3 Тақырып. Сабақ - мүмкіндігі шектеулі балаларды математикаға оқытудың негізгі формасы ретінде.
- •4 Тақырып. Дайындық кезеңіндегі санға дейінгі түсініктерді қалыптастырудың әдістемесі.
- •5 Тақырып. 10 шамасындағы сандарды оқыту әдістемесі.
- •6 Тақырып. 20, 100 сандардың шамасында арифметикалық амалдарды орындаудың оқыту әдістемесі.
- •7 Тақырып. 20 саны шамасындағы көбейту және бөлу кестелерін құрастырудың әдіс – тәсілдері.
- •8 Тақырып. Құрама арифметикалық есептерді шешуге оқытудың әдістемесі
- •9 Тақырып. Мүмкіндігі шектеулі балаларда метрлік жүйені өлшеуді оқыту әдістемесі.
- •10 Тақырып. Көлемді өлшегенде шыққан сандарды және олармен амалдар орындағанда алынған сандарды оқыту әдістемесі.
- •11 Тақырып. Уақыт өлшемдерін оқыту әдістемесі.
- •12 Тақырып. Мүмкіндігі шектеулі балаларда геометриялық материалдарды оқыту әдістемесі.
- •13 Тақырып . Көп таңбалы сандардың нөмірленуін оқыту әдістемесі.
- •3. 1000 Шамасындағы сандарда санау дағдыларын меңгеруде балаларда қандай қиыншылықтар кездеседі?
- •14 Тақырып. Жай бөлшектердің құрылуы, жазылуы және түрлендіруін оқыту әдістемесі.
- •15 Тақырып. Ондық бөлшектердің құрылуы, жазылуы және түрлендіруін оқыту әдістемесі.
«Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың әдістемесі» пәні бойынша семинар (практикалық) сабақтардың жоспары
1 Тақырып. Мүмкіндігі шектеулі балаларды математикаға оқытудың әдістемесі: міндеттері, әдістері және оқыту ерекшеліктері.
Бақылау сұрақтары:
Математика әдістемесінің міндеттері.
Математика әдістемесінің 2 тарауының мазмұнын ашып көрсетіңіз.
Сөйлеу тілі, интеллектісі зақымдалған балаларды математикаға оқытудағы міндеттері.
Мүмкіндігі шектелген балалардың математикалық матириалдарды меңгеру ерекшеліктері.
Дамуында ауытқуы бар балалардың математикалық материалдарды меңгеру кезінде жиі кездесетін қарапайым қиыншылықтар қандай? Осы топтағы балалар қандай танымдық іс – әрекеттің ерекшеліктерімен байланысты?
Практикалық тапсырмалар:
1. Математиканың басқа пәндермен пәнаралық байланысын іске асырудағы кестесін талдаңыз
2. «Математиканың арнайы әдістемесі» басқа ғылымдармен байланысын ашып көрсету:
а) жалпы және арнайы психологиямен,
б) жалпы және арнайы педагогикамен,
в) жалпы білім беру мектебіндегі математиканы оқытудың әдістемесімен.
3. Арнайы мектепке арналған метематика оқулығын талдау (таңдау бойынша)
2 Тақырып. Математика бойынша арнайы әдебиеттер мен бағдарламаларды талдау.
Бақылау сұрақтары:
1. Интеллектісі зақымдалған балаларға арналған арнайы мектептегі математика бағдарламасының құрылу құрылымы мен ықпалдары қандай? Математикадан бағдарламаның құрылу ықпалдары, мысалы арнайы мектепте.
2. Программа негізінде математика сабақтарының тақырыптық жоспарлануының мақсат, міндеттерін ашып көрсетіңіз.
3. Арнайы мектептегі математика сабақтарында іске асатын арнайы педагогика ықпалдары мен жалпы дидактикалық ықпалдар.
4. Математикадан дамуында ауытқуы бар балаларды оқытуда ғылыми ықпалды іске асырудағы маңыздылығы. Математиканы оқыту жүйесіндегі орны. Математикадан сөйлеу тілі материалдарының сипаты.
5.Бағдарлама, оқу жоспары және білім берудің мазмұны қандай тәуелділікке ие? Математика сабақтарын жоспарлауда дифференциалды ықпалдың талаптары.
6. Осы топтағы балалар қандай танымдық іс – әрекеттің ерекшеліктерімен байланысты?
Практикалық тапсырмалар:
1. Математикадан арнайы типтік оқу бағдарламасына талдау жасау (таңдау бойынша).
2. Нақты оқу кезеңіне математиканың бағдарламасы бойынша тақырыптық жоспарына талдау жасау балалардың категориясы мамандық бойынша).
3. Үлгі бойынша тарауларды меңгеруді көрсетіңіз «Нөмірлеу», «Метрлік жүйені өлшеу» «Геометриялық материал»
3 Тақырып. Сабақ - мүмкіндігі шектеулі балаларды математикаға оқытудың негізгі формасы ретінде.
Бақылау сұрақтары:
1.Математикалық білім санағы және бақылауы.
2.Үй тапсырмасына талаптар. Математикадан үй тапсырмасын тексерудің түрлері.
3.Арнайы білім беру жағдайында ауызша жауап алудың ерекшеліктері және оның жүргізілуі.
4.Математикадан экскурсияның жүргізілу әдістемесі және ұйымдастырылуы.
5. Математика сабағына талаптарды атап көрсетіңіз.
6. Мтаематикалық білік, дағдыларды қалыптастыруда қолданылатын әдіс – тәсілдерді көрсетіңіз.
7. Арнайы мектептегі математика сабақтарының түрлері ( М.Н. Перова бойынша).
8. Сабақ жүйесі қалай жоспарланады? Сабақтың тақырыбын қалай дұрыс құруға болады? Сабақтың міндеттері қалай анықталады және құрылады?
9. Арнайы мектепте математика сабақтарында оқыту әдістерін қолданудың ерекшеліктері.
Практикалық тапсырмалар:
1. М.Н. Перованың пәндік жіктелуі, басқа оқыту пәндерінің жіктелуінен қандай айырмашылығы бар екендігін ашып көрсетіңіз.
2. Математика сабағын тыңдаңыз. Талдаудың сызбанұсқасын басшылыққа ала отырып, сабақтың түрін, міндеттерін, тақырыбын анықтаңыз.
3. Сабақтың жүйелеу және жалпылау құрылымының компоненттеріне мысал келтіріңіз.