Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кылмыстык ис жургизу.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
320.51 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ КРИМИНАЛИСТИКА КАФЕДРАСЫ

КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН

ҚІЖҚжКк меңгерушісі ҚЖМ директоры

з.ғ.к., доцент С.Г.Пен з.ғ.д., профессор У.Шапақ

________________________ _____________________

«___» _____________2014ж «___»______________2014ж.

Пәннің оқу бағдарламасы

(syllabus)

«Қазақстан Республикасының және шет елдердің қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәні бойынша

Мамандық: «Халықаралық құқық» - 5В030200

Оқу нысаны: күндізгі

Кредит саны: 2

Курс: 3

Семестр: 5

Дәрістер: 20 сағат

Семинар (тәжірибелік): 10 сағат

Кеңес беру: 10 сағат

Аралық емтихандар саны: 2

Емтихан: 5 семестр

Еңбек сыйымдылығы:

Астана, 2014 ж.

Курс оқытушысы туралы мәліметтер:

Мусенова Эльвира Елеусінқызы - қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты

1999 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмәмдаған. 2002 жылдан бастап, қазіргі таңға дейін Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасында қызмет атқарады.

Тілдерді меңгеруі: қазақ тілі - өте жақсы, орыс тілі - жақсы

Кафедра туралы мәліметтер: қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасы, каб. 352.

жұмыс телефоны: 8 (7172) 703045

Пререквизиттер : «Қазақстан Республикасының және шет елдердің қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәні «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған.

«Қазақстан Республикасының және шет елдердің қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәнін оқу үшін студент: «мемлекет және құқы теориясы», «мемлекет және құқық теориясының жалпы тарихы», «ҚР құқыққорғау органдары», «ҚР Конституциялық құқығы», «ҚР қылмыстық құқығы», «Азаматтық құқық», «Әкiмшiлiк құқық», «Халықаралық құқық» пәндерін меңгеруі тиіс.

Постреквизиттер : «Қазақстан Республикасының және шет елдердің қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәнін игеру Қылмыстық іс жүргізу мәжбүрлеу шаралары», «Іс жүргізу құжаттарын жасау бойынша арнайы практикум», «Криминалистика», «ҚР прокурорлық қадағалау», «ҚР және шет ел адвокатурасы», «Дәлелдемелер теориясы», «Жедел іздестіру қызметі», «Сотқа дейінгі іс жүргізу» пәндерін оқуға септігін тигізеді.

Пәннің сипаттамасы: «Қазақстан Республикасының және шет елдердің қылмыстық іс жүргізу құқығы» құрылымы бойынша жалпы және ерекше бөлімнен тұрады. Аталған пәннің жалпы бөлімі мына тақырыптарды қамтиды: қылмыстық iс жүргiзу құқығының ұғымы, маңызы және Қазақстан Республикасындағы және шет елдердегі қылмыстық істі жүргізудің міндеттері, қылмыстық iс жүргiзу заңы және оның қайнар көздерi, қылмыстық процестiң принциптері, қылмыстық iзге түсу, қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттiк органдар мен тұлғалар, қылмыстық процестегi мүлiктiк мәселелер, дәлелдемелер және дәлелдеу, іс жүргiзушiлiк мәжбүрлеу шаралары. Аталған курс бойынша дәрістер семинар сабақтарымен және СОӨЖ, СӨЖ-мен толықтырылған. Қылмыстық іс жүргізу құқығының жалпы бөлімі аяқталған соң студенттер бірінші аралық бақылау тапсырылады. Ал пәннің ерекше бөлімі: қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу, сотта іс жүргізу, айрықша іс жүргізу инститтуарын қамтиды. Бұл бөлім аяқталған соң екінші аралық бақылау өткізіледі

Пәннің мақсаты: Курстың мақсаты студенттерге Қазақстан Республикасында және шет елдерде қылмыстық істі жүргізудің жалпы ұғымы, тергеу және сот ісін жүргізудің мазмұны, курстың әдісі, процеске қатысушылар туралы, пәннің қағидалары мен қылмыстық процестегі азаматтық талап, дәлелдемелер, дәлелдемелердің қайнар көздері, мәжбүрлеу шаралары, оның түрлері және тағы басқа мәліметтер беріледі.

Ерекше бөлім, қылмыстық іс жүргізудің сатылары, яғни қылмыстық істі қозғау, алдын-ала тергеу (іздестіру), басты сот талқылауын тағайындау, басты сот талқылауы, кассациялық және апелляциялық сатылар, сот шешімдерін орындау, қадағалау сатысы, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі қайта қарау сатысы, сондай-ақ қылмыстық істердің жекелеген санаттары бойынша іс жүргізу, айрықша іс жүргізу, алқабилердің қатысуымен соттың істі талқылау ерекшеліктерін қарастырады.

Пәннің міндеттері: Қазақстан Республикасында және шет елдерде қылмыстық істі жүргізудің міндеттері студенттердің қылмыстарды тез және толық ашу, қылмыс жасаған адамды әшкерелеу, оны жауапқа тарту, әділ сот талқылауы, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған ғылыми негізделген ұсынымдарды меңгеру, қылмыстарды тергеудегі маңыздылығын көрсету, оларды пайдалануды үйрету, тергеу әрекеттерін жүргізудің іс жүргізу тәртібін ұғыну, меңгеру болып табылады. Теория жүзінде алған білімдерін болашақта тәжірибеде дұрыс, тиімді қолдана білуге баулу мақсатында оларға тергеу әрекеттерін (жауап алу, беттестіру, тану, куәландыру т.б.) жүргізу, басты сот талқылауы және тағы басқа да ойындар жүргізіледі.

Студенттің тәжірибелік бағытын дамыту қылмыстық процестің тәртібі мен принциптерінің мазмұнын меңгерумен қатар құқық қолдану барысында туындаған мәселе бойынша негізді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Оқыту процесінде іс жүргізу құжаттарын студенттердің дербес дайындауы және шынайы қылмыстық істердің көшірмесін қарастыруы да маңызды орынға ие. Курсты жан-жақты меңгерген студент білуі керек:

  • болашақ мамандығының маңызы мен кәсібиліктілігін білу;

  • қылмыстық іс жүргізу заңының негізгі ережелері мен талаптарын білу;

  • негізгі адамгершілік қағидаларын білу;

  • Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы туралы толық мағлұматтарды білу, сонымен қатар шет елдерде қылмыстық іс жүргізу тәртібімен салыстыра білу

Аталған пәнді меңгеру нәтижесінде студент жасай алуы керек:

  • теория жүзінде алған білімді тәжірибеде дұрыс қолдану, заң талаптарын дұрыс талқылау

  • қоғамда болып жатқан оқиғаларға дұрыс бағдар жасау

  • пәннің жалпы бөлімі бойынша процестің міндеттерін, қағидаларын меңгере отырып, процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін дұрыс түсіну және оларды тәжірибеде жүзеге асуына қатысты білімдерді қалыптастыру.

  • еліміздің және шет елдерінде дәлелдемелер мен дәлелдеудің мазмұны мен маңызын нақты түсіну арқылы сотқа дейінгі және сотта істі қарау сатыларында қолдану

  • кәсіби міндетті жауапкершілікпен орындау және заң талаптарын сақтау

Студент меңгеруі керек

  • құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемдесу

  • өз біліктілігін және кәсібилігін күшейту және моральдық принциптерге сәйкес келу

  • кәсіби құқықтық санасын және жоғарғы құқықтық мәдениетін қалыптастыру

Глоссарий

Силлабус - білім алу үшін ғылымда қолданылатын тәсілдер, амалдар мен ережелер жиынтығы.

Пререквизиты - әдіс туралы ілім, материалдық дүние танудың ғылымда қолданылатын әдістерінің теориялық негіздемелері.

Жүйелі құрылымдық әдіс - мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды белгілі құрылымдары бар, өзара байланысты элементтерден тұратын жүйелер ретінде қарауды ұйғарады. Жүйелі-құрылымдық әдісте құрылым элементтерінің қызметтік сипаттамасына, олардың қызметтерінің шектеулері мен өзара үйлесімдіктеріне маңызды орын беріледі (мысалы, құқық қорғау қызметтерін талдаудағы құқық институттары).

Салыстырмалы-құқықтық әдіс - осы арқылы құқықтық институттар мен қатынастардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтау үшін өзара салыстырады.

Логикалық және тіл әдісі - заң ұғымдарын, құқықтық құбылыстардың белгілерін, олардың бір-бірінен айырмашылығын, сонымен қатар заңдарды танып-білуден, түсінік беруден және анықтаудан тұрады.

«Қазақстан Республикасында және шет елдерде қылмыстық іс жүргізу құқығы» - Қазақстан Республикасының және шет елдердің қылмыстық іс жүргізу құқығы түсінігі, маңызы мен міндеттері, қылмыстық іс жүргізудің сатылары, қайнар көздері, процесс субъектілерінің ұғымы, олардың жіктелуі, дәлелдеме және дәлелдеу түсінігі, олардың жіктелуі, мәжбүрлеу шараларының түсінігі, қылмыстық істі қозғау, алдын ала тергеу, басты сот талқылауы, кассациялық және апелляциялық іс жүргізу, кәмелетке толмағандарға байланысты іс жүргізу ерекшеліктері.

Ассиздер соты - Францияның әр қаласында өз жұмыстарын атқаратын сот

Қылмыстық сенаттар - Германия Федеративті Республикасында федералдық заңдар бұзылған жағдайда немесе касациялық және апелляциялық шағымдар мен наразылықтарды қарастырады.

Солиситор-Ұлыбританияда төменгі инстанциядағы соттарға қатысуға құқық берілген қорғау тарабы

Барристер-Ұлыбританияда жоғарғы инстанциядағы соттарға қатысуға құқық берілген қорғау тарабы

«процеске қатысушылар» - қылмыстық iзге түсудi және сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өздерiнiң немесе өздерi бiлдiретiн құқықтар мен мүдделердi қорғайтын адамдар: прокурор (мемлекеттік айыптаушы), тергеушi, анықтау органы, анықтаушы, сезiктi, айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, қорғаушы, азаматтық жауапкер, оның заңды өкiлi мен өкiлi, жәбiрленушi, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, олардың заңды өкiлдерi мен өкiлдерi;

«тараптар» - сот талқылауында бәсекелестiк пен тең құқықтылық негiзiнде айыптауды (қылмыстық iзге түсудi) және айыптаудан қорғауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар;

«қылмыстық процестi жүргiзушi орган» - сот, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша iстi сотқа дейiн жүргiзу кезiнде прокурор, тергеушi, анықтау органы, анықтаушы;

«айыптау тарабы» - қылмыстық iзге түсу органдары, сондай-ақ жәбiрленушi (жеке айыптаушы), азаматтық талапкер, олардың заңды өкiлдерi мен өкiлдерi;

«қылмыстық iзге түсу (айыптау)»- қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды, соңғысының қылмыс жасаудағы кiнәлiлiгiн анықтау мақсатында, сондай-ақ мұндай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшiн айыптау тарабы жүзеге асыратын iс жүргiзу қызметi;

«қорғау» - қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлген адамдардың құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ету, айыптауды жоққа шығару немесе жеңiлдету, сондай-ақ заңсыз қылмыстық iзге түсуге ұшыраған адамдарды ақтау мақсатында қорғау тарабы жүзеге асыратын iс жүргiзу қызметi;

«хаттама» - қылмыстық процестi жүргiзушi орган жасаған iс жүргiзу әрекетi көрсетiлетiн iс жүргiзу құжаты;

«қаулы» - соттың үкiмнен басқа әртүрлi шешiмдерi, анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысында, сондай-ақ сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу шеңберінде қабылданған шешiмдерi;

«үкiм» - айыпталушының кiнәлiлiгi немесе кiнәсiздiгi және оған жаза қолдану немесе қолданбау туралы мәселе бойынша бiрiншi сатыдағы соттың басты сот отырысында немесе апелляциялық соттың талқылауында шығарылған сот шешiмi;

«санкция» - прокурордың, соттың сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысында қылмыстық iзге түсу органы қабылдаған iс жүргiзу шешiмiн бекіту актiсi;

«шағым, наразылық» - процеске қатысушылардың анықтау, алдын ала тергеу, прокурор немесе соттың iс-әрекетiне өздерiнiң құзыретi шегiнде көңiл аудару актiсi;

«экстрадициялық тұтқындау» – шет мемлекетте іздеуде жүрген адамды ұстап беру (экстрадициялау) мақсатында оны тұтқындау түріндегі сот қолданатын, шет мемлекеттің құзыретті органының адамды күзетпен ұстау туралы шешімін орындау бойынша қамтамасыз етуші шара.

Дәріс жоспары

«Қазақстан Республикасының және шет елдердің қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәні бойынша оқылатын бөлімдер

Мақсаты

Міндеттері

Өзекті мәселелері

1тақырып ҚР және шет елдерде қылмыстық iс жүргiзу құқығының түсінігі, мiндеттерi және маңызы

1 Қылмыстық іс жүргізу құқығының ұғымы мен міндеттері,

2 Қылмыстық іс жүргізу құқығының сатылары

3 Қылмыстық іс жүргізу құқығының қызметтері

4.Шетел мемлекеттерінің қылмыстық іс жүргізу құқығының қысқаша сипаттамасы

1 сағат

Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығының ұғымын талқылау, қылмыстық іс жүргізу заңының міндеттерін ашып көрсету, принциптерді басшылыққа алу, олардың орнын ашып көрсету

Шетел мемлекеттерінің қылмыстық процесінің негізгі типтері (модельдері). Қылмыстық іс жүргізудің тарихи формасы, оның түсінігі. Айыптаушылық, инквизициялық (іздестірушілік), сайысушылық және аралас процесстерінің негізгі белгілері. Процесстің осы формаларының ара қатынасы, олардың пайда болуы мен қазіргі қазіргі таңдағы әлемдегі қылмыстық сот өндірісінің құрылымына әсері. Қылмыстық сот өндірісіндегі конвергенция процесстері.

«Қылмыстық іс жүргізу құқығы» курсының негiзгi түсiнiктерiн бiлу, ҚIЖ сатылары, сатылар жүйесi, ҚIЖ актiлерiнiң түрлерi мен маңызы, ҚIЖ ғылымының мiндеттерi, оның тәжiрибемен байланысы, пәнi, жүйесiжәне әдiсi.

Қылмыстық іс жүргізу құқығының міндеттерін, принциптерін толық ұғыну және шет мемлекеттермен салыстыру

2 тақырып ҚР және шет елдерде қылмыстық iс жүргiзу заңы және оның қайнар көздерi

1Қылмыстық iс жүргiзу заңы ұғымы және оның қайнар көздерiнің түрлері

2Қылмыстық іс жүргізу заңының мәні мен маңызы. Шет елдердің қылмыстық іс жүргізудегі қайнар көздердің ерекшеліктері.

1 сағат

қылмыстық іс жүргізу заңының қайнар көздерін меңгеру. Қылмыстық іс жүргізу құқығы қайнар көздерінің түсінігі мен түрлері. Қылмыстық іс жүргізу заңы: оның мазмұны, қылмыстық іс жүргізу құқығымен ара қатынасы. ҚР Қылмыстық іс жүргізу заңнамасының пайда болуы мен дамуының маңызды кезеңдері. ҚР-да соттық-құқықтық реформаның кезеңдері және олардың қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көрініс табуы. Рим статутының, Халықаралық қылмыстық соттың және өзге халықаралық құқықтық құжаттардың және мемлекеттердің қылмыстық сот өндірісі үшін маңызы.

ҚIЖ құқығы қайнар көзi ретiнде ҚIЖ занының мазмұнын бiлу, олардың арақатынасы; әрекет етiп жатқан ҚР-ның ҚIЖ заңнамасы; iс жүргiзу нормаларының ұғымы мен түрлерi, оларды жүзеге асыру кепiлдерi. Қылмыстық іс жүргізу заңының кеңістікте, уақытта және тұлғалар арасындағы әрекеті. Қылмыстық іс жүргізу заңының тиімділік мәселесі.

Континентальды және англо-саксондық құқықтық жүйесі бар мемдекеттерде қылмыстық іс жүргізу құқығы қайнар көздерінің ерекшеліктері. Жазылған және жазылмаған құқық, мемлекетішілік және халықаралық құқық, заңдар мен заңға бағынышты актілердегі нормалардың қылмыстық сот өндірісі регламентациясындағы ролі. Қылмыстық іс жүргізу кодекстерінің тұрақтылық пен оларды бірте-бірте жетілдіру үрдісі. Соттық прецедент, соттардың нормативтік актілерді шығаруы.

Іс жүргізу нормаларының ұғымы мен түрлері, оның құқықтық кепілдігі мен жүзеге асыру тәртібі, жүзеге асыру

Соттық прецедент, соттардың нормативтік актілерді шығаруы мәселелерін қарастыру

3 тақырып

ҚР мен Шет елдердің қылмыстық іс жүргізудің қағидалары.

1ҚР қылмыстық іс жүргізудің қағидаларының мәні, оның жүйесі

2Шет елдердің қылмыстық іс жүргізудің қағидаларының мәні

1 сағат

Қылмыстық процесс принциптерiнiң мәнi Заңдылық Сот әдiлдiгiн тек соттың ғана жүзеге асыруы Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау

Қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзу кезiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау Кiнәсiздiк презумпциясы

Қылмыстық іс жүргізу қағидаларының түсінігі, маңызы мен жүйесі. Олардың қылмыстық сот өндірісі міндеттерін жүзеге асырудағы және қылмыстық іс жүргізу аясында әлеуметтік әділеттілік бастамаларының дәйекті жүргізілудегі ролі. Қылмыстық іс жүргізу қызметіне, заңшығару тәжірибесіне қағидалардың ықпалы. Қылмыстық сот өндірісі сипатының, мазмұны мен типінің қағидалар жүйесінде көрініс табуы. Заңсыз әрекет немесе актінің жойылуына әкелетін қағидаларды бұзу.

Қылмыстық процестің принциптері мен Конституциялық принциптердің байланысын білу, олардың арақатынасы; констиуциялық принцип пен салалық принциптердің түсінігін анықтай білу

Қылмыстық iзге түсудiң ұғымын, мәнiн және маңызын бiлу.

Тұрғын-үйге қол сұқпаушылық. Меншікке қол сұқпаушылық. Қылмыстық іс жүргізу қағидалары жүйесіндегі кінәсіздік презумпциясы. Кінәсіздік презумпциясыдан бастау алатын дәлелдеу ережелері. Қайта соттау мен қылмыстық қудалаудың мүмкін еместігі. Әділсотты заң және сот алдында теңдік бастаулары негізінде жүзеге асыру. Судьялардың тәуелсіздігі және оның кепілдіктері. Әділсотты тараптардың теңдігі және сайысушылығы негізінде жүзеге асыру. Сайысушылық қағидасының жалпы талаптары. Істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеу. ҚР қылмыстық іс жүргізу заңнамасы бойынша істің мән-жайларын зерттеудің толықтығы және жан-жақтылығы, олардың дәлелдеу барысындағы маңызы. Ішкі сенімі бойынша дәлелдемелерді бағалау – қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелерді бағалаудың нәтижесі, әдісі мен қағидасы. Сезіктінің, айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету қылмыстық іс жүргізудің кепілдігі және қағидасы ретінде, оның айыпталушының қорғануға құқығымен ара қатынасы. Куәнің көрсетулер беру міндетінен босатылуы. Қылмыстық іс жүргізудегі куә иммунитеті мәселесі. Білікті заң көмегіне құқығын қамтамасыз ету. Жариялылық. Қылмыстық сот өндірісінің тілі. Шешімдер мен әрекеттерге шағым келтіру бостандығы.

Қылмыстық

процестiң принциптерін қамтамасыз етудің құқықтық кепілдігі. Шет елдердің қылмыстық іс жүргізудегі қағидаларын меңгеру

4 тақырып

ҚР және шет елдердің қылмыстық іс жүргізудегі қылмыстық іс жүргізетін органдар мен өзге де қатысушылары.

қылмыстық іс жүргізудегі қылмыстық іс жүргізетін органдар мен өзге де қатысушылары.

2 Қылмыстық қудалау, ақтау және өндірісті жүргізу.

2 сағат

Қылмыстық іс жүргізуді жүргізетін органдардың процессуалдық ерекшелігі. Қылмыстық іс жүргізуді жүргізетін органдардың түрлері. Қылмыстық іс жүргізуді жүргізетін органдардың атынан лауазымды тұлғалардың қатысуын болдырмайтын мән-жайлар.Әділсот органы ретіндегі сот, оның функциялары мен өкілеттігі. ҚР заңнамасы бойынша сот өкілеттіктерінің ерекшелігі. Сот құрамы мен соттық құрамының түсінігі. Іс бойынша төрағалық етушінің өкілеттіктері. Алқабилер қатысатын істер бойынша өндіріс мәселелері. Қадағалау және қылмыстық қудалау органы ретіндегі прокурор, оның қылмыстық іс жүргізу қызметінің әр түрлі сатысындағы міндеттері мен өкілеттіктері. Қылмыстық сот өндірісінде прокурорлық қадағалау. Сот шешімдеріне наразылық білдіру бойынша өкілеттіктер, олардың қолданудың тәртібі. Тергеу мен анықтау органдары мен лауазымды тұлғалар: тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, анықтау органы, анықтау органының бастығы, анықтаушы. Тергеушінің іс жүргізудегі дербестігі. Анықтау органдарының тізімі, оның өкілеттіктерінің ерекшелігі. Тергеу бөлімі мен анықтау органы бастықтарының іс жүргізудегі мәртебесі. Анықтаушы – қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі сатыдағы арнайы лауазымды тұлға. Бұл топ қатысушылары өкілеттіктерінің мазмұны мен ара қатынасы.

Жеке, жеке-жариялы және жариялы iстер бойынша iзге түсу Франция мен Германияда іс жүргізу функцияларын айыру теориясы. Франциядағы тергеуші судьялар иснтитуты. Францияның қылмыстық іс жүргізуде «сезікті» түсінігінің болмауы, адвокат-қорғаушы мен адвокат-өкілінің құқығының кең болуы, жәбірленуші мен азаматтық талапкердің барабарлығы. Германдық қылмыстық іс жүргізудегі іс жүргізу қатысушыларының дәстүрлі түсінігі. Англо-саксондық құқықтық жүйенің соттарында қылмыстық қудалауды ұйымдастырудың спецификасы, сотқа дейінгі өндірісті полицейскийлердің жүзеге асыруы және соттың бақылау әрекеттері, қылмыстық қудалау органдары әрекеттерінің бір жақы сипаты. АҚШ-да соттар жүйесі мен басқа құқыққорғау органдарының дуализмі. Федералдық органдар, штаттар органдары мен жергілікті органдар арасында қылмыстық сот өндірісі аясындағы құзыретті бөлу негіздері.

Ұлыбританияда мемлекет атынан қылмыстық істер бойынша өндірісті жүзеге асыратын органдар мен лауазымды тұлғалар: сот жүйесі, қудалаудың Корольдік қызметі, полиция, коронерлер, өзге де органдар мен лауазымды тұлғалар. Ағылшын қылмыстық іс жүргізудегі сезікті, қорғалушы, сотталушы. Ағылшын және американдық қылмыстық іс жүргізудегі жәбірленушілердің қылмыстық қудалауды жүзеге асыруына құқығы. Iс жүргiзуге қатысушылар ұғымын, олардың жiктелуiн, қылымыстық iс жүргiзу қызметін, олардың ұғымы мен жүйесiн, iс жүргiзуге қатысушылардың iс жүргiзушiлiк жағдайын бiлу.Франция мен Германияда іс жүргізу функцияларын айыру теориясы. Франциядағы тергеуші судьялар иснтитуты. Францияның қылмыстық іс жүргізуде «сезікті» түсінігінің болмауы, адвокат-қорғаушы мен адвокат-өкілінің құқығының кең болуы, жәбірленуші мен азаматтық талапкердің барабарлығы. Германдық қылмыстық іс жүргізудегі іс жүргізу қатысушыларының дәстүрлі түсінігі. Англо-саксондық құқықтық жүйенің соттарында қылмыстық қудалауды ұйымдастырудың спецификасы, сотқа дейінгі өндірісті полицейскийлердің жүзеге асыруы және соттың бақылау әрекеттері, қылмыстық қудалау органдары әрекеттерінің бір жақы сипаты. АҚШ-да соттар жүйесі мен басқа құқыққорғау органдарының дуализмі. Федералдық органдар, штаттар органдары мен жергілікті органдар арасында қылмыстық сот өндірісі аясындағы құзыретті бөлу негіздері.Ұлыбританияда мемлекет атынан қылмыстық істер бойынша өндірісті жүзеге асыратын органдар мен лауазымды тұлғалар: сот жүйесі, қудалаудың Корольдік қызметі, полиция, коронерлер, өзге де органдар мен лауазымды тұлғалар. Ағылшын қылмыстық іс жүргізудегі сезікті, қорғалушы, сотталушы.

Қылмыстық iзге түсудi жүзеге асырудың шарттары; қылмыстық iзге түсудi жүзеге асыратын органдардың өкiлеттiктерi

қылмыстық процеске қатысушылар құқықтары мен міндеттерін толық меңгеруі тиіс. Оны тәжірибелік тұрғыда жүзеге асыру

5 тақырып

ҚР және шет елдердің қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелер мен дәлелдеу.

1 Дәлелдемелер ұғымы мен қайнар көздері

2 Дәлелдеу ұғымы мен элементтері

2 сағат

Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелер теориясы. Қылмыстық іс жүргізудегі делелдемелер теориясының түсінігі, мазмұны мен маңызы. Дәлелдемелік құқық. Таным теориясы делелдемелер теориясының негізі ретінде. Қылмыстық іс жүргізудегі ақиқат түсінігі мен мазмұны. Дәлелдеу мақсаты – ақиқатты анықтау. Қылмыстық іс жүргізудегі ақиқатты анықтаудың маңызы. Істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеудің міндеттілігі және ақиқатты анықтаудың басқа да кепілдіктері. Қылмыстық іс бойынша танымның ерекшелігі.

Дәлелдеудің түсінігі мен мазмұны. Қылмыстық іс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайлар (дәлелдеу пәні). Дәлелдеу шектері. Дәлелдемелердің қатыстылығы. Дәлелдеудің пәні мен шектерінің ара қатынасы. Дәлелдеу құралы ретіндегі дәлделдеменің түсінігі және оның басты қасиеттері. Дәлелдемелердің жіберілмейтіндігін тану шарттары. Дәлелдемелердің сенімділігі, жеткіліктілігі. Дәлелдемелердің жіктелімі: негіздері және дәлелдемелердің жіктелуінің тәжірибелік маңызы. Жанама дәлелдемелердің қолданудың ерекшеліктері.

Дәлелдемелерді жинау, зерттеу, бағалау және қолдану. Дәлелдемелердің жинау мен бекітудің тәсілдері. Дәлелдемелерді жинау және тексеру үшін ғылыми-техникалық құралдардың пайдалану. Дәлелдеудегі қылмыстық іс жүргізуді жүргізетін органның өкілеттіктері. Дәлелдеуге қатысу бойынша қорғаушының өкілеттіктері. Сайысушылық жағдайында дәлелдеудегі өзге қатысушылардың қатысуы. Дәлелдеу айыртпалығы және міндеті. Дәлелдеудегі кінәсіздік презумпциясы

Дәлелдемелер ретіндегі өге іс жүргізу әрекеттері хаттамалары: жинау, зерттеу және қолданудың ерекшеліктері. Құжаттар дәлелдемелер ретінде. Құжаттың заттық дәлелдемелерден айырмашылығы. Құжаттарды іске қосу және сақтаудың тәртібі. Құжаттардың зерттеу, бағалау мен қолданудың ерекшеліктері. Құжатты заттық дәлелдеме ретінде танудың негіздері меншарттары.Франциядағы дәлелдемелердің күші туралы ілім. Дәлелдеу мақсаты, пәні, айыртпалығы, сонымен қатар германдық қылмыстық іс жүргізу дәлелдеуіндегі тыйым салулар. Ұлыбританиядағы дәлелдеудің қыр-сыры: дәлелдеу пәні мен дәлелдемелердің қатыстылығы; дәлелдеу әдістері мен дәлелдемелердің жіберілетіндігі; дәлелдеу ауыртпалығы; дәлелдемелерді бағалаудың критерийлері.

Англия мен АҚШ-да судьялардың ішкі сенімі бойынша дәлелдемелерді бағалаудың еркіндігі қағидасы. Дәлелдеу шегінен тыс істің мән-жайларын анықтаудың мүмкіндігі (фактіні формальды тану, соттың білгендігі), дәлелдеу ауыртпалығының айыпталушыға көшуі, іс бойынша ақиқатты айқындау туралы талаптың болмауы. Дәлелдеу мақсаты ретіндегі қылмысты жасау ықтималдығының жоғары дәрежесін анықтау институты.

Ақиқатқа дәлелдеудің мақсаты ретіндегі көзқарас, айыпталушының өзінің кінәсін мойындаудың маңызы, дәлелдемелердің қатыстылығы мен жеткіліктілігі, тараптардың жиналған фактілік мәліметтермен танысуы (“дәлелдемелерді жариялаудың” инситуты) , АҚШ қылмыстық істер жүргізудегі дәлелдемелердің жекелеген түрлері. Мүмкіншілік ақиқаттың бір мөлшері ретінде: жоғары деңгей стандарты (кінәсіздік гипотезасынан басқа гипотезаларды жоққа шығару) немесе деңгейді төмендету(“ дәлелдемелердің артықтығы”).

Англо-саксондық құқық жүйесіндегі айыпталушының кінәсін мойындаудың дәлелдемелік маңызы. Кінәсін мойындау – қысқартылған сот өндірісінің негіздері (еріктілікті тексеру, жаза тағайындауды анықтау, айыпталушының құқық көлемі) .

Германдық дәлелдемелер теориясының инквизициялық сипаты мен дәлелдемелерді бағалаудың бостандығы қағидасы. “қатаң ” және “ерікті”

Германдық қылмыстық іс жүргізудегі объективтілігі және субъективтілігіне қатысты даулар. Германия қылмыстық іс жүргізуіндегі дәлелдеуге тиым салу. Сараптама және заттық дәлелдемелер институттарының ерекшеліктері.

Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелердің маңызы, шет елдерде дәлелдемелер теориясының ерекшеліктері, ғылыми техникалық құралдарды қолдану, жедел іздестіру жолымен алынған дәлелдемелерді тану, сақтау, күшін жою, дәлелдеме ретінде іске тіркеу

6 тақырып

ҚР және шет елдердің қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеу шаралары. Қылмыстық іс жүргізудегі мүлік мәселелері.

1 ҚР және шет елдердің қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеу шараларының ұғымы мен түрлері

2 Қылмыстық іс жүргізудегі мүлік мәселелері

Қабылданған жаңа қылмыстық іс жүргізу заңымен салыстырмалы түрде қарастыру

2 сағат

Қылмыстық істер бойынша өндіріс тетігіндегі ішкі сенім, мәжбүрлеу және жауапкершілік. Мәжбүрлеу түсінігі. Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеудің ерекшелігі. Процессуалдық мәжбүрлеу шараларының түсінігі, түрлері мен маңызы. Мәжбүрлеу шараларының жіктелуі. Олардың жүйесі. Процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдану үрдісіне соттың қатысуы.

Сезіктіні ұстау процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретінде. Негіздері, шарттары және тәртібі. Ұстаудың мерзімі. Ұстау хаттамасы және оның маңызы. Ұсталғандарды ұстау орны және шарттары. Ұсталғанның құқықтары мен міндеттері. Ұстаудың заңдылығы мен негізділігінің кепілдіктері, сонымен қатар ұсталғанның құқықтарын сақтау. Ұсталғанды босату тәртібі. Негіздер жүйесіндегі ұстау себептерінің орны.

Қылмыстық іс жүргізудегі азаматтық талаптың түсінігі мен түрлері, оның азаматтық процестегі талаптан ерекшелігі.

Сот шығындары, олардың түсінігі және құрамы.

Шет мемлекеттерде бұлтартпау шараларын қолдану бөлігінде прокуратураның және полицияның кең өкілеттілігі. Соттық бақылау қызметінің кеңейтілуі: соттың немесе судьяның процессуалдық бұлтартпау шараларының біреуін қолдануға келісімді алу, тұтқындалғанға қолданылған шараның заңдылығы мен негізділігін тексеру үшін судьяға әкелу, қамауды немесе тұтқындаудың заңдылығы және негізділігі мақсатында сотқа шағымдалу және т.с. қылмыстық сот өндірісінде соттық бақылау тенденцияның халықаралық-құқықтық құжаттарда кескінделуі.

Мәжбүрлеу институтының мәнiн, ұғымы мен маңызын бiлу, оның түрлерi мен ерекшелiктерi; қылмыстық iстер бойынша қылмыстық сот iсiн жүргiзудегi мәжбүрлеу шараларын қолданудың шарттары негiздерi, тәртiбi; мәжбүрлеу шараларын қолдану кезiндегi тұлғаның құқықтары мен мүдделерiн сақтаудың iс жүргiзу кепiлдерiн қамтамасыз ету.

Ұстау институтының негiзгi ережелерiн, мәнi мен орнын бiлу, сезiктiнi ұстау кезiнде ескерiлетiн мән-жайлар, негiздер шарттар; ұстау тәртiбi, тұлғаны ұстау орындарынан босату кезiнде оның құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтаудың iс жүргiзу кепiлдерiн қамтамасыз ету. Мәжбүрлеу жүйесiндегi қылмыстық iс жүргiзушiлiк бұлтартпаудың мәнi, ұғымы мен маңызын бiлу; бұлтартпау шараларының түрлерi, бұлтартпау шараларын қолдану ерекшелiктерi; қылмыстық iстер бойынша бұлтартпау шараларын қолданудың шарттары, негiздерi және тәртiбi; тұлғаларды қамауда ұстау мерзiмдерi мен мерзiмдердi ұзарту тәртiбi; бұлтартпау шараларын қолдану кезiнде айыпталушының (сезiкткнiң) құқықтары мен мүдделерiн сақтаудың iс жүргiзу кепiлдерiн қамтамасыз ету; бұлтартпау шарасын жою немесе өзгерту тәртiбi.

Қылмыстық іс жүргізуде мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібін, түрлерін дұрыс таңдай білу, сот санкциясын алу, залалдың орнын толтыру шарты, әдісі, шешім қабылдау. Шет мемлекеттерде бұлтартпау шараларын қолдану тәртібін меңгеру

7 тақырып

Сотқа дейінгі өндіріс.

1 Қылмыстық істі қозғау Қабылданған жаңа

2Алдын ала тергеу жүргізудің жалпы шарттары

3Алдын ала тергеудің аяқталуы

ҚІЖзаңына сәйкес, сотқа дейінгі тергеудің басталуын салыстырмалы түрде қарастыру

2 сағат

Қылмыстық істі қозғау сатының түсінігі және мәні. Алдын-ала тергеу сатының түсінігі және міндеттері. Алдын ала тергеу өндірісінің жалпы шарттары, түсінігі, жүйенің мәні және сипаттамасы. Алдын ала тергеудің міндеттілігі. Тергелуіне қарай беру. Алдын ала тергеуді жүзеге асыратын органдар. Алдын ала тергеу жүргізілетін жер. Алдын ала тергеу жүргізудің басталуы және аяқталуы. Алдын ала тергеу мерзімі.

Тергеу әрекеттерінің түсінігі, түрлері және жүйесі. Айыпталушы ретінде жауапқа тарту. Айыпталушы ретінде жауапқа тарту актісінің мәні және маңызы Алдын ала тергеудің аяқталуы: түсінігі және нысандары. Әрбір нысанының сипаттамасы.

Қылмыстық іс қозғауға себептер мен негіздерді нақтылау. Қылмыстың оқиғасының, құрамының орын алуына байланысты қылмыстық іс қозғау және өз өндірісіне қабылдау туралы қаулы шығара білу немесе негіздердің орын алуына байланысты қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығару.

Шет елдердегі сотқа дейінгі өндірістің аяқталуы

8 тақырып. Соттылық

1Сотталуына қарай беру. 2Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу.

Басты сот талқылауы

Қабылданған жаңа ҚІЖзаңына сәйкес соттылық, басты сот талқылауын тағайындау жолдарын

салыстырмалы түрде қарастыру

2 сағат

Сотталуына қарай берудің түсінігі және түрлері. Басты сот талқылауын тағайындау туралы шешім –соттың жеке дербес сатысы. Алдын ала тыңдау өндірісінің негізі және тәртібі. Осы сатыда қолданылатын шешімдер. Басты сот талқылауының түсінігі және маңызы.

Сот тергеуі – сот талқысының дербес бөлігі. Сот тергеуінің алдын ала тергеуден айырмашылығы. Сот тергеуінің мезгілі. Алқа билер қатысуымен сот тергеуінің ерекшелігі. Сот талқылауының қысқартылған тәртіпте сот тергеуінің негізі және ерекшелігі.

Сот тергеуінің қайта басталуы және оның аяқталуы. Сот тергеуінің аяқталғаннан кейін сотпен жарыссөзді ашу. Жарыссөз тәртібін қайталау және сотталушының соңғы сөзі.

Қысқартылған тәртіпте сот талқылауы. Негізі, ерекшеліктері, мазмұны, салдары.Сот талқылауын қысқартылған тәртіпте жүргізуге жол бермейтін шарттар мен негіздер.

Қылмыстық талап-арыз жарығында жеке айыптау істерді қозғау. Жеке айыптау істерін сот талқылау тәртібі. Сотта жеке айыптау істерін қарастырудың арнайы шарттары.Жеке айыптау істердің ерекшелігі. Францияда айыптау камералар (ауыр қылмыс істері бойынша) және тергеу палаталары (орташа ауырлықтағы қылмыс туралы істір бойынша) – сот отырысының тағайындаған органдары. Германияда сот отырысын тағайында субъектілердің дифференциациясы: бір судьямен (негізгі звено), бірнеше судьялар (орта звено), кем дегенде бес судья (жоғарғы звено).

Соттылықтың ұғымы, маңызы және түрлерi. Iстердiң пәндiк (тектiк) белгiге байланысты соттылығын білу. Iстердiң жеке дербестiк субъект белгiне байланысты соттылығы. Iстi iс жүргiзуге қабылдаған соттың қылмыстық iстi соттың қарауына жатқызылуы бойынша беруi Төрағалық етушiнiң басты сот талқылауындағы өкiлеттiгi Сотталушы адамның басты сот талқылауына қатысуы Қорғаушының басты сот талқылауына қатысуы

Басты сот талқылауын тағайындаудың процессуалдық тәртібі мен мерзіміне көңіл бөлу, басты сот талқылауындағы шығарылатын шешімдерді білу. Басты сот талқылауы сатысының маңыздылығына көңіл аудару, үкімнің негізділігі мен заңдылығын білу. Жеке айыптау істері бойынша қылмыстық істі қозғау ерекшеліктеріне көңіл аудару.

Қылмыстық істерді біріктіру кезінде соттылықты белгілеу. Сот қаралуына жататындығы туралы дауларды шешу

9 тақырып

1 Апелляциялық өнідіріс.

2 Сот шешімдерін орындау.

Қабылданған жаңа ҚІЖзаңына салыстырмалы түрде қарастыру

1 сағат

Апелляциялық өндірістің түсінігі. Апелляцияның кассациялықтан айырмашылығы және олардың арақатынасы. Апелляциялыұқ өндірістің құрылымы. Апеляциялық шағымдар мн үкімге наразылық білдіруге құқық. Апелляциялық қаулының мазмұны және нысаны, оны шығарудың тәртібі. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысын орындауға кірісу. Істі апелляциялық сатыда қайта қараудың негіз және шарттары.Бастапқы үкімнің күші жойылғаннан кейін істі бірінші саты бойынша қарау шарттары. Бірінші қарастыру барысында бірінші инстанция сотының үкіміне шағымдану және наразылық білдірудің тәртібі. Алқалар билер қатысуымен қарастырылған іс бойынша апелляциялық өндірістің ерекшелігі және үкімнің күшін жоюдың арнайы негіздері.

Соттылықты алып тастау туралы өтінішті қарау. Осы сұрақты сотпен қарастыру үшін негіздер. Қарау тәртібі. Қабылдатаны шешімдер. Сот шешімдеріне шағымдану және наразылық білдіру. Шағымдарды және наразылықты қарастыратын соттар.

Апелляциялық, кассациялық сатылардың тараптарға беретін кепілдіктерін ескеру, тараптардың шағымдану және наразылық білдіру мерзімдерін білу, кассациялық, апелляциялық сатының пәні мен шегін қарастыру.

Үкімнің орындалу мерзімдерін ескеру, процессуалдық негіздердің орын алуына байланысты үкімнің орындалуын кейінге қалдыру салдарын білу. Үкiмдi орындауға кiрiсу жайында сотталушының туған-туысқандары мен азаматтық талапкерге хабарлау

Апелляциялық, кассациялық сатылардың ерекшеліктері,

Сот шешімдерін орындау барысындағы қылмыстық іс жүргізу қағидаларының жүзеге асуы, сот шешімдерін орындау органдарының ролі

10 тақырып

Соттың заңды күшіне енген шешімдерін қайта қарау

1Кассациялық саты бойынша іс жүргізу тәртібі мен мерзімдері

2Кассациялық саты бойынша іс жүргізу шешімдері

Қабылданған жаңа ҚІЖзаңына салыстырмалы түрде қарастыру

1 сағат

Қадағалау, жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты сатылардың пәні мен шегін білу Заңды күшіне енгеннен кейін қайта қаралуы мүмкін сот актілері Заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулыларын қайта қарау негіздері

Қадағалау сотының отырысы.

Үкімнің күшін және соттың қаулыларын күшін жойылғаннан кейін істерді қарастыру. Соттың үкіміне және қаулыларына қайта шағымдану және наразылық білдіру

Қадағалау сатысының тараптарға беретін кепілдіктерін ескеру, тараптардың шағымдану және наразылық білдіру мерзімдерін білу, қадағалау сатысының пәні мен шегін қарастыру. Жанадан ашылған мән-жайларға байланысты iс жүргiзудi қайта бастау сатысының тараптарға беретін кепілдіктерін ескеру, тараптардың шағымдану және наразылық білдіру мерзімдерін білу, жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты iс жүргiзудi қайта бастау сатысының пәні мен шегін қарастыру.

Істі жаңғырту негіздері бар екендігін анықтайтын лауазымды тұлғалар. Қарастырылып отырған мән-жайлардың ашылуына байланысты қабылданатын сот шешімдері. Өндірісті жаңғырту мерзімдері. Іс бойынша өндірісті жаңғырту мәселесін соттың шешуі.

Прокурордың қорытындысын қарайтын сот қаулысы. Сот шешімдерін бұзудан кейінгі өндіріс. Жаңадан ашылған мән – жайларға байланысты жаңғыртылған істегі азаматтық талап арыз.

Сот актісін шығару кезінде сот қолданған заңды Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесімен конституцияға сай емес деп тануы жаңғыртудың негізі ретінде.

Қадағалау, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша, апелляциялық және кассациялық істер бойынша істі қайта қарау ерекшеліктері

Іс бойынша тергеуді қайта қозғау туралы мәселені соттың шешуі. Шешім қабылдауға құзыретті сот инстанциялары. Прокурордың қорытындысын қарайтын сот отырысының тәртібі. Сот анықтамасы. Анықтамалардың түрлері. Шешімді бұзудан кейінгі өндірістің тәртібі.

11 тақырып Қылмыстық істердің жекелеген санаттары бойынша іс жүргізу

1 Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы іс жүргізу тәртібі

2Артықшылықтары мен қылмыстық ізге түсуден иммунитеттері бар адамдардың істері бойынша іс жүргізу. 3Айғақ беруден дипломатиялық иммунитет

1 сағат

Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы іс жүргізу тәртібі, Қылмыстық істердің осы категориясы бойынша дәлелдеу пәнінің ерекшеліктері. кәмелетке толмаған сезіктіден, айыпталушыдан жауап алу. Артықшылықтары мен қылмыстық ізге түсуден иммунитеттері бар адамдардың істері бойынша іс жүргізу. Айғақ беруден дипломатиялық иммунитет

Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша iс жүргiзу тәртiбi мен ерекшеліктерін білу,

Қылмыстық сот өндірісінде иммунитеттің түсінігі және түрлері. Қылмыстық қудалаудан дипломатиялық иммунитеті бар тұлғалар. Дипломатиялық иммунитеті бар тұлғаларға, қоймалар мен заттарға қатысты процессуалдық әрекеттерді жүзеге асырудың ерекшеліктері. Қылмыстық жауапкершілікке тартылудан дипломатиялық иммунитеті бар тұлғаларға қатысты қылмыстық істі қозғаудың ерекшеліктері. Дипломатиялық иммунитеті бар тұлғаларды ұстаудың, қамауға алудың ерекшеліктері. Қоймалар мен құжаттардың дипломатиялық иммунитеті.

ҚР Парламентi депутаттары, ҚР Конституциялық Кеңесi Төрағасы мен мүшелерi, судьялар, ҚР Бас Прокуроры, дипломатиялық иммунитетке не тұлғаларға қытысы алдын-ала тергеу жүргiзу тәртiбiн меңгеру.

Кәмелетке толмағандарға қатысты сот ісін жүргізу артықшылықтар мен қылмыстық ізге түсуден иммунитеттері бар адамдарға бұлтартпау шараларын таңдау ерекешілктері,

12 тақырып.

Ерекше өндіріс. 1Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану бойынша өндіріс негіздері.

2Қылмыстық істердің осы категориясы бойынша дәлелдеу пәнінің ерекшеліктері.

1 сағат

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану мәселелерін меңгеру, қылмыстық процестi жүргiзушi органдардың шет мемлекеттердiң қылмыстық iстер бойынша құзыреттi мекемелерiмен және лауазымды адамдарымен өзара iс-қимылының тәртiбiне көңіл бөлу, жазасын өзi азаматы болып табылатын мемлекетте өтеу үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған адамды беру мәселелерін талқылау.

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнiндегi өндiрiстiң негiздерi мен iс жүргiзушiлiк тәртiбiн білу, қылмыстық процестi жүргiзушi органдардың шет мемлекеттердiң қылмыстық iстер бойынша құзыреттi мекемелерiмен және лауазымды адамдарымен өзара iс-қимылының тәртiбi туралы негiзгi ережелерге көңіл бөлу, жазасын өзi азаматы болып табылатын мемлекетте өтеу үшiн бас бостандығынаң айыруға сотталған адамды беру; берудiң шарттары мен тәртiбiн меңгеру.

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың тәжірибелік орны

Бас бостандығынан айыруға сотталған тұлғаны азаматы болып табылатын мемлекетке жазасын өтеу үшін берудің негіздері мен тәртібі: а) беру шарттары; б) сотталғанды беруден бас тартудың негіздері; в) сотталғанды қабылдау жөнінде мәселені шешу; г) шетел мемлекеті сотының үкімдерін орындау жөніндегі мәселені шешу.

13 тақырып.

Францияның қылмыстық іс жүргізу заңнамасының ерекшеліктері.

1 сағат

Француз қылмыстық іс жүргізу құқығының қайнар көздерінің жалпы сипаттамасы.

Алдын ала анықтау - қылмыстық процесстің бастапқы сатысы ретінде және оның жалпы сипаттамасы. Сот полициясы алдын ала анықтау органы ретінде, оның құрамы мен әкімшілік полициядан айырмашылығы. Алдын ала анықтау формалары. Алдын ала анықтау сатысындағы процессуалдық әрекеттер. Алдын ала анықтаудың аяқталуы.

Жария және азаматтық талап арыздардың түсінігі. Сот талқысының дифференциациясы мен қылмыстық істерді негізі бойынша қарайтын соттардың жүйесі. Түзеу және полицейлік соттардың құрамы мен құзыреті. Теріс қылықтар мен құқықбұзушылықтар жөніндегі істер бойынша сот талқысының негңзгі ережелері. Ерекше өндіріс түрлері: сырттай өндіріс пен жеңілдетілген (жеделдетілген) өндіріс, олардың сипаттамалары.

Француз қылмыстық процесін реттеуде адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Конвенцияның ролі. Дәлелдеу ториясының негіздері. Дәлелдеу ауыртпалығы. Дәлелдеу құралдары мен дәлелдемелердің түрлері. Дәлелдемелердің күші туралы ілім. Ішкі сенімнің түсінігі мен оның дәлелдемелерді бағалаудағы ролі. Қылмыстық процесс сатыларының жүйесі. Қылмыстық әрекеттердің (қылмыс, теріс қылық пен құқықбұзушылық) үшмүшелік материалдық – құқықтық жіктелуі мен қылмыстық процесстің дифференциациясы Жария талап арызын қозғау қылмыстық процесстің сатысы ретінде. Процессуалдық функцияларды бөлудің тоериясы. Пркуратура қылмыстық қудалау органы ретінде. Оның қылмыстық процесстің осы сатысындағы құзыреті мен қабылданатын шешімдердің нұсқалары: қылмыстық қудалауды қозғау, қылмыстық қудалауды қозғаудан шартты және шартсыз бас тарту, медиация, келісім бойынша айыппұл. Прокурордың бастауымен қылмыстық қудалауды қозғаудың процессуалдық тәсілдері. Жәбірленушінің бастауымен қылмыстық қудалауды қозғаудың процессуалдық тәсілдері. Алдын ала тергеудің түсінігі мен негізгі белгілері; ол жүргізілетін қылмыстық істер шеңбері. Алдын ала тергеу органдары (тергеу судьясы мен апелляциялық соттың тергеу камерасы), олардың жалпы сипаттамсы. Бірінші инстанциядағы алдын ала тергеудің басталуы. Тергеу әрекеттері мен бұлтартпау шаралары. Қарауға тартудың тәртібі (айып тағу). Бірінші инстанциядағы алдын ала тергеудіңаяқталуы. Екінші инстанциядағы алдын ала тергеу: тергеу кемерасы құзыреттерінің түрлері мен онымен қабылдануы мүмкін шешімдер нұсқалары.

Қылмыстық процесін реттеуде адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Француз Конвенцияның ролі

14тақырып. Германияның қылмыстық іс жүргізу заңнамасының ерекшеліктері.

1 сағат

Қылмыстық іс жүргізудің Германдық концепциясы ерекше түрдегі іс жүргізу ретінде. Германиядағы қылмыстық процессуалдық заңнамасының даму тенденциялары. Қылмыстық – процессуалдық құқықтың негізгі реформалары. Алдын - ала тергеу, оның эволюциясы мен қазіргі таңдағы жағдайы. қылмыстық – соттық жүйесінің жалпы сипаттамсы. Айыпталушыны сотқа беру. Сот шешімдеріне шағым келтіру тәсілдерінің жалпы сипаттамасы. Апелляциялық өндіріс. Апелляциялық шағымды негізі бойынша қарамай қабылдамаудың негіздері. Апелляциялық инстанцияда сот талқысының тәртібі. Қабылданатын шешімдердің мазмұны мен түрлері. Ревизиялық өндіріс. Ревизиялық шағым беруге абсолютті желеулер мен негіздер. Өндірістің ерекше түрлері. Жазалау туралы соттық бұйрық.

Алдын - ала тергеу, оның эволюциясы мен қазіргі таңдағы жағдайы. Әрекет етуші заңнама бойынша прокурорлық анықтау алдын – ала тергеудің жалғыз формасы ретінде, оның міндеттері. Кейінге қалдыруға болмайтын әрекеттерді жүзеге асырудағы полицияның ролі. Сезіктенудің түсінігі мен түрлері. Прокуратура мен полицияның тергеу әрекеттері, оларды процессуалдық рәсімдеудің айырмашылығы. Сезіктіге қорғану құқығын қамтамасыз ету мен одан жауап алу. Анықтауды аяқтаудың нұсқалары.

Сот шешімдеріне шағым келтіру тәсілдерінің жалпы сипаттамасы. Апелляциялық өндіріс. Апелляциялық шағым келтірудің формалары мен мерзімдері. Ревизиялық шағымның мазмұнына қойылатын талаптар. Ревизиялық инстанцияда істі қарау тәртібі. Қабылданатын шешімдердің мазмұны мен түрлері. Соттың заңды күшіне енген үкіммен тоқтатылған өндірісті жаңғырту. Сотталушының мүддесіндегі және оның мүддесінде емес өндірісті жаңғыртудың негіздері. Істі қайта қарау туралы қолдаухаттың мазмұны мен формасы. Берілген қолдаухат бойынша алдын – ала тексеру. Қолдаухат бойынша қабылданатын соттық шешімдердің түрлерін білу

Түзеу және қауіпсіздік шараларын қолдану. Қылмыс заттарын тәркілеу процедурасы

Германиядағы қылмыстық процессуалдық заңнамасының даму тенденцияларын меңгеру

15тақырып. Ұлыбританияның қылмыстық іс жүргізу заңнамасының ерекшеліктері

1 сағат

Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің қылмыстық процессі.

Қылмыстық – процессуалдық құқықтың қайнар көздерінің жалпы сипаттамасы мен олардың эволюциясы. Қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі өндіріс: дәстүрлілік тұрғыдан қарау мен қазіргі таңдағы тенденциялар. Істі сотта алдын – ала қарау мен оны сотқа беру. Осындай қараудың негізгі мақсаттары. Оны жүзеге асыратын соттар. Сотқа берудің эволюциясы. Қазіргі сотқа беру процедурасы Корона Сотында өндірістің дайындау кезеңі Жеңілдетілген (қосылған) өндіріс тәртібінде магистраттық соттарда істер талқылаудың ерекшеліктері оның жалпы сипаттамасы

Ағылшындық құқық нормаларын адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Конвенцияға сәйкес емес деп танудың тәртібі. Қылмыстық істер бойынша мемлекет атынан өндірісті жүзеге асыратын органдар мен лауазымды тұлғалар: соттардың жүйесі, қудалаудың Корольдік қызметі, полиция, коронерлер, өзге органдар мен лаузымды тұлғалар. Олардың ұйымдастырылуы мен әрекеттесуінің негіздері, процессуалдық функциялар. Алқа билер сотының қатысуымен әділсотты жүзеге асыру: ағылшындық алқа билер соты тарихының негізгі кезеңдері, оның қазіргі таңдағы маңызы, алқа билерінің негізгі құзыреттері. Адвокатура мен оның қылмыстық сот өндірісіндегі ролі. Дәлелдемелік құқықтың негізгі белгілері. Оның ерекшелігінің себептері. Дәлелдеудің пәні мен дәлелдемелердің салыстырмалылығы. Дәлелдеудің тәсілдері мен дәлелдемелердің орынды болуы. Дәлелдеу ауыртпалығы.

Корольдік қызметі, полиция, коронерлер, өзге органдар мен лаузымды тұлғалар қылмыстық істі атқаруы

Барлығы 20 сағат