Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник надзор.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2. Прокуратураның қылмыспен күрес саласында халықаралық ынтымақтастығы

Совет Одағы ыдырап, оның құрамындағы елдердің өз тәуелсіздігін алып, жеке мемлекет болып қалыптасуы, қоғамның демократияландырылуы Қазақстан Республикасының халықаралық қатынасын елеулі ұлғайтып, елден кету мен елге келу мәселесі жеңілденді. Бірақ осы жақсы жағдайды кейбір қылмыс жасаған адамдар қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кету жолында тиімді пайдаланды. Сондықтан әртүрлі мемлекеттердің құқық қорғау органдарының кінәлі адамдарды әшкерелеу жолында күштерін біріктіру қажеттігі туындады. Қоғамның, соған байланысты адамдардың психологиялық көзқарастарының өзгеруі, шекаралардың жақсы күзетілуінен халықаралық деңгейдегі топтасқан қылмыстар өсіп, олармен күрес мәселелерінде қиыншылықтар пайда болды.

1992 жылы Қазақстанның басталуымен Алматыда ТМД және Балтика елдерінің Бас прокурорларының алғашқы кездесуі өтті.

1993 жылы Ынтымақтастық елдерінің басшылары өзара құқықтық көмек көрсету және азаматтық, некелік, қылмыстық істер бойынша құқықтық қатынастарды реттеу туралы Минскіде Конвенция қабылдап,осының негізінде ұйымдасқан және басқа да қауіпті қыллмыстар мен күресуде күштерді біріктіру туралы Бағдарлама бекітілді.Осы кезеңде сонымен қатар,ТМД елдерінің қылмыспен күресетін арнайы органдарының қызыметін реттейтін құқықтық актілердің заман талабына сай қабылданып,бір-бірімен ақпарат алмасуын жетілдіру,қылмыспен күресте нақты қимылдарын анықтау сияқты маңызды жұмыстар да атқарылды.

1995 жылдың желтоқсанында Бас прокурорлардың Үйлестіру Кеңесін құру туралы шешім қабылданды.Оның толыққанды мүшесінің бірі-ҚР Бас Прокуроры.

1996 жылдың мамырында ынтымақтастық елдердің басшыларының Кеңесінің шешімі бойынша ТМД елдерінің аумағында 2000 жылға дейін ұйымдасқан қылмыс және басқа да қауіпті қылмыстармен күреске бағытталған біріккен шаралар жөнінде жаңа Халықаралық бағдарлама бекітілді.Осы бағдарламаға сай терроризм,тапсырыс пен кісі өлтіру,есірткі заттарымен заңсыз айналысу,қылмыстық жолмен келген табыстарды заңдастыру,заңсыз қару-жарақ тасу,мәдени мұраларды ұрлау,сату сияқты қауіпті қылмыстармен күрес өз нәтижелерін берді.

2000 жылдың 25-қаңтарында ынтымақтастық елдердің басшыларының Кеңесі 2000-2003 жылдарға арналған осы бағыттағы жаңа Халықаралық бағдарламаны бекітіп,осы құжат негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі оны іске асыруға бағытталған ұлттық жоспарын жасады.

Қазақстан халықаралық Конвенцияларға қосыла отырып, өзіне біраз маңызды міндеттерді алды. Мысалы, 1963 жылғы Вена Конвенциясының талабына сай шетел азаматтары қылмыс жасағаны үшін ұсталып, қамауға алынатын жағдайда республика сол елдің дипломатиялық өкілдеріне хабарлауға кепілдік берді.

ҚР Конституциясына сай шет елдің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар республика азаматтармен тең ботандық пен құқыққа ие бола отырып, заңда көрсетілген міндеттерді де орындауға тиіс.

Шет ел азаматтары барлық құқық бұзушылық, қылмыс үшін жауапты. Кейбір шет ел азаматтары өзінің қызметтік жағдайын байланысты иммунитетке. Олар жөнінде Минск Конвенциясында көрсетіліп, олардың жауапкершілігін шешу ҚР ҚІЖК-ң 501, 502-баптарында, ҚР ӘҚБ туралы Кодекстің 692, 693-баптарында көрсетілген.

Халықаралық шарттарда қылмыстық қудалау түсінігі берілмеген. Бұл түсінік ҚР ҚК-ң 7-бабының 13-бөлімінде көрсетілген. Қылмыстық қудалау прокурор, анықтаушы, тергеуші және сот арқылы жүзеге асады және Республиканың Бас Прокуроры арқылы жүзеге асатын мемлекеттің құқығы болып табылады.

Қылмыстық процесті жүргізуші органдардың шет мемлекеттердің қылмыстық істер бойынша құзыретті мекемелерімен және лауазымды адамдарымен өзара іс-қимылының тәртібі туралы негізгі ережелер Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 55-тарауында көрсетілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]