- •1 Тарау. Қазақстан Республикасындағы прокуратура органдарының қалыптасуы
- •2 Тарау. Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалаудың маңызы мен міндеттері. «Қазақстан Республикасынағы прокурорлық қадағалау» оқу пәнінің мәні мен жүйесі
- •3 Тарау. Прокурорлық қадағалаудың қайнар көздері
- •4 Тарау. Прокуратура органдарының жүйесі, құрылымы және оларды ұйымдастыру
- •5 Тарау. Қр прокуратура органдарындағы кадрларды іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу
- •Ерекше бөлім
- •6 Тарау. Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын қадағалау бойынша жұмысты ұйымдастыру.
- •8 Тарау. Жедел іздестіру қызметін прокурорлық қадағалау
- •9 Тарау. Тергеу және анықтау заңдылығына прокурорлық қадағалау
- •Тарау. Қазақстан Республикасындағы прокуратура органдарының қалыптасуы
- •Кеңестік кезеңдегі прокурорлық қадағалау
- •2 Прокуратураның тәуелсіз Қазақстанда қалануы және дамуы
- •3. Қарағанды облысының қала (аудан) және мамандандырылған прокуратураларының құрылу тарихы
- •2 Тарау Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалаудың маңызы мен міндеттері. «Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау» курсының мәні мен жүйесі
- •1. Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалаудың ұғымы мен маңызы
- •2. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты мен міндеттері
- •3. "Қазақстан Республикасының прокурорлық қадағалау" курсының мәні
- •4. Прокурорлық қадағалаудың салалары
- •5. Курстың жүйесі және басқа заң пәндерімен оның қарым-қатынасы
- •3 Тарау. Прокурорлық қадағалаудың қайнар көздері
- •Қазақстан Республикасының Конституциясы
- •2. Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» заңы
- •3. Прокурорлық қадағалаудың құқықтық актілері
- •4. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңдары
- •5. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңдары
- •6. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдары
- •7.Қазақстан Республикасының өзге де заңдары
- •8. Халықаралық құқықтық актілер
- •4 Тарау. Прокуратура органдарының жүйесі, құрылымы және оларды ұйымдастыру
- •Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің ұғымы
- •Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының жүйесі
- •5 Тарау. Қазақстан Республикасының прокуратура органдарындағы кадрларды іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу
- •Кадрларды іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу
- •Прокуратура органдарында лауазымға тағайындалатын прокурорлар мен қызметкерлерге қойылатын талаптар
- •3. Прокуратура қызметкерлеріне кластық шендер беру және аттестациялау. Прокуратура қызметкерлеріне қолданылатын тәртіптік жазалар мен мадақтау шаралары
- •6 Тарау. Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын қадағалау бойынша жұмысты ұйымдастыру.
- •Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерінің сақтауын прокурорлық қадағалаудың мәні, пәні және міндеттері
- •Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын қадағалау бойынша прокурордың өкілеттіктері
- •Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерінің сақталуын қадағалау
- •7 Тарау. Қылмыспен және басқа да құқық бұзушылықпен күресу бойынша құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру
- •Үйлестіру қызметінің мәні, мақсаты және қатысушылары
- •Құқық қорғау органдарының үйлестіру нысандары және өзара қатынастары
- •Қылмыстықпен күресу бойынша құқық қорғау органдары қызметін үйлестірудегі прокуратура рөлін көтерудің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері
- •8 Тарау. Жедел іздестіру қызметін прокурорлық қадағалау
- •1. Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуына прокурорлық қадағалаудың маңызы, мәні және міндеттері
- •2. Прокурордың жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі өкілеттігі
- •3 Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуын қадағалау ерекшеліктері
- •9 Тарау. Тергеу және анықтау заңдылығына прокурорлық қадағалау
- •Тергеу және анықтау заңдылығына қадағалаудың мәні, маңызы және міндеттері
- •Прокурордың алдын – ала тергеу және анықтау органдарына заңдардың орындалуын қадағалау өкілеттігі
- •Алдын ала тергеу және анықтау органдарында заңдардың орындалуын қадағалау жұмысын ұйымдастыру
- •Анықтау органдарында заңдардың орындалуын қадағалау ерекшеліктері
- •Алдын ала тергеу органдарында заңдардың орындалуын қадағалау ерекшеліктері
- •10 Тарау. Прокуратураның сотта мемлекет мүддесін білдіруі
- •Прокуратура органдарының сотта мемлекет мүддесін білдіру түсінігі, маңызы және міндеттері
- •Қылмыстық істердің соттарда қаралуына прокурордың қатысуы және оның рөлі
- •Соттарда азаматтық істердің қаралуына прокурорлық қадағалау
- •11 Тарау. Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын қадағалау
- •Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын прокурорлық қадағалаудың маңызы, мәні, міндеттері мен басты бағыттары
- •Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын қаматамасыз ету заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі прокурордың өкілеттігі
- •Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын бұзу анықталған жағдайда прокуратурамен қабылданатын шара қолдану актлері
- •Тарау. Халықарлық шарттардың қолданылуына және шетел азаматтары мен заңды тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз етуіне прокурорлық қадағалау
- •1. Халықаралық ынтымақтастықтың құқықтық маңызы
- •2. Прокуратураның қылмыспен күрес саласында халықаралық ынтымақтастығы
- •13 Тарау. Прокуратура органдарының даму концепциясы және олардың қызметі
- •1. Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының даму концепциясы негізіндегі прокуратураның қызметі
- •2 Қазіргі кезеңдегі прокуратура органдарының даму проблемалары және перспективалары
- •Практикалық сабақтың сұрақтары
- •1. Тапсырма:
- •2. Тапсырма:
- •3. Тапсырма:
- •4. Тапсырма:
- •5. Тапсырма:
- •6. Тапсырма:
- •7. Тапсырма:
- •8.Тапсырма:
- •9. Тапсырма:
- •10. Тапсырма:
- •Тапсырма:
- •13.Тапсырма
- •Тапсырма:
- •Тапсырма:
- •16. Тапсырма:
- •17. Тапсырма:
- •18. Тапсырма:
- •19. Тапсырма
- •20. Тапсырма:
- •21. Тапсырма:
- •22. Тапсырма:
- •23. Тапсырма
- •24. Тапсырма:
- •25. Тапсырма
- •26. Тапсырма:
- •27. Тапсырма:
- •28.Тапсырма:
- •29.Тапсырма:
- •30.Тапсырма:
- •31.Тапсырма:
- •Курстық жұмыстардың тақырыбы
- •13.Прокуратураның қылмыспен күрес саласында халықаралық ынтымақтастығы.
- •Тест сұрақтары
- •7. Прокурорлық қадағалау актілері:
Тарау. Қазақстан Республикасындағы прокуратура органдарының қалыптасуы
Кеңестік кезеңдегі прокурорлық қадағалау
Прокуратура барлық мемлекеттердің саяси жүйесінің маңызды да бөлінбейтін белгісі болған және бола береді. Көне Римнің өзінде прокурорлық қызмет болып, прокурорлар азаматтардың соттағы істеріне қатысып, олардың сот ісіне байланысты шаруашылықтарын басқарған.
Тергеу мен сот істерінің заңдылығын қадағалау органы болып, прокуратура бірінші рет XIII-XIV ғасырларда Францияда құрылған.
Қазақстан прокуратурасының тарихы Ресей прокуратурасының тарихымен тығыз байланысты. Ресейде прокуратура I Петр тұсында дүниеге келген. Ол мемлекетте заңдардың қолдануына қадағалау жасап, қылмыспен күресті іке асыратын бір органның қажеттілігін ескеріп, 1712 жылы 12 қаңтардағы Жарлығымен прокуратура органын құрған. Осы жылдың 27 сәуірдегі Жарлығы ”Бас прокурор қызметі” деп аталып, прокуратураның мақсаты мен міндетін айқындап, оны ”мемлекеттің көзі” (”око государства”) деп тұжырымдаған. Осы Жарлыққа байланысты 1722 жылы прокуратура орталықтандырылған, заңдардың орындалуына жоғарғы қадағалау жасайтын арнайы мемлекеттік орган болып құралады. Бас–прокурор, губерния прокурорларын императордың өзі тағайындауымен және олардың осы қызметке белгілі бір мерзімге емес, өмірбақи тағайындалуы, олардың заңдылықты қадағалаудағы қызметтерін жергілікті шенеуліктерге тәуелсіз атқаруымен ерекшеленді.
Прокуратураның мемлекеттік-құқықтық институт ретінде бірегейлік қасиеті 1775 жылдың 7 қарашада қабылданған ”Губернияны басқару мекемелері ” атты заң актісінде айрықшаланды. Тарихқа белгілі 1864 жылғы сот реформаларына арналған заң актілерінен кейін прокуратураның құрылымында үлкен өзгеріс болып, прокуратура өзінің жалпы қадағалау қызметінен айрылды. Мұның басты себептерінің бірі - кейбір мемлекеттік органдардың прокурорлық қадағалаудан құтылу әрекеттері болып табылды.
1917 жылы Патша үкіметі құлап, жеңіске жеткен Кеңес мемлекеті патшалық сот–тергеу, прокуратура, адвакатура органдарын жойып, бес жылдай бұл органдар болмаған, сол сияқты прокуратура Қазақстанда да болмады.
Тарихтың мәліметтеріне сүйенетін болсақ, прокуратура қалыптасу мен дамудың ұзақ жолдарынан өтті. Оның тарихын маңызды үш кезеңге бөлінетінін атауға болады.
80 жыл бойы прокуратура қалыптасу мен дамудың ұзақ жолдарынан өтті. Оның тарихында үш маңызды кезеңді атап өтуге болады.
Қазақстан прокуратурасының алғашқы қалыптасуы мен дамуы 1922 жылдың 13 шілдесіндегі Қазақстан Орталық Атқару Комитеті 3-ші сессиясының 2-ші шақырылымының шешімінен бастау алды, содан кейін Әділет халық комиссариатының құрамында мемлекеттік прокуратура органы құрылды. Соған сәйкес Әділет халық комиссары республика прокурорының міндетін қоса атқарды. Осы сессияда «Прокурорлық қадағалау туралы ереже» бекітілді.
Прокуратураның дамуының екінші кезеңінде яғни, 1933 жылы оның өкілеттігі кеңейе түсті. Әділет халық комиссары жанында прокуратура басқармасы құрылып, дербестікке қол жеткізді. Оның тарихында тұңғыш рет прокурордың міндеттері Әділет халық комиссарынан бөлінді.
1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО өзінің жаңа Конституциясын қабылдады, сол оқиға республика үшін тарихи маңызға ие болды, соңынан Қазақстан автономиялы республикадан одақтық республикаға айналып, КСРО-ның құрамындағы тең құқықты мемлекет болды. Қазақстан 1937 жылы өзінің алғашқы Конституциясын қабылдады.
Осы сәттен прокуратураның дамуы мен нығаюдың үшінші кезеңі басталды, Әділет халық комиссарынан прокуратура толық бөлінді. Республика құқық қорғау органдарының дербес құрылымы ретінде жұмыс жасай бастады. Қазақ КСР-ның тұңғыш дербес прокуроры С.Есқараев болды.
Сол жылдың 11-ші қарашасында Әділет халық комиссары және прокуратураны бөлу туралы бұйрық шығып, республика прокуратурасы тікелей КСРО-ның прокурорына бағынатын болды.
Сол кезеңде прокуратураға мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық және жеке меншік ұйымдары іс-әрекетінің заңдылығына, сонымен қатар жеке адамдардың, тергеу органдары, анықтау және т.б. органдары қызметін қадағалауды жүзеге асыру жүктелді.
Алайда прокуратураның тарихында қалыптасқан күрделі жағдайларға байланысты өзінің құқық қорғау міндеттерін толық көлемде жүзеге асыра алмаған кезеңі де болды. Кеңес үкіметіне қарсы және ұлтшыл деген айып тағылып, саяси қуғын-сүргін құрбаны болған республиканың прокуроры болған сегіз арысымыз бар. Олар Нығмет Нұрмақов, Нұртаза Ералин, Сәдуақас Мәмбеев, Жанайдар Сәдуақасов, Боран Айтмағамбетов, Қанай Боранбаев, Мырзағұл Атаниязов және Сүлеймен Есқараев. Тек 1937 жылдың өзінде ғана прокуратура органдарынан 40-тан астам қызметкер негізсіз жұмыстан шығарылды, солардың бірқатары революцияға қарсы және ұлтшыл топтарға қол ұшын берді деген желеумен қамауға алынды. Бұл жаппай саяси қуғын-сүргін кезеңі еді. Сол қысталаң шақтың өзінде прокуратура органдарында өз жұмысына адал жандар, заңдылықтың мүлтіксіз орындалуы үшін жан аямай күресіп жатты.
Ұлы Отан соғысы жылдарында прокурорлық-тергеу кадрлары Отанды қорғау ісінде өшпес ерліктің өнегесін көрсетті. Соғыс басталғаннан кейін 1942 жылдың тамыз айында 885 прокуратура қызметкерлерінің 411-і Қарулы Күштер қатарына шақырылып, соғысқа кетті. Көптеген прокурорлар мен тергеушілер бостандық пен мемлекетіміздің тәуелсіздігі үшін өз өмірлерін қиды. Атырау (бұрынғы Гурьев) облысы Мақат аудандық прокуратурасының халық тергеушісі Мұса Баймұқановқа майдандағы ерлігі үшін 1945 жылы 10 сәуірде Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Өкінішке орай оны ол алып үлгере алмады, сол жылы 18 наурызда ол майдан даласында ерлікпен қаза тапты. Ұлы отан соғысында аты аңызға айналған ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры ұшқыш Н.Әбдіровты кім білмейді!
1919 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында туған Нүркен жау эшалонының күлін көкке ұшырып, ерлікпен қаза тапты. 1943 жылы 31 наурызда оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Сол аяулы Нүркен Қарағанды облыстық прокуратурасында тергеуші болған еді.
Соғыс аяқталған соң прокуратураның қызметкерлері ауыл шаруашылығын қалпына келтіру үшін белсенді жұмыс жасады, мемлекеттік және қоғамдық меншікті мүлтіксіз қорғады және қоғамдық, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзған адамдармен аянбай күресті.
Қазақстан мемлекеттіліктің дамуымен қатар республикалық органдар жүйесінде прокуратураның рөлі мен орны өзгеріп отырды, яғни оның қызметі жаңа мазмұнмен толықтырылып, прокурорлық қадағалаудың міндеттері өзгертілді. Алайда, прокуратураның алдында тұрған міндеттер өзгертілгенімен ол тұрақты түрде құқық қорғау органы, демек оның қызметінің басты мазмұны заңдылық пен құқық қорғауды қамтамасыз ету, азаматтардың әлеуметтік-экономикалық, саяси және жеке құқықтар мен бостандықтарын қорғау, құқық бұзушылықты болдырмау болып қала берді.
Мемлекет дамуының барлық кезеңдерінде прокуратураның рөлі сөзсіз өсе түсті және оның алдындағы міндет әрбір азаматтың прокуратура өзінің мүддесін нағыз қорғаушысы екендігіне қалтқысыз сенетін дәрежеге жеткізу болды.
Алайда, Қазақстан тәуелсіздігін алғанға дейін, прокуратура да басқа құқық қорғау органдары сияқты, тоталитарлық мемлекет жағдайындағы әміршілдік-әкімшілік жүйенің мүддесін бірінші кезекке қойғанын ата кету керек. Соған қарамастан прокуратура органдары қызметінің басты мазмұны қай кезде де заң бұзушылықты анықтап, оған дер кезінде тосқауыл қоя білу болды.
1991 жылғы тамыз оқиғасында республикалық прокуратура органдары осындай сын сәтте абдырамастан қалыптасқан жағдайға байланысты тез арада бағыт-бағдарын айқындап, ескіше жұмыс істеуден бас тартып, прокуролрлық қадағалаудың тиімді тәсілдерін енгізуге күш салды.
Елімізде болып жатқан тың үрдістер мен заң саласындағы жаңалықтар адамды қоғамның жоғарғы құндылығы ретінде бірінші кезекке шығарып, азаматтардың сотпен қорғалу құқығын кеңейте түсті. Жеке адамның құқығын қорғау республика прокуратура органдары қызметінің негізгі мазмұнына айналды.
Прокурорлық қадағалаудың одан әрі дамуы және прокуратура органдары жүйесін реформалау кезеңі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алған сәтінен басталды. Прокуратураның реформалауы мен дамуы жаңа мемлекеттік құрылымының, саяси және халықаралық-құқықтық бағдардың қағидасына сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін емес еді.
1991 жылдың 6-шы желтоқсанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Қазақ КСР прокуратурасы органдарының бірыңғай жүйесін құру, оның дербестігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету туралы» Қаулысымен Қазақ КСР –ның Бас прокурорына бағынатын бірыңғай прокуратура органдарының жүйесі құрылды.
1992 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Қаулысымен «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» Заң күшіне еніп, соған сәйкес прокуратура Жоғарғы Кеңеске есеп беретін, заңдардың орындалуына жоғарғы қадағалауды жүзеге асыратын орган болды.
Осы заң прокуратураның құқық қорғау қызметін жақсартуда оң әсер етті. Алайда, мемлекеттік құрылыс үдерісінің жедел дамуы және құқық демократиясының өріс алуы құқық жүйелерін қалыптастыруда жаңа ізденістерді талап ете бастады.Осыған байланысты 1994 жылы 12 ақпанда Елбасының Қаулысымен Қазақстан Республикасындағы Құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бұл құжатта прокуратура органдарын реформалаудың негізгі қағидалары анықталынды.
Одан әрі ол 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдуммен қабылданған Конституциямызда және Президенттің 1995 жылғы «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» Заң күші бар Жарлығында көрініс тауып, бекітілді. Конституцияның 83-бабындағы прокуратура туралы негізгі ереже прокуратураның бірыңғай орталықтандырылған дербес жүйе екендігін жариялап берді.
Сөйтіп прокуратура республикамыздың мемлекеттік билік органдары жүйесіне өзінің конституциялық орнын еншіледі.
Елбасына ғана есеп беретін және Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуына жоғарғы қадағалауды жүзеге асыратын республика прокуратурасы Конституциясының, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының берік сақталуы тәрізді міндеттерді жүзеге асырудың құқықтық тетігі (құралы) болып табылады. Прокуратура заңдылықтың кез-келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді. Жинақтап айтсақ, республика прокуратурасы өз өкілеттігін Ата Заңымыз бен заңдарымызға сәйкес жүзеге асырады.
Қазіргі кезде ол басқа мемлекеттік органдар қызметін алмастырмайды, әртүрлі шаруашылық субьектілерінің қызметіне негізсіз араласпайды. Сонымен қатар прокуратура Конституцияның 83-бабына сәйкес, мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғалары жол берген заң бұзушылықтарды анықтауды күшейтіп, орын алған кемшіліктерді заңда қаралған тұрғыда жоюға ықпал етеді, оның ішінде атқару және сот биліктерінің заңсыз актілеріне наразылық келтіріп, сондай-ақ қолданыстағы заңдар мен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын орындамау фактілерін қалт жібермейді.
Қазақстан прокуратурасының алғашқы қалыптасуы мен дамуы 1922 жылдың 13 шілдесіндегі Қазақстан Орталық Атқару Комитеті 3-ші сессиясының 2-ші шақырылымының шешімінен бастау алды, содан кейін Әділет халық комиссариатының құрамында мемлекеттік прокуратура органы құрылды. Соған сәйкес Әділет халық комиссары республика прокурорының міндетін қоса атқарды. Осы сессияда «Прокурорлық қадағалау туралы ереже» бекітілді.
Әділет халық комиссариатының құрамына кіретін прокуратурада тарихи мәні бар құжатта мемлекет атынан кінәлі адамдарға қарсы қылмыстық қудалауды қозғау және заң бұзушылық қаулыларына наразылық білдіру жолымен барлық билік органдарының, шаруашылық мекемелерінің, қоғамдық және жеке ұйымдардың, жеке тұлғалардың әрекеттерінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру; қылмысты ашу саласында анықтау және тергеу органдарының қызметтерін тікелей бақылау; сотта айыптауды қолдау; сотталғандарды қамаудың заңдылығын бақылау үшін құрылған мемлекеттік орган ретінде берілген.
Автономиялық республикалардың прокурорлары республиканың ОАК тағайындалған және шақырылған, әрі осы республика шегінде барлық тиісті құқықтарға ие болған. Жалпы федералдық заңдарының мәселелері бойынша Қазақ автономиялық республикасының прокуратурасы РСФСР прокурорына бағынған. Республиканың бірінші прокуроры болып әділет халық комиссары Шафхат Мұхамметжанұлы Бекмұхамметов тағайындалған. «Прокурорлық қадағалау туралы ережелерді» қабылдағаннан кейін Ш.Бекмұхамметов 1922 жылы 2 тамыздағы әділет халық комиссарының және республика прокурорының міндеттерін бір уақытта орындау туралы құжатқа қол қойды. Мұрағаттық мәліметтерге байланысты ол республика прокуратурасының негізін салушы болып табылады. ҚазОАК-ке жасаған біріншіесебінде Орынбор, Ақмола губернияларының прокурорларын бекіту туралы қаулы баяндалды. Ш.М.Бекмұхамметов бастамасы бойынша РСФСР Қылмыстық кодексіне қалың мал, құн және барымта мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Содан кейін, 1922 жылдың 15 қыркүйегінде ғана ҚазОАК-нің алқа шешімімен Әділет халық комиссары және прокурор болып Мырзағұл Атаниязов тағайындалды. Ережеге сәйкес республика прокуроры орталық қызметкерлердің, сондай-ақ жергілікті орган кандидаттарының ішінен әрбір губерния мен облысқа прокурор тағайындаған.
Прокурорларды қызметке тағайындауды, ауыстыруды және қызметін шектеуді республика прокуроры ғана жүзеге асырған. Губерниялық прокурорларды тиісті губерниялар мен облыстардың ұсынуы бойынша республика прокуроры тағайындаған және шақырған. Прокурорлардың көмекшілері болды. Олардың арасындағы міндеттер губерния және облыс шегінде бөлінді.
Республика прокурорына:
барлық халық комиссарларының, мекемелер мен ұйымдардың қызметінің заңдылығын бақылау және олардың заңға сәйкес келмейтін өкімдері мен қаулыларын бұзу және өзгерту туралы ұсыныстарды енгізу;
оларды бұзу мақсатында ҚазОАК Төралқасы мен Халық Комиссарлар Кеңесіне аталған өкімдер мен қаулыларға наразылық келтіру;
республика прокурорлары көмекшілерінің, сондай-ақ жергілікті орындардағы прокурорлар мен олардың көмекшілерінің қызметтерін бақылау және басшылық жасау, олардың қызметтерінде туындаған барлық мәселелер бойынша түсіндірмелер беру;
республика прокурорына қажет деп танылған жағдайларда прокурорлардың қызметтерін тікелей іске асыру міндеттері жүктелген.
Ережеде қызметтегі прокурорлар міндеттерінің шеңбері мынадай тәртіппен анықталған:
Халық комиссарлары кеңесінде немесе ОАК Төралқасында республика прокуроры арқылы жоғарыда аталған өкімдер мен қаулыларға наразылық келтіру. Бұндай прокурордың наразылық келтіру наразылық келтірілген қаулылардың өмірде қолдануын тоқтатпайды. Прокурорға кеңесші даусымен жергілікті атқару комитеттерінің барлық жиналыстарына қатысу құқығы берілген.
Ережедегі прокурорлардың өкілеттілігінде губерниялар мен облыстарда әрекет ететін әкімшілік мекемелер мен лауазымды адамдардан қажетті материалдар мен мәліметтерді талап ету құқығы көзделген. Сондай-ақ прокурорларға өкілеттіліктерін жеке өзі немесе көмекшілері арқылы іске асыру құқығы берілген. Ерекше ескертулерде мемлекеттік саяси басқару огандарының аса құпия сипаттағы істермен танысу үшін талап етуге құқығы көзделген. Бұл тікелей прокурордың өзімен іске асырылған.
Прокуратура туралы бірінші ережеде республика прокурорының және губерниялық атқару комитетінің алдында губерниялық прокурорлардың әр тоқсан сайын есеп беруі көзделген. Прокурорлық қадағалау туралы ережені қабылдауға байланысты ҚазОАК қаулысымен осы уақытқа дейінгі губерниялық халық соттары кеңесіне жататын барлық міндеттер 1922 жылдың 1 тамызынан бастап прокуратураның ерекше жүргізуіне берілді.
1923 жылдың аяғына қарай ҚазССР әділет халық комиссариатының прокуратура бөлімінде төрт кіші бөлімдер ұйымдастырылған:
жалпы басқару (ұйымдастырушы - нұсқаушы);
жалпы қадағалау жөніндегі;
тергеу және анықтау органдарын, КТУ және бас бостандығынан айыру органдарын бақылау жөніндегі;
мемлекеттік айыптаушы және соттық қадағалау (Жоғарғы Сот жанындағы прокурорлар).
Прокуратура бөлімі құрылымының толық жетілмеуіне қарамастан, сол кездегі оның құрылымдарының бөліну негіздерінің өзі прокурорлық қадағалаудың негізгі бағыттарын салған.
Прокуратураның дамуының екінші кезеңінде яғни, 1933 жылы оның өкілеттігі кеңейе түсті. Әділет халық комиссары жанында прокуратура басқармасы құрылып, дербестікке қол жеткізді. Оның тарихында тұңғыш рет прокурордың міндеттері Әділет халық комиссарынан бөлінді.
Прокуратура органдарының қызметін жетілдіру оның құрылымдық дамуынсыз мүмкін емес еді. 1934 жылға дейін прокуратура органдарының құрылымы прокурорлық қадағалаудың негізгі қызметтерін кең мағынада ашу бағыттарына қарай өзгеріп отырады. КСРО прокуратурасы бойынша 1934 жылғы 25 наурызда “Орталық және жергілікті жерлердегі прокуратураның аппараттарын қайта құру туралы” бұйрығы шықты. Осы бұйрық бойынша КСРО прокуратураларында қызмет жасап жатқан бөлімдерімен бірге (жалпы, қадағалау, соттық қадағалау және т.б.) өнеркәсіп, ауылшаруашылық, сауда, кооперация, қаржы істері жөніндегі, сондай-ақ, әкімшілік-сот және мәдени құрылыс және сот-тұрмыстық істер жөніндегі секторлар құрылған. Өндірістік салалық қағида бойынша осындай ұйымдастырулар одақтық және автономиялық республика, өлкелік және облыстық прокуратураларда да жүргізілді.
Прокуратура алдына қойылған жаңа міндеттерді орындау үшін оның құрылымдарын қайта құруға тура келеді. Ұйымдасқан жетіспеушіліктерді жою мақсатында КСРО Халық комиссарлар кеңесінің 1936 жылғы 5 қарашадағы қаулысымен КСРО Прокуратурасының Орталық аппаратында бұрынғы бөлімдер таратылды және оның жаңа құрылымы бекітілді. КСРО Одағының Прокурорына одақтық және автономиялық, өлкелік және облыстық прокуратуралардың жаңа құрылымын белгілеу ұсынылды; оларды секторлар мен бөлімдерге бөлу жойылды; өндірістік-сала қағидалары бойынша: жалпы қадағалау, қылмыстық-сот, азаматтық-сот, арнаулы істер бойынша тергеудің, тұтқынға алу органдарын қадағалау бойынша; өтініштер бойынша және кадр бөлімдерінің жаңа бөлімдері құрылды.
1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО өзінің жаңа Конституциясын қабылдады, сол оқиға республика үшін тарихи маңызға ие болды, соңынан Қазақстан автономиялы республикадан одақтық республикаға айналып, КСРО-ның құрамындағы тең құқықты мемлекет болды. Қазақстан 1937 жылы өзінің алғашқы Конституциясын қабылдады.
Осы сәттен прокуратураның дамуы мен нығаюының үшінші кезеңі басталды, Әділет халық комиссарынан прокуратура толық бөлінді. Республика құқық қорғау органдарының дербес құрылымы ретінде жұмыс жасай бастады. Қазақ КСР-ның тұңғыш дербес прокуроры С.Есқараев болды. Сол жылдың 11-ші қарашасында Әділет халық комиссары және прокуратураны бөлу туралы бұйрық шығып, республика прокуратурасы тікелей КСРО-ның прокурорына бағынатын болды.
Сол кезеңде прокуратураға мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық және жеке меншік ұйымдары іс-әрекетінің заңдылығына, сонымен қатар жеке адамдардың, тергеу органдары, анықтау және т.б. органдары қызметін қадағалауды жүзеге асыру жүктелді.
Алайда прокуратураның тарихында қалыптасқан күрделі жағдайларға байланысты өзінің құқық қорғау міндеттерін толық көлемде жүзеге асыра алмаған кезеңі де болды. Кеңес үкіметіне қарсы және ұлтшыл деген айып тағылып, саяси қуғын-сүргін құрбаны болған республиканың прокуроры қызметін атқарған сегіз арысымыз бар. Олар Нығмет Нұрмақов, Нұртаза Ералин, Сәдуақас Мәмбеев, Жанайдар Сәдуақасов, Боран Айтмағамбетов, Қанай Боранбаев, Мырзағұл Атаниязов және Сүлеймен Есқараев. Тек 1937 жылдың өзінде ғана прокуратура органдарынан 40-тан астам қызметкер негізсіз жұмыстан шығарылды, солардың бірқатары революцияға қарсы және ұлтшыл топтарға қол ұшын берді деген желеумен қамауға алынды. Бұл жаппай саяси қуғын-сүргін кезеңі еді. Сол қысталаң шақтың өзінде прокуратура органдарында өз жұмысына адал жандар, заңдылықтың мүлтіксіз орындалуы үшін жан аямай күресіп жатты.
Ұлы Отан соғысы жылдарында прокурорлық-тергеу кадрлары Отанды қорғау ісінде өшпес ерліктің өнегесін көрсетті. Соғыс басталғаннан кейін 1942 жылдың тамыз айында 885 прокуратура қызметкерлерінің 411-і Қарулы Күштер қатарына шақырылып, соғысқа кетті. Көптеген прокурорлар мен тергеушілер бостандық пен мемлекетіміздің тәуелсіздігі үшін өз өмірлерін қиды. Атырау (бұрынғы Гурьев) облысы Мақат аудандық прокуратурасының халық тергеушісі Мұса Баймұқановқа майдандағы ерлігі үшін 1945 жылы 10 сәуірде Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Өкінішке орай оны алып үлгере алмады, сол жылы 18 наурызда майдан даласында ерлікпен қаза тапты. Ұлы отан соғысында аты аңызға айналған ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры Н.Әбдіровты кім білмейді! 1919 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында туған Нүркен жау эшалонының күлін көкке ұшырып, ерлікпен қаза тапты. 1943 жылы 31 наурызда оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Сол аяулы Нүркен Қарағанды облыстық прокуратурасында тергеуші болған еді.
Соғыс аяқталған соң прокуратураның қызметкерлері ауыл шаруашылығын қалпына келтіру үшін белсенді жұмыс жасады, мемлекеттік және қоғамдық меншікті мүлтіксіз қорғады және қоғамдық, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзған адамдармен аянбай күресті. Прокуратура өміріндегі белгілі кезең құқық қорғау органдары қызметінің нысандары бұзылып, басымдығы жоғары билік органдарымен танылған жазалаушы мекемелер бірінші орынға шыққан кезеңмен байланысты. Тек елуінші жылдардың ортасында заңдылықты нығайту, мемлекеттің дамытудың құқықтық базасын құру бойынша талпыныс жасалды.
Прокуратураның кезекті маңызды кезеңі 1955 жылы 24 мамырдағы КСРО прокурорлық қадағалау туралы ережесін қабылдау болады. Онда заңды түрде мемлекеттегі заңдылықты және оны бұлжыпай қамтамасыз етудегі прокурорлық қадағалау органдарының рөлін белгілеу туралы ұсыныстарды дамыту мақсат ретінде қойылған. Ережеде прокурорлардың міндеттері мен өкілеттіліктері, қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізуде анықталған заң бұзушылықтарына прокурорлық шара қолдану құралдары анықталған. Ережелердің нормаларының көбісі қылмыстық және азаматтық сот істерін жүргізу, түзету–еңбек заңнамаларының негіздеріне енгізілген.
Әскери прокуратура органдары да қайта құрылған. Олардың құрылымы мен жүйесі әскери прокурорлардың өкілеттілігі, олардың қызметтерінің аумақтық прокурорлар қызметіне байланысты болу – осының бәрі 1966 жылғы 14 желтоқсанда бекітілген әскер прокуратура туралы ережелерде көрсетілген. Сонымен, әскери прокуратура кеңес прокуратурасы органдарының жүйесіне кіреді және КСРО Бас прокурорына есеп береді деген тұжырым шығаруға болады.
1977 жылы Конституцияны қабылдау заңдылықтың тиісті қадағалауын қамтамасыз ету бойынша алдағы қадамдармен байланысты. Олардың біреуі КСРО прокуратурасы туралы Заңды жасау туралы шешім болды. Мұндай заң 1979 жылы 30 қарашада КСРО Жоғарғы Кеңестің 10-шы шақырылуының екінші сессиясында қабылданды. Онда кеңестік прокуратура органдарының қызметтері мен ұйымдастырылуының негізгі қағидаттары бекітілді және құқықтық реттелді, олардың қызметтерінің негізгі бағыттары көрсетілді.
70-80 жылдары прокуратура органдарына прокурорлық қадағалауға ешқандай тән емес заңдылықты қадағалау бойынша оның негізгі қызметін екінші орынға қою арқылы маңызды дәрежедегі міндеттерді жүктеді. Прокурорларға қосымша өкілеттіліктер берілді, бірақ бұлар прокуратура алдына қойылған, әсіресе азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау саласындағы барлық мәселелерді шеше алмады.
Қазақстан мемлекетінің дамуына байланысты, прокуратура органдарының мемлекеттік органдар арасындағы орны мен рөлі өзгеріп, оның қызметі жаңарып, толықтырылып отырылғанмен, оның негізгі заңдылық пен тәртіпті ары қарай нығайтуға, мемлекеттің мүддесін, азаматтардың саяси, әлеуметтік және жеке құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқық бұзушылықты жоюға бағытталған мақсаттары мен міндеттері өзгерген емес.
Мемлекеттің барлық даму сатысында прокуратураның рөлі жоғарылап, оның алдында әрбір азамат өзінің конституциялық құқығын қорғауда прокуратура бірінші көмекші екенін біліп, түсінуіне бағытталған жұмыстарды атқару тұрды.
Кеңестер Одағында адам мүддесінен мемлекет мүддесі жоғары тұрған кездің өзінде прокуратура адамдардың конституциялық құқықтарын қорғауға, елде заңдылықтың үстемдік етуіне ерекше еңбек еткен бірден-бір мемлекеттік орган бола білді.
