- •1 Тарау. Қазақстан Республикасындағы прокуратура органдарының қалыптасуы
- •2 Тарау. Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалаудың маңызы мен міндеттері. «Қазақстан Республикасынағы прокурорлық қадағалау» оқу пәнінің мәні мен жүйесі
- •3 Тарау. Прокурорлық қадағалаудың қайнар көздері
- •4 Тарау. Прокуратура органдарының жүйесі, құрылымы және оларды ұйымдастыру
- •5 Тарау. Қр прокуратура органдарындағы кадрларды іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу
- •Ерекше бөлім
- •6 Тарау. Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын қадағалау бойынша жұмысты ұйымдастыру.
- •8 Тарау. Жедел іздестіру қызметін прокурорлық қадағалау
- •9 Тарау. Тергеу және анықтау заңдылығына прокурорлық қадағалау
- •Тарау. Қазақстан Республикасындағы прокуратура органдарының қалыптасуы
- •Кеңестік кезеңдегі прокурорлық қадағалау
- •2 Прокуратураның тәуелсіз Қазақстанда қалануы және дамуы
- •3. Қарағанды облысының қала (аудан) және мамандандырылған прокуратураларының құрылу тарихы
- •2 Тарау Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалаудың маңызы мен міндеттері. «Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау» курсының мәні мен жүйесі
- •1. Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалаудың ұғымы мен маңызы
- •2. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты мен міндеттері
- •3. "Қазақстан Республикасының прокурорлық қадағалау" курсының мәні
- •4. Прокурорлық қадағалаудың салалары
- •5. Курстың жүйесі және басқа заң пәндерімен оның қарым-қатынасы
- •3 Тарау. Прокурорлық қадағалаудың қайнар көздері
- •Қазақстан Республикасының Конституциясы
- •2. Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» заңы
- •3. Прокурорлық қадағалаудың құқықтық актілері
- •4. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңдары
- •5. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңдары
- •6. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдары
- •7.Қазақстан Республикасының өзге де заңдары
- •8. Халықаралық құқықтық актілер
- •4 Тарау. Прокуратура органдарының жүйесі, құрылымы және оларды ұйымдастыру
- •Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің ұғымы
- •Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының жүйесі
- •5 Тарау. Қазақстан Республикасының прокуратура органдарындағы кадрларды іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу
- •Кадрларды іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу
- •Прокуратура органдарында лауазымға тағайындалатын прокурорлар мен қызметкерлерге қойылатын талаптар
- •3. Прокуратура қызметкерлеріне кластық шендер беру және аттестациялау. Прокуратура қызметкерлеріне қолданылатын тәртіптік жазалар мен мадақтау шаралары
- •6 Тарау. Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын қадағалау бойынша жұмысты ұйымдастыру.
- •Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерінің сақтауын прокурорлық қадағалаудың мәні, пәні және міндеттері
- •Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын қадағалау бойынша прокурордың өкілеттіктері
- •Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерінің сақталуын қадағалау
- •7 Тарау. Қылмыспен және басқа да құқық бұзушылықпен күресу бойынша құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру
- •Үйлестіру қызметінің мәні, мақсаты және қатысушылары
- •Құқық қорғау органдарының үйлестіру нысандары және өзара қатынастары
- •Қылмыстықпен күресу бойынша құқық қорғау органдары қызметін үйлестірудегі прокуратура рөлін көтерудің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері
- •8 Тарау. Жедел іздестіру қызметін прокурорлық қадағалау
- •1. Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуына прокурорлық қадағалаудың маңызы, мәні және міндеттері
- •2. Прокурордың жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі өкілеттігі
- •3 Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуын қадағалау ерекшеліктері
- •9 Тарау. Тергеу және анықтау заңдылығына прокурорлық қадағалау
- •Тергеу және анықтау заңдылығына қадағалаудың мәні, маңызы және міндеттері
- •Прокурордың алдын – ала тергеу және анықтау органдарына заңдардың орындалуын қадағалау өкілеттігі
- •Алдын ала тергеу және анықтау органдарында заңдардың орындалуын қадағалау жұмысын ұйымдастыру
- •Анықтау органдарында заңдардың орындалуын қадағалау ерекшеліктері
- •Алдын ала тергеу органдарында заңдардың орындалуын қадағалау ерекшеліктері
- •10 Тарау. Прокуратураның сотта мемлекет мүддесін білдіруі
- •Прокуратура органдарының сотта мемлекет мүддесін білдіру түсінігі, маңызы және міндеттері
- •Қылмыстық істердің соттарда қаралуына прокурордың қатысуы және оның рөлі
- •Соттарда азаматтық істердің қаралуына прокурорлық қадағалау
- •11 Тарау. Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын қадағалау
- •Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын прокурорлық қадағалаудың маңызы, мәні, міндеттері мен басты бағыттары
- •Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын қаматамасыз ету заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі прокурордың өкілеттігі
- •Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын бұзу анықталған жағдайда прокуратурамен қабылданатын шара қолдану актлері
- •Тарау. Халықарлық шарттардың қолданылуына және шетел азаматтары мен заңды тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз етуіне прокурорлық қадағалау
- •1. Халықаралық ынтымақтастықтың құқықтық маңызы
- •2. Прокуратураның қылмыспен күрес саласында халықаралық ынтымақтастығы
- •13 Тарау. Прокуратура органдарының даму концепциясы және олардың қызметі
- •1. Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының даму концепциясы негізіндегі прокуратураның қызметі
- •2 Қазіргі кезеңдегі прокуратура органдарының даму проблемалары және перспективалары
- •Практикалық сабақтың сұрақтары
- •1. Тапсырма:
- •2. Тапсырма:
- •3. Тапсырма:
- •4. Тапсырма:
- •5. Тапсырма:
- •6. Тапсырма:
- •7. Тапсырма:
- •8.Тапсырма:
- •9. Тапсырма:
- •10. Тапсырма:
- •Тапсырма:
- •13.Тапсырма
- •Тапсырма:
- •Тапсырма:
- •16. Тапсырма:
- •17. Тапсырма:
- •18. Тапсырма:
- •19. Тапсырма
- •20. Тапсырма:
- •21. Тапсырма:
- •22. Тапсырма:
- •23. Тапсырма
- •24. Тапсырма:
- •25. Тапсырма
- •26. Тапсырма:
- •27. Тапсырма:
- •28.Тапсырма:
- •29.Тапсырма:
- •30.Тапсырма:
- •31.Тапсырма:
- •Курстық жұмыстардың тақырыбы
- •13.Прокуратураның қылмыспен күрес саласында халықаралық ынтымақтастығы.
- •Тест сұрақтары
- •7. Прокурорлық қадағалау актілері:
Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын қадағалау бойынша прокурордың өкілеттіктері
Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын қадағалау бойынша прокурорлық қадағалауды жетік жүзеге асыру үшін прокурорлар анық құқықтарға ие және заңда белгіленген міндеттерді атқарады, б.а. сәйкес өкілеттіктері бар. Прокурорлық қадағалауды жүзеге асырған кезде прокурорлардың өкілеттіктері екі топқа бөлінеді:
Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын прокурорлық қадағалау бойынша өкілеттіктің бірінші тобы заң бұзушылық пен оларға себепкер және осыған айыпты тұлғаларды дер кезінде айқындауға бағытталған. Осы өкілеттіктер ҚР «Прокуратура туралы» Заңының 29 баптың 1 бөлігінде бекітілген.
Өкілеттікті жүзеге асырған кезде прокурор мыналарға құқылы:
өткізіліп жатқан тексеріс мәселелері бойынша азаматтар мен лауазымды тұлғаоардың түсініктерін алуға;
өызмет куәлігін көрсету бойынша бөгетсіз мемлекеттік органдардың аумақтарын бөлмелеріне және де меншіктің барлық нысанды ұйымдарына кіруге;
басшылар мен басқа да лауазымды тұлғалардан заңдылық жағдайы және оны қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы қажет құжаттарды, статистикалық мәліметтерді алуға;
тексеріске қатысуға және қорытындысын шығаруға мамандарды тартуға;
өз құзыреті шегінде прокуратураға түскен материалдардың, жүгінулердің өндірісін талап етуге;
басқа құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен қарым қатынас негізінде тексеріс өткізуге тартуға;
заңнамада қарастырылған басқа да тексеру әрекеттерін орындау.
Заңдылық орындауын қадағалау бойынша прокурор өкілеттігінің екінші тобы айқындалған заң бұзушылықты және оған себепкер болған жағдайды жою және де заң бұзушылыққа кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту болып табылады. Аталған өкілеттктер ҚР «Прокуратура туралы» Заңның 29 б. 2бөлігінде бекітілген.
Тексеріс нәтижелері бойынша прокурор:
наразылық енгізеді;
заңдылық бұзушылықты жою жөнінде бұйрық береді;
қылмыстық іс қозғау, тәртіптік өндіріс немесе әкімшілік құқық бқзушылық туралы өндіріс қозғау жөнінде қаулы шығарады, материалды зиян келтіргеннің орнын толтыру шараларын қабылдайды;
адам және азамттың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларында, тек заңдардан басқа, заңсыз актілердің әрекеттерін тоқтата тұрады;
мемлекеттік органдарымен және олардың лауазымды тұлғаларымен салынған тыйым салу шектеу түрлі шараларын жояды және шешеді;
адам және азамттың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінеді;
бұзылған заңдылықты жою жөнінде органға және лауазымды тұлғаға ұсыным береді.
Бірақ, мемлекет өзінің әр даму кезеңінде шешетін міндеттеріне байланысты, әсіресе қоғамдық формациялар ауысу кезінде, заңнама қазір ҚР болып жатқан ең маңызды өзгерістерге ұшырайды. Жаңадан қалыптасқан қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу қажеттілігі туды, мысалы, мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындарды жекешелендіру саласында, жерге иелік ету институты түйінді өзгерістерге ұшырап жатқан аграрлық салада. Осылармен байланысты жаңа заңдар қабылданады, осылардың орындалуын қадағалауын прокурорларға жүктеледі. Осы заңдар орындаудан тәуелді әлеуметтік, экономикалық, қорғаныс және тағы басқа салаларда мемлкетпен белгіленген өзгерістерді және де заңдылық пен құқықтық тәртіп жағдайларын өткізуден заңдарды орындауды прокурорлық қадағалаудың бағыттары анықталады. Бағыт дегеніміз белгілі салада (банктік, салықтық, аграрлық және басқа) қоғамдық қатынастарды реттейтін нақты заңды немесе бірнеше заңдардың орындауын қадағалау болып табылады.
Қазіргі кезеңде мемлекет алдында тұрған міндеттерді, қалыптасқан заң құрылымы мен прокуратура жұмысының тәжірбиесін негізге ала отырып, заңдарды орындау бойынша прокурорлық қадағалаудың мынадай бағыттары немесе салаларын бөлу қажет:
азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары туралы; азаматтық туралы; босқындар мен амалсыз қоныс аударушылар туралы; еңбек заңы туралы; еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі жөнінде ережелерді сақтау туралы; халықтың жұмыс бастылығы туралы; денсаулық сақтау туралы; білім туралы; тұрғын үй заңы туралы; тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы; тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңдардың орындалуын қадағалау.
Зейнетақы, жеңілдіктер туралы; нашақорлықпен күрес туралы; кәмелетке толмағандар туралы; азаматтардың өтініштері туралы заңдардың орындалуын қадағалау (әлеуметтік сала);
Меншік туралы; кәсіпкерлік туралы; мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру туралы; банктер мен банктік қызмет туралы; салықтар туралы заңдардың орындалуын қадағалау;
Сыртқы экономика қызметі туралы; кеден туралы (сыртқы экономика саласы) заңдардың орындалуын қадағалау;
Жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту, әкімшілік бұлтартпау және алдын алу шараларын қолдану заңдылығын қадағалау.
Сонымен, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерінің сақталуына осындай көптеген прокурорлық қадағалау бағыттары (салалары) бөлінеді және олар үнемі прокурордың бақылауларында болуға тиіс.
Құқықтық актілер заңдылығын прокурорлық қадағалауға келетін болсақ, бұл жерде оларды өкілдік және атқарушы билік органдарында, сондай ақ жергілікті өзін өзі басқару органдарында, министрліктер мен ведомстволарда, бақылау органдарында, әскери басқару органдарында, кәсіпорындарында, мекемелерде, ұйымдарда, сондай ақ мемлкеттік емес қоғамдық ұйымдарда шығарылатын құқықтық актілердің заңдылығын қадағалайтын бағыттарға бөлу керек.
Қазіргі уақытта мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру туралы, банктер және банктік қызмет туралы заңдардың барлық жерлерде жаппай бұзылуларына байланысты, азаматтардың құқықтары мен мемлекеттің заңды мүдделеріне елеулі түрде нұқсан келтірілуде, сондықтан бұл заңдардың орындалуына прокурорлық қадағалау жасау аса маңызды болып табылады. Аудандық ауылдардың прокурлары үшін аграрлық (жер) заңның орындалуын қадағалау аса маңызды, себебі олардың бұзылуы көк кездесуде. Аумақтық прокурорлар тарапынан кәмелетке толмағандар туралы заңының орындалуын қадағалау ерекше назар аударуды талап етеді. Заң бұзушылықтардың аса көп таралуына байланысты, көлік прокурорлары үшін кеден заңының орындалуын қадағалау, ал табиғатты қорғау прокурорлары үшін атмосфералық ауа мен суларды қорғау туралы заңдардың орындалуын қадағалау маңызды болып табылады. Ал әскери прокурорларға келетін болсақ, олар үшін басымды қадағалау әскери қызметшілерді материалдық тұрмыстық қамтамасыз ету және мемлекеттік мүліктер мен қаруларды сақтау мәселелерін реттейтін заңдардың орындалуы табылады.
Өндірісте, әсіресе шағын кәсіпорындарда зақымданудың жиіліленуіне байланысты, барлық прокурорлар үшін еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі жөніндегі ережені сақтау туралы заңның орындалуын қадағалау аса маңызды болуда.
Атыс қаруын, сондай ақ жауынгерлік қару, халық арасында қолданылатын қаруларды бақылауға алмауға байланысты кең таралуына және қаруды, оқ дәрілерді пайдаланумен жасалған қылмыстардың көбеюіне байланысты, қару жарақ туралы заңның орындалуын қадағалау прокурорлардың бақылауында болуы тиіс. Әкімшілік жазалар қолдану құқығы берілген органдар заң бұзушылықтарға жиі жол беретіндеріне немесе олардың әрекетсіздіктеріне байланысты, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың орындалуын қадағалау да маңызды болып табылады.
Облыстық өкілдік және атқарушы билік органдарында және оларға теңестірілген звеноларда, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарында шығарылатын құқықтық актілер заңдылығына прокурорлық қадағалауға да аса назар аудару қажет. Себебі, аталған органдарда актілердің көбіне заң бұзушылықпен қабылдануы аз емес. Нәтижесінде, тиісті аймақтарда тұрып жатқан көптеген азаматтардың немесе барлық азаматтардың құқықтары бұзылады, кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың заңды мүдделеріне нұқсан келтіріледі.
Қадағалаудың басым бағыттарының бірі кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қорғау туралы заңның қолданылуын қадағалау болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей, кәсіпкерлер прокуратура органдарына өздерінің заңды құқықтарының бұзылуы туралы арыздармен шағымдануда. Олардың құқықтарын бұзушылық негізінен, жергілікті билік органдары мен көптеген құқық қорғау және бақылаушы органдар тарапынан жіберіледі.
