Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник надзор.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.24 Mб
Скачать

9 Тарау. Тергеу және анықтау заңдылығына прокурорлық қадағалау

1. Тергеу мен анықтау заңдылығындағы қадағалаудың мәні, маңызы және міндеттері

2. Прокурордың алдын – ала тергеу және анықтау органдарына заңдардың орындалуын қадағалау өкілеттігі

3. Алдын ала тергеу және анықтау органдарында заңдардың орындалуын қадағалау жұмысын ұйымдастыру

4. Анықтау органдарында заңдардың орындалуын қадағалау ерекшеліктері

5. Алдын ала тергеу органдарында заңдардың орындалуын қадағалау ерекшеліктері

10 тарау. Прокуратураның сотта мемлекет мүддесін білдіруі

  1. Прокуратура органдарының сотта мемлекетмүддесін білдіру түсінігі, маңызы және міндеттері

  2. Қылмыстық істердің соттарда қаралуына прокурордың қатысуы және оның рөлі

  3. Соттарда азаматтық істердің қаралуына прокурорлық қадағалау

  1. тарау. Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын қадағалау

  1. Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын прокурорлық қадағалаудың маңызы, мәні, міндеттері мен басты бағыттары

  2. Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын қаматамасыз ету заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі прокурордың өкілеттігі.

  3. Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын бұзу анықталған жағдайда прокуратурамен қабылданатын шара қолдану актлері

  1. тарау. Халықарлық шарттардың қолданылуына және шетел азаматтары мен заңды тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз етуіне прокурорлық қадағалау

1. Халықаралық ынтымақтастықтың құқықтық негізі

2. Прокуратураның қылмыспен күрес саласында халықаралық ынтымақтастығы

13 тарау. Прокуратура органдарының даму концепциясы және олардың қызметі

1 Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының даму концепциясы негізіндегі прокуратураның қызметі

2 Қазіргі кезеңдегі прокуратура органдарының даму проблемалары және перспективалары

Прокуратураның рәміздері

Қазақстан Прокурорларының әнұраны және ведомстволық белгі Қазақстан Республикасы прокуратурасының рәміздері болып табылады.

Қазақстан Прокурорларының әнұраны

Сөзін жазған Шөмішбай Сариев

Әнін жазған Владимир Питерцев

Таң атады – адамзатқа жүк артып,

Қысқа ғұмыр- күн батады мұнартып.

Жер бетінде, адам – адам болғасын,

Ар алдында, заң алдында кім артық!?

Бар адамға бір ғана тек Құдай бар,

Харамдар көп тұнығыңды ылайлар.

Біз болмасақ - әділетті кім сақтар,

Біз болмасақ – елдің жайын кім ойлар!?

Қайырмасы:

Адамсың ба, ел – халқыңа сор болма,

Адамсың ба, ар алдында қор болма,

Әділетті заң жолы бар – тура жол,

Келеді елім! тәуелсіздік сол жолда.

Күн нұры бар, баршаға ортақ жайыпты,

Әділет заң! – жазаланар айыпты.

Құдай берген бар ғұмырды кешуге,

Әрбір адам, әрбір жүрек лайықты.

Санасатын, ақыл-оймен, санамен,

Теңіз – терең, таулар биік, дала – кең.

Заң алдында біз әділет сақшысы,

Прокурор деп есім қойған бар Әлем!

Қайырмасы:

Адамсың ба, ел – халқыңа сор болма,

Адамсың ба, ар алдында қор болма,

Әділетті заң жолы бар – тура жол,

Келеді елім! тәуелсіздік сол жолда.

Ақиқатқа тура көзбен қарайық,

Қылмыскерге – тағылады сан айып.

Әділетті заң жолының маманы,

Біздерді енді басқаша ұқпа халайық.

Тазалық бар – ашқан көңіл сарайын,

Қиянаттың – көрді өмір талайын.

Заңның жолы – таптамасын гүлдерді,

Заңның жолы – сенің жолың, ағайын!

Қайырмасы:

Адамсың ба, ел – халқыңа сор болма,

Адамсың ба, ар алдында қор болма,

Әділетті заң жолы бар – тура жол,

Келеді елім! тәуелсіздік сол жолда.

Ведомстволық белгі

Прокуратураның құзыреті

Прокуратура органдарының құзыреті Қазақстан Республикасы Конституциясының 83 бабымен және Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңымен реттеледі.

Алғы сөз

Қазақстан Республикасының прокуратурасы Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңына сәйкес Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және біріңғай қолданылуына, жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғарғы қадағалауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беретін мемлекеттік орган. Прокуратура кез келген заң бұзушылықты анықтау және жою жөнінде шаралар қолданады, Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар, өзге де құқықтық актілерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді, заң талаптарына сай қылмыстық қудалауды жүзеге асырады. Сонымен қатар, прокуратура статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, объективтілігін және жеткіліктілігін қамтамассыз ету мақсатында мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргізеді, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдардың қолданылуына қадағалауды жүзеге асырады.

Пәннің мәні мен мазмұны прокурорлық қадағалаудың жеке, дербес құқық саласы екенін көрсетеді. Сонымен қатар, бұл оқу пәні бірқатар оқу пәндерімен, атап айтқанда, қылмыстық құқықпен, қылмыстық іс жүргізумен, азаматтық құқықпен, азаматтық іс жүргізумен, әкімшілік және т.б. құқықтық пәндермен тығыз байланыста болады.

«Қазақстан Республикасының прокурорлық қадағалау» курсының құрылысы Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады.

Курстың Жалпы бөлімінде: прокуратураның даму тарихын зерттеу, прокуратураның ұйымдастырылуы мен қызметі туралы қағидалар, прокуратура жүйесі мен құрылысы, прокуратураның басқа мемлекеттік органдар арасынедағы орыны, прокурорларға қойылатын талаптар және оларды қалыптастыру туралы ережелерден тұрады.

Курстың Ерекше бөлімінде прокуратура органдары қызметінің басты бағыттары мен әртүрлі қадағалау саласындағы заңдардың бұзылуын анықтау мен жою кезіндегі прокурорлардың өкілеттіктері, актілері, олардың мәні мен міндеттері толық оқытылады.

«Прокурорлық қадағалау» пәнін игеруге арналған бұл оқулық заңгерлер дайындайтын жоғарғы оқу орнының студенттеріне арналып, олардың осы пәнді тез, толық игеруіне, емтихандарға, сынақтарға дайындалуларына, өз беттерімен жұмыс істеулеріне қолайлы болуын ескере отырыпжасалынған. Оқулық пәнді оқыту жоспарына сай, тақырыптар топтастырылып, тарауларға бөлініп, бақылау сұрақтары берілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]