Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник надзор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.24 Mб
Скачать

6. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдары

Осы кодекстің 582 – бабына сай әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу процесінде заңдардың дәл және біркелкі қолданылуын жоғары дәрежеде қадағалауды мемлекет атынан тікелей де, өзіне бағынысты прокурорлар арқылы да ҚР – ның Бас прокуроры жүзеге асырады. Осы кодекстің 599 – бабына сай 583 – бапта көзделген өз өкілеттіктерін іске асыру мақсатында прокурор әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге қатысуға құқылы.

“Бұл орайда прокурор дәлелдемелер табыс етеді және оларды тексеруге қатысады; істі қарап жатқан сотқа, органға әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп отырған адамға қатысты, оның кінәлігі туралы, сондай – ақ істің қаралу процесінде туындайтын басқа да мәселелер жөнінде өз пікірін баяндайды; істі қарап жатқан сотқа, органға заңның ережелерін қолдану және әкімшілік жаза қолдану не одан боату туралы ұсыныс айтады.

Прокурор кәмелетке толмағандар жасаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қаралатын орны мен уақыты, сондай – ақ әкімшілік қамауға алуға әкеп соғатын құқық бұзушылық туралы хабардар етіледі. Ол болмаған кезде, мұндай іс тек істің қаралатын орны мен уақыты туралы прокурорға дер кезінде хабарланғандығы туралы деректер болған және одан істі қарауды кейінге қалдыру туралы өтініш түспеген жағдайда ғана қаралуы мүмкін”.

7.Қазақстан Республикасының өзге де заңдары

Прокурорға қоғам өмірі мен қызметіндегі әр түрлі салалардағы қоғамдық қатынастарды реттейтін көптеген заң актілерінің орындалуына қадағалау жүктелген. Кез келген заң бұзушылықты, кім бұзғанына қарамастан, прокурор белгіленген заң үлгісінде оны реттейді. Мұндай жағдайда ескерту болмау керек, және прокурор барлық заңдардың орындалуына қадағалауды іске асырады. Мемлекеттің алдында тұрған міндеттерден шыға отырып, заңдардың қалыптасқан құрылымы және прокуратураның жұмысынан туындаған практикасы заңдардың орындалуына прокурорлық қадағалаудың мынадай бағыттарын бөледі.

Әлеуметтік салада: азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары туралы заңның, азаматтық туралы заңның, тұрғындарды жұмыспен қамту туралы заңының, тұрғын үй заңының, қоршаған ортаны қорғау туралы заңның, жасөспірімдер туралы заңның тағы басқа заңдардың орындалуына қадағалау.

Экономикалық салада: кәсіпкерлік туралы заңның; салық туралы заңның; банкілер және банкі қызметтері және бақалары туралы заңдардың орындалуына қадағалау.

Сыртқы экономика салады: сыртқы экономикалық қызметтер туралы заңының, кеден заңының орындалуына қадағалау.

Әкімшілік салада: жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік жауапиылыққа тартуды, әкімшілік құқық бұзушылық жасағандарға әкімшілік бұлтартпау шараларын қолданудың және алдын алудың орындалуына қадағалау.

Жедел – іздестіру қызметіне қадағалауды жүзеге асыра отырып прокурор:

  1. жедел – іздестіру іс жүргізу істерін, жедел – іздестіру қызметінің барысы туралы материалдарды, құжаттар мен басқа да қажетті мәліметтерді алады, бұған жедел – іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарда жасырын негізде қызмет ететін немесе қызмет еткен азаматтардың жеке басы туралы мәліметтер қосылмайды;

  2. жедел – іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың арнайы жедел – іздестіру шараларын өткізу заңдылығын тексереді;

  3. жедел – іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдардың іс - әрекеттері мен шешімдеріне жасалған шағымдар мен өтініштерді қарайды;

  4. жедел – іздестіру шараларын жүзеге асырған кезде құқыққа қарсы әрекеттерге жол берген қызметкерлер жөнінде қылмыстық және тәртіптік іс қозғау туралы қаулы шығарады;

  5. өзінің дәлелденген қаулысымен заңсыз ұсталған адамдарды босатады немесе адамдарды ұстау туралы заңсыз қаулысын бұзады;

  6. қажет болған кезде жедел – іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар басшыларынан заң бұзушылықты жою мақсатында өздеріне бағынысты органдарда тексеріс жүргізуді талап етеді.

Жедел – іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың тарапынан заң бұзушылықты анықтау мақсатында прокурор прокуратура органдарының қызметкерлерін және өзге де қызметкерлерді арнаулы техникалық құралдарды қолданумен тартуға құқықты. Осыған байланысты прокурордың көзқарасы бойынша заңдардың орындалуына прокурорлық қадағалаудың отыөдан астам бағыттары бөлінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]