- •Емтиханға сўраќтар
- •Негiзгi әдебиет.
- •Ќосымша әдебиет
- •Глоссарий
- •Дәріс тезистері Дәріс 1 – Экономикалық талдаудың маңызы мен ролі.
- •Мазмұны
- •Қорытынды
- •Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Өзіні өзі тексеру сұрақтары:
- •Дәріс 2– Банк балансын экономикалық талдаудың әдістері
- •Мазмұны
- •Коммерциялық банк балансының құрылу схемасы және принциптері.
- •Банк балансына қойылатын талаптар және талдауды жүргізудің негізгі бағыттары.
- •Қорытынды
- •Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Өзіні өзі тексеру сұрақтары:
- •Дәріс 3– Экономикалық талдаудың түрлері
- •Мазмұны
- •Қорытынды
- •Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Өзіні өзі тексеру сұрақтары:
- •Дәріс 4– Коммерциялық банктің қаржы құрамы (2 сағат )
- •Мазмұны
- •Қорытынды
- •Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Өзіні өзі тексеру сұрақтары:
- •Дәріс 5– Коммерциялық банктін меншікті қаржыларын (капиталын) талдау
- •Мазмұны
- •Қорытынды
- •Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Өзіні өзі тексеру сұрақтары:
- •Дәріс 6– Банктің тартылған қаржы жағдайын талдау
- •Мазмұны
- •Қорытынды
- •Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Өзіні өзі тексеру сұрақтары:
- •Дәріс 7– Банк аралық несиелендіруді талдау
- •Мазмұны
- •Қорытынды
- •Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Өзіні өзі тексеру сұрақтары:
- •Дәріс 8– Несиелендіруді қаржыландыру құрылымын талдау
- •Мазмұны
- •Қорытынды
- •Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Өзіні өзі тексеру сұрақтары:
- •Дәріс 9– Ссуда операцияларының түрлерін және банктік ссудалардың қайтарылу қамтамасыздығын талдау
- •Мазмұны
- •Қорытынды
- •Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Өзіні өзі тексеру сұрақтары:
- •Дәріс 10– Несиелендіру бойынша проценттік ставкаларды талдау
- •Мазмұны
- •Қорытынды
- •Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Өзіні өзі тексеру сұрақтары:
- •Дәріс 11– Банктің вексельдер және құнды қағаздармен жасаған операцияларын талдау
- •Мазмұны
- •Қорытынды
- •Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Өзіні өзі тексеру сұрақтары:
- •Дәріс 12– Лизингтік және факторингтік операцияларды, форфейтерлеу және овердрафтты талдау
- •Мазмұны
- •Қорытынды
- •Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Өзіні өзі тексеру сұрақтары:
- •Дәріс 13– Банктің қаржылық есептілігін ұйымдастыру
- •Мазмұны
- •Банктің қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелерін жөніндегі есепті талдау
- •Қорытынды
- •Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Өзіні өзі тексеру сұрақтары:
- •Банктің қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелерін жөніндегі есепті талдау
- •Дәріс 14– Ақша қозғалысы туралы есепті және капиталдағы өзгерістер туралы есепті ашу
- •Мазмұны
- •Қорытынды
- •Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Өзіні өзі тексеру сұрақтары:
- •Дәріс 15– Екінші деңгейлі банктердің өтімділігін талдау әдістемесі
- •Мазмұны
- •Банк өтімділігін басқару теориясы
- •Өтімділік көзқарасы тұрғысынан банк қызметін талдау
- •Банк табыстылығын ескере отырып оның өтімділігін талдау
- •Қорытынды
- •Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Өзіні өзі тексеру сұрақтары:
- •Өтімділік көзқарасы тұрғысынан банк қызметін талдау
- •Банк табыстылығын ескере отырып оның өтімділігін талдау
Қорытынды
Шаруашылық қызметтің экономикалық талдауы қоғамдық ғылымдардың дифференциациялануы нәтижесінде пайда болды. Экономикалық талдау кәсіпорын қызметінің әртүрлі бағыттары, сала, халықаралық байланыстар бойынша жүргізіледі. Экономикалық талдау әртүрлі бағыттар мен белгілерге байланысты жіктеледі: салалық, уақытты, кеңістік, жүйедегі басқару функцияларына байланысты, қызмет аймағына байланысты, статистикалық мәліметтерді іріктеуге байланысты. Экономикалық талдау келесі түрлергі бөлінеді: қаржылық-экономикалық, әлеуметтік-экономикалық, экономикалық-статистикалық, экономикалық-экологиялық, маркетингтік, салыстырмаплы факторлық, диагностикалық және маржиналдық.
Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар
Лекция материалдарын игеру үшін барлық көңілді негізгі ұғымдарды игеруге аудару қажет: талдау объектілері, талдау мазмұны мен міндеттері, функциялары, негізгі принциптерін ұғыну қажет. Сонымен қатар шаруашылық қызметті талдауды жалпы зерттеу әдістемелігінің дамуын қарастыру және экономикалық талдау түрлерін жетік білу қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Батракова Л.Г. Экономический анализ деятельности коммерческого банка. –М.: Издательская корпорация «Логос», 1999.
Джозеф Ф.Синки, мл. Управление финансами в коммерческих банках. –М.: 1994.
КовалевВ.В. Финансовый анализ. Управление капиталом. Выбор инвестиции. – М.: Финансы и статистика, 1995.
Панова Г.Н. Анализ финансового состояния коммерческого банка. –М.: Финансы и статистика, 1996.
Шелекбай Ә.Д., Әлмереков Н.А. Банк ісіндегі тәуекел-менеджмент: теориясы, әлемдік практика, Қазақстан тәжірибесі: Оқу құралы. –Алматы: Экономика, 2007. – 208 бет.
Ширинская Е.Б., Пономарева Н.А., Купчинский В.А. Финансово аналитическая служба в банке: практическое пособие. – М.: ФБК ПРЕСС, 1998.
Өзіні өзі тексеру сұрақтары:
Экономикалық талдаудың зерттеу пәні мен объектілері қандай?
Экономикалық талдаудың мазмұны мен мақсаты?
Шаруашылық қызметті талдаудың түрлері
Экономикалық басқарудың негізгі функциялары
Экономикалық талдау әртүрлі бағыттар мен белгілерге байланысты жіктелуі
Дәріс 4– Коммерциялық банктің қаржы құрамы (2 сағат )
Мақсаты: Студенттерді коммерциялық банктің қаржы құрамын талдау негізгі ұғымдарымен таныстыру, оның мақсаты мен міндеттерін айқындау, әдебиеттер тізімін ұсыну, дәріс сұрақтарын қарастыру.
Мазмұны
«Банк ресурстары» және «Несиелік ресурстары» түсініктері.
Банктік меншікті капиталы.
Банк капиталының жеткіліктілігі.
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: банк ресурстары, резервтік капитал, қосымша капиталдар, банк операциялары, бөлінбеген банк пайдасы, меншікті капитал, несиелік ресурстар және т.б.
Банк ресурстары–бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және тартылған қаражаттарының жиынтығы. Нарықтық қатынастарға өту барысында банктік ресурстарының құрылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден, коммерциялық банктың акционерлік капиталы , резервтік қоры, сол сияқты қосымша қоролары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық банктен және басқа да несиелік мекемеден алатын несиелер, басқа банктердің, корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капитал есебінен банкте қажетті резервтер құрылды. Меншікті және тартылған коммерциялық банк ресурстары Ұлттық банкте ашылатын корреспонденттік шотта көрсетіледі. Бұл активтік шот, сондықтан да дебеті бойынша ресурстар, ал кредиті бойынша несиелік жұмсалымдар беріледі. Банктің меншікті капиталы – банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әртүрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы. Банктің меншікті копиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер ететін әр түрлі факторлары, атап айтсақ, активтер сапасына, меншікті пайданың пайдаланылуына, копиталдың бағасын нығайту мақсатына және банк саясатына байланысты жыл бойына-жарғылық капитал;
- резервтік капитал;
- қосымша капиталдар;
- банк операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар (резевтер);
- бөлінбеген банк пайдасы
Банктің жарғылық капиталы банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде қосылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық капиталының төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктің пруденциялық нормативтерінен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы,оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады. Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зиандардың орнын жабу мақсатында құрылған қаражат қоры. Сондай – ақ, резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Резервтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға белгілі бір пайыз мөлшеріне, айталық, 25 % мөлшерінде құрылатын болса, оның мөлшері жарғылық қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады. Резервтік қордың құрылуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде банкте пайда болмаған жағдайда резервтік қор есебінен банктің артықшылығы бар акциялары бойынша пайыздар төленеді.
Қосымша капиталдар–негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебіне және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәижесінде құрылатын қаражаттар. Арнайы қорлар – негізгі қорларды қайта бағалау негізінде валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры, яғни ұлттық валюта мен шетел валюталары арасындағы айырма нәтижесінде құрылады.
Бөлінбеген пайда – акциялар бойынша дивидендті төлегеннен кейін және резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігін білдіреді.
Банктің меншікті капиталын нығайту жолдарына мыналар жатады:
- банк пайдасы;
- акциялар шығару;
- құрылтайшылар және пай қосушылар санын арттыру;
- облигациялар шығару жатады;
Банктік капитал банктің дербестігін қамтамасыз ете отырып, оның қаржылық тұрақтылығына кепіл болады және банктің басынан кешетін әр алуан тәуекелдердің зардаптарын ретке келтіретін басты көз болып табылады. Осы мақсатта банктің меншікті капиталы мынадай қызметтер атқарады:
- қорғаныс қызметі;
- шұғыл қызмет;
- реттегіштік қызметі;
- айналым қызметі;
- резервтік қызметі;
Банктің меншікті капиталының қорғаныс қызметі – оның капиталының шамасының банктің төлем қабілетіне және тұрақтылығына тікелей байланыстылығын сипаттайды. Банктің меншікті капиталы қаншалықты жоғары болса, соғұрлым банк өтімді болып саналады. Банк капиталының қорғаныс қызметі - банктің салым иелеріне жәрдем ақы төлеу мүмкіндігін ғана емес, сол сияқты ағымдағы табыс болмаған жағдайда зияндарды жабуға қызмет етуін сипаттайды. Сондықтан да, оның азаюы банктің банкротқа ұшырауына жол береді. Қорғаныс қызметі – меншікті капиталдың ең басты қызметін білдіреді.
Банк капиталының шұғыл қызметі қорғаныс қызметіне қарағанда екінші дәрежелік маңызға ие болып табылады. Оперативтік қызметі жер, ғимарат, құрал - жабдықтар алуға қажетті меншікті қаражаттарды жұмылдырылды, сондай – ақ көзге көрінбейтін зияндар жағдайына байланысты резервтер құруды сипаттайды. Қаржы және салым иелерінің мүдделерін қамтамасыз етуден басқа банктердің меншікті капиталы реттегіш қызметті атқарады. Бұл қызмет қрғамның мүдделерімен, сол сияқты банк операцияларына бақылауды жасауға мүмкіндік жасайтын заңдар және ережелерге тікелей байланысты. Банк капиталының көрсеткіштерінің көмегімен мемлекеттік ұйымдар банктер қызметтеріне баға беріп, оны бақылауды жүзеге асырады.
Айналым қызметі– кезкелген банк капиталы банкроттыққа қарсы, не болмаса зиандардың орнын жабу үшін құрылмайды. Олардың басты мақсаты коммерциялық қызмет көрсету болып табылады. Мұндай қызметтер тәукелмен байланысты болатындықтан, банк капиталының мұндағы қызметі тәуекел дәрежесін есепке алатын активтік айналымды авансылаумен сипатталады. Cондықтан да, бұл қызметті меншікті капиталдық айналым қызметі деп атайды. Резервтік қызметі – Тәуелсіздер тек активтік операцияларға ғана емес, сондай – ақ пассивтік операцияларға да тиісті болып келеді. Пассивтік операциялардан туындайтын тәуелсіздерді болғыэбау үшін банктер тартылатын қаражаттар есебінен міндетті резервтер ретінде Орталық банкте резервтерін құрайды. “Капиталдың жеткіліктілігі” терминні банктің жалпы тұрақтылығы және оның тәуекелге бару дәрежесін көрсетеді. Капиталдың жеткіліктілігі – бұл банк капиталының мөлшерінің тәуекел дәрежелері ескерілген банк активтеріне сәйкес болуға тиіс. Сондай-ақ, коммерциялық банктер өз жұмыстарында банк капиталын шамадан жеке ұлғайтуды теріс санайды. Өйткені, ол банктің қызметіне кері әсер етуі мүмкін. Банктердің көп акция шығара отырып, қаражат тартуға ынтасыз болып келеді. Сондықтан банк жетекшілері бір жағынан, қадағалау және бақылау ұйымдары, екінші жағынан, банк капиталы мен коммерциялық банктердің басқа да қызметіндегі параметрлер арасындағы қолайлы қатынасты табуға тырысады. Банк меншікті капиталын ұлғайтуға негіз болатын мынадай факторларды ескеру:
банктердің дивидендтері өнеркәсіптік кәсіпорын активтеріне қарағанда, пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне, қарыз алушының несиелік қабілеттерінің нашарлауына байланысты, олардың нарықтық құндары өзгеріп отырады;
банк көбіне тұрақсыз қысқа мерзімді қарыз көздеріне көңіл бөледі, бірақ олардың көбі талап етуге байланысты қайтарылып алынуы мүмкін.
