Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АБД лекция мен емтихан сратары.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
955.9 Кб
Скачать

Қорытынды

Қаржылық есептілікті ұсыну тұтынушыларды банктің қаржылық жағдайы туралы және банк қызметінің нәтижелері жөнінде және оның есепті мерзімдегі өзгерістері жөнінде пайдалы маңызды және анық ақпаратпен қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік баланс қаржылық есеп берудің басты нысаны болып табылады. Ол есепті күнге банктің қаржылық жағдайы жөнінде ақпарат беріп отырады. Банктік қаржылық-шаруашылық қызметі нәтижелері жөніндегі есеп - №2 форма түрінде – баланс негізінде қорытынды айналымдарды және күнделікті қаржылық есептілік кестелерін ескере отырып құралады.

Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар

Лекция материалдарын игеру үшін барлық көңілді негізгі ұғымдарды игеруге аудару қажет: бухгатерлік баланс, қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелері жөніндегі есебі, ақша қозғалысы жөніндегі есебі, капиталдағы өзгерістер жөніндегі есебі, актив, пассив, табыс және т.б. ұғыну қажет. Сонымен қатар банктің қаржылық есептілікті ұйымдастырудың жалпы зерттеу әдістемелігінің дамуын қарастыру және жетік білу қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Батракова Л.Г. Экономический анализ деятельности коммерческого банка. –М.: Издательская корпорация «Логос», 1999.

  2. Джозеф Ф.Синки, мл. Управление финансами в коммерческих банках. –М.: 1994.

  3. КовалевВ.В. Финансовый анализ. Управление капиталом. Выбор инвестиции. – М.: Финансы и статистика, 1995.

  4. Панова Г.Н. Анализ финансового состояния коммерческого банка. –М.: Финансы и статистика, 1996.

  5. Шелекбай Ә.Д., Әлмереков Н.А. Банк ісіндегі тәуекел-менеджмент: теориясы, әлемдік практика, Қазақстан тәжірибесі: Оқу құралы. –Алматы: Экономика, 2007. – 208 бет.

  6. Ширинская Е.Б., Пономарева Н.А., Купчинский В.А. Финансово аналитическая служба в банке: практическое пособие. – М.: ФБК ПРЕСС, 1998.

Өзіні өзі тексеру сұрақтары:

  1. Қаржылық есептілікті дайындауды ұйымдастыру

  2. Банк балансын ашу

  3. Банктің қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелерін жөніндегі есепті талдау

  4. Банк активтері мен пассивтері жіктемесі

  5. Баланста бейнеленетін қысқамерзімді активтер құрамына не кіреді?

  6. Баланста бейнеленетін қысқамерзімді міндеттемелер құрамына не кіреді?

  7. Банктік қаржылық-шаруашылық қызметі нәтижелері жөніндегі есеп табыстар мен шығындардың қандай баптарын қамтиды?

  8. Банктік операциялар жүргізу нәтижесінде банктің алатын негізгі табыстарының түрлеріне не жатады?

  9. Банктің банктік операцияларды жүргізу нәтижесінде пайда болатын шығындарының негізгі түрлеріне не жатады?

Дәріс 14– Ақша қозғалысы туралы есепті және капиталдағы өзгерістер туралы есепті ашу

Мақсаты: Студенттерді банктің ақша қозғалысы туралы есепті және капиталдағы өзгерістер туралы есептің негізгі ұғымдарымен таныстыру, оның мақсаты мен міндеттерін айқындау, әдебиеттер тізімін ұсыну, дәріс сұрақтарын қарастыру.

Мазмұны

  1. Банктің операциялық қызметі

  2. Банктің инвестициялық қызметі

  3. Банктің қаржылық қызметі

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: операциялық қызмет, ақша ағымы, инвестициялық қызмет, қаржылық қызмет, банк резервтері, провизиялар, амортизация, сыйақы, табыс және шығыстар, банктің бөлінбеген таза табысы және т.б.

Ақша қозғалысының есебінде есептік кезеңдегі банктің қолма-қол санының өзгеруі туралы ақпараттарды және ақша сомасының көбею көзі, сол сияқты оларды пайдалану бағыты жөнінде көрсетілуі керек.

Операциялық қызмет нәтижесінде пайда болатын ақша ағымының көлемі, банктер өз қарыздарын өтеу үшін, дивиденттерді төлеу үшін, операциялық мүмкіндіктерді сақтау және қаржыландырудың ішкі көздерін қолданбай-ақ жаңа инвестицияларды жүзеге асыру үшін жеткілікті ақша ағымын өндіретін операциялардың деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Ақшаның алғашқы операциялық ағымының нақты баптары туралы ақпараттар басқа ақпараттармен қосылғанда операциялық қызметтен түсетін болашақтьағы ақша ағымын болжау үшін өте тиімді.

Бұл ағымдар таза табысты және шығынды анықтау кезінде есепке алынатын операциялар мен басқа да құбылыстардың нәтижесі болып табылады. Операциялық қызметтен түскен ақша ағымына келесі жатады:

  • Банктік қызметпен байланысты ақша түсімдері және төлемдер;

  • Лицензиясы бар банктердің ҚР заңдарымен рұқсат етілген операцияларды жүргізумен байланысты ақша түсімдері және төлемдері;

  • Тауар және қызметтер үшін жабдықтаушыға төлемдер;

  • Қызметкерлерге олардың атынан төлемдер;

  • Ақшалай төлемдер немесе табыс салығын қайтару, егер олар қаржылық немесе инвестициялық қызметпен үйлеспейтін болса.

Қарыздарды ұсыну және салымдарды тарту банктің таыс әкелетін негізгі қызметіне жататындықтан операциялық қызмет ретінде жіктеледі.

Операциялық қызметтен түскен ақша ағымын банк, есепті кезеңнің табыстары мен залалдарына ақша ағымын болдырмайтын операциялардың, өткен немесе болашақ кезеңдердің операциялық ақшалай түсімдері мен төлемдерін есептеу немесе кейінге қалдыру және инвестициялық немесе қаржылық ақша ағымдарымен байланысты табыстар немесе шығыстар баптарының нәтижелерін ескере отырып, түзетулер енгізілетін әдісті қолдану арқылы ұсыну қажет.

Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қозғалысын бөлек көрсетудің қажеттілігі мұндай ағымдар жөніндегі ақпараттардың болашақтағы табыс пен ақша ағымын қамтамасыз ету үшін жұмсалатын шығындардың бағытын көрсететіндігімен байланысты. Жалпы түсімдердің және банктің инвестициялық қызметінен шығуынан ақшалардың негізгі түрлері болып табылатындар:

  • Негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді актвитерді сатып алу үшін төлемдер;

  • Негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді актвитерді сатудан түскен ақшалай түсімдер;

  • Басқа да заңды тұлғалардан үлестік және борыштық құралдарын және біріккен кәсіпорындарға қатысу үлесін сатып алуға арналған төлемдер;

  • Басқа да заңды тұлғалардан үлестік және борыштық құралдарын және біріккен кәсіпорындарға қатысу үлесін сатудан түскен ақшалай түсімдер (ақша баламаларына жатпайтын және сатуға арналмаған).

Қаржылық қызмет нәтижесінде пайда болатын ақша ағымын жеке ашып көрсету, банк үшін ақшаның болашақтағы ағымына капиталын ұсынған заңды және жеке тұлғалардың қарсылықтарын болжауға мүмкіндік береді. Қаржылық қызметтен түскен жалпы түсімдер мен шыққан ақшалардың негізгі түрлері бөлек көрсетілуі керек. Қаржылық қызмет нәтижесінде пайда болатын ақша ағымдарына келесілер жатады:

  • Акция эмиссиясынан түскен ақшалай түсімдер;

  • Банк акцияларын сатып алу немесе өтеу үшін иемденушілерге ақшалай төлемдер;

  • Қарыздық міндеттемелерді шығарудан түскен ақшалай түсімдер.

Ақша қозғалысымен байланыссыз операциялар – банк резервтерінің қозғалысындағы құрылған провизиялар айналымындағы, есептелінген амортизациядағы сыйақы алумен және төлеумен байланысты және байланысты емес есептелген табыс және шығыстардағы, банктің бөлінбеген таза табысындағы өзгерістер.