- •Емтиханға сўраќтар
- •Негiзгi әдебиет.
- •Ќосымша әдебиет
- •Глоссарий
- •Дәріс тезистері Дәріс 1 – Экономикалық талдаудың маңызы мен ролі.
- •Мазмұны
- •Қорытынды
- •Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Өзіні өзі тексеру сұрақтары:
- •Дәріс 2– Банк балансын экономикалық талдаудың әдістері
- •Мазмұны
- •Коммерциялық банк балансының құрылу схемасы және принциптері.
- •Банк балансына қойылатын талаптар және талдауды жүргізудің негізгі бағыттары.
- •Қорытынды
- •Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Өзіні өзі тексеру сұрақтары:
- •Дәріс 3– Экономикалық талдаудың түрлері
- •Мазмұны
- •Қорытынды
- •Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Өзіні өзі тексеру сұрақтары:
- •Дәріс 4– Коммерциялық банктің қаржы құрамы (2 сағат )
- •Мазмұны
- •Қорытынды
- •Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Өзіні өзі тексеру сұрақтары:
- •Дәріс 5– Коммерциялық банктін меншікті қаржыларын (капиталын) талдау
- •Мазмұны
- •Қорытынды
- •Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Өзіні өзі тексеру сұрақтары:
- •Дәріс 6– Банктің тартылған қаржы жағдайын талдау
- •Мазмұны
- •Қорытынды
- •Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Өзіні өзі тексеру сұрақтары:
- •Дәріс 7– Банк аралық несиелендіруді талдау
- •Мазмұны
- •Қорытынды
- •Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Өзіні өзі тексеру сұрақтары:
- •Дәріс 8– Несиелендіруді қаржыландыру құрылымын талдау
- •Мазмұны
- •Қорытынды
- •Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Өзіні өзі тексеру сұрақтары:
- •Дәріс 9– Ссуда операцияларының түрлерін және банктік ссудалардың қайтарылу қамтамасыздығын талдау
- •Мазмұны
- •Қорытынды
- •Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Өзіні өзі тексеру сұрақтары:
- •Дәріс 10– Несиелендіру бойынша проценттік ставкаларды талдау
- •Мазмұны
- •Қорытынды
- •Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Өзіні өзі тексеру сұрақтары:
- •Дәріс 11– Банктің вексельдер және құнды қағаздармен жасаған операцияларын талдау
- •Мазмұны
- •Қорытынды
- •Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Өзіні өзі тексеру сұрақтары:
- •Дәріс 12– Лизингтік және факторингтік операцияларды, форфейтерлеу және овердрафтты талдау
- •Мазмұны
- •Қорытынды
- •Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Өзіні өзі тексеру сұрақтары:
- •Дәріс 13– Банктің қаржылық есептілігін ұйымдастыру
- •Мазмұны
- •Банктің қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелерін жөніндегі есепті талдау
- •Қорытынды
- •Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Өзіні өзі тексеру сұрақтары:
- •Банктің қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелерін жөніндегі есепті талдау
- •Дәріс 14– Ақша қозғалысы туралы есепті және капиталдағы өзгерістер туралы есепті ашу
- •Мазмұны
- •Қорытынды
- •Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Өзіні өзі тексеру сұрақтары:
- •Дәріс 15– Екінші деңгейлі банктердің өтімділігін талдау әдістемесі
- •Мазмұны
- •Банк өтімділігін басқару теориясы
- •Өтімділік көзқарасы тұрғысынан банк қызметін талдау
- •Банк табыстылығын ескере отырып оның өтімділігін талдау
- •Қорытынды
- •Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Өзіні өзі тексеру сұрақтары:
- •Өтімділік көзқарасы тұрғысынан банк қызметін талдау
- •Банк табыстылығын ескере отырып оның өтімділігін талдау
Қорытынды
Несиелендірудің бағыты мен мақсатына байлагысты берілген судаларды төмендегідей бөлеміз: капиталды ұлғайтуға (мекемелердің өндіріс қорларын); ақша қаржыларының жетіспеушілігін уақытша толықтыруға; тұтынушылық мақсаттарға. Ссуда алушыларға байланысты клиенттік және банкаралық болып бөлінеді.
Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар
Лекция материалдарын игеру үшін барлық көңілді негізгі ұғымдарды игеруге аудару қажет: банк ссудалары, проценттік ставка, овердрафт, бланкілік несиелер, қамтамасыздандырылған несиелер, онкольдік несие, контокоренттік несие, ипотекалық несие, ломбардтық несие, авальдық несие, акцептік несие және т.б. ұғыну қажет. Сонымен қатар коммерциялық банк ссудаларын әртүрлі белгілері бойынша жіктелуін талдаудың талдауды жалпы зерттеу әдістемелігінің дамуын қарастыру және жетік білу қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Батракова Л.Г. Экономический анализ деятельности коммерческого банка. –М.: Издательская корпорация «Логос», 1999.
Джозеф Ф.Синки, мл. Управление финансами в коммерческих банках. –М.: 1994.
КовалевВ.В. Финансовый анализ. Управление капиталом. Выбор инвестиции. – М.: Финансы и статистика, 1995.
Панова Г.Н. Анализ финансового состояния коммерческого банка. –М.: Финансы и статистика, 1996.
Шелекбай Ә.Д., Әлмереков Н.А. Банк ісіндегі тәуекел-менеджмент: теориясы, әлемдік практика, Қазақстан тәжірибесі: Оқу құралы. –Алматы: Экономика, 2007. – 208 бет.
Ширинская Е.Б., Пономарева Н.А., Купчинский В.А. Финансово аналитическая служба в банке: практическое пособие. – М.: ФБК ПРЕСС, 1998.
Өзіні өзі тексеру сұрақтары:
Банктік ссудаларды әртүрлі белгілері бойынша жіктелуі.
Банк ссудаларын қарыз алушылар типтеріне қарай жіктелуі
Банк ссудаларын тағайындылық бойынша жіктеу
Банк ссудаларын сипаты бойынша жіктеу
Банк ссудаларын мерзімі бойынша жіктеу
Банк ссудаларын жойылу әдістемесі бойынша жіктеу
Банк ссудаларын пайда болу сипаты бойынша жіктеу
Құқықтық кепілдік құрылымына сипаттама беріңіз
Дәріс 10– Несиелендіру бойынша проценттік ставкаларды талдау
Мақсаты: Студенттерді несиелендіру бойынша проценттік ставкаларды талдаудың негізгі ұғымдарымен таныстыру, оның мақсаты мен міндеттерін айқындау, әдебиеттер тізімін ұсыну, дәріс сұрақтарын қарастыру.
Мазмұны
Несиелендіру қызметін көрсету – банктердің маңызды қызметі.
Банк өнімінің (депозиттер мен ссудалар) негізігі түрінің баға көрсеткіштері.
Проценттік саясатты талдау.
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: табыс, нақтылы ставка, номиналды проценттік ставка, инфляция қарқыны, несие ресурстарының бағасы, ссудаларға сұраныс, қысқа мерзімдік, ұзақ мерзімдік, мерзімі өткен, банкаралық несие және т.б.
Несиелендіру қызметін көрсету – банктердің маңызды қызметі болып табылады. Банк өнімінің (депозиттер мен ссудалар) негізігі түрінің баға көрсеткіштері проценттік норма немесе проценттік ставка болып табылады (ПС). Оны былай анықтаймыз:
табыс
ПС= ----------------------------------------- 100%
Берілген несиенің сомасы
(депозит не ссуда)
Проценттік ставка көбіне жылдық процент түрінде көрсетіледі. Проценттік ставканың өсуі несиенің қымбаттауын білдіреді, ал оның төмендеуі несиенің арзандағанын көрсетеді. Несие бағасының өзгеруі банк және клиент үшін ғана маңызды емес, еліміздің экономикасы үшін де аса маңызды болып табылады.
Проценттік ставканың өзгеруін талдау кезінде осы өзгерістерге әсер ететін факторларды қарастыру қажет болып табылады, олар: сыртқы және ішкі факторлар болып келеді. Проценттік ставка өлшемдері мына төмендегі көрсеткіштерге тәуелді:
1)инфляциядан; инвестициялау мерзімінің барлық уақыт аралығындағы болатын инфляция қарқынын жабу үшін жеткілікті дәрежедегі номиналды проценттік ставка болуы қажет және нақтылы қайтарылып берілуі қажет немесе формула бойынша:
Нақтылы ставка = Номиналды проценттік ставка – инфляция қарқыны;
2)нақтылы (реальная) қайтарылып берілу, бұл өз кезінде инвестициялау тәуелділігінен тәуелді болып келеді;
3)ссудаларға сұраныс;
4)мемлекеттік сектордың қаржыларды қарыз алу тұтынушылығының өзгерістері;
5)валюта айырбас курстары; шетелде проценттік ставка және шетел валютасындағы инвестиция бойынша ставка жоғары болса, шетелге капитал ағымын болдырмау үшін және ұлттық валюта курсын айтарлықтай төмендетпеу үшін ұлттық валютадағы инвестиция бойынша да проценттік ставка жоғары болуы керек.
Несие үшін процент – бұл, несие ресурстарының бағасы, ол мына формуламен есептелінеді:
a = -------------------------------------------------------,
бұл жерде: аj = теңдей уақыт аралығында алынған сол даталарға сәйкес қаржы қалдықтары (мысалға әр айдың 1-күніне)
j = 1,2......, m (m - мәліметтер саны)
i = несие үшін проценттік ставка
d = мерзімдегі күндер саны
K = жылдық күндер саны
Проценттік сомалар жай (қарапайым) және күрделі формулалармен есептелініп шығарылады. Жай процентті есептеулерде берілген несие сомаға бір жылдық мерзімге шығарылады, ол күрделі формула бойынша өткен айлардағы есептеп шығарылған проценттік сомаларды қоса есептейді. Жай проценттік есептеулер бойынша төлемдік өсу сомасы (S) екі элементтен тұрады – алғашқы қарыз сомасынан (P) және проценттік сомадан (I):
S = P + I = P + Pin = P (1+in), бұл жерде:
i - проценттік ставка (бірлік үлесінде);
n - толық жылдар саны;
(1+in) - өсу көбейткіші.
Мысалы: Банк жылдық проценттік ставка 120 процентпен жай формуламен есептеу бойынша жарты жыл мерзімге 5 мың теңге көлемінде ссуда берді.
Төленіп қайтарылатын соманы анықтау керек.
Формула бойынша берілген мағыналарды орнына қойып қайтарылатын, соманы анықтаймыз:
S = 5*(1+0,5*1,20) = 8 мың теңге
Қарызға алынатын ақша мерзімі күндермен берілген болса, онда өсу сомасы мына формуламен анықталады:
S = P * (1+d / K * i), бұл жерде:
d – күндермен берілген мерзім ұзақтығы
K – жыл ішіндегі күндер саны
(K) шамасы проценттер есептеу үшін уақытшалық база деп те аталады.
Уақытшалық базаны нақтылы жылдық ұзақтылық есептеулерінен алынуы мүмкін – 365 немесе 366 күн (өте дәл проценттер) немесе 360 күнге тең болатын жуықтық (жай, қарапайым проценттер) мағынада алынуы мүмкін.
Сол сияқты ақшаны қарызға алынған күндер санын да өте дәл немесе жуықтық мағынада анықтауға болады, бұл жерде бүтін бір айдың ұзақтығын 30 күнге тең болады деп есептелінеді, әрі ақшаны қарызға берген күн мен, оның қайтарылу күнін бір күн деп есептелінуі тиіс.
Әлемдік банктік іс – тәжірибеде әрбір бүтін айдағы жуықтық күндер санын және қарапайым проценттерді пайдалануды германдық (алманиялық) тәжірибе, ал әр айдағы дәл күндер санымен және қарапайым проценттерді пайдалану француздық тәжірибе және әр айдағы дәл күндер санымен және дәл проценттерді пайдалану ағылшындық тәжірибе деп аталынады. Проценттік есептеулердің нақтылы тәжірибесін қолдануға байланысты, олардың сомасы әртүрлі болып табылады.
Мысалы: 20 мың салымдық теңге банкке 12 наурыздан салынды және сол жылдың 25 желтоқсанында қайтып алынуы талап етілді. Проценттік жылдық ставка – 80 процент. Әртүрлі есептеу тәжірибесі бойынша проценттік есептік соманы анықтау керек.
Есептелінген проценттік соманы табамыз:
1) Германдық тәжірибе бойынша: І = 284/360*0,8*20=12,622 мың теңге
2) Француздық тәжірибе бойынша: І = 288/360*0,8*20 = 12,800 мың теңге
3) Ағылшындық тәжірибе бойынша: І = 288/365*0,8*20 = 12,625 мың теңге
Салымшының көз қарасымен қарағанда француздық тәжірибелік вариантты таңдаған болар еді (проценттік ақша сомасының ең көбі), ал банк жағынан қарағанда германдық тәжірибе вариантты таңдаған болар еді (проценттік соманың ең аз мөлшері). Банк ссуда беретін жағдайда қарама – қарсы ситуация орын алған болар еді.
Проценттік саясатты талдау кезеңінде өсім проценттік есептеу мен талдаудың аса маңызы бар болып табылады. Бухгалтерлік есептің бірден – бір принципі мынада болып келеді: табыстар мен шығындар, оның ішінде ағымды кезеңге жататындары да, бірақ әлі алынбаған немесе кезеңнің аяғына дейін төленбеген немесе алдағы кезеңдерде жатқызылғандары да оларды анықтаған кезеңдік есепке алынуы керек. Мұндай табыстар мен шығындар өсім өскен деп аталады. Бұл жерде, өсім өскен сомалар мерзімі өткен сомалардан бөлек екендігін есепке алу керек, себебі олардың алынуына келісім шарттық мерзімі келген жоқ болып табылады. Сондықтан, бұл статья бойынша мерзімі өткен проценттік сомалар өсім өскен сомаларға қосылып, есептелінбейді. «Өсім проценттері» статьясы ссуда және депозиттер бойынша есеп беру датасына жинақталған проценттерді талдауға мүмкіндік береді. Шоттағы соманың әрбір өзгеруі кезінде, сол шоттағы соманың өзгеріссіз тұрған өткен кезең үшін, проценттік сандар деп аталатын көрсеткіші есептелініп, шығарылады: (ПЧ)
сомалар кезең ұзақтығы (күндермен)
ПЧ=-----------------------------------------------
100
Барлық мерзім үшін проценттер сомасын есептеп шығару үшін барлық проценттік сандар (ПЧ) қосылып, олардың қосындысын тұрақты бөлгішке бөлеміз, ол былайша есептелінеді (ПД):
Жылдағы күндер саны
ПД = ---------------------------------------
Жылдағы проценттік ставка
Мысалға: 2003 жылдың 20-шы мамырында ашылған жинақьық шоттағы, 120 проценттік жылдық ставкамен салынған сома 10000 теңге болатын. Одан кейін 5-ші шілдеде , оған 15000 теңге қосылды және 10-шы қарашада ол шоттан 20000 теңне алынып, 20-шы қарашада шотт мүлдем жабылды. Германдық тәжірибені қолдана отырып, есептік процент сомасын анықтау қажет?
Салым сомасының сақталу мерзімін есептейміз:
10000 = 46күн; 25000(10+15) = 66 күн; 5000 = (25-20) = 70 күн.
Проценттік сандар сомасын формуламен емептейміз:
10 *6+25*66+5*70
ПД = --------------------------------------- = 24,6
100
Формула бойынша тұрақты бөлгішті табамыз:
ПД=
Есептік проценттік сома тең болады:
мың теңге
Бұл есептеу әдісі өзінің
мәні бойынша шоттағы әрбір интервалдағы
тұрақты соманың проценттік тізбектелген
ақша формулаларын қолданудың түрі болып
табылады, яғни:
;
өткен мысал бойынша былай болады:
мың
теңге
Егер де қарыз мерзімі ағымдағы проценттік ставкаларды әртүрлі интервалдағы есептеулері өзгеріп тұрса, онда өсім өскен сома мына формула бойынша анықталады:
бұл
жерде
проценттік есептеулердің
интервалдар саны;
интервалдық есептеулер
ұзақтығы;
интервалдағы
есептеулер жәй (қарапайым)проценттік
ставкалар.
Жай қарапайым ставкалар проценттік ставка негізінен қысқа мерзімді қаржы операциялары үшін қолданылады. Ұзақ мерзімдік операцияларда егер де проценттер, оларды есептегЕн бойда төленбейтін болса, онда күрделі проценттік есептеулер қолданылады, яғни алғашқы соманың өсу процесіне сәйкес, оның өсімділігі жылдамдықпен жүреді:...
Мысалы: күрделі проценттік есептеулер бойынша және 120% -тік жылдық ставкамен 10 мың теңге борыш 5 жылдан кейін қандай сомаға айналған болар еді? Берілеген шарт бойынша борыш:
мың теңге болады.
Көп кезеңдер бойынша есептелінген күрделі проценттер сомасы «қорқынышты» нәтижеге келтіреді.
Мысалы: 1000 теңге 100 процент жылдық ставка бойынша 10 жылдан кейін 1024 мың теңге болады, ал жай проценттік ставка бойынша – 11000 теңге ғана болар еді.
Жәй және күрделі проценттік формулаларды салыстыракеліп, мнадай қорытынды жасауға болады:
егер n >1,
онда
<
;
егер n = 1, онда = ;
егер n <1, онда < .
Қазіргі кезде (кезең жағдайында) проценттерді есептеулер жылына бір рет емес, бірнеше кезеңдерде жүргізіледі, яғни жарты жылда, тоқсан сайын, т.с.с Жыл ішіндегі проценттік есептеулер саны міндетті түрде келісім - шартта
көрсетіледі. Одан басқа, әдетте, номиналды (j) деп аталатын жылдық проценттік ставка да келісім шартта көрсетіледі.
Номиналды ставка әрбір кезеңде нақтылы есептелінетін ставканы анықтау үшін негіз болып табылады. Егер де номиналды ставка j-ға тең болса, онда әрбір кезеңдегі есептелінетін проценттер j * m ставкасы бойынша шығарылады, бұл жерде m жыл ішіндегі проценттерді есептеу сандары. Мысалы: j = 0,18 (жылдағы 18 процент) бойынша және жарты жылдық проценттік есептеулер бойынша әрбір жарты жылда 0,09 (0,18:2) тең болар еді, яғни 9 процент. Бұл жағдайда, формула бойынша өсім шамасын анықтаймыз:
Проценттердің тиімділік ставкасы деген жаңа түсінікті енгіземіз және бұдан түсінетініміз бүтін жыл үшін бір ақша бөлшегінен алынатын нақтылы пайданы білеміз. Басқаша айтқанда ставка тиімділігі, жыл ішінде m рет процеттік есептеулер бойынша номиналға эквивалентті болып табылады, яғни j / m ставкасы бойынша m реттік жылдық өсім өскенін қандай болса, сондайлық тиімділікті жылдық ставка бере алған болар еді деген сөз. Тиімді жылдық ставканы і арқылы белгілейміз. Егер жыл ішінде m рет процент капиталданған болса, онда былайша жазуымызға болады:
бұл
жерден:
Банктік ссудалар бойынша проценттік ставкалар деңгейі ақша нарығындағы ауытқуларға тәуелділікте анықталады, яғни ақшаға ұсыныс пен сұраныстың ара қатнастық өзгеруіне байланысты. Егер ұсыныс пен сұраныстың ара салмағы тең болса, онда базалық проценттік ставка мен проценттік маржа шамасын есептеп шығаруға мүмкін болады.
Ресми (базалық) проценттік ставка несие бойынша ең төменгі проценттік ставка болып табылады және оның екі түрі болуы мүмкін:
редисконттау бойынша (құнды қағаздарды қайта есепке алу)
қайта қаржыландыру (рефинанстық) бойынша (банк мекемелерінің несиелендіруі).
Ресурстардың нарықтық және нақты бағасы деп бөлеміз. Нақты баға дегеніміз нарықтық бағаға міндетті резервтер мөлшеріне сәйкес өзгертулер енгізілуін айтамыз:
Ресурстардың ортақ өлшемдік
нарық бағасы
Несие ресурстарының нақты бағасы = -------------------------------------------------------
100%-несие ресурстарын реттеу қорына аудару мөлшері
Несие үшін нақты бағаны алу үшін, оның базалық бағасына маржа шамасын қосуымыз керек. Маржаны есептеу негізі ең аз қажетті табыс (НОД) көлемі болып табылады. Ол банк шығындары мен қажетті пайда сомаларына сәйкес мына формула бойынша есептелінеді:
НОД = ИБ + Пд + РФ + ПдБ + ФЭС, бұл жерде
ИБ – банк шығындарының сомасы;
Пд – дивидендтер төлеуге бағытталған пайда;
РФ – банктің резервтік қорына аударымдар (жалпы пайда көлемінен процентпен);
ПдБ – бюджеттік төлемдер;
ФЭС – банктің экономикалық ынталандыру қорының ең аз лайықтылық мөлшері.
Проценттік маржа шамасын мына формула бойынша анықтауға болады:
ПМ = НОД / КВ *100%
Сонымен клиенттерге ссуда беруді сұралып отырған несиенің базалық бағасы мен проценттік маржаны есепке ала отырып жүргізіледі және олар активті операциялардан түсетін табыстар, пассивтік операциялар бойынша болған шығындарды жаба алатындығын көрсетеді. Проценттік маржаны анықтау үшін коммерциялық банк ссуда бойынша проценттік ставка динамикасын зерттеу қажет және бұл зерттеуде проценттік ставка динамикасында инфляция қарқыны бұрмалаушылық фактісін ескеру қажет. Кредиторлар үшін инфляция өте күйзелісті және қарыз алушының өмірін жеңілдетеді. Кездейсоқ инфляциядан қарыз алушылар ұтады, себебі олар қарыздарын құнсызданған ақшалармен өтейді. Мысалы: күрделі проценттік есептеулермен 120 процент жылыдық ставкамен қарыз алушы 10000 теңгені 1 жыл мерзімге алды. 140 проценттік жылдық инфляция деңгейі бойынша ақшаның сатып алушылық қабілетін анықтау қажет:
Формула бойынша:
бұл
жерде
S – инфляцияны есепке ала отырып шығарылған өсім өскен сома
n – жыл саны
P – алғашқы сома
i – проценттік сома
r – инфляция деңгейі
(1 + r) – инфляция индексі
Ақшаның сатып алу қабілеттілігін анықтаймыз:
мың теңге, яғни
10000 теңгенің бір жылдан кейін сатып алу қабілеттілігі 9,167 мың теңге болады.
Қарыз алушының ақша құнсыздануынан табатын пайдасы (10–9,167) = 0,833 мың теңге болады. Бір жыл мерзім бойынша және берілген инфляция деңгейінде несиелік проценттік ставкалар i(r) = i + r + ir; инфляцияны есепке ала отырып жай проценттер есептеу кезінде қайтарылатын сома: S=P[1+ni(r)] болады.
Егер берілген жылдық инфляция деңгейі ( rr ) және ол жыл ішінде пропорционалды (тепе - тең) өзгертілген болса, онда бір жылдан кем мерзімге берілген несие бойынша проценттік ставкалар ( n < 1) мына формуламен есептелінеді:
i(r) = i + rr + n * i * rr
Мысалы: 500000 теңге ссуда 200 күнге берілді. Жылдық инфляция деңгейі 180 процент. Ссуда беру кезіндегі жай ставкалық проценттерді анықтаңыз және 120 процент жылдық 365 күндегі уақытша база бойынша есептелінгендігі нақты табыс болатын жағдайдағы қайтарылатын несие сомасын да анықтаңыз. Берілген мәліметтер бойынша табамыз:
і = 1,2 + 1,8 + 200 / 365 * 1,2 * 1,8 =4,18 (418%)
яғни инфляцияны есепке алғандағы проценттік ставка 418% тең. Инфляцияны ескере отырып анықталатын қайтару сомасы:
S = 500(1+200/365*4,18) = 1645,2 мың теңге
Банктік тәжірибеде, осы формуладан шығатын инфляция жағдайындағы несие бойынша (нақты жылдық проценттік ставкалармен жылдық инфляция деңгейінің берілген мағынасында ) ставкалардың жуық мағынасы жиі қолданылады: i(r) = i + r, яғни инфляция шамасын, егер де кредитор инфляцияны күтпеген болса, несие үшін проценттің қалыпты деңгейіне қосқан болар еді. Бұл формула Фитер (Фишер) тиімділігі деген атпен белгілі. Мысалы: авансталатын капитал (яғни инфляциясыз) проценттерінің нақты шамасы 25 процентке тең. 1 жылдағы инфляция қарқыны 17,5 процент. Онда 1 жылдағы капитал ставкасы 42,5 процент (25+17,5) болады. Осы есептеу арқылы салымшы өз капиталын 42,5 процент жылына әкелетін іске – кәсіпке ғана салады.
Кесте 3.4. - Банктің проценттік табысын талдау
|
200х |
200х |
Оның ішінде тоқсандар бойынша |
|||||||
Мың теңге |
Жиын тыққа % |
өсу қарқы ны % |
Мың теңге |
Жиын тыққа % |
өсу қарқыны % |
I |
II |
III |
IV |
|
Ссудалар бойынша есептелінген және алынған проценттер: -қысқа мерзімдік - ұзақ мерзімдік -мерзімі өткен -банкаралық несие |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Проценттік табыстарының барлығы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
