
- •Мемлекет және құқықтың негіздері
- •Мемлекеттің пайда болуының теологиялық теориясы басты идеясы неде?
- •8. Мемлекет нысанының элементтері
- •9.Мемлекеттiң басқару нысаны
- •11. Қр Үкiметiнің жалпы сипаттамасы
- •12. Тоталитарлық саяси жүйенi сипаттайтын белгiлер
- •13. Зайырлы мемлекет
- •14. Құқықтық прецедент
- •16.Конфедерация
- •17.Мемлекеттiң iшкi қызметi
- •18.Мемлекеттiң сыртқы қызметi
- •19.Құқықтық сана
- •20.Құқықтық нигилизм
- •21. Құқықтық мәдениет
- •22. Құқықты түсіндіру, түсінігі, түрлері
- •2. Жалпыға міндеттілігі;
- •3. Нормативтілігі;
- •4. Мемлекетпен байланысы;
- •30. Азаматтық құқықтық қатынастар
- •31.Азаматтық құқықтың субъектілері.
- •Қылмыс Құрамы
- •Жазаны тағайындау негіздері
- •Қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың негіздер
- •Соттылық
- •Азаматтық іс жүргізудің жалпы сипаттамасы
- •Азаматтық процестің тараптары
- •Қылмыстық процесстің жалпы сипаттамасы
- •59 Қылмыстық процесстің қатысушылары
- •60.Азаматтық құқық қатынасының пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері
- •61.Азаматтық құқтарды қорғау
- •62. Мәміленің түрлері мен нысандары
- •63. Жарамды және жарамсыз мәмілелер
- •Мәмле мен шарт ұғымдарының арақатынасы
- •Азаматтық құқық және әрекет қабілеттілік
- •Меншік құқығының жалпы сипаттамасы
- •74.Ерлі зайыптылар арасындағы жеке мүліктік емес қатынастар
- •Ортақ мүліктегі ерлі-зайыптылардың үлестері және мүлікті бөлуде сот нені ескереді
- •76.Мемлекеттік биліктің түсінігі, бөлінісі
- •78.Некені сот тіртібімен бұзу
- •81.Адам мен азаматтың конституцилық құқықтары мен бостандықтарының және мндеттерінің жүйесі
- •90.Қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде оған зиян келтірудің негіздері
- •91.Физикалық немесе психикалық күштеу қылмыстық жауаптылықты болдырмайтын негізі
- •92.Бұйрықты немесе өкімді орындау қылмыстық жауаптылықтан босататын негізі ретінде
- •93.Кәмелетке толмаған балаға тағайындалатын жаза түрлері
- •94.Жазаның түрлері мен мақсаттары
- •95.Жауаптылықты жеңілдететін жағдайлар
- •96.Жауаптылықты ауырлататын жағдайлар
19.Құқықтық сана
Құқықтық нақтылықты, құқықтың және құқық жүйесінің дамуына ықпал ететін факторларды ерекше түрде тану құқықтық сана болып табылады. Моральмен, дінмен, өнермен, ғылыммен қатар, құықтық сана қоғамдық сананың нысаны болып саналады, оның өмір шындығын көрсететін өзіне тән ерекше объектісі бар.
Құқықтық сана дегеніміз, адамдардың қолданылып жүрген жәен тілек ететін құқыққа көзқарасын білдіретін түсініктер мен сезімдердің, бағалар мен мақсатардың жиынтығы. Мысалы, азаматтардың жаңа заңға мақұлдау немесе жақтырмау, нормативтік құқықтық актінің жобасы жөнінде пайымдау және т.б. түріндегі әсері.
Құқықтық сананың мәні оның бағалаушылық сипатында. Қолданылып жүрген заң нормаларын нақты қоғамдық қатынастармен және әлеуметтік топтардың мүдделерімен арақатынасын белгілей отырып, құқықтық сана құқықтың мүмкіндігінше қандай болуға тиіс екендігін анықтайды. Ол субъектінің қолданылып жүрген құқық нормаларын сақтауға немесе бұзуға деген белгілі бір көзқарасын қалыптастырады. Соның нәтижесінде мұндай баға бұдан әрі мінез-құлық себебіне айналуы мүмкін.
Құқықтық сана әлеуметтік құбылыстарды ерекше бағалай отырып, қоғамдық сананың басқа нысандарымен өзара әрекет етеді. Мәселен, меншіктің экономикалық санамен қатынастары тұрмыс деңгейі мен тұрмыс салтының алғашқы негіздерінің бірі ретінде, адамгершілік санамен қатынастары- ізгілік пен зұлымдық тұрғысынан, құқықытық санамен қатынастары олардың заңдылығын тану тұрғысынан қарастырылады. Құқықтық сана өзінің сабақтастығымен, мәдени-тарихи мазмұнымен күшті. Құқық туралы көзқарастар, түсініктер, идеялар мен теориялар ұрпақтан ұрпаққа сол арқылы беріліп отырады. Өткендегі құқықтық жетістіктердің қазіргімен, бір өркениеттің басқалармен қабылдануы, кеңестерден кейінгі көптеген мемлекеттердің құқықтық жүйелерінің батыс конституционализмі мен дәстүрлі нормаларының идеялары мен конструкцияларын қабылдауы. Әртүрлі мәдени-тарихи қоғамдастықтың құқық туралы, ретеу әдістері мен жауакершілік түрлері туралы түсініктері әртүрлі болдаы. Түрлі елдер мен құрлықтардағы құқықтық сананың ерекшеліктері де осыдан.
Жағымды құқықтағы өзгерістердің табиғи ықпалына ұшырай отырып, құқықтық сана құқық жүйесі мен қоғамдық қатынастарға күшті кері әсер етеді, дамуға себепші болуы не әлеуметтік процестерді тежеуі мүмкін.
20.Құқықтық нигилизм
Құқықтық мәдениетке қарама-қарсы бағыт – құқықтық нигилизм.
Нигилизм қоғамда қабылданған, бүкіл адамға пайдалы, жағымды мұраларды, ғылым заңдарын, мәдени және моральдық қағидалар мен нормаларын, қоғамдық өмірдің нысандарын т.б. жоққа шығарып мойындамау.
Нигилизм әлеуметтік құбылыс, оның аз да болса дұрыс бағыты болады. Нигилизмнің өзіне тән белгі нышандары: субъективизм, волюнтаризм, үстемділік, асыра сілтеу, террор, төңкеріс, контрреволюциондық т.б.
Нигилизмдік саяси бағыттағы қозғалыстар әр елдерде әр түрлі нысанда үзіліссіз жүріп жатады.
Бұл топтың біразы мемлекеттің ең жоғары басқару аппаратына орналасып алған. Қазіргі кезде постсоветтік республикаларда нигилизмнің көріністері жоғары мемлекеттік басқару органдарының іс-әрекетінен байқала бастады. Социалистік жүйеден нарықты экономикалық жүйеге көшеміз деп еліміздің экономикалық, әлеуметтік байлығын талан-таражға салып, өздері байып, жұртты қу тақырға отырғызды.
Құқықтық нигилизмнің түрлері: – нигилизм сан қырлы, өте қауіпті саяси ағым. Ол өзінің реакцияшыл тактикасын неше түрлі шымшыр ақай өзгерістерге айналдырып халықты алдауға өте шебер. Осы реакцияшыл тактиканың негізгі түрлері:
1) Қоғамдағы құқықтық нормалардың талаптарын қасақана орындамау іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі. Бұл құқық бұзушылық қылмыс немесе теріс қылық, қоғамға, ұжымдарға, адамдарға моральдық, материалдық, зиян келтіретін, адамдардың өміріне қауіп төндіретін қоғамға жат қылықтар.
2) Адамдардың жаппай заңды нұсқауларды орындамай, өздерінің ойдан шығарған нормасымен жүріп қоғамдағы азаматтық, әкімшілік тәртіпті бұзу. Бұл мемлекеттің әлсіздігі.
3) Заңдардың арасындағы күрес нормативтік актілердің арасындағы қайшылықтар. Кейде заңға тәуелді нормалар заңнан жоғары болып кетуі де кездесіп жатады. Бұл нигилистік асыра сілтеу... Заңдардың, биліктің күресі – соғысы қоғамға өте қауіпті нигилистік іс-әрекет.
4) Заңдылықты субъективтік, прагматикалық саясатпен ауыстыруға талаптанған ағымдар да өмірде кездесіп жатады. Олар қоғамның объективті дамуына көп зиян келтіреді.
5) Мемлекеттің билік және басқару органдарының арасындағы күрес қайшылықтар. Мысалы, Қазақстан Республикасының Парламенті мен Үкіметтің арасындағы келіспеушіліктер.
6) Қоғамда адамдардың бостандығы, құқықтары, теңдігі толық қамтамасыз етілмесе саяси нигилизмнің негізіне айналып көп зиян келтіруі, соғысқа апаруы мүмкін. Мысалы, Россиядағы чечен халқына қарсы соғыс.
7) Әртүрлі теориялардың арасындағы қайшылықтар, күрестер. Мысалы, марксистік және буржуазиялық идеологияның күресі 50 жыл атом қаруын себепсіз дамытып дүние жүзіндегі халыққа қауіп төндірді.